Сайт, немесевеб-сайт (ағыл. website: web – «ғаламтор, желі» және site – «орын»,
сөзбе-сөз «орын, құрақ, желідегі бөлік») – өзара қисынды байланысқан бір не бір-
неше веб-парақша; сервер контенті орналасқан орын. Әдетте Интернеттегі сайт бі-
регей адресі бар және пайдаланушы біртұтас ретінде қабылдайтын байланысты
мәліметтермен көрініс табады. Оларға кіру HTTP хаттамасы бойынша жүретіндік-
тен, веб-сайт аталады.
Самп (San Andreas Multiplayer (қысқаша – SA-MP) – Grand Theft Auto компьютер-
лік ойынына арналған тегін модификация: San Andreas, бұқаралық көпқолданбалы
онлайн-ойын режімінің қосымша мүмкінділігі. Модификацияның жабық шығыс
коды болады және «SA-MP Team» пәрменімен ерікті түрде әзірленеді, жобаның же-
текші бағдарламашылары «Kalcor» және «spookie» никті екі адам болып табылады.
Се́лфи (ағыл. selfie, «self» – өзің, өзіңді; орысша баламалары – «себя́шка», «са-
мостре́л» – қарапайым сөз саналады) – фотоаппарат арқылы, кейде айнаның, моно-
под пен автоқосу көмегімен жасалған автопортрет түрлері. Термин жедел қондыр-
ғылар фотоаппаратының орнатылған қызметі арқасында 2000 жылдар соңы мен
2010 жылдар басында белгілі бола бастады. Селфи аппаратты ұстаған, созылған
қол қашықтығы арқылы орындалатындықтан, әдетте, суреттегі кескін өзіне тән
ракурс пен композицияға – бұрыштық, бастан сәл төмен не жоғары болып келеді.
Сигна («signature» – «қол») – адамның тікелей денесіне не қағазға, өз есімімен
немесе ол қадір тұтатын атақты бір адаммен бірге суретін атайтын сленгтік тер-
мин. Сондай-ақ сигна деген сигна жасалған адамға қатысты кез келген атрибут
болып табылады.
Сидинг (ағыл. Seeding – «себу») мәліметтер қоймасына физикалық тұтынушы-
ны мәліметтермен жіберу (мысалы, стриммерлік таспа, оптикалық дискі мен қатты
дискі) көмегі арқылы жүзеге асатын желі бойынша резевтік көшірімді кейінірек
ұйымдастыруға арналған жалпы мәліметтерді беру.
Синкве́йн (фр. cinquains, ағыл. cinquain) – XX ғасырда АҚШ-та жапон поэзия-
сы ықпалымен пайда болған бестармақты өлең үлгісі. Одан кейін (соңғы уақытта,
1997 жылдан Ресейде де) ауызша тілді дамытудың тиімді тәсілі ретінде, оны жыл-
дам алуға мүмкіндік беретін дидактикалық мақсаттарда пайдаланыла бастады.
Скайп[skaɪ̯p] мобилді телефон, компьютерлер немесе Alexa тәрізді кез келген
қондырғыларда, кез келген жағдайларда, кез келген уақытта жеке және іскери қа-
тынасымға арналған. Скайптағы дыбыс және бейнеқоңыраулар, сондай-ақ мәтіндік
хабарламалардың теңдессіз мүмкіндіктері бірге қатынас жасау мен жұмыс істеуге
жәрдем береді. Скайп – бұл дыбыстық және бейнеформатта келіссөздер жүргізуге
мүмкіндік беретін бағдарлама. Бұл қызметтер – бағдарлама жасай алатынның аз-
даған ғана бөлігі.