6-дәріс. Кіріспе және астық дақылдарының жалпы сипаттамасы



бет4/9
Дата22.04.2023
өлшемі54,36 Kb.
#85528
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәріс 6

Бақылау сұрақтары

  1. Өсімдік шаруашылығының зерттеу зерзаты (объектісі) және тәсілдері.

  2. Өсімдік шаруашылығы мен егіншіліктің негізгі заңдары, олардың мәні.

  3. Дәнді дақылдардың жалпы сипаттамасы.

  4. Астық өндірудегі Қазақстанның солтүстік өңірінің рөлі.

  5. Дәнді астық дақылдарының өсіп-жетілу кезеңдері.

  6. Дәнді дақылдар жемісінің химиялық құрамын сипаттаңыз.

  7. Дәнді астық дақылдарының өсіру ерекшеліктеріне қарай жіктелуі.

  8. Астық дақылдарының қандай топтары бар?

  9. Астық дақылдарының қандай гүл шоғырлары бар. Оларды қалай ажыратуға болады?

  10. Астық дақылдарының жемісін сипаттаңыз.

  11. Астық дақылдарының ылғалға, қоректік заттарға мол талап қоятын кезеңдерін сипаттаңыз.

  12. Дәннің пісіп-жетілу кезеңдерін сипаттаңыз.

Жаздық бидай

  1. Жаздық бидайдың жалпы сипаттамасы.

  2. Бидай түрлері.

  3. Жаздық бидайдың биологиясы және Қазақстанның солтүстігі жағдайында өсу және даму ерекшеліктері.

  4. Жаздық бидайларды қарқынды технологиямен өсіру.

1. Бидайдың жалпы сипаттамасы. Бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай алдыңғы Азиядан, қазіргі Иран, Аравия аумағынан тараған, ал қатты бидай – Жерорта теңізі маңайынан. Жұмсақ бидай ұнынан нан, тоқаш, кеспе дайындалады, қатты бидайдан – макарон, балалар ұнтағы (мәнни), кондитер бұйымдары. Бұл екі түр бірінен-бірі морфологиялық, биологиялық және шаруашылық белгілері бойынша ажыратылады. Қазақстанда кең көлемде жұмсақ бидай егіледі, қатты бидай егістігі, оның 10 %-дай көлемінде. Қазіргі кезде қатты бидайға деген сұраныс өте жоғары, сондықтан әртараптандыруды жүзеге асырып қатты бидай егістігін Қазақстанның топырақ-климат ерекшеліктерін ескеріп, оның егістігіне оңтайлы аумақты таңдаған жөн. Жұмсақ бидайдың жаздық және күздік тіршілік түрлері бар, ал қатты бидай негізінен жаздық түрде ғана.
Жаздық бидай Қазақстанның солтүстік, батыс облыстарында, сондай аз көлемде орталық және шығыс облыстарында өсіріледі. Қазақстанның солтүстік облыстарында бүкіл бидай егістігінің 70 %-на жуығы шоғырланған. 2009 жылы Қазақстанда бидай 14,753,9 мың гектар жерде өсірілді, оның ішінде суармалы жерлерде – 70,0 мың. Қуаңшылықты далалық аймақтарда өсірілген бидайдың сапасы жоғары болатынын ескерсек, әсіресе ақуыз мөлшері 16-18, кей жылдары 20 %-дан асатыны, Қазақстанның солтүстік өңірінің астық мәселесін шешудегі рөлін өте айқындай түседі.
Бидай дәнінің сапасын негізінен ақуыз бен дән уызы анықтайды және осыған байланысты бидайдың пайдалану сипаты анықталады.
Жұмсақ бидай сұрыптары ұнының сапасына байланысты «күшті», «орташа» және «әлсіз» болып үш топқа бөлінеді.
«Күшті» бидай ұнынан пісірілген нан көмпиіп піседі, түрі өте сүйкімді, қабығы жұқа, хош иісті болады. Күшті бидай сапа жақсартқыш қасиетке де ие: әлсіз бидайдың ұнына күшті бидай ұнын шамалап қосып пісірілген нанның сапасы едәуір жақсарады. Сондықтан да күшті бидайға деген сұраныс кемімейді.
Орташа «күші» бар бидай ұнынан еш қоспасыз сапалы нан пісіріледі.
«Әлсіз» бидайдың ақуызы аз, дән уызының жиырымдылығы өте әлсіз болады да нанның сапасы төмен болатындықтан, нан пісіру үшін «күшті» бидай ұнын қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет