5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет45/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   117
Көліктік машина жасау саласында ХІХ ғасмырдың соңында Еуропа елдерінде, кейіннен АҚШ пайда болған автомобиль жасау жетекші орын алады. Алғашқы конвейрлік желі 1913 жылы АҚШ-та Г.Форд заутында енгізілді.Бұл зуытта автомобиль жасауды арнайы маманданған сатыларға бөлу бір автомобильді жинау уақытын 12,5 сағаттан 93 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Жанар майды үнемдейтін шағын литражды автомобильдер шығару Жапонияғажоғары жетістіктерге жетуіне мүмкіндік берді. 1970 жылдарда дүние жүзін шарпыған мұнай дағдарысына сәйкес келгендіктен үнемдеу өнім өткізудің маңызды факторларының біріне айналды.
2010 жылы дүние жүзінде жылына шамамен 58,3 млн жеңіл және жүк автомобильдері жасалады. Дүниежүзілік автомобиль жасау саласының «көш бастаушылары» Жапония мен АҚШ әрқайсысы 10 млн-нан аса автомобиль жасайды. Дүние жүзінің аса ірі автомобиль жасау компанияларына «Дженерал Моторс», «Форд» (АҚШ),, «Даймлер Крайслер» (неміс-американ), «Мецубиси Моторс», «Хюндай Моторс», ((Тойота Моторс», (Хонда ((Жапония), «Фольксваген» (ГФР), «Фиат» (Италия), «Рено», «Пижо» (Франция) жатады. Ресейде жылына 2 млн-дай автомобиль жасалатын болғанымен, оның автомобильдері техникалық деңгейі жағынан жоғарыда аталған компаниялардыкіне қарағанда біршама артта (9.20-кесте)

9.20-кестте. автомобиль құралдарын жасаудан көшбасшы елдер, млн дана



Елдер

1950ж

Елдер

1990ж

Елдер

2010ж

Елдер

2013ж

АҚШ

6,67

Жпония

9,95

Қытай

13,95

Қытай

22,1

Ұлыбритания

0,52

АҚШ

6,08

Япония

8,31

АҚШ

11,1

Канада

0,28

Г ФР

4,66

ГФР

5,55

Жпония

9,6

Франция

0,26

Франция

3,30

Корея Респуб.

3,87

ГФР

5,7

ГФР

0,21

Италия

1,97

Бразилия

2,83

Корея Респуб.

4,5

Италия

0,10

Испания

1,92

Үндістан

2,81

Үндістан

3,9

КСРО

0,07

Ұлыбритания

1,30

АҚШ

2,73

Бразилия

3,7

Чехословакия

0,01

Бельгия

1,18

Франция

1,92

Мексика

3,1

Швеция

0,01

КСРО

1,09

Испания

1,91

Тайланд

2,5

Япония

0,002

Корея Респуб.

0,99

Иран

1,37

Ресей

2,2

Дүние жүзінде барлы

8,1




37,6




58,3




87,3

Жетекші 10 елдің дүние жүзіндегі автомобиль өндірісіндегі үлесі,%




100




86




78




78

2013 жылы дүниежүзінде 58,3 млн, Қытайда 22,1 млн авмомобиль құралдары, 18,09млн жеңіл авмомобиль құрастырылды. Ірі-ірі автозауыттар әдетте топтаса орналасады, ортада бас зауыт, оны айнала неғұрлым мамандандырылған кәсіпорындар, соның ішінде резеңке, әйнек, пластмассалар, сырлар жасап беретін зауыттар жайғаасады. Мұндай «топтасқан» кәсіпорындар Детройттың (АҚШ), Вольсбургтің (ГФР), Төменгі Новгородтың (Ресей) төңірегінде бар.


Дүние жүзіндегі кеме жасау өндірісінде жетекші орындарда Жапония мен Корея Республикасы келеді. Осының өзінде бұл саладағы көптеген «кешегі озаттар» (АҚШ, Ұлыбритания, ГФР және т.б) өздеріндегі кеме жасау салаларын қысқартып, негізінен, кеме жөндеу саласын дамытты.
Дүние жүзінің машина жасау кешенінде бұған қоса көлік машиналарын жасаудың басқа салаларында өнеркәсіп кәсіпорындары үшін технологиялық жабдықтар жасау өте маңызды рөл атқарады. Локомотив (жылжымалы теміржол құрамаларын) шығарудан АҚШ, Франция, Германия, Чехия, Жапония және ірі дамушы елдер Үндістан, Қытай, Бразилия жетекші орын алады.
Дүниежүзінің аэроғарыштық машина жасау өнеркәсібі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық талдамаларға (ҒЗТКТ), зор қаржыны қажет ететін ұшақтар мен заманауи жаңа зымырандық-ғарыштық техникаларды шығаруды қамтиды. Қазіргі кезеңде аэроғарыштық машина жасау өнеркәсібі жаңа экономиканы ақпараттық технологияның материалдық базасын қамтамасыз ететін коммуникация құралы ретінде .дамуда. Осы жоғарғы технологияның көмегімен өнеркәсіптік революцияның бастапқы кезеңі басталып, көлңіктік және ақпараттық коммуникацияның құны біршама төмендеп жеделдігі артты.
Аэроғарыштық өндіріс орасан зор жабдықтаушы құралдарды, тетіктер мен аспаптарды жасауды, құрастыруды, бақылауды және тексеруді қажет етеді. Бұл қажеттілікті қамтамасыз ету үшін өнім өндірушілер бір-бірімен өзара байланысқан қосымша мердігерлердің, ішкі және сыртқы тетіктермен жабдықтаушылардың қауымдастығын қалыптастырады.
Біліктілігі жоғары инженер мамандар ұшақтардың немесе ғарыш аппараттарының конструкциялық сипаттамаларын жасап жетілдіреді. Басқа мамандар қажетті тетіктер жасалатын материалдарының беріктігі мен ұзақ мерзімге шыдамдылығын тексеріп, тиімді өндірістік үрдісті құрады. Компьютерлер бұрын инженерлер, сызушылар мен техниктер орындаған ұшақтарды жобалауға қажетті сызбалар мен есептеулердің басым бөлігін жүргізеді.
Стратегиялық және болашағы зор саланың бірі аэроғарыштық машина жасау ХХ ғасырдың 30жылдарында дами бастады Бұл салада екінші дүние жүзілік соғыстың алдында Германия жетекші орын алса ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастап АҚШ мен Ресейде қарқынды дамып көшбасшы елдерге айналды. Өткен ғасырдың екінші жартысында азаматтық ұшақтар мен тік ұшақтар жасау АҚШ-да, Батыс Еуропа елдерінде КСРО мен Жапонияда қарқынды дамыды.
Қазіргі кезеңде дүние жүзінде шығарылатын ұшақтың 60% жуығы АҚШ-тың, 40% Франция, Германия, Ұлыбритания және Италия комапнияларының қаржысын біріктіретін еуропалық «Европан Эйрбас», 1% жуығын Ресей компанияларыныкі құрайды.
Дүние жүзіндегі аса ірі аэроғарыштық компаниялардың қатарына американдық «Боинг-Макдонел-Дуглас», «Локхуид Мартин», «Дженерал дейнемикс», «Юнайтед Текнолоджис», Еуропалық «Европан Эйрбас», Ресейлік «Роскосмос» жатады.
Өнімдері аса күрделі әрі аз мөлшерде шығарылатындықтан барлық аэроғарыштық машина жасау өндірісі ғылым мен еңбекті көп қажет етеді. Оған қажетті құрал-жабдықтарды өндіруге «Боинг» (АҚШ), «ЕАДС» (Франция ) «Юнайтед Текноледжиз», «Локхид-Мартин», «Нортрон Грумман» (АҚШ) транс ұлттық корпорациялары маманданған.
Азаматтық ұшақтардың дүние жүзілік нарқына төрт компания өз өнімдерін шывғарады.. Магистральды ұшақтар нарқын Боинг (АҚШ) және Айрбас (ЕО),
Компаниялары қамтамасыз етеді. Ал ел ішіндегі өңірлерге жолаушы тасмалына қажетті ұшақтардың көбін Bombardier (Канада), Embraer (Бразилия) және ATR (Италия) компаниялары шығарады. .Дүние жүзілік экономиканың өсімі 2007—2025 жж. аралығында жылына3% құрағанда осы кезең аралығында әуе көлігімен тасмалданатын жолаушылардың көлемінің орташа өсімі 5%, ал жүк айналымы 6% құрайды.
Боинг компаниясының болжамы бойынша 2025 жылға дейін әуе компанияларына
жолаушылар мен жүк тасмалдайтын 28600 жаңа ұшақ қажет болады. Қазір дүние жүзінің азаматтық ұшақтар бағы 17 330 ұшақтан (2010ж.) 36 000 (2025 ж.) дейін артады Airbus A320 әуе кемесі Боинг 737 ұшақтарына бәсекелес болып табылады.
Машинажасау өнеркәсібінің барлық көрсеткіштері жағынан дамыған елдер арасында АҚШ, Жапония, ГФР жетекші орын алады. Дамушы елдер арасында машиналар мен құрал-жабдықтар өндіруден Бразилия, Корея Республикасы, Таивань, Сингапур, Үндістан, Қытай көшбасшы болып табылады. Дүние жүзілік машина жасау өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі энергетикалық машина жасау, прибор жасау электротехникалық, радиотехника және электроника болып табылады. Бұл салалар техниканың күрделі түрлерін шығарады.
Бүгінгі таңда дүние жүзінде теледидар, аудио және бейне магнитофон, жеке компьютер, ұялы телефон жасаудан Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, сонымен қатар, Латин Америкасы, Орталық және Шығыс Еуропа елдері жетекші орын алалды. Сянган, Жапония, Қытай фотоаппарат, Сянган мен Швейцария сағат шығарудан жетекші орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет