185
Драйв сөзінің бірнеше мағынасы бар Олар: драйв – (ағыл. drive – қозғалыс, жа-
рыс, асығыс), джаздағы қарқынның өсу үдеуі, қимылдың белсенді талпынысы әсе-
рінің шегіне жеткен кездегі екпінді орындау, ән айту мен аспаптық ойнау мәнері.
Синонимдері: соққы, ләззат; драйв (психоанализ) түйсіктік әуестік; драйв (псих.)
– белгілі бір көтеріңкі, ерекше психологиялық күй, сүйсіну, бір нәрседен ләззат
алу, күшті эмоция, сондай-ақ осы күйді жасаушы, сол ләззатты, эмоцияны және т.
б. беруші; драйв (псих.) – мотивация психологиясы мен үйрету теориясында қолда-
нылатын түсінік. Тылсым органикалық қажеттіліктен туындаған, жалпы сипатты
түйсінілмеген ішкі әуестілікті білдіреді; драйв (спорт) – теннис ойынында допты
қайтару кезіндегі күшті
және төмен соққы; драйв – ләззат, соққы.
Инстаграм (Instagram) – фотосуреттер мен бейне түсіруге, оларға сүзгі қолда-
нуға, сондай-ақ оларды өз сервисі мен басқа да бірқатар әлеуметтік желілер арқы-
лы таратуға мүмкіндік беретін, әлеуметтік желі элементтері бар фотосуреттер мен
бейнежазылымдарды алмастыруға арналған қосымша.
Интерфейс – (ағыл.
interface) талаптары стандартпен анықталатын екі функция-
лық нысан арасындағы жалпы шекара; жүйе элементтері арасындағы өзара әрекет-
тердің амалдары, әдістері мен ережесінің жиынтығы. Мысалы: дисплей, батырма-
лар жиынтығы мен теңшелеуге арналған қосқыштар тәрізді электрондық аппарат
элементтері.
Кастинг(ағыл.
casting, сөзбе-сөз – лақтыру). 1) Кастинг – үміткерлер арасынан
шығармашылық ниетке барынша шамада сәйкес келетін адамды таңдау. Театр,
кинематографта моделдер немесе поп-орындаушыларды іріктеу үшін қолданыла-
ды. 2) Кастинг – спорт түрі, балық аулау саймандарын игеру (лақтырма қармақты
алысқа және дәлдікке лақтыру) бойынша жаттығулар.
Контент (ағыл. content «құрам», «мән», «көлем» (контекстке байланысты). Қазір-
гі контент – бұл сайттар мен ұялы телефоныңыздың қасымшаларында шоғырлан-
ған ақпараттар.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: