6-дәріс. Кіріспе және астық дақылдарының жалпы сипаттамасы


Жаздық бидайды қарқынды технологиямен өсіру



бет6/9
Дата22.04.2023
өлшемі54,36 Kb.
#85528
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәріс 6

4. Жаздық бидайды қарқынды технологиямен өсіру. Алғы дақыл. Жаздық бидайдың өсіп-дамуы, өнімділігі, дәннің сапасы алғы дақылға, алғы дақылдан босаған аңызда жүргізілген жұмыстарға (топырақты өңдеу тәсілдері, өңдеу құралдары, өңдеу тереңдігі, т.т.) тікелей байланысты.
Алғы дақыл деп өткен жылы танапта өсірілген ауылшаруашылық дақылын немесе сүрі жерді айтады. Ал дақылдың түріне немесе сүрі жердің дайындалу тәсіліне байланысты, топырақтың құнарлылығы өзгеріске ұшырайтынын ғылыми-зерттеу жұмыстары дәлелдеген және жаздық бидай үшін ең жақсы алғы дақылдарды, әрине дақылдың өсірілетін аймағына байланысты анықтаған болатын. Қазақстанның солтүстік өңірінде жаздық бидайға ең жақсы алғы дақыл болып, мүмкін сүрі жер танабы әзірше, сүрі жерден кейінгі дақыл, бұршақты дақылдар, сүрлемдік жүгері саналады. Жасыл балаусаға, пішенге өсірілген сұлы, дара дақылға жиналған арпа да көңіл қоярлықтай алғы дақыл бола алады.
Қазақстанның далалық аймақтары үшін қысқа айналымды аз өңдеуге (минималды) негізделінген ауыспалы егістер сұлбасы дайындалды.

  1. Сүрі жер, бидай, бидай, бидай, арпа, бидай. 2. Сүрі жер, бидай, бидай, бидай, арпа. 3. Сүрі жер, бидай, бидай, сұлы, бидай, арпа. 4. Сүрі жер, бидай, бидай, дәнді бұршақты дақылдар, бидай, арпа. 5. Сүрі жер, бидай, бидай, жүгері, бидай.

Жаздық бидай үшін құрғақшылықты аймақтарда сүрі жерлер әзірше, барынша жақсы алғы дақылдар болуда. Сонымен бірге сүрі жерлер – шаруашылықты экстенсивті жүргізудің белгісі. Сүрі жерлерді алғы дақыл ретінде бағалағанда, олардан кейінгі дақылдар өнімімен екі жылғы шығынның орнын толтыруға тиіс екенін ұмытпаған жөн. Бұдан басқа олар экологиялық тұрғыдан да (жел эрозиясы) қауіп туындатады, сондай-ақ топырақтың қарашіріндісінің шығыны молаяды.
Осыған байланысты егіншілік мәдениеті жоғары шаруашылықтарда сүрі жерлерді сұлы, асбұршақ және басқа дақылдармен алмастыруда.
Топырақты өңдеу. Топырақты өңдегенде танапта ылғал қорын молайтуды, оны сақтауды, арамшөптерді жоюды, эрозияны болдырмауды ескерген жөн. Осыған байланысты топырақ өңдеу жүйесі аймақтың топырақ-климат ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілгені дұрыс.
Сүрі жерді өңдеу. Бұрынғы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, қазіргі «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» РМК қазіргі кезеңде сүрі жерді дайындаудың жазықтілгішті құрамалы, эрозияға қарсы, нөлдік, минимальды – нөлдік және минимальды технологиясын жүзеге асыруда.
Сүрі жерді жазықтілгішпен өңдеу. Жаз бойы 3-4 (5) рет саяз, 8-10-12-14 см өңдеуден тұрады. Бір өңдеумен екінші өңдеудің оңтайлы кезеңі 20-25 күндей. Соңғы өңдеуді, топырақтың механикалық құрамына байланысты 20-27 см тереңдікке, жаздың соңында, жазықтілгіштермен жүргізеді. Жазықтілгішті сүрі жердің ылғал жинағыш қабілетін арттыру мақсатында СКН-3 тұқымсепкішті пайдаланып, қатараралықтарын 8-10-12 м қойып, бір қума метрге 30-40 дана қыш тұқымын себуге болады.
Сүрі жерді өңдеудің минимальды технологиясын қолданғанда (қарасұлы, атпатамырлы арамшөптер болғанда), өңдеуді бірнеше технологиялық тәсілдерді атқаратын егістік кешендермен, культиваторлармен, жазықтілгішті культиваторлармен 10-12 см тереңдікке жүргізілуі мүмкін, екінші өңдеуді құрамында глифосат бар гербицидтермен (25 % арсенал с.к., 36 % глисол с.к.), әр гектарға 3-4 л шығындап шілде айының ортасында жүргізеді, үшінші рет өңдеуді бірінші рет өңдегенде қолданған агрегаттармен 20-27 см тереңдікке жүргізеді.
Сүрі жерді бидайық – көгентамырлы бидайық басқанда бірінші рет өңдеуді жаппай әсер ететін гербицидтермен, жуықтап маусымның соңына қарай, әр гектарға 4-5 л шығындап өңдейді. Бұл кезде арамшөптердің биіктігі 12-15 см жетеді. Арамшөптердің пайда болуына қарай, оларды отау және тарау мақсатында 10-14 см тереңдікке екі рет өңдейді.
Сүрі жерді минимальды – нөлдік өңдеуді, маусым айының екінші онкүндігінде, қарасұлы атпатамырлы арамшөптер болғанда глифосатты гербицидтердің 3-4 л/га шығындап өңдейді, ал бидайық – көгентамырлы бидайық болса – 4-5 л/га. Тамыз айның соңы – қыркүйектің басында 25-27 см тереңдікке жазықтілгіш жібереді. Осылай өңдегенде паяның 70-80 % және өсімдік қалдықтары аңыз үстінде сақталады да, топырақ ылғалы жиналады, қарашіріндінің ыдырауы баяулайды, жанармайдың шығыны 40-50 % кемиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет