6-модуль қазіргі заманғы мектептегі қҰндылықҚа бағдарланған тәрбие моделі



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата16.10.2023
өлшемі1,21 Mb.
#116582
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Оқу құралы 6-модуль

жаңа құндылықтарды 
қалыптастыру, проблемалар мен қайшылықтарды шешу, жауапкершілікті қабылдау. 
2030 жылға бағдарланған білім беру мақсаттарына қол жеткізу үшін оқушылар 
құзыреттермен қатар өз бетінше білім алу дербестігін дамытуы, үздіксіз білім алудың 
қажеттілігін түсінуі керек. Бұл өз өмірі үшін, басқа адамдарға ықпал ету үшін, әлемді 
жақсы жаққа қарай өзгертуге жағдай жасау үшін жауапкершілік сезімін білдіреді. 
Дербестік өз іс-әрекетінің себептерін түсіну және мақсатқа жету жолында міндеттер қоя 
білуге қабілеттілікті білдіреді. Сондықтан оқушылардың ынтасы мен бастамашылдығын 
дамыту жобаны іске асырудың маңызды шарты болып табылады. 
Тәрбиелеу тәсілдемелерін, мақсатты бағдарлары мен мазмұнын айқындай отырып, 
мектептер жаһандық трендтерге бағдарланып қана қоймай, этномәдени ерекшеліктерді де 
ескеруі тиіс. 
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тәрбиелеу мен оқытуда 
құндылыққа бағдарланған тәсілдемені іске асыру білім беруді жаңғыртудың маңызды 
басымдығы болып табылады, ол мектеп ахуалы мен мәдениеті, барлық қызметкерлердің 
іс-әрекеті мен қарым-қатынасы арқылы көрініс табатын мектептегі тәрбиелеу жүйесінің 
ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Тәрбиелеудегі құндылыққа бағдарланған тәсілдеменің 



маңызды міндеті білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық 
дамуын қамтамасыз ету болып табылады. 
Тәрбиелеу мақсаттарын, міндеттері мен мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық 
негізі Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" 
бағдарламалық мақаласы болып табылады. Тәрбиелеуде құндылыққа бағдарланған тәсілді 
іске асырудың әдіснамалық және әдістемелік негіздері "Рухани жаңғыру" бағдарламасын 
іске асыру жағдайындағы тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздерінде көрсетілген. 
Тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздері этномәдени құндылықтар мен қоғамдық сананы 
жаңғыртудың өзекті бағыттарын көрсетеді және білім берудің барлық деңгейлерінде 
тәрбиелеудің негізгі мазмұнын жаңарту бағыттарын айқындайды. 
Мақалада тәрбиелеудің жаңартылған мазмұнының негізгі бағыттарын айқындайтын 
қоғам санасын жаңғыртудың маңызды бағдарлары белгіленді: ХХІ ғасыр дағдыларын 
игеруді қамтитын бәсекеге қабілеттілік, экологиялық тұрғыдан дұрыс өмір салты арқылы 
көрініс табатын прагматизм, ұлттық сананың қалыптасуы, білімге табыну, сананың 
ашықтығы арқылы көрініс табатын өзгерістерге дайындық пен басқалардың тәжірибесін 
үйрену қабілетін білдіретін ұлттық бірегейлік. 
Тәрбиенің негізгі бағыттарында білім берудің төрт өлшемді моделінің қырларымен
атап айтқанда, білімнің салтанат құруы – кіріктірілген дәстүрлі және пәнаралық біліммен, 
бәсекеге қабілеттілік пен прагматизмнің – ХХІ ғасыр дағдыларымен, ұлттық бірегейлік 
пен сананың ашықтығы – мінез-құлық қырымен өзара байланысын байқауға болады. 
Қоғамдық сананы жаңғыртуда қоғамның, оның ішінде жастардың ұлттық санасын 
сақтауға және дамытуға маңызды мән берілетінін атап өткен жөн. 
Тәрбие жұмысының негізін Елбасының өнегелік мұрасы – «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары, «Туған елге тағзым» 
жалпы республикалық экспедициясын қамтитын «Ұлы дала мұрагерлері» жобасы, «Тарих 
тағылымы» әлеуметтік жобалары (қалалар мен ауылдардың, көшелер мен мемлекеттің 
дамуына үлес қосқан тұлғалар тарихын зерделеу) және «Қазақ мәдениетінің антологиясы» 
(ақындар, жыраулар, күйшілер шығармашылығы арқылы ұлттық фольклорды зерделеу) 
құрайды. 
Білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымы басты рөл атқарады, ол білім 
алушылардың "моральдық компасты" – дұрыс пен бұрысты ажырата білу сезімін және 
бақытты өмір сүру үшін қажетті берік мінез-құлықты бойға сіңірудегі болашаққа 
бағдарын айқындайды мен көшбасшылық қасиетті қамтамасыз етеді. Білім беру 
ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде отбасылық құндылықтар мен отбасы институтының 
маңыздылығы дәріптелетін болады. Білім алушылардың ұйымдасқан қоғамдық қызметке 
тартылуы «Жас қыран» (1-4-сыныптар), «Жас Ұлан» (5-10-сыныптар) балалар мен 
жасөспірімдер қозғалысына кең ауқымды және жүйелі түрде мүшелігі арқылы қамтамасыз 
етілетін болады. 
Осыған орай, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері ұлттық және жалпыадамзаттық 
құндылықтарға негізделген және оқушылардың өзгермелі әлемнің сын-қатерлеріне төтеп 
беруі үшін ХХІ ғасырдың құзыреттері мен дағдыларын дамытуға бағытталған 
құндылыққа бағдарланған тәсіл негізінде мектептің тәрбие жүйесін дамытудың 
маңыздылығын айқындайды. 
Тәрбиедегі құндылыққа бағдарланған тәсілдемені іске асырудың маңызды тетігі – 
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген, мектептің білім беру процесінің 
барлық субъектілерінің (мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары) көзқарастары, 
қарым-қатынастары мен іс-әрекеттері жүйесі арқылы көрініс табатын мектеп мәдениеті. 
Білім берудегі құндылыққа бағдарланған тәсілдемені жүзеге асыруда мемлекеттің, 
оның ішінде білім беру жүйесінің ең жоғары құндылығы болып табылатын тұлғаны 
қалыптастыру және дамыту үшін қауіпсіз және жайлы білім алу ортасын қамтамасыз ету 
өзекті болып табылады. Мектеп деңгейінде бұл тұлғаның жағымды, тұрақты дамуына қауіп 
төндірмеуге бағытталған шаралар жүйесі арқылы көрінеді. Психологиялық тұрғыдан 



алғанда, бұл білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігін қолдау технологияларын 
қалыптастыру және енгізуді қамтиды. 
Тәрбие жұмысы барлық мүдделі тараптарды: отбасын, білім беру ұйымдарын және 
қоғамды кеңінен қатыстыра отырып жүргізілуге тиіс. Бұл орайда мектептер білім 
алушылардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен тұлғааралық өзара іс-қимылды 
кеңейтуге және өзара жауапкершілік принципі бойынша ынтымақтастықты қалыптастыруға 
назар аударуы керек. 
Мектеп тұлғаның өз өмір жолын сауатты таңдауына, проблемаларды өз бетінше 
шешуіне, жағдайды талдай білуге және басқа адамның бостандығы мен қадір-қасиетіне 
нұқсан келтірмейтін, психологиялық зорлық-зомбылықты болдырмайтын және тұлғаның 
өзін-өзі дамытуына ықпал ететін тиісті мінез-құлықты таңдауға мүмкіндік беретін 
дағдыларды қалыптастыру үшін жағдай жасауы керек. Сондықтан бүгінгі таңда 
мектептерде оқушыларды өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу үшін жауапкершілікті 
сезінуге ықпал ететін, олардың өзін-өзі жүзеге асыруы мен өзін-өзі тануына жағдай 
жасайтын оқу процесін бірлесіп басқаруға тарту маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет