60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет134/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

бейнесіндегі орнын, халықтық таныммен байланысын көрсетуді мақсат еттік. 
Қазақ халқының когнитивтік санасындағы негізгі мәнділіктер мен құндылықтар-
дың, өмірлік мұраттар мен азаматтық міндеттердің, прагматикалық мақсат-мүдде-
лерінің, ұстанымдары мен мұратының сатылы байланысын ол қалыптастырған ға-
ламның паремиологиялық бейнесін құрайтын мәтіндер – мақал-мәтелдер арқылы 
айқындауға болады. 
Мақаламызда «Ғаламның тілдік бейнесі» термині – ғалам туралы түсініктер мен 
мағыналардың тілдік жүйеде көрініс тапқан жиынтығынбілдіреді. Басқаша айт-
қанда, ғаламның тілдік бейнесіғаламның тілде қатталған ойсуреті болып шығады. 
«Адам болмысы ғаламның терең, құпия сырларын, қасиеттерін білмейтіндігі-
мен ерекшеленеді. Ғаламның мәнін түсініп, оның маңызын тану үшін адам өзіндік 
ғалам бейнесін жасауы тиіс. Ғалам бейнесі – адамды қоршаған әлемнің айнадағы 
суреті емес, ол – бір интерпретация» [4; 5] яғни оның адам санасында талданып, 
зерттеліп-қабылдануы, терең түсінілуі деуге болады. 
Көрнекті ғалым Г. В. Колшанскийдің айтуынша «Ғаламның тілдік бейнесі де-
геніміз – әр алуан тілдердің ұстанушылары, адамдардың танымдық әрекеттерінің 


271
айшықталуы, ол танымдық әрекетке біртұтас объективті болмыс шеңберіндегі та-
рихи, географиялық, мәдени және басқа да факторлар өзіндік әсерін тигізіп, ізін 
қалдырады» [6]. 
Ғаламның ұлттық тілдік бейнесі – халықтың сан ғасырлық тәжірибесін, мә-
дениетін, тұрмысын, өмір салтын, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын т. б. бейнелейді. 
Яғни адамның қоршаған орта, болмыс жайындағы жалпылама түсініктері, табиғат 
пен қоғамның заңдарын білуі, ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстарға, бүкіл 
жанды мен жансызға деген көзқарасы, бір сөзбен айтқанда – ғалам бейнесінқұрай-
тынның бәрі мәтінде тілдік құралдар көмегімен жасалатын ғаламның тілдік бей-
несі арқылы көрініс табады. Бұл жағынан алғанда, мәтінді құраушы элементтерді, 
ең алдымен, семантикалық деңгейге жататын бірліктерді талдау қажет. Өйткені дү-
ниенің тілдік бейнесіне сөздер мен тіркестерден тұратын, семантикалық өрістерде 
және семантикалық категорияларда орнығып, бекіген білімдер тұғыр болады. 
Тіліміздің сөздік қорында аса ауқымды семантикалық өріс құрайтын «құс» гипе-
ронимі лингвокогнитивтік зерттеуде де айрықша көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені 
халқымыздың тұрмысында маңызды рөл атқарған құстардың қазақ танымындағы 
орны айрықша. Құс атаулыға қатысты қалыптасқан мақал-мәтелдер – тілі көркем, 
ойы терең, ата-бабаларымыздың рухани қазынасы. Құстар туралы әңгіме таусылмақ 
емес, ол – ұшы-қиырына көз жетпейтін әлем. Замануи ғылым әлемдегі сегіз жарым 
мың құсты түгел зерттеп болдық дегенді меңзейді. Алайда бұған сену қиын. Құстар-
дың мәңгі-бақи біздің төбемізде ұшып жүретін, қол жетпес жұмбақ әлем екені мәлім. 
Сол жұмбақ әлемнің кейбір сырларын қазақ мақал-мәтелдердерінің семантикасына 
үңілгенде түсінгендей боламыз. Мұндағы басты ұстаным – табиғатты терең таныған 
ата-бабаларымыздың құсқа қатысты күллі мәліметті адам әлемімен параллель алып, 
прагматикалық мақсатта жұмсауы, адам болмысындағы сандаған қасиеттер мен бел-
гілерді ғажайып жаратылыстың тіршілігіндегі құбылыстармен қатар қойып, сол ар-
қылы барынша терең ұғындыруға ұмтылысы деп қабылдағанымыз жөн. 
Бала тәрбиесіне ерекше мән берген қазақ перзентін, ең алдымен, табиғатты ая-
лауға үндеген. Ол үшін баланың бойында аса нәзік жаратылыс – құсқа деген қам-
қорлықты, жанашырлықты қалыптастыруға тырысқан. Бұл, өз кезегінде, анағұрлым 
ауқымды идеямен, яғни қоршаған ортаны қорғау мәселесімен сабақтасады. Мұны 
паремиологиялық қорымыздағы мынадай мақал-мәтелдерден көреміз: 
Жаралы құсқа тас атпа; 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет