5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Батыс Еуропаның өңдеуші өнеркәсіп салалары



бет80/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Батыс Еуропаның өңдеуші өнеркәсіп салалары Өңдеуші өнеркәсіптің қазіргі кезеңдегі негізгі салалары өндіріс құрал-жабдықтарын өндіреді. Металлургия, кеме жасау, тоқыма сыяқты өнеркәсіптің ескі салалары тоқырауға ұшырап әсіресе машина жасаудың жаңа салалары мен химия өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатыр.
Батыс Еуропадағы қара және түсті металлургия. Батыс Еуропада жылына 2013 жылы дүниежүзіндегі болаттың 12,7% балқытылды.. Соған қарамастан өндірілген өнімге ішкі және сыртқы нарықта сұраныстың төмендеуіне байланысты қара металлургия ұзаққа созылған дағдарысқа ұшырады. Қазіргі кезеңде металлургия комбинаттары сырттан тасмалданатын байытылған темір кені мен тас көмірдің негізінде жұмыс істейтін Дюнкерк, Таранто, Бремен сыяқты ірі порттарға слу үрдісі жүріп жатыр. Темір кенін өндіру 1960 жылдары 140-150 млн тонна болса қазір дүниежүзіндегі темір кенінің 1,4% өндіріледі. Қазіргі кезде Америкадан, Африка мен Австралиядан байытылған 100 млн тонна темір кені импортталады. Кокс алу үшін Рурдың көмірі қолданылады. Қара металлургияда жылына 2013 жылы 27,0 млн тонна шойын, 42,6 млн тонна болат болат балқытқан Германия бірінші орын алады. Франция, Германия, Бельгия қара металл экспорттайтын ірі мемлекеттер болып саналады.
Батыс Еуропаның түсті металлургиясы. Аймақ Африкадан және Америкадан импортталатын түсті металл концентраттарын алады. Тек маңызды сала аллюминний өндірісі жақсы дамыған. 2013 жылы жылы Францияда 1,95 млн тонна алюминий балқытылады. 2013 жылы Германия (0,60 млн.т) , Франция мен Бельгияда тазартыоған мыс, қорғасын, мырыш, ал Ұлыбританияда қалайы балқыудан жетекші орын алады.
Батыс Еуропаның машина жасау кешені. Машина жасау Батыс Еуропаның маманданған жетекші салаларының бірі. Оның үлесіне индустрияда жұмыс істейтіндер мен өндірілген өнім құнының 1/3 бөлігі тиеді. Мұнда дүниежүзіндегі машина жасау өнімдерінің 25-30% шығарылады. Аймақ машина құрал-жабдықтардың барлық негізгі түрлерін шығару мен экспорттау жағынан дүниежүзінде бірінші орын алалды.
Атап айтсақ мұнда дүниежүзінде жасалатын станок пен ұста-пресс машиналарының 45% шығарылады. Олардың басым бөлігі Германияда шоғырланған. Әсіресе көліктік машина жасау қарқынды дамыған. Оның ішінде басты саласы автомобиль жасау. Соңғы жылдары аймақта жылына 13-15 млн дана автомобиль шығарылады. Оның 85% жеңіл автомобил. Автомобильдердің 1/4 бөлігі АҚШ-тың Еуропадағы еншілес кәсіпорында шығарады. Аймақта шығарылатын автомобильдердің 2/5 бөлігі Германиядағы «Фольксваген» және «Даймер-Бенц», Франциядағы «Рено» және «Пежо-Ситерн», Италиядағы «ФИАТ», Ұлыбританиядағы «Ровер груп» фирмаларының заводтарында шығарылады. Автомобиль жасау өнеркәсібінде 10 млн адам тікелей немесе жанама түрде жұмысқа тартылған .2013 жылы Германияда 5,44, Францияда 1,45 млн. дана автомобиль құрастырылды.
Әуе-ғарыштық өнеркәсіп саласынан Батыс Еуропа АҚШ-тан біршама артта қалады. Сондықтан мұнда АҚШ-та шығарылған үшақтар қолданылады. Дербес әуе кемелері ұшақ жасау өнеркәсібі тек Ұлыбритания мен Францияда ғана бар. Батыс Еуропаның жетекші ұшақ жасу фирмалары АҚШ-тың әуе кемелерін жасайтын алып компанияларымен бәсекелесуге тырысады.
Қазіргі кезеңде мемлекеттік құзырлы органдардың қаржылай қолдауы нәтижесінде аэробус, әскери ұшақ шығаруды кооперациялауға баса назар аударуда. Осыған орай жолаушылар тасымалдайтын және әскери ұшақтар шығарудан АҚШ-тың «Боинг» компаниясымен бәсекелесе алатын бірлескен Француз-Британдық «Эйрбас» компаниясы құрылды. «Эйрбастың» штапы Францияның әуе-ғарыштық техникалар мен зымыран шығарудан көшбасшысы Тулуз қаласында орналасқан. Онда шығарылатын «Арина» зымыраны Европа одағының жасанды жер серіктерін ұшыруға қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет