5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Дүние жүзінің химия, құрылыс материалдары және ағаш өнеркәсібі



бет47/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   117
9.4 Дүние жүзінің химия, құрылыс материалдары және ағаш өнеркәсібі


Химия өнеркәсібі. Химия өнеркәсiбi ХIХ ғасырдың соңында мұнай-газ шикiзаты өндiрiсiнiң өсуi және оны пайдалануға байланысты жоғары қарқынмен дамыды.
Химия өнеркәсiбi бiрнеше салалардан тұрады: мұнай-газ шикiзаты және мұнай-химияға негiзделген органикалық синтез өнеркәсiбi.
Химия өнеркәсібінің құрамына: тау кен-химия өнеркәсібі (шикізат шығару, байыту және бастапқы өңдеу); негізгі химия (тұздар, қышқылдар, сілтілер, минералды тыңайтқыштар өндіру); полимер материалдарды негізгі органикалық синтездеу (синтетикалық шайырлар мен пластикалық массаларды, химиялық талшықтарды, синтетикалық каучукты және т.б. өндіру) және оларды дайын өнімге қайта өңдеу; сонымен қатар химиялық реактивтер мен ерекше таза заттар, синтетикалық бояғыштар, лактар, тұрмыстық химия, резина-техникалық өнімдер шығару; фармацевтика өнеркәсібі кіреді.
Негізгі аумақтарда Еуропа, Солтүстік Америка, Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азияда химия өндірісінің барлық салалары қамтылған. Олардың қатарына кен-химия, тұздар, қышқылдар, сілтілер, минералды тыңайтқыштар өндіру, негізгі органикалық синтездеу, полимер материалдар жатады.
Дамушы елдерде хиимия өндірісі шикізат шығарып қоймай оны өндейтін өндіріс орындарын ашуда. Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде мұнай-газ өндірісіне байланысты, Солтүстік Африка елдерінде және Венесуэлада ірі мұнай химия кешендері пайда болды. Химия өнеркәсiбiнiң тағы бiр аймағы - Парсы шығанағындағы елдер. Оларға дүние жүзiндегi химия өнiмдерiнiң 5-7%-ы тиесiлi.
Күрделі ғылымды көп қажет ететін өнімдер шығарудан АҚШ, Батыс Еуропа (Германия) және Жапон елі алдыңғы қатарда тұр.
Химия өнеркәсібінің салалары үшін негізгі шикізат көзі болып жанатын пайдалы қазбалардың барлық түрлері, минералды шикізаттар, және қара, түсті металдар өндірісінің және химия өнеркәсібі өзінің қалдықтары жатады.
Химия өнеркәсiбiнiң салалық құрылымы – тау-кен химиясынан, негiзгi химиядан және химия өнеркәсiбiнiң маңызды саласы органикалық синтезден және полимерден тұрады.
Химия өнеркәсiбi дүние жүзiнде негiзгi 4 аймаққа бөлiнедi. Олар: АҚШ, Шетелдiк Еуропа, Шығыс және Оңтүстiк-Шығыс Азия, ТМД елдерi. Олар химия өнеркәсiбiнiң кен химиясы, минерал тыңайтқыштарды өндiру, негiзгi химия өнiмдерi, әсiресе органикалық синтез және полимер материалдарын шығарудан ерекше орында.
Ғылым мен техника жетістіктерінің өндірісіке жедел енгізілуі жөнінен химия өнеркәсібін электроникамен қатар қоюға боладыХимия өнеркәсiбiнiң орналасу факторлары бойынша мына төмендегi өндiрiс топтарын бөлеміз: шикiзатқа бағытталған кен химия өнеркәсiбi, сондай-ақ тасымалға қолайсыз күкiртті, коксты газдар; отын-энергетикаға бағытталған синтетикалык каучук, химиялық талшық, пластмассаның кей түрi және синтетикалық шайыр; тұтынушыға бағдарланатын салалар тасымалдауға қолайсыз өнiмдердi шығаратын өндiрiстер тобынан тұрады.
Химиялық технологияның әртүрлі шикiзатты (апатит, фосфорит, калий тұзы, миробилит, ас тұзы, күкiрт, минералды отындар, әсiресе мұнай, газ, көмiр, жанғыш тақтатасты) бағалы өнеркәсiп өнiмдерiне айналдыра алатын ерекшеліктері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет