5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет76/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   117
Халықаралық банктер. Мақсаты мүше елдерге экономикалық дамуына көмек көрсету,төлем балансын реттеп отыру.
Халықаралық банктер өндіріс орындарын ашуға,ауылшаруашылығын дамытуға инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қаржылай көмек көрсетеді.Халықаралық аренада Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің экономикалық дамуына ықпалын тигізеді. Ең басты банк қызметін Халықаралық қайта құру мен даму банкі атқарады.Дүниежүзілік Банктер Тобы және Халықаралық Есеп банкі және Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) осы салада мемлекеттер шаруашылығын дамытуда өз үлестерін қосып жүргенін айта кеткен орынды.
Халықаралық қайта құру мен даму банкі . Штаб-квартирасы Вашингтон қаласында орналасқан.
Дүниежүзілік валюталық жүйеге қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы. Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге халықаралық валюталық қор (ХВҚ) еніп, оған мынандай міндеттер қойылады: валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау, валюта қайтарымдылығына ықпал жасау және валюталық шектеуді жою.
Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемесі болып саналады. Бұл мекеме 1944 жылы құрылған, оған дүниежүзілік 160-тан астам мемлекеттері мүше.
Әлемдік несиелік нарық – халықаралық несие операцияларын өткізу.Екі бөлімнен түрады:
- бағалы қағаздардың әлемдік нарқы: вексел және облигациялар айналымы (жеке және мемлекеттік).
– Вексель дегеніміз сөзсіз, дауыссыз, қатаң орнатылған қалпында қарызды құжат, ақшалық міндеттемесі бар бағалы қағаздың түрі. вексель екі басты функцияны орындайды:
несиелік және есептік. Вексельдің есептік функциясын қарастырамыз. Түп негізінде вексель берушіге төлеуді қамтамасыз етіп, вексельді қолданысқы жібереді, вексель төлем құралы ретінде беріледі, сонымен қатар ақшаны алмастырады, маңызды функциясы болып табылатыны вексель төлем құралы бола алады.
Облигация (лат. oblіgatіo – міндеттеме) – бағалы қағаз.Иеленушісінің ақшалай қаражат салғанын куәландырады және шығарылым шарттарында басқа жәйттер көзделмесе‚ қарызгердің иеленушіге тіркелген пайызбен қоса осы бағалы қағаздың атаулы құнын күні бұрын көрсетілген мерзімде өтелуін міндеттейді.
Облигация қатаң түрде ерікті негізде таратылады және ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздар; кәсіпорындардың облигациялары түрлерінде шығарылады. Атаулы‚ ұсынушыға арналған‚ пайыздық‚ пайызсыз‚ еркін айналымды немесе шектеулі облигация болуы мүмкін.
Олар болашақта нақты тауар өндіру (қызметтер көрсету‚ жұмыстарды орындау) кепілдігімен пайызсыз мақсатты облигация түрінде де шығарылады. Мұндай облигация кәсіпорындар мен халықтың арасында таратылады‚ олардың иесі осы облигация кепілдікпен шығарылған тауарларды сатып алуға‚ қызметтерді пайдалануға басым құқық алады.
Бағалы қағаздар-арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар. Олар вексельдер, акциялар, облигациялар, чектер.
Депозит (банковский вклад) – банктерге салымшылардың уақытша бос қаржыларын сақтау мақсатында берген салымдары.
Инвестиции – бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде,оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция –қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал жабдықтарды сатып алуға,өндірістік сипаттағы нысандарды салуға жұмсалады.
Қазақстан $170 млрд. шетелдік инвестиция тартуда.Ірі инвесторлар қатарында Нидерланды, Франция, Қытай, АҚШ, Ресей және Ұлыбритания.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет