5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет94/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   117
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында да елеулі өзгерістер болды. Онда жүргізілген реформалар капиталистік шаруашылықты нығайтып, арендаторлардың жағдайын жақсартты. Ауыл шаруашылық өнімдері жылдан-жылға өсуде. Үндістан елдің астыққа деген сұранысын толық қамтамасыз етеді. Күріш өндіруден дүние жүзінде екінші орында.
Ел экономикасының негізгі секторы ұлттық өнімінің 30%-ын құрайды. Ел аумағының басым бөлігінің табиғат жағдайы ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайлы болып келеді. Муссондық жауын-шашынның жыл ішіндегі үлесі егістік жұмыстарын екі маусымда жүргізуге: жазғы (хариф) егінді мамырда егіп, қазан-қарашада, ал қысқы (раби) егінді қарашада егіп, мамырда жиып-теріп алуға мүмкіндік береді. Елде 141 млн га жер өңделеді, оның 84 млн га-сы суармалы жер.
Үкімет тарапынан жасалған көмектер нәтижесінде кейбір дәнді дакылдардың өнімі артты. Егіс көлемінің 80%-ға жуығын азық-түлік дақылары (күріш, бидай, тары, бұршақ тұқымдастар) құрайды. Күріш дақылы, негізінен, теңіз маңы ойпаттарында және Ганг өзенінің төменгі ағысында кеңінен өсірілсе, раби маусымында егілетін бидай Ганг өзенінің жоғарғы және орта ағысындағы суармалы жерлерде, тары тұқымдастар Декан таулы үстіртінде егіледі. Техникалық дақылдардан мақта, джут, қант қамысы, майлы өсімдіктер (рапс, үпілмәлік, жержаңғақ) өсіріледі. Мақтаның дені Декан таулы үстіртінің солтүстік-батысындағы лава бетінде пайда болған қара топырақты жерлерде егіледі. Мұндай топырақ ылғалды ұзақ сактайтындықтан, мақта егістік суарылмай-ақ жетіледі.
Экспортқа шығарылатын басты дақыл — шай. Шығыс Гималайдың бөктерінде есіріледі. Елдегі мал шаруашылығының негізін қой шаруашылығы құрайды. Бұл сала елдің солтүстік-батысында дамыған. Ірі қараның саны жөнінен Үндістан дүние жүзінде бірінші орында және олар түгел дерлік (қодас, сиыр) күш көлігі ретінде пайдаланылады. Құс шаруашылығы жақсы дамыған.
Балық аулаудың жылдық көрсеткіші 3 млн т-га жақындады (бұл көрсеткіш бойынша Үндістан дүние жүзіндегі елдердің ондығына кіреді).
Өнеркәсібі. Өнеркәсіптің аса маңызды салалары бар. Олар: болат құю, мақта-мата, машина жасау, тау-кен өндіру, мұнай өндіру, мұнай өңдеу, фармацевтика, электроника, энергетика, химия өнеркәсібі. Халыққа қызмет көрсету секторы жоғары қарқынмен дамуда.Экономикалық негізгі проблемаларына инфляцияның қарқынды өсуі және мемлекеттің айтарлықтай сыртқы қарызы жатады. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония.
Көлігі. Темір жолдың жалпы ұзындығы — 107 мың км-ден астам (оның 31 мың км-і электрленген жолдар), тас жолдар 3300 мың км (960 мың км — қатты төсенішті), ішкі су жолдары —16180 км. Елдің басты айлактары — Мумбай мен Мадрас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет