Барлығы
|
28,0
|
|
240, 0
|
|
372,9
|
|
399,6
|
Дүниежүзіндегі химиялық талшық шығару бойынша жетекші 10 елдің үлесі,%
|
|
85
|
|
76
|
|
73
|
|
67
|
Бүгінгі таңда Корея Республикасында, Таиландта, Индонезия және Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа да елдерінде қағаз өндіру біршама артуына байланысты саланың дүние жүзіндегі өнім өндіру көлеміндегі Азияның үлесі арттын бұрын жетекші орын алған Солтүстік Америка мен Еуропа елдерінікі кемуде
Дүние жүзінің целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің дамуының басты үдерісі картонға деген сұраныстың артуына байланысты өнім өндіруге бұрын қолданылған ескі қағаздарды (макалатураларды) пайдалану болып табылады. Сұраныстың болуына байланысты жиналатын бұрын қолданылған ескі қағаздарды жинау көлемі де артуда. Ескі қағаздардан өндірілетін кардонның көлемі Батыс Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде шығарылады. Артық кардон өнімдері Қытайға экспортталады. Мамандардың болжамы бойынша болашақта өндірілген өнім көлемінен сұраныстың мөлшері жоғары болады.
10 дәріс. Дүние жүзінің аграрлық өнеркәсіптік кешені
10.1 Дүние жүзінің аграрлық өнеркәсіптік кешенінің салалық құрамы
10.2 Дүние жүзінің өсімдік шаруашылығы
10.3 Дүние жүзінің мал шаруашылығы
10.4 Дүние жүзінің жеңіл және тамақ өнеркәсібі
Көптеген дамушы елдерде бүкіл тұрғындардың 1/2 бөлігі, Тропиктік Африка елдерінде 80-90% еңбек етіп, төмен дәстүрлі тұтынушы немесе өнімділігі төмен (тек өздері ғана тұтынатын) ауыл шаруашылығы дамыған. Техника аз қолдану жағдайында көшпелі мал шаруашылығы жақсы дамыған. Кейбір елдерде орманды өртеп орнын жыртатын қарапайым егіншілік дамыған. Нәтижесінде ондаған дамушы елдер өздерін азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай сырттан әкелінетін импортқа тәуелді болып отыр.
Дамушы елдердің бірқатар тобына мысалы, Латын Америкасында плантацияларда тропиктік және субтропиктік дақылдардың жекелеген түрлері (кофе, какао, шәй, қант құрағы, банандар т.б.) өсірілетін жоғары өнімді тауарлы ауыл шаруашылығының ошақтары қалыптасқан. Құнарлы жерлерді алып жатқан плантацияларда өсірілетін дақылдардың басым бөлігі экспортқа бағытталады. Плантациялық шаруашылықпен әсіресе Африка мен Орталық Американың жекелеген дамушы елдерінің ауыл шаруашылығының бір (моно) дақылды мамандану түсінігі тығыз байланысты. Бір (моно) дақыл елдің ауыл шаруашылығының экспортқа шығару үшін шикізаттық немесе азық-түліктік бір дақылды өсіруге мамандануын көрсетеді. Бір (моно) дақыл өсіру табиғи ғана емес, тарихи және әлеуметтік болуы да мүмкін. Мысалы, Сенегал, Гамбия үшін жер жаңғағы; Эфиопия, Уганда үшін кофе; Гана үшін какао-бұршағы; Маврикий үшін - қант құрағы бір дақылды мамандану болып табылады(10.1-кесте).
Дүниежүзінің ауыл шаруашылығына жарамды жер қорлары мол елдер
Дүниежүзі
елдері
|
Жыртылған жерлердің ауданы, (млн га)
|
Ел ауданындағы
үлеі, %
|
Дүниежүзі
елдері
|
жайылымның аудаы, (млн га)
|
Ел ауданындағы үлеі, %
|
АҚШ
|
177,0
|
19,2
|
Аустралия
|
414,5
|
54,2
|
Үндістан
|
161,0
|
54,4
|
Қытай
|
400,0
|
42,9
|
Ресей
|
125,0
|
7,4
|
АҚШ
|
239,2
|
26,1
|
Қытай
|
124,1
|
15,3
|
Қазақстан
|
186,8
|
69,9
|
Канада
|
45,5
|
5,0
|
Бразилия
|
185,0
|
21,9
|
Бразилия
|
53,2
|
7,0
|
Аргентина
|
142,0
|
51,9
|
Достарыңызбен бөлісу: |