5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Дүние жүзінің машина жасау өнеркәсібі



бет44/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   117
9.3 Дүние жүзінің машина жасау өнеркәсібі

Машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібінің салалық құрамы. Машина жасау мен металл өңдеу өңдеуші өнеркәсіптің басты салаларының бірі болып саналады. Ол ғылыми-техникалық прогресс пен елдің қорғаныс қабілетін, шаруашылықтың басқа салаларының даму деңгейін айқындайды. Бұл саланың біршама жақсы дамуы шаруашылықтың барлық салаларының экономикалық тиімділіктері мен еңбек өнімділіктерін арттырады Машина жасау мен металл өңдеу өндіріс пен тұрмысқа қажетті машиналар, станоктаро, приборлар, агрегадтар, алуан түрлі құрал-жабдықтар, аппараттар мен тетіктер шығаратын біршама күрделі және жіктелген сала. Сондықтан қазіргі машина жасау көптеген салалар мен сала тармақтарынан тұрады. Бұл саланың кәсіпорындары бір-бірімен және шаруашылықтың басқа салаларымен өте тығыз байланысқан. Экономикасы жоғары дамыған елдерде бұл саланың үлесі өнеркәсіптің өндірістік құнының 35—40%.


Қытай, Мексика, Бразилия және азияның жаңа индустриалы елдер тобынан басқа дамушы елдерде машина жасаудың маңызы біршама төмен. Кәсіпорынды орналастыруға қойылатын негізгі талаптарды айқындайтын өндірістің техникалық-экономикалық ерекшеліктеріне сәйкес машина жасау өнеркәсібі металлды, еңбекті және ғылымды көп қажет ететін; технологияны пайдалануына сәйкес шығынды аз жұмсайтын және көп жұмсайтын салалар болып бөлінеді.
Көптеген елдерде шаруашылық салаларына қажетті өндіріс құрал-жабдықтарын шығаруға маманданған жалпы машина жасау дамыған. Дүние жүзілік машина жасау өнеркәсібі әр түрлі құрал-жабдықтар жасау, көліктік машина жасау, электроника және электротехника, прибор жасау, трактор және ауыл шавруашылық машиналарын жасау тағыда басқа салалардан тұрады.
Машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын орналастыру.
Өнеркәсіпті орналастыруға өндірісті қоғамдық ұйымдастырудың барлық нышандарының даму деңгейі, еңбек қорларымен қамтамасыз етілуі, жұмысшылардың тәжірибесі мен біліктілік деңгейі, көліктік (инфрақұрылымының даму деңгейі), сұраныстың сипаты мен өнімді өткізу нарқының сиымдылығы,, сонымен қатар, ғылымды, кейбір сала үшін металлды көп қажет ететуі сыяқты басқада көптеген факторлар әсер етеді.
Қазіргі машина жасау кәсіпорындары соңғы өнім шығаруда ел ішіндегі және шетелдердегі еншілес зауттармен сала ішілік және сала аралық кооперацииялық байланымстар орнатады..
Ғаламдану жағдайында көпшілік тұтынатын өнімдер шығаратын машина жасау кешенінің көптеген кәсіпорындары мамандану үрдісін тереңдетіп, халықаралық еңбек бөлнісінде жабдықтаушы құралдарды, тетіктер мен агрегаттарды шығарушы және соңғы өнімді жинайтын кәсіпорындар арасындағы байланыстарды күшейтуде.
Ғылымның жаңа жетістіктеріне негізделген ғылымды көп қажет ететін машина жасау саласының дамуы, сонымен қатар, қолданылатын техниканың күрделенуі кейбір өндіріс салаларын жақсы дамыған ғылыми-зерттеу, конструкторлық орталықтары және, ақпараттық және көліктік инфрақұрылымдары бар, біліктілігі жоғары мамандар жеткілікті елдерде немесен аудандарда орналастыруды ынталандыруда. Мұндай кәсіпорындар негізінен экономикасы жоғары дамыған елдерде шоғырланған. Азияның, Оңтүстік Америка мен Африка арзан жұмыс күші жеткілікті елдерінде негізіне құрастыратын зауттар орналастырылады.
Металл кесетін станоктар мен металл өңдейтін құрал-жабдықтар өңдеу күрделі өзгерістерге ұшырамп жатқан дүние жүзілік машина жасаудың маңызды салаларының бірі. Егер бұрын машина жасау өнеркәсібінің бұл саласында АҚШ, Германия Италия жетекші орын алса қазір оларды бағдарламамен жұмыс істейтін жоғары дәлдіктегі күрделі станоктар мен технологиялық желілерді шығаруға маманданған Жапония, Тайвань, Қытай, Жапония және Германия ығыстырды.
Станок жасау саласының экспорттық өнімдерінің үлесінің 2/3 бөлігін Тайвань мен Германия, Швейцарияда (90%) құрайды. роботтар мен фототехниканы өндіруден Жапония мен Швеция жетекші орын алады. Қазіргі кезеңде дүние жүзінде станок жасаудан жасаулдан көшбасшы елдердің қатарына Қытай, Жпония, Германия, Италия, Корея Республикасы,.Тайвань аралы, Швейцария, АҚШ, Австрия. Испания, Бразилия. Ұлыбритания, Франция жатады. 2010 жылы Жапония дүние жүзінде шығарылатын сандық-бағдарламамен басқарылатын дәлдігі жоғары металл кесетін және ұста пресс станоктарының 18% өндірді.
Станок жасау өнімдерін шығаратын ірі аймақтардың ішінде ұзақ жылдар бойы Батыс Еуропа елдері (дүние жүзінде шығарылатын өнімнің 40% жуығын, соның ішінде ГФР 20%) бірінші, Азия екінші орын алды. Солтүстік және оңтүстік Американың үлесіне бұл салада өндірілген өнім көлемінің 1/4 бөлігі, Шығыс Еуропа елдеріне 1% тиді
2010 ж. дүние жүзіндегі станоктардың 62% Азия аймағында, 1/3 бөлігі Еуропа 5% Америка елдерінде жасалды. Тек бес ел (Қытай, Жпония, Тайвань, Корея Республикасы және Үндістан) станок жасау өнімдерінің 60% қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет