6-модуль қазіргі заманғы мектептегі қҰндылықҚа бағдарланған тәрбие моделі


Жастар тапсырмалар алады, олар жобаға қалай  және неге қатысатындығы туралы хабардар болады 5



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата16.10.2023
өлшемі1,21 Mb.
#116582
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Оқу құралы 6-модуль

4
Жастар тапсырмалар алады, олар жобаға қалай 
және неге қатысатындығы туралы хабардар болады

Ересектер шешім қабылдайды, жастарға 
кеңес береді және ақпаратпен бөліседі
6
Ересектердің бастамасы, бірлесе шешім қабылдау

Жастардың бастамасы, шешімдері 
7
Жастардың бастамасы мен көшбасшылығы



Зияткерлік мектептердегі мектеп қоғамдастықтары оқушыларды өзін-өзі дамытуға 
және өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бағытталған білім беру процесіне тартуға мүмкіндік 
береді. Олар демократия, алқаластық, мектептің тиімділігі, жағдаяттық көшбасшылық, 
оқушылар мен мұғалімдердің бір-бірімен өзара жағымды қарым-қатынасы принциптеріне 
негізделген.
 
Оқушылардың мектеп қоғамдастығының тиімділігін арттыру үшін олардың 
қызметін ұйымдастыру барысында келесі шарттарды сақтау маңызды: 
• 
ересектер мен балалардың тең құқылы әріптестігі; 
• 
оқушылар үшін іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттерін, бағыттарын, нысандары 
мен әдістерін таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету; 
• 
оқушылардың өз таңдауы, қабылдаған шешімдері, қызмет нәтижелері үшін 
жауапкершілігі; 
• 
«Оқушы үні» арқылы оқушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктері 
ескеріледі; 
• 
белсенді өмірлік ұстанымды дамытуға, рефлексияны үйретуге, бейтаныс өмірлік 
жағдайларды еңсере білу дағдысын дамытуға, оқушылар мен педагогтерді өзара аффективті 
қолдау негізінде коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттілікті дамытуға бағытталған 
нәтижелі қызмет. 
Мектеп қоғамдастығы білім алушылар бірлестіктерінің келесі түрлерін қамтиды: 
оқушылардың өзін-өзі басқаруы, балалардың қоғамдық бірлестіктері мен қоғамдық 
ұйымдары. 
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы 
– мектептің оқушылар ұжымының өзін-өзі басқару 
жүйесі, ол оқушылардың өзіндік бастамалары мен өз бетінше әрекет етуі негізінде оқу-
тәрбие процесінің міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет