5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет50/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   117
Құрылыс материалдарын өндіру. Қазіргі кезеңде құрылыс материалдарын өндіру шаруашылықтың жеке саласы болып табылады. Құрылыс материалдары өнеркәсібін орналастыруға ел аумағындағы шикізат базасы, (құм, саз, қи ыршық тас, әутас, мергель) мен металлургияның өндіріс қалдықтары, сонымен қатар, тұтыну факторы әсер етеді. әсер етеді. Осыған орай құрылыс материалдарын өндіру өнеркәсібінің басты ерекшеліктернеі шикізат базасы мен тұтынуға бағытталуы жатады. Бастапқы шикізат ретінде пайдалы қазбалар қолданылады. Құрылыс пен технологиялық үрдіске нақты қажеттілігіне байланысты қарастырып отырған саланың өндірісін төмендегі топтарға бөлуге болады: а) шикізатты өндіру және бастапқы өңдеу (құм, саз, қиыршық тас, әутас, мергель т.б.); ә) байланыстырушы материалдар (цемент, әктас, гипс) өндіру; б) ғимараттарды салуға қажетті әр түрлі құрылыс материалдарын, бұйымдар мен бетон және темір-бетон конструкцияларын өндіру.
Соңғысына байланысты ғимараттар салу барысында зауттарда дайындалған блоктарды, әр түрлі бөліктерден тұратын бұйымдарды жинау және монтаждау үрдісі біршама механикаындырылған. Жоғарыда аталған үдеріске орай құрылыс-монтаж жұмыстарын индустрияландыруға мүмкіндік беретін цемент, жиналатын темір-бетон, бетонды толтыратын және әрлейтін материалдар өндірісі қарқынды дамуда.
Цемент өнеркәсібі. Құрылыс өнеркәсібіне қажетті өнім түрлерінің ішінде цемент өндіру жетекші орын алатын әмбе бап байланыстырушы құрылыс материал болып табылады. Оны XIX ғ басынан өндіре бастады Оның портлендцемент, шлакты, глиноземді цемент және қышқылға берік арнайы түрлері болады.
ХХ ғ. Көпьтеген елдерде бір ғана портлендік түрі шығарылса бүгінгі таңда құрылысқа қажетті алуан түрлі цемент өнімдері шығарылады. Цемент өнеркәсібінің кәсіпорындары негізінен шикізат көздеріне бағытталады. Бірақ қазіргі жағдайда әктас, саз, мергель кендерімен қатар минералды отын көздерінде де немесе энергетика ресурстарын тасмалдйтын орталықтарда джа орналастырылады.
Сұраныстың артуына байланыстыбүгінгі таңда цемент өндірісінің шикізат базасының ауқымы да артып, шлак, жанғыш тақтатас күлі, нифилин (алюминий кені) және т.б. шикізат кешеннді өңдеу барысындағы өндіріс қалдықтары қолданылады. Өндіріс қалдықтарын кешенді пайдалану цемент өндірісінің өнеркәсіптің басқа салалармен (қара және түмті металлургиямен), сонымен қатар, электр энергетикасымен үйлесімді дамуына, шифер және тас кендірцемент (асбестоцемент) құбырларын өндруді қатар өркендетуге мүмкіндік береді.
ХХ ғ. Екінші жартысында барлық елдерде құрылыс индустриясы қарқынды дамуымен ерекшеленді. Соңғы 60 жылда цемент өндіру 25 есе өсіп 2010 жылы 3,3 млрд т құрады (9.24кесте).

9.24-кесте. Дүние жүзінде цемент өндіруден көшбасшы елдер (1950-2013 жж.), млн. т






Елдер

1950ж

Елдер

1990 ж

Елдер

2010ж

Елдер

2013ж

1

АҚШ

38,7

Қтай

209,7

Қтай

1800,0

Қтай

2300,0

2

Г ФР

11,1

КСОР

137,9

Үндістан

220,0

Үндістан

280,0

3

КСОР

10,2

Жпония

84,4

АҚШ

63,5

АҚШ

77,8

4

Великобритания

9,9

США

70,9

Түркия

60,0

Иран

75,0

5

Франция

7,4

Үндістан

46,2

Бразилия

59,0

Түркия

70,0

6

Италия

5,3

Италия

40,5

Япония

56,0

Бразилия

70,0

7

Япония

4,5

Корея Респуб

33,9

Иран

55,0

Вьетнам

65,0

8

Бельгия

3,6

Германия

30,5

Испания

50,0

Ресей

65,0

9

Канада 2,6




Испания

28,1

Вьетнам

50,0

Жпония

53,0

10

Үндістан

2,6

Бразилия

25,8

Ресей

49,0

Сауд Арабиясы

50,0




Барлығы

130




1150




3300




4000

Дүниежүзіндегі химиялық талшық шығару бойынша жетекші 10 елдің үлесі,%







73




64




75




78

Атап айтсақ цемент өндіру 1950 жылмен салыстырғанда 2010 жылы Мексикада 1,5 дан 35 млн тоннаға; Бразилии 1, дан 59 млн т; Үндістанда 2,6 дан 220 млн т; ал Қытайда 0,7 ден 1800 млн т дейін артты.


Егер дүние жүзінде 1950 жылы 130 млн т жуық цемент өндірілсе 1960 жылы ол көрсеткіш 300 млн т 2010 жылы 3300 млн т шамасында болды.
Құрылыс материалдары өнеркәсібінің дүние жүзілік және аймақтық деңгейде даму үдерісіне жасалған талдаулар қазіргі кезеңде экономикасының өркендеуіне байланысты Қытайда қарқынды дамып келе жатқанын көрсетті.Африка мен Оңтүстік Америка елдерінде де соңғы он жылда саланың шығаратын өнімдерінің бірнеше есе өсуі байқалуда.
Дүние жүзінде күрделі құрылыспен қатар, зауттарда жасалған құрастырылатын темір-бетон және қабырғалық бетон конструкциясына, керамикадан, гипстен жасалған бұйымдарға, жоғары сапалы әрлеу материалдарына деген сұраныс артуда. жөндеу-монтаждау жұмыстарына, ұқраныс артуда.
Ағаш өнеркәсібі. Дүниежүзiндегi орман қорының мөлшерi шамамен 4 млрд га жуық, ағаш сүрегiнiң қоры 330 млрд м³. Дамыған елдерде орман алқаптары алып жатқан аудан – 1,8 млрд га-дан астам, дамушы елдерде – 2 млрд га-дан астам. ХХ-ғасыр iшiнде дүниежүзiнде орман алқабы 2 есеге азайып, жылына 20 млн га орман жойылуда. Жылдан жылға дүниежүзiнде ағаш өнiмдерiн өндiру артып келедi.
Латын Америкасында әлемнің ең ірі орман ресурстарына бай аймақтары орналасқан. Ауқымды орман массивтері бар елдердің тропиктік ормандары мен ортаңғы белдік ормандары табиғи аймағында орналасады. Ормансыз мемлекеттер Бахрейн, Катар, Ливия, Чад, Мысыр, БАӘ және т.б.
Ірі орман массивтері бар елдер қатарында (2004 жылға) Ресей (851,4 млн га), Бразилия (543,9 млн га), Канада (244 млн га), Америка Құрама Штаттары (226,0 млн га), Қытай (163,5 млн га), Австралия (154,6 млн га) және өзге кейбір мемлекеттер жатады.
Қазіргі уақытта ағаштың (ормандардағы) қорлары бойынша әлемде жетекші орындарды: Ресей (80 млрд м3 аса), Бразилия (70 млрд м3 жуық), Америка Құрама Штаттары (30 млрд м3 жуық), Канада (30 млрд м3 жуық), Швеция (3 млрд м3 жуық) алып отыр (9.25-кесте).
9.25-кесте. 1990–2010 жылдар аралығында дүние жүзінің аймақтарындағы орманды алқаптардың ауданының өзгеруі



Елдер/аймақтар

1990 жылғы орманды алқаптардың жалпы ауданы, мың. га

2000жылғы орманды алқаптардың жалпы ауданы, мың. га

1990–2000 жылдар аралығында орман алқаптарының ауданының өзгеруі, мың. га

Еуропа

1 030 475

1 039 251

881

Оңтүстік Америка

922 731

885 618

-3 711

Африка

702 502

649 866

-5 262

Солтүстік Америка

555 002

549 304

-570

Азия

551 448

547 793

-364

Аустралия және Мұхит аралдары

201 271

197 623

-365

Дүние жүзінде:

3 963 429

3 869 455

  • 9 391

Дүние жүзінің орман байлығы орасан зор, бірақ шексіз емес. Дамушы елдерде орман өскен жерлер егістіктер мен жайылымдарға шабылуда. Оның үстіне ең құнды ағаштар дамыған елдерге экспортталады.


Ағаш өнеркәсібі-ағаш өндірісі және басқа да ағаш материалдарын өңдеумен айналысатын шаруашылық түрі. Ол орман шаруашылығының құрамындағы маңызды әрі салыстырмалы дербес шаруашылық болып табылады. Орман өнеркәсібі халық шаруашылығының көптеген салаларымен көлік қатынасы, кен байыту, қағаз жасау, тоқыма және құрылыс индустриясымен байланысы бар.
Орманның халық шаруашылығы үшін басты маңызы - топырақты және оның құнарлы қыртысын жел мен су эрозиясынан қорғау. Орман таулы жерлерде топырақты судың шайып кетуінен сақтайды. Далалық өңірлерде көшкін құмдардың жылжуына, желдің күшіне тосқауыл болып, топырақ ылғалын сақталу арқылы егістікті, бау-бақшаны қорғайды.Дүние жүзіндегі орман қоры негізінен солтүстiк және оңтүстiк орман белдеулерiнен тұрады. Солтүстік орман белдеуінде негізінен қылқан жапырақты ағаштар ормандары алып жатыр. Ағаш сүрегінен құрылыс материалдарын, целлюлоза, қағаз, картон өнімдерін алады. Ресей, Канада (Британдық Колумбия), Швеция, Финляндия елдері орман және ағаш өңдеу өнеркәсiбi халықаралық маманданудың маңызды салалары саналады. Канада ағаш өнiмдерiн сыртқа шығару жөнiнен дүние жүзiнде бiрiншi орынды алады.
Ағаш сүрегін механикалық өңдеуде АҚШ, Ресей, Жапония, Бразилия алдыңғы орындарды алады. Ағашты химиялық өңдеуде АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Финляндия елдері жоғарғы орындарда.
Оңтүстік орман белдеуінде жалпақ жапырақты ормандар орналасқан. Негізгі аймақтарына: Бразилия, Тропиктік Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия жатады. Оңтүстiк орман белдеуiнен өндiрiлетiн ағаш өнiмдерiнiң негізі Бразилиядан алынады. Олар Жапония мен Еуропа елдеріне негізгі ағаш экспорттаушы елдер болып табылады.
Оңтүстік ағаш белдеулерінде ағаш сүрегінен басқа: бамбук (Үндістан), багасса (қант құрағынан қалған қалдық) (Перу), сизаль (Бразилия, Танзания), джут (Бангладеш) т.б. пайдаланылады.
Қағаз және картон шығаудан - Қытай, АҚШ, Жапония, Германия, Финляндия, Канада, Швеция алдыңғы орындарды алады.Дүние жүзінің целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде елдер және аймақтар деңгейінде күрделі өзгерістер болды.Қытайда ағаш материалдарын дайындау мен оны тұтыну көлемінің артуына байланысты қағазкартдон өндіру бірнеше есе өсті. Сондықтан қазір Қытай дүние жүзінде қағаз-кардон өндіруден көшбасшы ел болып табылады (9.26-кесте).
9.26 -кесте. Дүние жүзінде қағаз-картон өндіру бойынша көшбасшы елдер (1950–2013 жж.), млн. т




Ел

1950ж

Ел

1990 ж

Ел

2010 ж

Ел

2013ж

1

АҚШ

10,9

АҚШ

71,5

Қыттай

83,7

Қыттай

83,7

2

Канада

5,4

Жпония

28,1

АҚШ

72,1

АҚШ

72,1

3

Ұлыбритания

1,9

Канада

16,5

Жпония

26,2

Жпония

26,2

4

КСРО

1,2

Қытай

13,7

ГФР

22,8

ГФР

22,6

5

ГФР

1,1

ГФР

13,0

Финляндия

13,3

Швеция

11,4

6

Франция

1,1

КСРО

9,9

Канада

12,8

Корея Респуб.

11,3

7

Швеция

1,0

Финляндия

8,9

Швеция

11,9

Канада

10,8

8

Япония

0,7

Швеция

8,4

Корея Респуб.

10,5

Финляндия

10,7

9

Финляндия

0,6

Франция

7,1

Франция

9,4

Индонезия

10,3

10

Италия

0,5

Италия

5,7

Бразилия

9,4

Бразилия

10,2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет