Скрин, скриншот (screenshot) ағыл. – «экран суреті») – қондырғымен алынған
және пайдаланушы экран маниторында немесе басқа да шығарымның көзкөрім
қондырғысында нені көрсе, соны дәлме-дәл көрсететін кескін. Әдетте экран суреті
операция жүйесінің қойылған қызметі немесе арнайы бағдарлама көмегімен пай-
даланушы пәрмені бойынша жасалады. Кей жағдайда экран суретін фото-/бейне-
камера тәрізді ішкі құрылғы көмегімен не компьютерден маниторға бейнесигнал-
ды ұстап алу арқылы алады.
Спикер (ағыл. Speaker сөзбе-сөз – шешен) – парламент палатасының төрағасы.
Аталмыш термин саяси лексиконда кең тараған, бірақ тек ағылшын тілді елдерде
ғана ресми қолданылады. Алғаш рет парламент палатасының төрағасы лауазымы
1377 жылы қауымдар палатасында енгізілді, онда бірінші спикер Томас Хангер-
форд болды.
Спичрайтер (ағыл. speechwriter) – мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғалары,
саясаткерлер, қоғам қайраткерлері немесе бизнесмендер үшін баяндама мәтінін құ-
рушы.
Спичрайтинг (ағыл. speechwriting – «сөз жазу») – аудитория алдында ауызша
сөз сөйлеу үшін мәтіндер даярлау мен жазу. Спичрайтерлер қызметтері әсіресе
әлеуметтік-саяси үдерістерде ерекше қажет.
Стикер (ағыл. sticker) – заттаңба, жапсырма, өздік желім. Өздігінен жабысатын
таспадан даярланады. Стикер мейлі ағаш, металл, әйнек болсын, жазық бетке жап-
сыруға арналған. Ақпараттық баннер, қабырғалық декорация және интерьерлік де-
корация элементі ретінде қолданылуы мүмкін, сондай-ақ автомобилдердің көзкө-
рімдік тюнингі (ванил) ретінде қолданылады.
Супервайзер (ағыл. supervisor – бақылаушы, жетекші) – әдетте жеке топ жұмы-
сына жауап беретін, қызметкер құрамы қызметіне бақылауды қамтамасыз ететін
адам.
Тайм-аут (ағыл. time out). 1. (спорт) Команда немесе оның жаттықтырушысы өті-
ніші бойынша ойындағы ережеде қарастырылған қысқа үзіліс. 2 ауыс. Белгілі бір
қызметтің уақытша тоқтатылуы.
Тренд (айтылуы [трэнд]; ағыл. trend – тенденция) – бір нәрсені өзгертудегі не-
гізгі тенденция: мысалы, математикада – мезгілдік қатарды. Трендтер әртүрлі тең-
деулермен – жүйелік, логарифмдік, дәрежелік және б. сипатталуы мүмкін.
Тренинг – (ағыл. train «үйрету, тәрбиелеу») training) білім, шеберлік пен дағды-
ларды, сондай-ақ әлеуметтік ұстанымдарды дамытуға бағытталған белсенді оқыту
әдісі. Тренинг – мақсаты қатынасымдағы тұлға аралық және кәсіби біліктілікті да-
мыту саналатын интерактивті оқыту формасы.
Фант (нем. Pfand кепілзат, польск. fant) – кез келген ойын немесе әзіл келісім-
нің ережелерін сақтамаған жағдайда беруге қажетті зат немесе орындауға тиісті
тапсырма.