60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет104/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Хейтер ұғымы өмірімізде жақында ғана пайда болды және өз уақытын, күші 
мен жүйкесін бөтен өмірлік жетістіктерді, қасиеттер мен кемшіліктерді талқылау-
ға кетіретін адамдар дегенді білдіреді. 
“Хейтер” ағылшыннның “hater” сөзінен шыққан, аудармасында “өшпенділік” 
мағынасын береді. Хейтерлер – басты өмірлік сезімі минумум ретінде жақтырмау, 
максимум әдемілер мен көріксіздер соғысы, жек көру болып табылатын адамдар 
тобы. 
Хеште́г(белгі) (ағыл. Hashtaghash сөзінен– «тор» белгісі + tag – белгі) – мик-
роблогтар мен әлеуметтік желідегі тақырып немесе мазмұн бойынша және тор бел-


191
гісімен басталған хабарламаны іздеуді жеңілдететін тірек сөз немесе хабарлама-
лардың бірнеше сөзі. 
Хостинг –(ағыл. hosting) желіде тұрақты болатын (әдетте Интернетте) серверде 
ақпараттар орнату үшін ресурстар ұсыну жөніндегі қызмет. Әдетте Хостинг сайт-
қа қызмет ету пакетіне енеді және кемінде сайт файлдарын БҚ қосылған серверде 
орналастырудың қызметін қарастырады. 
Хэндмейд (ағыл. hand-made) – өз қолымен жасалған туынды. Хэнд-мейд сөзі 
сөзбе-сөз «қолдан жасалған» деп аударылады әрі адам (бірнеше адам) өз қолымен 
жекелеген данада немесе аздаған көлемде шығарған нәрсені, мейлі ол әшекей, кес-
те, қол бұйымы болсын, осылай атау қалыптасқан. 
Чат – (ағыл. Chat. «әңгіме», «мылжың») хабарламалар алмасу құралы. «Чат» тер-
мині екі не одан көп адамның ақпарат алмасуына арналған виртуалды кеңістікті 
атайды. Қарапайым айтқанда, чат – бұл компьютер, планшет пен мобилді телефон 
арқылы топтық байланысқа арналған сервис. 
Эйчар («эйчар» сөзі ағылшынның «HR – Human Resources» қысқарған сөзінен 
шыққан) неол. жарг. – қызметкерлерді іріктеу және дамытумен айналысатын, қыз-
меткер құрамы жөніндегі менеджер. 
Ю́зер. Бұл сөз компьютерлік жаргонда жиі қолданылады. Аталған сөз (user) 
ағылшын тілінен «пайдаланушы» ретінде аударылған. Әрине, ғажайып жоғары 
каста хакерлермен салыстырғанда бұлар төменгі қоғамдық топ, алайда юзерлер 
де – өздерінің кез келген қажеттіліктеріне керек әрекеттерді оңай жүзеге асыра 
алатын тәжірибелі пайдаланушы. 
Жаңа, кірме сөздерді де қабылдауда да салалық терминдерді қабылдағандай қа-
таң принцип ұстану қажет. Ол принциптер мыналар: 
1. Жаңа сөздерге тілімізден дыбыстауға ыңғайлы, көзкөрімге 
жайлы, түсінуге жеңіл балама сөзді жылдам табу, яғни қазақшаға сәтті аударып 
беру. Бұл ретте бұрынғы көнерген сөздеріміздің де мағынасын кеңейте отырып, 
қайта қолданысқа шығаруға болады. Бұл аудармашының ана тілді тілді терең бі-
луін қажет етеді. 
2. Кірме сөзді аударудағы басқа түркі халықтарының тәжірибесіне 
сүйену, яғни туыс тілдерден сөз алу. 
3. Кірме сөздерді тіліміздің фономорфологиялық ерекшелігіне 
сүйене отырып өзгертіп, яғни сындырып, икемдеп жазу. Алайда бұл тәсіл әр-
қашан сәтті бола бермейді. Кейбір кірме сөздер халық құлағына сіңіп, мағынасы 
түсінікті болып қалды әрі оларды өзгертіп жазсақ, халық мағынасын түсіне алады. 
Ал кейбір жаңа еніп жатқан сөздерді қазақтың дыбыстық ерекшелігіне ыңғайлап 
жазсақ, сөз де өзгереді, оның мағынасын да ешкім түсінбей қалуы да мүмкін. 
Қорыта айтқанда, қоғамымыздың әр саласына күн сайын жаңа, кірме сөздер 
ағындап еніп жатыр. Енді оларды тілде тұрақтандыру, икемдеу мәселесі туары айт-
паса да белгілі. Сондықтан тілімізде неологизмдердің түсіндірме, аударма сөздігін 
жасау бүгінгі таңдағы ең өзекті жұмыстың бірі болмақ. Және де мұндай сөздік-
терді жаңа емле ережелері даяр болғанда, латыннегізді жаңа, қазақ ұлттық әліпбиі 
негізінде шығару және оларды латын графикасында дұрыс транскрипциялау мен 


192
транслитерциялау қажет деп білеміз. Мүмкін, олардың мағынасын толық түсін-
генде ғана тілімізден сәтті балама сөздер бере алармыз. Ендеше, тілімізге ендеп 
келген шет сөздерді есепке алып, оларды және оларға берілген балама сөздерді 
газет-журналдарда жиі жариялап отыру қажет. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет