5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет52/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   117
«Жасыл революция» туралы түсінік. Ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін пайдалану нәтижесінде дамушы елдердің ауыл шаруашылығына түбегейлі өзгерістер әкелумен қатар дүниежүзінің ауыл шаруашылық өнімдерінің мөлшерін артырған кешенді шаралар жасыл революция деп аталады. Жасыл революцияның бастауы 1943 жылы басталды. Атап айтсақ, Н. Борлоуг бидайдың өнімділігі жоғары көптеген сұрыптарын шығару арқылы елде өндірілетін астық көлемін үш есе арттырды. Кейіннен Н. Борлоугтың жетістіктері Колумбияда, Үндістанда, Пәкістанда кеңінен қолданылды. «Жасыл революция» ХХ ғасырдың 60 жылдарында кең тарады. Сол жылдары экономикасы дамыған елдермен қатар дамушы елдерде де ауыл шаруашылығын жаңғырту басталды.
«Жасыл революция» ҒТР бір нышаны ретінде төменде көрсетілген құрамдас бөліктерді (бағыттарды) қамтиды: 1) Ауыл шаруашылық дақылдарының әсіресе астықтың өндірілетін өнім көлемін арттыруға мүмкіндік беретін өнімділігі жоғары әрі тез пісетін сұрыптарын шығару; 2) жерді ирригациялау (жасанды суару);3) заманауи техникалар мен тыңайтқыштарды кеңінен қолдану.«Жасыл революцияның» нәтижесінде көптеген дамушы елдер өздерінде өндірген ауыл шаруашылық өнімдері есебінен қажетті азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мәселелерін шешті. Қазіргі кезеңде жасыл революция Мексикада, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде кеңінен тарады. Бірақ ол көбінесе ірі шаруашылықтар мен шет ел компанияларының иелігіндегі жерлерді ғана қамтыған.
10.2 Дүние жүзінің өсімдік шаруашылығы
Өсімдік шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығының құрамына азық-түліктік және жеңіл өнеркәсіпте қолданылатын басқа да дақылдар жатады. Өсімдік шаруашылығы дүниежүзінде өндірілетін барлық азық-түліктің 70% өндіреді. Оның құрамына астық, астықтық бұршақ, көкөніс, жеміс-жидек, бақша, мал азықтық және техникалық дақылдар кіреді. Өсімдік шаруашылығының бастысы – бидай, күріш, жүгері, арпа, қарабидайды қамтитын астықшаруашылығы болып табылады. Астық дақылдары дүниежүзіндегі бүкіл егіс көлемінің 1/2 бөлігін алып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет