Дүние жүзінде
|
1,5
|
|
10,2
|
|
19,3
|
|
41,4
|
|
47,3
|
Жетекші он елдің үлесі, %
|
|
|
|
97
|
|
85
|
|
73
|
|
|
|
80
|
Дүние жүзінің түсті металлургиясының екінші маңызды саласы электр мен жылуды жақсы өткізетін мыс өнеркәсібі. Бұл салаға өнм өнді өндіру мен оны өңдеу сатыларының аумақтық жіктелуі тән. Өңдеу сатылары жоғарылаған сайын дамушы елдердің үлесі кеми береді.
Байытылған мыс концентраттарын өндіруден Азияда Индонезия, Қытай мен Филипин; Африкада Замбия, Конго Демакратиялық Республикасы; Латин Америкасында Чили, Мексика; Мұхит аралдарында Папуа Жамңа Гвинеясы жетекші орын алады. Бұл елдер байытылған мыс концентраттарын өндіруден дүние жүзінде көшбасшы елдердің қатарына жатады.
Құрамында пайдалы элементтің мөлшері 95% құрайтын қара мыс өндіруден Папуа Жамңа Гвинея, Жапония, Германия; тазартылған (99%) мыс өндіруден Белгия, Корея Республикасы жетекші орын алады. Конго Демакратиялық Республикасы өндірген тазартылмаған барлық қара мысты Белгияға жібереді. Мысты негізінен электротехникада, электр энергетикасында қолданады. Мыстың басым бөлігін Жапония, АҚШ, Германия сыяқты экономикасы дамыған және бір қатар дамушы елдерде (Қытай, Корея Республикасы, Бразилия, Үндістан) өздері өндірген мыс жетпейтіндіктен сырттан импорттайды. Тазартылған мысты көп өндіретін елдер – АҚШ, Ресей, Жапония, ГФР, Қазақстан.
Шикізат көздеріне бағытталған мырыш пен қорғасын өндіруден ірі кен орындары шоғырланған Аустралия, Қытай, Канада, АҚШ, Қазақстан, Ресей, Перу және Мексика, жетекші орын алады. Алайда металды көп қорытып шығарушы елдердің қатарына АҚШ, Батыс Еуропа елдері, Ресей, Қазақстан жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |