АКАДЕМИК Ш. САРЫБАЕВТЫҢ МҰРАҒАТТЫҚ МҰРАЛАРЫ
Құрманәлиев К.
Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының
вице-президенті, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі,
филол. ғ. д., профессор
Тәуелсіз еліміздің ғылымы мен білімінің дамуына ерекше үлес қосқан, мемлекет-
тік тілдің мәртебесін көтеруге аянбай еңбек еткен белгілі түрколог-ғалым, Ұлттық
ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор
Шора Сарыбаев бұл күндері 95 жасқа толар еді... Ғалыммен қоштасуға арналған қа-
ралы митингіде Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті, Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты Мұрат Жұрынұлы: «Қазақстан ғылымы тағы бір көрнекті ға-
лымынан айырылды. Отандық ғылымды дамытуда өзіндік орны бар, тіл білімінің
14
тарланы дүниеден озды. Келешек ұрпаққа өлшеусіз еңбек қалдырған Шора Шамға-
лиұлының туған тілге қылған қызметі бәрімізге үлгі болып қала береді...», – деп еді.
Үлгі демекші, көзі тірісінің өзінде ғылыми ортада зор беделге ие болып, талай
ғылым-қайраткерлерінің оң пікіріне ие болған еді. Мәселен, ҰҒА академиктері,
көрнекті тілші-ғалымдар Ә. Қайдар мен Ө. Айтбайұлы өздерінің «Өнегелі өмірдің
өрелі биіктері» атты мақаласында Шора Шамғалиұлының есімі бүгінде тек Қазақс-
танда ғана емес, бүкіл ТМД елдерінде де, тіпті көптеген шет мемлекеттерінде де
әйгілі екенін айта келіп, «Оның басты себептері, біріншіден, ғалымның жеке басы-
на тән қасиеттеріне — ғылымға деген адалдығына, жауапкершілігіне, принципшіл-
дігіне, еңбек сүйгіштігіне, т.б. қасиеттеріне байланысты болса, екіншіден, зерттеу
жұмыстарының жан-жақты жүргізілуіне, ауқымдылығы мен ғылыми-практикалық
тиімділігіне, актуалдылығына байланысты деп қараған жөн» деп ғалымның еңбегін
үлгі еткенін ұмыта қойған жоқпыз.
Көрнекті ғалым, академик Р. Сыздықтың «Біз үшеу едік» атты мақаласында және
атақты тілші-ғалымдар Т. Жанұзақов пен О. Нақысбеков дайындаған ғалымның
өмірі мен шығармашылығына арналған қысқаша очеркте ғалымның ғылымдағы
ғибратты ғұмырының мәнін көрсетіп, тұлғалық келбетін сомдаған.
Бұл – ғалымның қаламынан шыққан 300-ге жуық ғылыми мақалалар, моногра-
фиялық еңбектер, оқулықтар мен сөздіктер, нақтылай айтсақ, қазақ тіл тарихы, диа-
лектология, лексикология, лексикография, грамматика, этимология, терминология
т.б. қазақ тіл білімінің өзекті салаларына арналған еңбектеріне берген баға деп тү-
сінген жөн шығар.
Еліміздің шалғай жерін мекендеген тұрғындар тілінен және Қазақстаннан тыс
жердегі қазақ тілінің мол байлығын, жергілікті қазынасын танып білу мақсатында
талай жылдар диалектологиялық экспедиция ұйымдастыру нәтижесінде жиналған
диалектілік материалдар негізінде терең зерттеулер жүргізіп, тың жаңалықтарды
ғылымға енгізді.
Ерекше еңбегі ретінде, алтаистика мәселелеріне мән бергенін айтуымыз керек.
Өйткені, қазақ тіл білімінде түркі және моңғол тілдерінің туыстық төркінін салысты-
ра зерттеген аз тілшілердің арасында оның атының айтылуының да жөні бар. «Диа-
лектілік-лексика ұлт мәдениетінің дәйекті дерек көзі ретінде» деген мақаласында
белгілі лексиколог-ғалым, профессор Ж. Манкеева: «...Тіл тарихы мен диалектология
мәселелерін сабақтас қарау дәстүрін қарастырған, көшпелі тұрмысы мен мәдениет
ұқсастығы негізінде қалыптасқан тілдік ортақтықты қазақ-моңғол туыстығы деп қа-
раған, диалектілік-лексиканы әдеби тілді байытудың қайнар көздері деп санаған көр-
некті диалектолог-лексиколог ғалым Ш. Сарыбаевтың бұқаралық ақпарат құралдары
тіліндегі жаңа қолданыстар, аудармалар және терминдер туралы ой-тұжырымдарын
тілге деген науқандық сипаттағы жай қызығушылық, әуестік деп түсінуге болмайды.
Біздің ойымыша, оның тамыры жоғарыда көрсетілген ғалымның ғылыми-зерттеуші-
лік мұрасы мен теориялық-әдістанымдық қағидаларымен сабақтасып жатқан, ішкі
даму болмысын көрсететін идеяларымен сабақтасады» дей келе, диалектілік-лекси-
каны тіл тарихы мен ұлт мәдениетін жан-жақты бейнелейтін кәсіби және аймақтық
лексикамен тығыз байланыста зерттеуші ғалым екендігіне ерекше тоқталған.
15
Фонолог-ғалым, ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор З. Базарбаева «Акаде-
мик Шора Сарыбаевтың еңбектеріндегі интонация мәселелері» атты зерттеу ныса-
насы етіп алған мақаласында ғалымның қазақ тіліндегі одағайлар туралы моногра-
фиясын жоғары бағалап: «...Жарты ғасыр бұрын жазылған еңбегі соңғы жылдары
қарқынды дамып келе жатқан интонология саласының өзекті проблемаларымен
ұштасып, қазақ тілінің интонация теориясының аясын кеңейтуге үлес қосатынына
сенеміз», – дейді.
Ғалымның ерекше еңбектеніп, қажырлы еңбегін жұмсаған саласы — қазақ тіл
білімінің тарихы. Тіл білімі саласындағы бай мұраны жинақтап, ғылыми жүйеге
келтіре отырып, «Қазақ тіл білімінің библиографиялық көрсеткішін» әзірлегенін,
әрі осы көрсеткішті шығарған кезде А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабайұлы, Ж. Ай-
мауытұлы, М. Дулатұлы, Қ. Досмұхаммедұлы, Т. Шонанұлы т.б. арыстардың жүз
қырықтан астам еңбегі енгізілгені үшін бұл кітаптың пышақтың астында туралып
кеткені және сол кездің солақай саясатына сәйкес, саяси қате жіберді делініп, қыз-
меттен қуылғанын аға буын өкілдері жақсы біледі. Ғалымның басынан өткен қиын-
шылықтарына қарамастан ғылымнан қол үзбей, жемісті қызмет еткенін келешек
ұрпаққа үлгі еткеніміз артық болмас. Танымал ғалым, профессор Т. Сайрамбаев
Шөкеңнің «Библиографиялық көрсеткіші — қазақ тіл білімінің айнасы» деп баға-
лауының мәні зор.
Белгілі лексикограф-ғалым, профессор М. Малбақов академик Ш. Сарыбаевты
қазақ аймақтық лексикографиясын теориялық тұрғыдан зерттеудің негізін салушы
ғалым екенін айта келіп: «Жалпы қазақ тіл білімінің, қазақ диалектологиясының
дамуына зор үлес қосумен бірге, күллі түркі лексикографиясында алғашқылардың
бірі болып, диалектологиялық сөздік түзудің теориялық және құрылымдық негізде-
рін жасаған ғалым» екеніне назар аудартады.
Ғылым жолында жүрген жастар үшін үлгі ретінде тіл білімінің білгірлері, айту-
лы ғалымдар Қ. Айтазин, Б. Әбілқасымов, А. Құрысжанов, Ә. Нұрмағамбетов, С.
Омарбеков, М. Серғалиев, Б. Хасановтардың ғалымның ғылыми еңбектерін сара-
лап, айтқан оң пікірлерін оқып шығуды ұсынар едім. Өйткені, олардың үлгі етіп
ұсынған орамды ойларынан да хабардар болар еді. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл
білімі институтының директоры, ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор Е. Қажы-
бек Шөкең туралы: «Қазақтың лексикографиясын, диалектологиясын, алтаистика-
сын шырқауға көтерген адам, Шоқантанушы, библиограф, футбол зерттеушісі, әзіл-
кеш, әнші, музыкант, ақын, сері, шешен... Айта бересің, айт беруге болады. Бәрібір
тауысып айту мүмкін емес. Әмбебап адам. Ерекше адам, ғажап адам. Баяғыда-ақ
аңызға айналған адам, баяғыда-ақ қазақ халқының сүйікті персонажына, кейіпкері-
не айналған тұлға», – деп толғанады.
Еліне етене жақын «Егемен Қазақстанда» жарияланған «Қалыпқа сыймас қай-
раткер» атты мақаламда мен де өз ұстазым туралы, шама-шарқым келгенше диа-
лектология дарабозы, библиография білгірі, сөз сарапшысы, термин тілекшісі, фут-
бол фанаты, коллекция корифейі, күлкі королі деп айдар тағып, Шөкеңнің тұлғалық
портретін жасадым деп мәз-мейрам болғанымның дұрыс еместігін мойындауға
тура келіп отыр.
16
Жоғарыда тілге тиек еткен, еліміздің көрнекті тілші ғалымдарының қазақ тіл бі-
лімінің өркендеп дамуына, түркология ғылымында туған тіліміздің абыройын арт-
тырып, ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесінің биіктеуіне ат салысқан қомақты
үлесіне берген жоғары бағаларына қарап, мен де Шөкеңді танып білдік, үлгі еттік,
тұлғалық келбетін, адами қасиетін айқындадық деп ойлағандардың қатарында бол-
ғанымның қате екенін түсініп отырмын. Оның мәнісі мынада.
Ұстазымның мерейтойына байланысты ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспа-
рымен танысу мақсатында Шөкеңнің үйіне барып, әке жолын қуған, тілші-ғалым,
филология ғылымдарының кандидаты Майра Шорақызымен тілдескен едім. Міне,
қызық! Майраның маған көрсеткен ұстазымның мұрағаттарынан шыққан жүзден
астам, шаң басқан папкаларының арасынан жарияланбаған жазбаларын қарап шы-
ғып, ойға қалдым. Футбол фанаты деп жазған мақаламда, тек ұстазымның спорт
туралы үш-төрт кітапша шығарғанын, Мексикада футболдан өткен әлем чемпио-
натына қатысқаны, футбол жайында төсбелгілер жинағанын жариялаған едім. Мұ-
рағаттағы спорт тақырыбындағы папкадан оның тек спорттық хобби ретінде қара-
мағанын, ғылыми тұрғыдан қарастырғанына көз жеткіздім. Олай дейтінім, футбол-
дың отаны Ұлыбританияның тілінде, яғни ағылшын тіліндегі спорт терминдерінің
қазақша баламасын қалай беруге болатынын, әрбір сөздің шығу тегіне терең үңіліп,
оңтайлысын ұсынған терминдер тізімін тізбектеп, оны ғылыми негіздеп, неге солай
атау керектігі жөнінде нұсқаулық ұсынған. Стадионда футбол тамашалап отырған
адамның ойын барысындағы бойындағы байқалатын эмоциялық-экспрессивті жағ-
дайларын, айқайлап, жан ұшыра жақтасып, қапа болған, гол салғандағы қолдап-
қолпаштау сөздерін, қазақ тілінің одағайын зерттеген маман ретінде, оларды бір-
неше топқа бөліп жіктеп-жіліктеп, жүйелеп қағазға түсірген көркем жазуы – нағыз
ғалым екенін айтпай-ақ ұғындырып тұрғандай болды маған. Осынау бір ыждаһат-
тылықты, сабырлылықты, жігерлілікті талап ететін істі қолға алғанын көріп қайран
қалдым. Мен ұстазымды футбол сүюші жанкүйер деп жаңылысқаныма көзім жетті.
Сөйтсек, Шөкеңнің бұл салаға қызығушылық негізі — қазақша спорт терминдерін
қалыптастыру ниетінен туғанын мұрағат материалдары айғақтап тұрғандай.
Халық емшілігі туралы, денсаулық сақтау, салауатты өмір сүру салтын сақтауды
мақсат еткен, әрі ол жөнінде жүзден астам емнің шипасы туралы жинаған коллек-
циясына қарап, «Халық емшісі» атанып кеткен ұстазымыздың бұл салаға мән бе-
руінің мәні өзгеше екен. Сарғайған сары қағаздарда түзілген ауру аттары мен оның
қазақша беруге болады-ау деген баламаларын әр аурудың тұсына тәппіштеп жазып
қойғанын көріп, тағы да жоғарыда айтқанымыздай хобби қуғандық емес, халық
қамын ойлағандық деп қабылдадық. Өйткені, ұстазымның мұраты – халқының де-
нінің саулылығымен қатар, ғалым ретінде бұл мәселеге тереңінен үңіліп, қазақша
медициналық терминдерді тірілтуді мақсат еткен екен. Бұл да мұрағат берген мағ-
лұмат.
Коллекция корифейі деп айдар тағып, әр сала бойынша мыңдаған төсбелгі, ке-
ңестік дәуірде шығарылған сан түрлі значоктар, жұзден астам папкада Шоқан ту-
ралы жинастырған мәліметтер, әлемнің [оның ішінде шығыстың] ұлы адамдарына
арналған жүз шақты күнпарақтар мен ашық хаттар, сондай-ақ онға тарта жәшіктер-
17
де жинақталған мақал-мәтелдер, афоризмдердің жөні бөлек екенін жұртқа жеткізіп
едік. Сөйте тұра, оның түбіне үңілмеген екенбіз. Тағы да сол ұстазымның мұраға-
тына қарап отырып, үлгі еткен істерінің мәнісі ретінде әрбір коллекциялық затқа
сипаттама беріп, оның тарихынан сыр шертер оқиғалар жөніндегі ой-толғамдары
ойып жазылған қолжазбалары қолданбалы ғылымның өзегі болып табылатынын
тереңдей зерттеп-зерделеу керектігін аңғартты. Реті келгенде айт кетейік, бұл күн-
дері Шөкеңнің әулетінде Динара бастаған немерелері атасының дәстүрін жалғасты-
рып «Қазақтың ұлы әйелдері» жобасымен жұмыс істеуде. Мұрағат материалдары
коллекция жинау дәстүрінің – тәрбиелік тағылымымен бірге, қолданбалы ғылымды
дамытуда септігі бар екенін көрсетті.
Той-домалақтарда, отырыстарда асаба болып, ән салып, әзіл-қалжың, қағытпа-
ларды, анекдоттар айтып, елді қыран күлкіге қарқ қылып, отырыстың ажарын аша-
тынын бағалап, мен де мақаламда «Күлкі королі» деп Шөкеңнің осы ерекше қасие-
тін сөз еткен едім. Бірақ мен ұстазымның ұстамының тереңдігіне бойлай алмаған
екенмін. Мұрағаттарындағы бірнеше папкаға жинақталған, тақырыптық тәртіппен
орналастырылған той өткізу қағидасы, тойға келген адамдарды туыстық, ағайын-
дық, әріптестік топтарға бөліп, әр топқа сай айтылатын әзілдердің, тілектердің
жиынтықтарын әр қағазға жеке жазып, тойда айтылатын өзі таспаға басқан әндердің
мәтіндерін, анекдоттар айтқанда күле білу, күлдіре білумен қатар, күлкі болмаудың
амалдарын айшықтап, қалжың мен қылжақтың ара жігін ажырата білуді мықтап
есте ұстау керектігі жөнінде жазған қолжазбаларына қарай отырып, оның қасиетті
өнерді қастерлеп, әрбір мәдени іс-шараға жеңіл-желпі қарамай, үлкен жауапкерші-
лік тұрғысынан қарау керек екендігі туралы ойын енді ұғынуға түрткі болғандай.
Жалпы, жоғарыда айтылған мәселе, бір өзі — бір мұрағатқа жүк болатын Шөкең-
нің мұрағаттарындағы үш-төрт папкаға жеңіл-желпі көз жібергендегі байқағаны-
мыз ғана. Негізінде, ұстазымның мұрағатындағы мұраларды мұқият зерттеу керек-
тігін түсіндім. Біз білмейтін, оның туған тілімізді ғылыми түрде терең зерттеулерді
жалғастыру, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыру, ұлттық тіл мен ұлттық тәр-
бие жөнінде жарияланбаған қолжазбаларын зерделеп, докторанттарымыз бен ма-
гистранттарымыздың диссертацияларына тақырып етіп беру – біздің парызымыз
деп есептейміз. Сонда ғана, академик Шора Сарыбаевтың тұлғалық келбеті толыға
түсері анық.
18
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |