5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


-дәріс Еуропа елдерініңе жалпы шолу



бет77/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   117
12-дәріс Еуропа елдерініңе жалпы шолу
12.1 Батыс Еуропа елдерінің табиғат ресурстары мен жағдайы даму ерекшеліктері. Халқы мен еңбек қорлары
12.2 Батыс Еуропа елдерінің шаруашылығы көлік кешені сыртқы экономикалық байланыстары
12.3 Шығыс және Орталық Еуропа елдерінің табиғат ресурстары мен жағдайы даму ерекшеліктері. Халқы мен еңбек қорлары
12.4 Шығыс және Орталық Еуропа елдерінің шаруашылығы. Көлік кешені сыртқы экономикалық байланыстары
Батыс еуропаның аумағы. Табиғат ресурстары мен жағдайы. Батыс Европа Евразия материгінің шеткі батысын алып жатыр. (3,7 миллион км²). Аумағының 30 %-дан астамын ормандар алып жатыр. Батыс Европа су ресурстарына да бай. Рейн, Дунай және жазықтығы басқа да өзендер мен каналдар қолайлы көліктік жолдар, ал Скандинавияның, Альпінің және басқа да таулы жүйенің өзендері ірі гидроэнергетикалық қуат болып табылады.
Даму ерекшеліктері. Бұл аймақ - әлемдік өркениеттегі маңызды орталықтың бірі болып табылады. Оның аумағында 24 тәуелсіз мемлекеттер орналасқан.(жалпы көлемі 3,7 миллион км², халқы 387 миллион адам) олардың әрқайсысы бір-бірінен көлемі,мемлекеттік құрылымы мен әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша ажыратылады.
Аймақта маңызды орынды нарықтық экономикасы жоғары дамыған әлемнің «үлкен жетілігіне» кіретін Германия, Франция, Ұлыбритания және Италия алады. Мұнда халық саны 10 млн. адамға жететін кішкене мемелекеттер басым, соның ішіне 5 шағын ел (Андорра, т.б), британ иелігіндегі Гибралтар, т.б. кіреді
Елдердің жартысынан көбі – монархиялар (дүние жүзі бойынша ең жоғарғы үлесі), қалғаны – республикалар.
Батыс Европада ХХ-ғасырдың екінші жартысында интеграциялық экономикалық үрдістің қарқынды дамуында Европалық одақтың (ЕО) маңызы зор. Қазір оған 15 мемлекет және халықтың 95% -ы кіреді.
ЕО-ты құру туралы келісім –шарт Римде жасалған, және күшіне 1958 ж. енді. Алғашында бұл одаққа 6 мемлекет кірді: ГФР, Франция, Италия, Нидерланды, Бельгия және Люксембург, кейіннен Ұлыбритания, Исландия, Дания (1973), Греция (1981), Испания, Австрия, Швеция және Финляндия қосылды.
1993 ж. Маастрих те (Нидерланды) 12 елдің басшылары экономикалық, саяси және әлеуметтік интеграцияны 2000 ж-ға дейін тереңдету туралы бағдарламаны қабылдады; бір азаматтық, экономикалық және валюталық, саяси бірлік қабылданды; Европарламенттің маңызын күшейту қарастырылған. Қөұрамдасудың өсу үрдісінің маңызды сатысы болып Шенген келісімі (Шенгенское соглашение) (1995) табылады. Бұл келісім бойынша елдер арасындағы Шекаралық бақылау толығымен жеңілдетіліп адамдардың қозғалуы еркін болды
2002ж. ЕО-тың құрамына 5 елді -Польшаны, Чехияны, Венгрияны, Эстония мен Словенияны енгізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет