60х84 1-8 Сарыбаев indd


ақ бикеш – ақталған тары; ар омыртқа


бет9/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

ақ бикеш – ақталған тары; ар омыртқа – соғымнан көршілерге бері-
летін сыбаға; 
асар – көп адамды көмекке шақыру; ат келіншек(этногр. ) – отаусыз, 
жасаусыз түскен келіншек; 
бесқонақ – ауа райына байланысты болатын кезеңдік 
табиғат құбылысы; 
дағара – үлкен ыдыс, үлкен нан; жаба(саятш. ) – бүркітті ұс-
тайтын шаңырақ сияқты құрал; 
жабы ит – үй күзететін, қаппайтын ит; жанама 
ат(этногр. ) – қызға қалың бергенде есепті малдан тыс қыз туыстарына берілетін 
қосымша ат т.б. 
Қорыта айтқанда, тіл иесінің бүкіл рухани және материалдық мәдениетінің бай-
лығын, ұлт болмысы мен өмір тіршілігін сипаттаған тілдік бейнесінің құнарлы бір 
көзі, жинақтап сақтаушы қазынасы – диалектілік лексика. Оны зерттеудің кешенді 
жүйесін жасаудың басында тұрған академик Ш. Ш. Сарыбаевтың ғылыми мұрасын 
тану, қазіргі жаңа бағыттағы тіл арқылы ұлт болмысын зерттеу барысында іске жа-
рату – өзекті де маңызды мәселе. 
Пайдаланылған әдебиет: 
1. Гумбольдт В. О различии строения человеческих языков и влияние на 
духовное развитие человеческого рода. – Москва, 1964. 
2. Лотман Ю. М. О метаязыке типологических описании культуры //Труды по 
языковым системам. – Тарту, 1969. – 543 с. 
3. Сарыбаев Ш. Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері. – Алматы: Арыс, 2000. 624 б. 
4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. 581 б. 
5. Қазақ тілі. Энциклопедия. – Алматы, 1998. 509 б. 
6. Мусаев К. М. Лексикология тюркских языков. М. : Наука, 1984. – 227 с. 


22
СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ ҒАЛЫМ
Малбақов М. 
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 
тіл тарихы және диалектология бөлімінің меңгерушісі
филол. ғ. д., профессор
Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болып, еңсеміз көтеріліп отырған кезеңде осы жол-
да ересен еңбек етіп, халқымыздың мәдениеті мен ғылымын дамытуға өлшеусіз зор 
үлес қосқан тұлғаларды, біртуар азаматтарды ерекше атаған жөн. Солардың бірі 
әрі бірегейі – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, 
филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының ең-
бек сіңірген ғылым қайраткері Шора Шамғалиұлы Сарыбаев. Шөкең Ташкент қала-
сында әйгілі ағартушы, айтулы әдіскер-ғалым, мыңдаған шәкірт тәрбиелеп шығар-
ған ұлағатты ұстаз Шамғали Харесұлының отбасында 1925 жылдың 2 наурызында 
дүниеге келген еді. Алматыдағы жалғыз қазақ орта мектебін, №12 мектепті 1944 
жылы тәмамдаған жас талапкер Қазақтың мемлекеттік университетіне оқуға түседі. 
Оны үздік бітіріп, аспирантураға қабылданады. 1954 жылы профессор М. Балақаев-
тың жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі одағайлар» деген тақырып бойынша канди-
даттық диссертация қорғайды. Міне, сол уақыттан бастап жарты ғасырдан астам 
уақыт ҚР ҰҒА А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында жемісті еңбек 
етіп, өзінен соңғы жастарға үлгі-өнеге көрсетіп келді. 30 жылдан астам уақыт тіл 
тарихы және диалектология бөлімінің меңгерушісі, 1979-1987 жылдары Тіл білімі 
институты директорының орындасары қызметтерін атқарды. 
1974 жылы «Қазақтың аймақтық лексикографиясы» атты тақырыпта докторлық 
диссертациясын қорғады. Шөкеңнің бұл жұмысы, шын мәнінде, күллі түркітану 
ғылымындағы аймақтық лексикография теориясына арналған тұңғыш зерттеу бола-
тын. Ғалым 1983 жылы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, ал 
2004 жылы толық мүшесі (академигі) болып сайланды. Осылайша, академиядағы 
ғылыми еңбек жолын 1954 жылы аға ғылыми қызметкер ретінде бастаған Шөкең 
академикке дейінгі атақ-дәреже баспалдақтарынан өтті. Соңғы жылдары ғалымды 
«Қайнар» университетінің дәрісханаларында, жас талап филологтар арасында жиі 
көретінбіз. Ол академиялық институтта да жоғарғы оқу орнында да жемісті еңбек 
етіп, жастарға озық үлгі-өнеге көрсетіп, жас ұрпақтың өзіне деген сенімін абырой-
мен ақтап келген еді. 
Ш. Сарыбаев қаламынан 250-ден астам ғылыми мақалалар, монографиялық ең-
бектер, оқулықтар мен сөздіктер жарық көрген екен. Шөкеңнің қазақ тілінің тарихы 
мен диалектологиясын, лексикологиясы мен лексикографиясын, терминологиясы 
мен грамматикасын зерттеуге қосқан үлесі, атқарған қызметі ұланғайыр. Ғалым-
ның шығармашылық әлемінің ауқымы кең, сан қырлы. Оның еңбектері бір ғылым 
саласының немесе жалғыз қазақ тіл білімінің аясына сыйған емес. Ізденіс алаңы, 
ғылыми өрісі түркітану шеңберінен де асып, жалпы алтаистиканың өзекті мәсе-
лелерін қамтыды. Ғалымның қазақ-моңғол тілдерінің туыстығын дәлелдеуге арна-


23
лып, арнайы жазылған ғылыми мақалалары күні бүгінге дейін өзінің өзектілігін 
жоймаған, аса қардар еңбектердің бірінен саналады. 
Ш. Сарыбаев тіл білімінің тарихын алғаш ғылыммен айналыса бастаған кезінен-
ақ кешенді түрде зерттеген ғалым. Қазақ тіл білімі тарихын зерттеу бойынша алғаш 
шығарған еңбегі – «Қазақ тіл білімінің библиографиялық көрсеткіші» деп аталды. 
Ол 1956 жылы жарық көрді. Жас ғалым осы бағыттағы жұмыстарын ұдайы жүргізе 
отырып, оның бірінші бөлімін 1960 жылы «Қазақ тіл білімі әдебиетінің библиогра-
фиялық көрсеткіші» деген атаумен шығарды. Шөкең осы анықтамалыққа А. Бай-
тұрсынұлы, М. Жұмабайұлы, Ж. Аймауытұлы, М. Дулатұлы, Х. Досмұхамедұлы, Т. 
Шонанұлы, т.б. арыстарымыздың 140 еңбегін енгізеді. Өкінішке орай, ол кезде пар-
тиялық-бюрократтық аппараттың өктемдігі жүріп тұрған еді. Ғылыми әдебиетке 
қатаң бақылау жасалатын еді. Саяси себептерге байланысты аталмыш кітап пышақ 
астына түседі. Автор «саяси қате жасағаны үшін» қудаланады, сөгіс алады, мең-
герушілік қызметтен босатылады. Алайда, ғалым осы бағыттағы өз зерттеулерін 
жалғастыра береді. 1965 жылдан бастап, «Қазақ тіл білімі әдебиетінің библиогра-
фиялық көрсеткіші» деген атпен көптомдық еңбегін жарыққа шығарады. Сондай-
ақ, ғалымның «Түркітану әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші» (1989), қазақ 
тіл білімі саласында қорғалған 1000 диссертацияның библиографиялық көрсеткіші 
(2003) жарық көрген екен. Осы библиографиялық еңбектердің қазақ тіл білімінің 
тарихын зерттеуші адамға берері мол. 
Грамматика саласында ғалымның «Қазақ тіліндегі одағайлар» (1954), «Еліктеуіш 
сөздер» (1960) атты монографиялары жазылды. Шөкең «Қазіргі қазақ тілі» (1962), 
«Қазақ тілінің грамматикасы» (1966), «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (1989) 
атты академиялық оқулықтардың авторларының бірінен саналады. Шындығын 
айту қажет, жас ғалымның одағайлар мен еліктеуіш сөздерге арналған еңбектері 
осы сөз таптарының қазақ тілінде шынайы ғылыми талаптар, ғылыми жіктемелер 
тұрғысынан саралануына жол ашты. Ол еңбектер бүгінгі күні де өз құндылығын 
жоғалтқан жоқ. 
Ғалым қазақ тілінің лексикография саласына да айтарлықтай зор еңбек сіңірді. 
Әр жылдары оның қатысуымен «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» 
(1966), «Қысқаша орысша-қазақша сөздік» (1987, 1990, 1993) жасалды. Шөкең ғы-
лым тілін, баспасөз беттерін ұдайы қадағалап отыратын. Тіліміздегі жаңалық атау-
лының, жаңа сөздердің қашан, қай кезде, қай кісінің қолданымында, қандай басы-
лымда пайда болғандығын қаттап, белгілеп отыратын еді. Осындай, «инемен құдық 
қазғандай» жұмыстарды жасайтын. «Біз істемесек, кім істейді» дейтін. Осылайша, 
«Қазақ тілінің жаңа атаулары» сөздігі дүркін-дүркін жарық көрді. Ш. Сарыбаев үл-
кен «Қазақша-орысша» сөздіктің, сондай-ақ үлкен «Орысша-қазақша» сөздіктің не-
гізгі құрастырушыларының бірі болды. 
Ғалымның ерекше қызмет жасаған саласы – диалектология болды. Зерттеушілер-
дің анықтауы бойынша, ғалым еңбектерінің үштен бір бөлегін осы диалектология 
құрайды. Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді зерттеуді сонау 1950-жылдар-
дан бастаған Шөкең қазақ диалектологиясының дамуына өзге диалектолог ғалым-
дармен салыстыруға келмейтіндей зор еңбек сіңірді. Халықтық тілдегі сөздердің 


24
жалпыға ортақ әдеби нұсқаларынан өзгеше, бейәдеби нұсқаларының да болатынын 
ерте аңғарған жас талапкер халық тілінің жергілікті ерекшеліктерін зерттейтін диа-
лектология мәселесіне ерекше зейін қойып, қызыға шұғылданды. Жас ғалым 1955 
жылы қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау бойынша сұраулық даярла-
ды. Бұл еңбектің диалектологиялық экпедицияға қатысушы мамандар үшін маңызы 
зор болды. Тіл тарихы үшін аса құнды материалдардың жыл өткен сайын жойылып 
бара жатқандығын дер кезінде байқаған ғалым жыл сайын еліміздің түпкір-түпкі-
ріне, сондай-ақ, көршілес елдердегі қазақ диаспорасы мекендеген аймақтарға диа-
лектология саласында жұмыс жасайтын кәсіби мамандардан жасақталған ғылыми 
экспедициялар аттандырып, 30 жыл бойы ел аузындағы асыл сөз байлығын жинақ-
тау, жүйелеу, ғылыми тұрғыдан қорыту ісіне басшылық жасады. Бүкіл одақта, тіпті 
өзге түркі елдерінде болмаған диалектологиялық картотека қоры жасалды. Осын-
дай жемісті жұмыстың нәтижесінде жинақталған бай ғылыми материалды қорыту 
барысында халықтық тілде жалпылама қолданыстағы әдеби нормалармен қатар, 
шағын аймақтық, жергілікті қолданымдағы бейәдеби диалектілік тілдік нормалар-
дың болатыны фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгейлерде жан-жақты 
дәлелденді. Бай диалектологиялық материал негізінде қазақ тіл білімінде ондаған 
докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалып, жүздеген мақалалар жазылды, 
сөздіктер түзілді. Қазақ тілінің даму тарихында ерекше орын алатын аса маңыз-
ды кезеңдегі жергілікті тілдік қолданымның шежіресі, ғылыми жіктемесі жасалды. 
Мұндай зерттемелердің маңызы жылдар өткен сайын айқындалып, олардың тілдің 
тарихы үшін, келер ұрпақ үшін құндылығы арта түседі. 
Ш. Сарыбаев белсене араласып, басы-қасында жүрген маңызды да мәнді жұмыс-
тардың бірі – тарихи салада академиялық ғылыми жинақ шығару ісі болды. 1958 
жылдан бастап шыға бастаған «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселе-
лері» атты ірі ғылыми зерттеулер, мақалалар жинағының 6 басылымы жарық көрді. 
Осы жұмыстардың арқасында қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясына қатыс-
ты ғылыми мәселелер шеңбері айқындалып, салалық зерттемелердің теориясы мен 
әдістемесі шыңдала түсті. Шөкең, сондай-ақ, «Қазақ диалектологиясы» атты ғылы-
ми жинақтың да жоғары ғылыми деңгейде даярланып, шығып тұруына зор еңбек 
сіңірді. 
Диалектология саласындағы теориялық-практикалық, ғылыми-ұйымдастыру-
шылық жұмыстардың жан-жақты, толыққанды атқарылуын көземелдеген ғалым 
педагогикалық институттар мен университеттердің филология факультетінің сту-
денттеріне арналған тұңғыш оқулықты да жазды (Ғ. Қалиевпен бірге). «Қазақ диа-
лектологиясы» деген атаумен 1967 жылы алғаш жарық көрген бұл оқулық кейін 
дүркін-дүркін жарық көріп жатты. Ғалым өзі басқарып отырған бөлімнің қызмет-
керлерін жұмылдыра отырып, қазақ тіліндегі аймақтық лексиканы түбегейлі зерт-
теуді қолға алды. Осы тұрғыдан ерекше құнды еңбектердің бірі – «Қазақ тілінің 
аймақтық лексикасы» атты ұжымдық монография (1989) болды (О. Нақысбековпен 
бірге). Ғалым осы салада көп зерттеулер жасады. Солардың нәтижесінде, қазақ тіл 
біліміндегі аса ірі көлемді (80 б. т. ), сапалы жасалған сөздіктердің бірі – «Қазақ ті-
лінің аймақтық сөздігі» дүниеге келді (2005). Шөкеңнің бірден-бір басшылығымен, 


25
ұйымдастыруымен жүргізілген ғылыми жұмыстардың және бір парасы – «Қазақ ті-
лінің диалектологиялық сөздігі» болды. Алғаш рет 1969 жылы жарық көрген сөздік 
кейін толықтырылып, жаңартылып 1996, 1999 жылдары екі кітап түрінде шықты... 
Шөкең артында жақсы шәкірттер қалдырған ұлағатты ұстаз. Оның жетекшілі-
гімен 15 ғалым диссертация қорғаған. Олар жоғарғы оқу орындарында, ғылыми-
зерттеу институттарында табысты еңбек етіп келеді. 
Ш. Сарыбаев – туыстас түркі, әсіресе қырғыз ағайындардың ғылымына зор ең-
бек сіңірген ғалым. 1980-жылдардан бастап, Қырғызстанда диссертация қорғау Ке-
ңесінде мүше, төрағаның орындасары болып, өнімді еңбек етіп, қырғыз филология-
сында жаңа докторлардың, ғылым кандидаттарының өсіп шығуына қызмет жасады. 
Қырғыз ғалымдары ол кісіні үлкен силастықпен, қимастықпен еске алады. Ғалым 
1980-1994 жылдары Тіл білімі институтында, әл-Фараби университетінде маман-
дандырылған қорғау кеңестерінде мүше болып, Қазақ филологиясының өнігуіне 
жақсы үлес қосты. 
Қазақ тіл білімі мен түркітануда өзіндік зерттеу бағыт-бағдарын салған, өзіндік 
ғылыми мектебін қалыптастырған көшбасшы ғалым, ұлағатты ұстаз, жоғарыда сөз 
болғандай, Шамғали Харесұлы Сарыбаевтың отбасында жас кезінен жақсы тәлім-
тәрбие көрді. Осыдан да болар, Шөкең, өзінің өмірлік жолында бірден дара тұлға 
ретінде қалыптасуға бағыт алды. Өз өмірін өзі құруға, тіршілікте ешкімнің жәрдем, 
көмегінсіз жеке-дара қимыл жасауға дағдыланды. Солай бола тұра, өзінің жас ке-
зінен бастап өзгелерге, өзінің қатарластарына, өзінен кіші балаларға әрдайым қол 
ұшын беруге, көмектесугедаяр болып өседі... 
Жаны жайсаң, өзгеге ұқсамайтын көркем мінезі бар Шөкеңнің жүрген жерінде, 
қоршаған ортасында алатын орны бөлек-тін. «Күлкі – дүниенің мүлкі» деп, үнемі 
қалжың айтып, өзімен қатар, тең құрбы, жора-жолдастарын, сондай-ақ, соңына ер-
ген іні-қарындастарын күлкіге қарық қылып жүретін кісі еді. Қалжың сөзді, күлдір-
гі әзіл әңгімені үнемі жөнін, жолын, орнын тауып айтатын. Ол кісінің айтқан әңгі-
месін тыңдай бергіңіз келетін. Жан саулығы мен ден саулығы бойынша өмірде көр-
ген теперіші, қиыншылығы аз болмаса да, ол туралы тіс жарып, ләм деп айтқанын 
көрген емеспіз. Жоғарыда сөз болғандай, өзге адамдардың жағдайын, жай-күйін 
үнемі сұрастырып, өзі сұрап, қолынан келгенше жәрдем-көмегін, айтар ақыл-кеңе-
сін аямайтын жан еді. Өзгеге қуаныш сыйлауды өзінің басты міндеті сезінетін еді. 
Өмірде үлкен оптимист адам болатын. Өз басым осындай ізгі тұлғалы кісінің тәлім-
тәрбиесін көргеніме қуаныштымын. Өмір мен саясаттың бұралаң-бұралаң жолда-
рында өз принциптерінен, кісілік қасиеттерінен таймайтын, айнымайтын адам еді. 
Ағаның ағалығын көп көрдім. Соңынан ерген жастарға жақсы аға бола білетін 
кісі еді. Әрқашан да шын аға, жанашыр аға болатын. Өткен ғасырдың 80-жылдары 
ұстазым Мархабат ағайға (профессор Мархабат Томанов) еріп Тіл білімі институ-
тына келдім. Ол кезде институттағы ғылыми тақырыптарды тіркеуге жауапты адам, 
жалпы тақырып бойынша кеңес беретін жауапты кісі Шөкең болатын. Мархабат 
ағай мені ертіп сол кісіге барды. Менің жөнімді айтты. Ол кісі қалжың-шыны ара-
лас, Шөке, «ұшқан құс, жүгірген аңның атауынан бірдеңе қалды ма?» деп сұрады. 
Ол кезде институтта лексикологиядағы осындай, әр түрлі лексикалық сөз топта-


26
рының атаулары бойынша тақырып алу «модный» болатын. Этнолингвистиканың 
жаңадан қарқын алып, Әбекең мен оның шәкірттерінің арқасында қаулап дамып 
келе жатқан кезі еді. Мен білетін, менімен бірге оқыған жора-жолдастарымныңбәрі 
дерлік осы бағытта тақырып алған екен. Шөкең болса, «жоқ, Мархабат, ол тәріз-
ді атаулар қалған жоқ» деп, аңшылық лексикасынан бастап, киіз үйдің атауларына 
шейін, бастан-аяқ түгендеп, түгел түсіндіріп берді. Ол кезде біздің институтқа Орта 
Азиядан, Алтайдан, Сібірден келіп тақырып алушылар да көп еді. Шынында да, 
жақсы тақырып алу мәселесі қиын шаруа еді. Шөкең енді менің өзімнен сұрады. 
«Тілдегі қай сала, қандай тақырып қызықтырады?» – деді. Мен баяғы «мифология, 
сөздің этимологиясы, сөздің бастапқы түбірлерінің мән-жайықызықтырады» деп 
жауап бердім. Сол кезде ол кісі маған мынадай ақыл айтты: «өзіңнің қызығатын, 
жақсы көретін тақырыбыңды ешкім сенен тартып ала алмайды. Өмір ұзақ, өмірің-
де әлі талай тақырыппен айналысасың. Бір тақырыпта зерттеуді бастасаң, бұл сен 
өмір бойы осы тақырыппен қаласың деген сөз емес. Өмірің ұзақ болсын!» – деді. 
Сосын: «мына қазақ тілі бойынша зерттеулердің тарихына көз салсақ, ең көп жария-
ланған еңбектер – сөздіктер екен. Қазақ тілі лексикографиясының тарихы, жалпы 
лексикографияның теориялық мәселелері жөнді зерттелген жоқ. Менің ақылымды 
алсаң, қазақ лексикографиясының тарихымен айналысқаның жөн. Осы біздің ака-
демияның кітапханасында да қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде жарық көрген біраз 
сөздіктер бар. Ұлттық кітапханада да бар. Оларды зертте. Мәскеуге, Ленинградқа 
бар. Кітапханалар мен архивтерде жұмыс жаса. Осы салада саған ешқандай кедер-
гі болмайды. Жолың ашық болады» – деді. Мен Шөкеңнің ақылын алдым, айтқа-
нын істедім. Мәскеу, Ленинградқа 3-4 рет барып, орталық кітапханаларда, Ғылым 
Академиясының Ленинградтағы бөлімшесінде, Шығыстанушылар архивінде, та-
лай-талай жерлерде жұмыс жасадым. Мәскеудегі Ленин атындағы орталық кітап-
хананың сирек кездесетін кітаптар қоры, Ленинградта Салтыков-Щедрин атындағы 
көпшілік кітапхананың сирек қолжазбалар қоры, Аделунг архиві, Шегрен архиві, 
Паллас архиві... тағы біраз архивтерді ақтардым. «Әулие Гурий бауырластығының» 
қызметіне қатысты материалдар, академик Фальк, Г. Ю. Клапроттуралы деректер 
– осылардың бәрін де сол сапарлар кезінде жинақтадым. Мәселені білетін адам-
ның дер кезінде жөн, дұрыс айтылған ақылының қаншалықты пайдалы болатынын 
сонда аңғардым. Жас кезіңде осындай тура жол сілтейтін, жөні түзу ақыл беретін 
ағалар көп болса ғой, шіркін, деп ойлайсың... 
Үлкен ұстаздың, бүкіл елімізге әйгілі педагог ғалымның перзенті болу оңай бол-
масы белгілі. Балалары аталарының, әкелерінің көлеңкесінен шыға алмай қалған 
әулеттер аз емес. Осы үлкен сыннан Шөкең абыроймен өтті. Өзі ғана болып-тол-
май, өзгелердің де үлкен кісі, абзал азамат, ірі тұлға болуына қолынан келген кө-
мегін жасады. Сарыбаевтардың Шөкең бастаған кейінгі ұрпағы да өз саласында 
көрнекті іс тындырған білімді де білікті азаматтар санатында. Шөкең туған інісі 
Болат ағаның өнер саласын таңдауына, қазақтың ескі ұлттық аспаптарын тірілтіп, 
жинақтауына, оларды музыкалық аспап ретінде қайтадан жандандыру, жаңғырту 
ісінде табысты жұмыс жасауына себепкер бола білді. Осыдан қазақ өнеріне қанша-
лық зор пайда келді! Оны осы салада жүрген мамандардың бәрі де біледі. 


27
Қорыта келгенде, «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, Шөкең 
туралы жақсы сөздердікөп жаза беруге болады. Шөкең мемлекеттік тілді зерттеу-
ге, оның «қазақ тіл білімі ғылымы» атты саласын дамытуға, ғылыми-ұйымдастыру 
істеріндұрыс жолға қоюға зор еңбек сіңірген, шын мәнінде сегіз қырлы, бір сырлы 
ғалым
Ұлы тұлға. Қазақ мәдениетінің қайталанбас, біртуар тұлғасы... Осы жоға-
рыда жазылған жайларды ескере отырып, өз тарапымыздан бір ұсыныс жасағымыз 
келеді. Айтпағымыз: ұлы ғалым, ұлағатты ұстаз, көрнекті қоғам қайраткерінің асыл 
бейнесін мәңгі есте сақтау мақсатында Нұрсұлтан, Алматы қалаларындағы көше-
лердің біріне оның есімі берілсе, нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймыз. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет