60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет127/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Қарамықтың дәні болғанша, бидайдың сабаны бол, жаман елдің жақсысы бол-
ғанша, жақсы елдің жаманы бол; Бидайдың барар жері – диірмен, т. б. Сондай-
ақ, үйге келген қонаққа «ең болмаса, 
нан ауыз ти» деп айту дәстүр болып қалған. 
Қазақ халқының нанды құрметтегені соншалық, «нанның үстіне зат қойма», «нан-
ды жерге тастама», «нанды бір қолмен үзбе», «нанды төңкеріп қойма» деген тыйым 
сөздерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. Қазақ халқы үшін нан – тоқшылық-
тың, ырыстың, берекенің символы. 
Көне түркі тілінде «Тары» жалпы дәндердің жалпы атауы болғандықтан, қазақ 
тіл білімінде тарының концептілік өрісте де қарастырылып, зерттелуі, осымен 
байланысты. Тілімізде тары дақылына қатысты мынадай қолданыстарды көрсету-
ге болады: Кеспе күн батқанша, тары көже таң атқанша; Тарылы елге барсаң, 
жарма жерсің, балықты елге барсаң, қарма жерсің; Қасық тары ботқа болмас, 
ботқа болса да, жұртқа болмас; Тарысы бардың тоқашы бар; Тары жеген та-
рықпас; Тарының нәрі жерде, жаны суда; Тарыны көк сақалында ормасаң, сақа-
лыңды сипарсың; Бидайдан бір тамғанда, тарыдан екі тамады; Тамырың қашса 
тары ек, бір шықпаса тағы ек, тамырың келер қасыңа, қайырың тиер басыңа; 
Тары баққа шықпайды, бапқа шығады; Тасқа тары, мұзға бидай ек; Тауықтың 
түсіне тары кіреді, т. б. 
Тарыны арнайы концепт ретінде зерттеген М. Күштаева: «Тары – қазақтар үшін 
тіршіліктің көзі және тоқшылықтың символы. Бидай, жүгері, арпа т. б. дәнді да-
қыл атаулары неліктен концептіге жатпайды деген ой туары сөзсіз. Бұл тұрғыдан 
«тары» лексемасы – бірнеше концептінің құрылымдық ерекшелігі ретінде қатыса-
тын әлеуеті өте күшті лингвомәдени бірлік. Өйткені тілімізде «тары» лексемасы-
на қатысты сөздер, символдар, перифразалар, тұрақты теңеулер, фразеологизмдер 
мен мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, мәтін деңгейіндегі прецеденттер басқа дәнді 
дақылдарға қарағанда мол. Бұл дақыл қазақ халқының дәстүрлі мәдени шаруашы-
лығының болғанын айқындайды [9, 29] – дейді. 
Халқымыз өз өлкесіндегі өсімдіктерді қажетіне қарай пайдаланып, өнімін тұр-
мысында қолданып отырған. Тамақ, сусын, баспана, тұрмысқа керекті бұйымдар т. 
б. барлығын қажетінше табиғаттан ала білген. Төрт түлігіне өсімдіктерді жем-шөп 
ретінде пайдалана білу қабілетімен қатар, егіншілікпен айналысып, өнім ала біл-
гендігін егіншілікке қатысты мақал-мәтелдерден көруге болады. 


258

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет