60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет100/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пост – (ағыл. post) бұл қатынасымға арналған құрал болып табылатын блог, фо-
рум, әлеуметтік желі және т. б. парақшаларда жеке алынған хабарлама. 
Постскриптум (лат. post scriptum – «жазбадан кейін») – сөз соңындағы ой, аяқ-
талған және қол қойылған жазбаға, әдетте «P. S. »болып белгіленетін қосымша 
жазба. Сондай-ақ постскриптумнан кейін жасалған қосымша жазбаға «P. P. S. » 
қысқарған сөзі қолданылады
Пранк (ағыл. рrank) – телефондық бұзақылық, телефондық әзіл әрекет. Пранк 
қолданушы адамдарды пранкерлер деп атайды. Пранкерлер өз құрбандарына теле-
фон қоңырауларын(әдетте анонимдік) шалады және арандату мен әзілдеу жолымен 
құрбанын жедел жауап реакцияға мәжбүр етеді. Кейде әзіл әрекет барысындағы 
тілдесімдер жазылып алынады. 
Прессинг [ағыл. pressing]. 1. Спорт ойындарында: қарсыластың әрекеті барын-
ша шектелетін белсенді шабуыл, қорғаныс, ойынды жүргізу формасы. Хоккейшілер 
қарсыласқа алаңның барлық бөлігінде п. жасады. 2. Саясатта қарсыласқа, бизнесте 
және б. бәсекелеске психологиялық, идеологиялық немесе экономикалық қысым. 
«Прессинг» сөзі тек спорт пен саясатта ғана қолданылмайды. Мысалы, бастық пен 
қызметкер арасында да әрқашан жеңіл прессинг болуы қажет, әйтпесе олар әбден 
босаңсып кетеді. Ал жалпы «прессинг» сөзі қазақтың «тықсыру» сөзіне сәйкес ке-
леді. Журналистер де осы сөзді қолданса дұрыс болар еді. 
Промоутер (ағыл. promote «ілгерілету, ықпал ету, белсендендіру») – компания, 
жоба, тауарларды нарыққа ілгерілетумен айналысатын адам. 
Рамс (ағыл. rams – «қошқарлар») – өз сұхбаттасын пікірсайысқа шақыру немесе 
мәселені шешуді ұсыну. Жалпы, «рамс» – покер тәрізді өте белгілі болмаса да ша-
ғын ортада мейлінше әйгілі карта ойыны. Рамс ойынында бір адам картаны дұрыс 
араластырмаса, мұндай айланы байқаған басқа ойыншылар ерекше реніш білдір-
ген және ол кезде әдеттегі: «Сен рамстарды шатастырдың ба?» («Ты что, рамсы 
попутал?») сөйленімін айтқан. Осыдан келіп әділ ойынға сене алмайтын ойыншы 
рамстарды шатастыратынын және ол алдауға көшетінін білдіретін мағына пайда 
болған. Бір адам өз досына «кеттік, рамстайық» десе, бұл «рамс» карта ойынын 
ойнауға шақыруды білдірген. 


188
Рафл ағылшыннан «лоторея, ұтыс ойыны» ретінде тәржімеленеді әрі бұл сөз 
солай пайда болды. Енді қазір кез келген сәнқойлар контакты мен инстаграмдағы 
репостар конкурстарын осылай атайды. 
Репост (repost) – бұл әлеуметтік желіде өз парақшасына жазба көшіру актісі, сон-
дай-ақ көшірліген жазба немесе жаңалықтың өзі. Сіз белгілі бір жаңалықтың ре-
постын жасасаңыз, оны достарыңыз бен таныстарыңыз оқи алады. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет