20
Тілдің тарихи-функционалдық қызметіне сай даму үстіндегі көрінісін, релик-
тілік сипатын сақтауы да аймақтық қолданыс тілін зерттеудің маңызын көрсете-
ді. «Өйткені сөйлеу тіліндегі көне тілдің сарқыншағы, көрінісі ретінде сақталып
қалған ертедегі
тайпа тілдерінің қалдықтары, көнеленген қат-қабаттары бар» [5,
96]. Сонымен бірге түркі тілдері жүйесінің өзара және туыс емес тілдермен мәде-
ниаралық байланысының нәтижесіндегі ортақтығы мен айырмашылығының айқын
көрінісі диалектілік лексикада көрінетінін академик К. Мусаев атап көрсеткен бо-
латын [6, 43]. Бұл жердегі диалектілік лексиканың тарихи-әлеуметтік, рухани-мәде-
ни, танымдық-ақпараттық мазмұнын ашу қазіргі тіл біліміндегі тілді зерттеудің тіл
иесінің болмысымен (тұрмысы, кәсібі, өмір сүрген жерінің климаты, ортасы т.б. )
тығыз байланыста қарастыратын жаңа бағыттың қағидасымен ұштасады. Атап айт-
қанда, жалпытүркілік сипаттағы кейбір сөздердің белгілі бір аймақта ғана релик-
тілік құбылыс ретінде сақталып қалуы жиі кездеседі. Мысалы, қазақ тіліндегі
ие,
иесі (
үй иесі, мүлік иесі, жер иесі т.б. ) сөздерінің оңтүстік аймақтағы қолданыстық
нұсқасы –
еге, егесі. Көне түркі ескерткіштеріндегі архитұлға ретінде қарастыры-
латын немесе жыраулар тіліндегі (Мұрат Мөңкеұлы т.б. )
еге түбірінің қолданысы
оңтүстік аймақта сақталып қалған. Тәуелсіздік кезеңінде ұлтты рухты көтеріп, жаң-
ғырған
егемен, егемендік сөздерінің өзектелуінің көзі – халықтық тілде, аймақтық
қолданыста. Осы сияқты қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін кеңітуді жүзе-
ге асырудың құнарлы көзі, уәжді құралы ретінде аймақтық қолданыстағы сөздерді
тиімді пайдаланудың ғылыми-әдістемелік негізі мен танымдық-ақпараттық дәйек-
терін академик Ш. Ш. Сарыбаевтың жетекшілігімен жүргізілген диалектологиялық
зерттеулер мен лексикографиялық еңбектер арқылы тануға болады: Қазақ диалек-
тологиясы. –Алматы: ана тілі, 1991. 200 б.; Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. – Ал-
маты, 1989. 187 б.; Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. – Алматы: Арыс, 2005. 824 б., т.б.
Диалектілік лексиканың әдеби тілді байытудағы ықпалы көркем мәтіндерде ав-
тор тұлғасына, кейіпкер табиғатын ашуға қатысты айшықты қолданыс табады. Мы-
салы, батыс аймақта сақталып қалған, көбінесе ақын-жыраулар (Махамбет т.б. )
тілінде, көркем мәтінде (Ғ. Сыланов, Х. Ерғалиев т.б. ) кездесетін
сой сөзі «тұқым,
тек» дегенді білдіреді.
Аман өрдіңдер ме? деген тіркес батыс өңірінде таңертең ұйқыдан тұрған қона-
ғына үй иесінің айтатын сөзі ретінде қолданылады. Мағынасы – «тыныш ұйық-
тап, аман тұрдыңыз ба». Бұл тіркестегі
өр түбірінің қолданысы – малдың өріске
шығуын білдіретін қазақтың ата кәсібі мал бағуға қатысты ассоциацияға сай тіл
иесінің санасындағы мәдени коннотацияның нәтижесі. Сол сияқты
байтаба, жа-
рын, шарқат, жуырқан т.б. тарихи-ақпараттық мазмұндағы көне тілдік деректер-
дің диалектілік және ауызекі сөйлеу тіліндегі қолданысы көне көздерден тартылған
тамыр, ежелгі заманнан күні бүгінге дейін ұласқан тарихи-рухани даму барысының
үзілмес желісі іспетті.
Тіл мен мәдениет сабақтастығының тілдік бейнесін сипаттайтын қазақ лексика-
сындағы лингвокультуремалар ретіндегі этнографизмдер, ескіліктер т.б. этнодерек-
тер мәдени-рухани байлықтың бір көзін құрайды. Қазірде бұл этноатаулар қоғамдық
қарым-қатынас кезінде белсенді қолданылмаса да, бұл сөздердің дені диалектілік
21
лексикада, тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдердің құрамында, тарихи көр-
кем шығарма тілінде, ауыз әдебиеті, фольклор мен эпос тілінде сақталған. Олардың
кейбipеулеpi
қолданыстан шығып, ұмыт болып, соның әсеpiнен мағыналаpы да кө-
мескiленгендіктен, көбінесе диалектілік қолданыста сақталған. Қазақ тiлi лексика-
сының аpхаикалық қоpының үлесін құрайтын мұндай атаулардың көбі лексиког-
рафтар назарынан тыс қалып келді. Қазақ тілі қазынасын көрсетудегі осы олқылық
кейінгі шыққан он бес томдық «Қазақ әдеби тілі сөздігінде» ескеріліп толықтырыл-
ды. Атап айтқанда,
жергілікті деген пометамен белгіленіп, таpихи-материалдық
мәдениетке қатысты лексика ретінде түсіндіріліп, диалектілік тiлдiк деpек pетiнде
лингвогеографиялық шегі мен этимологиясы біршама анықталды.
Осы тектес жұмыстарға дәйек болатын кешенді зерттеулер аясында анықталатын
танымдық-тарихи ақпараттың кеңістігін тану қазіргі қоғамдағы «рухани жаңғыру»
бағдарына сәйкес төл мәдениетімізді таpихи қалпына келтipуге тiкелей қатысы баp.
Осы оpайда диалектілік лексикада сақталған тiлдiк деpектеpдiң маңызы, көмегi ай-
pықша. Нақты айтқанда, рухани мәдениетке байланысты сөздіктерде кездесетін эт-
нографизмдердің мәні, фразеологиялық тіркестердегі «тасаланған» этномәдениетке
қатысты мағыналардың, кәсіби терминдердің мәні, кейбір ономасиологиялық уәж-
дердің ашылуы көп жағдайда диалектілік лексиканы терең зерделеумен байланыс-
ты. Мысалы:
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: