Валюта жүйесі. Мемлекеттік құқықтык мекемелер қарым қатынастарын валюталық жүйе дейміз.Олар ұлттық және әлемдік валюталар жүйесін құрайды. Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды. Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Жалпы валюта жүйесі дегеніміз халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға эсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүние-жүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін әлемдік ақша белгілері.
Валюта қатынастары – әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағынды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтың нормалармен және ережелермен реттеледі.
Әлемдік қаржы орталықтары – бұл әлемде шоғырланған қаржы орталығы, басқа елдермен тауар-ақша қатынасы. Бүгінгі күні бұл ең пайданы көп әкелетін сфера болып келеді. Сондықтан да әлемдік қаржы орталықтарының құрылымында ұлттық нарық, валюталық, несиелеу, қор нарығы және де алтын нарығы кіреді.
1-ші дүние жүзілік соғысқа дейін қаржы орталығы болып Лондон қаласы болды.
Ал бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін қаржы орталығы болып АҚШ мемлекеті .АҚШ-тан басқа тағы да басқа мемлекеттер келді. Олар: Батыс Европа елдері мен Жапония және тағы да басқа жерлерден болды.
1999 жылы Европалық Одақ елдерінде евро жүйесі енгізілді. Бағалы қағаздар мен дериваттар евро жүйесіне көшірілді, осымен валюталық тәуекелдікке әкелді.
Ірі әлемдік қаржы орталығына Лондон, Нью-Йорк, Цюрих, Франкфурттағы Майне, Сингапур, Люксембург, Гонконг (Сянган) жатады