6-дәріс. Кіріспе және астық дақылдарының жалпы сипаттамасы



бет5/9
Дата22.04.2023
өлшемі54,36 Kb.
#85528
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәріс 6

2. Бидай түрлері. Бидай Қоңырбастар (Роасеа) тұқымдасына жатады, 22 (27) түрді біріктіреді. Дәннің қабықшаларынан босау деңгейіне қарай екі топқа бөлінеді: жалаңаш дәнді немесе нағыз бидайлар және қабықты немесе полба бидайлары. Әрбір топта он бір түр болады. Өндірісте көп егілетіндері – жұмсақ және қатты бидай. Осы екі түр масақтарының қылтықты немесе қылтықсыз болуына, масақшаның түкті-түксіздігіне, масақтың, дәннің және қылтықтарының түстері бойынша түршелерге бөлінеді. Қазақстанның солтүстігінде жұмсақ бидай түршелерінен лютесценс, альбидум, эристроспермум, мильтурум, барбаросса кең тараған, қатты бидайдан – гордеиформе, леукурум, мелянопус. Әр түршенің биологиялық және өндірістік ерекшеліктері бойынша бірінен-бірі өзгешеленетін сұрыптары бар. Өндірісте жұмсақ бидайдың мынадай сұрыптары өсіріледі: Ақмола 2, Астана, Целинная 3С, Целинная юбилейная, Целинная 24, Эритроспермум 35, Казахстанская 19, Казахстанская 25, Ертіс 97, Павлодарская 93, Карабалыкская 90, Саратовская 29, Омская 18; 19; 29; 30 және т.б., қатты бидайдың - Дамсинская 90, Костанайская 52, Безенчукская 139, Алтайка, Омский рубин, Оренбургская 2, Оренбургская 10, Сид- 88, т.б.
3. Жаздық жұмсақ бидайдың биологиясы және Қазақстанның солтүстігі жағдайында өсу және даму ерекшеліктері. Жаздық бидай қоңыржай белдеудің дақылы болғандықтан температураға аса жоғары талап қоя қоймайды. Тұқымы +1-2оС өне бастағанымен, жаппай өнуіне +4-5оС қажет, тек өну өте баяу жүреді. Тұқым сіңіру тереңдігінде температура көтерілген сайын егін көгінің пайда болуы жеделдей түседі. Айталық, +5оС-да 30 күнде пайда болса, 15оС – 7 күнде. Егін көгі қысқа мерзімдік 8-10оС үскірікке шыдаса, гүлдеу және қамырланып пісу кезеңінде 1-2оС бозқырау жарақаттайды. Өніп-өсуінің алғашқы кезі және түптену кезеңі 10-12оС жақсы өтеді. Бұл әсіресе өсімдіктің тамырлануына, өнімділікке әсер ететін түйін тамырлардың мол дамуына оң ықпал жасайды.
Жаздық жұмсақ бидай тұқымы құрғақ салмағына шаққанда өз бойына 50-60 %-дай су сіңіргенде ғана өне бастайды. Бидай өскіні өсуінің алғашқы кезеңінде суды шамалы пайдаланады да, дамуы басталғанда суға деген талабы арта түседі. Ылғалдың ең мол қажет ететін оны бейнелеп «қиын-қыстау» кезеңі деп атайтын «түптену-масақтану», яғни ұрпақ жаятын (беретін), өзіндік дамуының 5-7 кезеңдеріне келеді. Масақтану кезеңінде топырақта ылғал тапшы болса бидай дәнінің қалыптасуы және толысуы толық жүрмейді де, кейін дақыл өнімі төмендейді. Жаздық жұмсақ бидайдан Қазақстанның солтүстік өңірінде тұрақты және сапалы өнім алу үшін тұқым себер алдында топырақтың 1 м қабатындағы ылғалдың мөлшері 140 мм кем болмауына көмектесетін барлық шараларды қолдану қажет. Топырақта осындай ылғал болса, бидай өсімдігі ылғалмен жақсы қамтамасыз-дандырылған деп есептейді, 100-120 мм – орташа, ал 60-80 мм – нашар. Міне, осыған байланысты бидайдың, «қиын-қыстау» кезеңін Қазақстанның солтүстік өңірінің ауа райына байланыстыра отырып, себу мерзімін дұрыс анықтап, жаздағы болады-ау деген жауын-шашынға тұстастыру маманның білімділігін, тәжірибелілігін білдіреді.
Жаздық бидайдың транспирациялық коэффициенті 400-450-ге тең. Транспирациялық коэффициенттен гөрі су пайдалану коэффициентін қолдану дақылдың 1 өлшем (г, кг, ц, т) құрғақ зат құрастыруға қанша су шығындағанын көрсетеді. Мысалы, Әрінов Қ.К. (1980) дерегінде жаздық бидайдың су пайдалану коэффициенті суармалы жағдайда 10,9-12,0 мм/ц болса, суарусыз – 18,5-22,0 мм/ц болған.
Жаздық бидайдың тамыр жүйесі басқа дәнді дақылдармен салыстырғанда әлсіздеу дамыған, қоректік заттарды сіңіру де сондай болғандықтан, топыраққа талғамы жоғары. Бұл дақылдың жақсы өсіп-дамуына ең тиімді болып бейтарап орталы, қара және күңгірт қара қоңыр (қызыл қоңыр) топырақтар саналады. Аталған топырақтардағы қоректік заттар өсімдіктің бірқалыпты дамуына әр алуан әсер ете отырып, өсу-даму кезеңінде әртүрлі деңгейде сіңіріледі. Өсімдіктің топырақүстілік бөлігінде 80-ге жуық элемент бар екендігі анықталды. Бұлардың бірі аз мөлшерде (микроэлементтер), екіншісі молырақ (макроэлементтер) сіңіріледі.
Дәнді дақылдар, оның ішінде жаздық бидай 1 ц астық және тиесілі сабан өнімін қалыптастыруға топырақтан 3,7-4,0 кг азот, 0,9-1,1 кг фосфор және 1,7-2,7 кг калий сіңіреді. Осыны ескерсек агроном (агрохимик) әр аймақтың топырақ-климат жағдайына байланысты алынатын өнімнің көлеміне қажетті NPK-дің топырақта болуын қадағалап отыруға тиіс. Бұл өнім деңгейін ғана анықтамайтынын, сондай-ақ сапасына да әсер ететінін ескерген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет