5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Оңтүстік-Батыс Азияның шаруашының салалық құрамы



бет95/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   117
Оңтүстік-Батыс Азияның шаруашының салалық құрамы
Оңтүстік Батыс Азия – тарихи тұрғыдан қалыптасқан өңір, дүниежүзілік мәдениеттің ежелгі ордаларының бірі. Оңтүстік – батыс Азия – дүние жүзінде географиялық тұрғыдан неғұрлым кең тараған төрт діннің үшеуінің – иудизм, христиандық, ислам діндерінің шыққан отаны.
Дүние жүзінің үш бөлігі тоғысқан жерде орналасқан бұл өңір саяси тұрғыдан дүние жүзінің әр уақытта ең беймаза аудандарының бірі болды. Суэц каналы мен Берлин – Бағдад темір жолы салынғаннан кейін бұл өңірдің әскери- стратегиялық маңызы едәуір артты. Біздің заманымызда дүние жүзіндегі ең мол мұнай,газ қорының, хром және басқа пайдалы қазбалар қорының ашылуы, дайын өнеркәсіп өнімін өткізетін зор рыноктың, арзан ауылшаруашылық шикізаты көздерінің болуы нәтижесінде бұл өңірдің дүниежүзілік саясат пен экономикадағы рөлі бұрынғыдан да нығайды.
Оңтүстік –Батыс Азияның әрбір елінің дамуының сыртқы және әсіресе ішкі жағдайлары барынша әрқилы. Олардың өндіргіш күштерінің даму деңгейі мен салалық құрылымы бірдей емес, тарихи, ұлттық, діни, мәдени, саяси және басқа да ерекшеліктері өте көп.
Өңірдің барлық жерінде пайдалы қазбалар мол. Орасан көп мұнай запастарына қоса мұндағы елдерде бағалы рудалық және рудалық емес қазбалар көп. Түркия хромиткендерін өндіру мен экспортқа шығару жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде. Иорданияда калий тұздарының дүниежүзілік маңызы бар қорлары игерілуде. Иракта табиғи күкірт пен фосфориттердің ірі кен орындары ашылған. Парсы шығанағы мен Қызыл теңізде ежелден бері інжу- маржан алынады.
Өңірдің қуаңшылық өлкелерінде мал шаруашылығы басым болғанына қарамастан, ауыл шаруашылығында тұтас алғанда егіншілік басым. Оның негізгі дақылдары бидай, арпа, жүгері, көкөніс және т.б. Бірқатар алқаптарда жүзім, жеміс,өсіріледі. Экспортқа шығаратындары – қаракөл (Ауғанстан), құрам (Ирак), мейіз бен фундук (Түркия), пісте (Иран), мокко кофесі (Йемен).
Астық шаруашылығын өркендетуде Сауд Арабиясы ғажап жетістіктерге жетіп, шөл жерде өзін астықпен қамтамасыз етіп отыр. Ол былай тұрсын негізінен жақын көршілеріне бидай сатып, ел дүниежүзілік рынокка шықты. Мұның бәрі заманға лайық суландыру жүйелерін салудың, дүниежүзіндегі ең сапалы тұқым себілуінің, озық техниканың қолданылуының нәтижесі болды.
Аумақтың көптеген елдерінде өнеркәсіптің негізі – мұнай өндіру (сауд Арабиясы, Иран, Ирак, Кувейт, БАЭ,Катар, Бахрейн және т.б.). Ол мұнай экспорттаушы елдер ұйымына (ОПЕК) мүше – мұнай өндіруші елдердің тез өркендеп, қаражат қорын жиналуының негізі. Алайда мұнай өндіруге қарағанда мұнайды ұқсататын өнеркәсіптің дамуы біршама баяу.Ұқсату - өңдеу өнеркәсібінің басқа салаларының дамуы одан да бетер сылбыр. Оның саусақпен санарлық орталықтары – Стамбұл, Измир, Бағдад, Тегеран, Дамаск, Бейрут және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет