203
Сонымен, сөз этикеті дегеніміз, адамдар арасында байланыс орнату үшін жұм-
салатын, сол байланысты жалғастыра беру мақсатында
қолданылатын ұлттық
ерекшелігі бар стереотипке айналған сөздер мен тұрақты сөз орамдары.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас кезінде қайталанып отыратын біртектес,
стандарт жағдайлар мен ұғымдар экстралингвистикалық фактор ретінде сөз эти-
кетіндегі стандарт тілдік бірліктерді тудырады. Осының нәтижесінде тұрақты тіл-
дік стереотип қалыптасады. Стандарт тілдік бірліктердің негізгі қасиеті олардың
құрылымы мен семантикасының тұрақтылығы, өзгермеген, дайын күйінде қолда-
нылуы болып табылады. Сөз этикетіне қаратпа сөздер, сәлемдесу, танысу, қоштасу,
құттықтау, тілек білдіру,
алғыс айту, өтініш айту,
кешірім сұрау, шақыру, кеңес
беру, көңіл айту, жұбату, құптау, марапаттау формалары және т. б. да құрылымдар
жатады. Бұл құрылымдар мән-мазмұны мен қолданыс ерекшелігіне қарай тілдің
бірнеше қызметін анықтап, атқарып отырады. Сөз этикетінің тыңдаушы назарын
аудару (аппелятивтік), байланыс орнату (фатикалық), сыпайылық таныту (конатив-
тік), тыңдаушының көңілін аулау ( эмотивтік), ерік білдіру (валюнтативті), түрлі
критерийлерге байланысты коммуниканттарды жіктеу (регулятивті)
қызметтері
бар. Есте боларлық ерекшелік – сөз этикетінің қызметтері жеке-дара, дербес күйде
емес, бір-бірімен жанаса, жарыса жүзеге асады.
Жалпы этикеттік таңбалардың негізгі ерекшеліктерінің бірі – әлеуметтік сипа-
тының болуы. Әйел адам « уағалейкумассалам « деп сәлем алмайды, ер адам тізесін
бүгіп сәлем етпейді, қазақтың байырғы этикеттік нормасы бойынша келін күйеуі-
нің туыстарын аты-жөнімен атамайды. Басқаша айтқанда, сөз этикеті единицалары
коммуниканттардың әлеуметтік белгілеріне тәуелді болады. Әр халықтың өзіндік
қалыптасқан салт-дәстүрі болатыны белгілі. Тіпті олардың кейбірі өзге ұлт өкілде-
рі үшін ақылға қонымсыз болып көрінуі де ықтимал. Сырт қарағанда, бұрынғы қа-
зақ әйелдерінің күйеуінің туған-туысқандарын
өз атымен атамай, жанама ат қоюы
оның құқығының төмендігін көрсететін де тәрізді. Оның дұрыс-бұрыстығына қа-
зақ отбасындағы қалыптасқан этикет жүйесіне талдау жасамай, көз жеткізу қиын.
Отбасында үлкенді – ата-ана, ата-енені сыйлау, оларды құрметтеу барлық халықта
бар дәстүр. Бірақ осы дәстүрге әсіресе қазақ тұрмысында қатты ден қойылады да,
ұлттық этикет номенклатурасында ең жоғарғы орындардың бірінде тұрады.
Адамдар арасында жүретін қаратпалар ұлттық этикетпен тығыз байланысты.
Қарым-қатынас процесінде ер адамдар қатынастағы адамының жасын, жынысын,
әлеуметтік орнын т. б. жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық сөй-
леу этикетін сақтай келіп, өз жөнімен, айту жолымен жалпы есімді
қаратпа сөз-
дерді теріп қолданады. Қаратпа сөздерді қолдану арқылы ерлер коммуникативтік
қатынастағы адамын эмоциясыз өзіне көңілін аудартады.
Әйелдер мен ерлердің
қолданысында қаратпалар айтылу мақсатына қарай кездеседі. Ұлттық этикет бо-
йынша ерлер мен әйелдер салт-дәстүрлердің тәртіптеріне бағынған. Әйелдердің
сөйлеу этикетіндегі ат тергеу де қарым-қатынас орнатудың ұлттық белгісі, тәртібі.
Ат тергеу салты арқылы әйелдер бірінші – қатынастағы адамын өзіне қаратады,
екінші – онымен дұрыс қатынас орнатады, үшінші – жалпыға ортақ ұлттық дәс-
түрдің негізін ұстайды.
204
Халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктері сөйлеу әрекетінде қолданылатын тілдік
және бейвербалды амалдардың көмегімен анықталады. Осы тәсілдер тіл мен мәде-
ниеттің өзара байланысының негізгі элементтері болып табылады, соның ішінде
сөйлеу этикеті маңызды роль атқарады. Қазақ тілінде сөйлеуші коммуниканттар-
дың ішінде үлкен кісілердің тілі лингвистикалық, коммуникативтік, культуроло-
гиялық тұрғыдан алғанда өңделген, тіл мен мәдениеттің өзара байланысының дә-
лелі ретінде салт-дәстүрлер және әдет-ғұрыпқа байланысты формаларды қолдану-
мен ерекшеленеді. Ал жастар мен балалар әдептілік пен сыпайылықты білдіретін
этикет формалары мен тілдік амалдарды үлкен кісілерге қатысты жиі қолданады.
Паралингвистикалық амалдар негізгі, тіл арқылы берілген информациямен бірге
сыпайылық пен әдептілікті, мәдениеттілік пен инабаттылықты, ізет пен ілтипатты
білдіреді.
Сөйлеу этикетінің прагматикасы түрлі тілдік бірліктер арқылы да, басқа да тә-
сілдер арқылы да көрініс береді. Олардың бірқатары қоғамда норма ретінде қабыл-
данған түрлі әрекеттерден көрініс табады. Сол арқылы кез келген этикет тілдік
бірлік
өзінің тыңдаушыға әсер ету, мақсатқа жету
функцияларын орындай ала-
ды. Көркем шығарма мәтіндерінде қолданылатын этикет тілдік бірліктер мәтіннің
жалпы мазмұнын ашумен сөз этикетінің мағыналық ерекшелігі мен стильдік айы-
рымын да анықтауға мүмкіндік береді.
Қорыта келе, кез келген адамның сөз этикетін қаншалықты меңгергендігі оның
кәсіби деңгейінің де көрсеткіші бола алады. Адамдармен қарым-қатынас жасау мә-
дениетін, сөз этикетін жетік білу –
мемлекеттік қызметшілерге, саясаткерлерге,
педагогтар мен заң қызметкерлеріне, журналистерге қойылатын негізгі талаптар-
дың бірі. Сөз этикетін жетік білу адамның абыройы мен құрметінің арта түсуіне,
басқалардың ол адамға деген сенімінің күшеюіне де ықпал етеді. Тіл мамандары
мен тәрбие беретін мекеме қызметкерлерінің басқаларды сөз этикеті нормаларын
сақтауға, оның негізгі талаптарын орындауға үйретіп
отыруы сөз мәдениетінің
ғана емес, қоғамдағы жалпы мәдениеттің деңгейінің көтерілуіне көп ықпал етеді.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: