60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет125/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   179
қына тасқа бітеді; Жекен жерінде әз, адам елінде әз; Жігіттің екі сөйлегені өлге-
ні, еменнің иілгені сынған, т. б. 
3. Болашақта болатын өзгерістерді болжау, өмірлік тәжірибеде көрген-білгенін 
көңіліне тоқып, соның нәтижесін жеткізу: Бидайдың кеудесін көтергені, дақылы 


255
жоқтығы; жігіттің кеудесін көтергені, ақылы жоқтығы; Өзінің кетпендей мінін 
көрмеген, елдің шидей мінін көреді, т. б.; уақыт есебін, табиғат құбылыстарының 
өзгеруін бақылап, қорытынды шығару: Ауылда лақ туса, адырдың шөбі көгереді; 
Бір ешкі егіз туса, бір шөптің басы айыр шығады; Қилы-қилы заман болар, қара-
ғай басын шортан шалар; Сақырлаған аязда, сары қамысты сағала, т. б. 
4. Тілді, сөзді қоршаған ортаға ықпал ете алатын қару ретінде танып, құдіреті-
не табынған, оның магиялық күшіне сенген адамдардың архаикалық ой танымын 
көрсету: жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды; Ер жігіттің екі сөйлегені 
өлгені, еменнің иілгені сынғаны, т. б.; адамдардың бір-бірімен қатынас жасауының 
жағымды-жағымсыз сипат алуы айтқан сөзінің құдіретіне байланысты екенін көр-
сету: Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі, жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі; 
Тіл тікенді де алады, т.б. 
5. Мақал-мәтелдердің ойды тыңдаушысына қысқа, әрі нұсқа, әуезді, бейнелі, 
көркем түрде жеткізіп беретін қасетін көрсету: Мақал сөздің мәйегі
6. Мақал-мәтелдер халықтың болмыс-бітімін көрсетуші. Олар арқылы халық-
тың шығу тегін көрсету: Ұранымыз Алаш, керегеміз ағаш; Киіз туырлықты, ағаш 
уықты қазақпыз, т. б.; қазақ танымындағы рулық қатынас та осы қатарда көрініс 
тапса керек: Жаныс көп пе, қамыс көп пе?; Керейде ұл туса, ағаштың күні туады; 
Керей жапырақ, әлем тапырақ, т. б.; ел, жер, Отанды арқау ететін паремияларды 
да осы топқа қосуға болады: Адам елінде, қоға көлінде; Қыз өссе елдің көркі, гүл 
өссе жердің көркі, т. б. 
Біздің ойымызша, ғалым Г. Л. Пермяковтың қағидасына сәйкес бұл жіктеуді тек 
шартты түрде жіктеу деп қарап, бүгінгі антропоөзектік парадигма аясында жүр-
гізіліп жатқан іргелі еңбектерді негіз ете отырып, мақал-мәтелдерді ары қарай да 
көптеген тақырыптық топтарға бөлуге болатын секілді. Адам факторының өзін 
ғана жеке алып қарағанда, тал бесіктен, жер бесікке дейінгі өмірінің өсімдік әлемі-
не қатысты мақал-мәтелдердің өзі тілімізде мыңдап кездеседі. 
Қазақ дүниетанымының паремиологиялық бейнесін арнайы зерттеген Ж. Исае-
ва мақал-мәтелдерді адам санасында қалыптасатын екі жағдаят арасындағы логи-
ка-ассоциативтік байланыс нәтижесінде туындайтын күрделі тілдік құрылым деп 
қарайды. Ғалымның пікірінше, онда дүние бейнесінің екі бірдей кесіндісі қиыса-
ды. Біріншісі – тіл иесінің өзін қоршаған табиғи ортаға бейімделуі және оны игеру 
барысында жинақтаған өмірлік тәжірибесі. Екіншісі – ауыспалы мағынамен сипат-
талатын адамның жеке басына, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа берілген ба-
ғаға, жасалған пайымға байланысты [1]. Мысалы: «Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті 
намыс өлтіреді» деген мақалды академик Ә. Қайдар былайша талдап көрсетеді: 
«1. аңшылар аулайтын аңдардың бірі – дала қояны. Оны ұстаудың қалыптасқан 
бір тәсілі – қыстың суығында мұзбен бірге қатып қалатын көл, не көлшік жердегі 
сояулап (ұшын қияқтап кесіп, үшкір, өткір етіп қиып) тастаған қалың қамыс сабақ-
тарына қуып барып, арандату. Қамыс сояуларынан қансырап, жүре алмай қалған 
қояндарды ұстап алу қиын емес; ал ер адамның ең асыл адамдық қасиеті оның ар-
намысы болса, соны қорғап қалу үшін өлімге басын байлауға да дайын. 2. ауыс. 
адамның да, хайуанның да басын өлімге байлап беретін асыл да абзал мақсаты 


256
болады дегенді аңғартады» [Қайдар Ә. Халық даналығы. –Алматы, 2004. – 260 б.]. 
Демек, мақалға уәж болған, біріншіден, халықтың өмір тәжірибесінен жинақтаған 
білімі, екіншіден типтік жағдаят жігіттің адами қасиетіне берілген пайымдық баға. 
Сол секілді, бидайдың кеудесін көтергені – дақылының жоқтығы, жігіттің кеу-
десін көтергені – ақылының жоқтығы деген мақалды алып қарайтын болсақ, би-
дай дақылы толық дәні болмағандықтан басын көтеріп ұстайды, сол сияқты жігіт 
те ақылының аздығынан кеудесін керіп ұстайды. Яғни, академик Ә. Қайдардың 
пікірінше, өсімдіктердің де, жан-жануарлардың да, адамның да тым биіктеп, ша-
мадан тыс жоғары көтерілуінің бір сыры мазмұнының кемдігінде деп түсінуге бо-
лады [6]. 
Жекен жерінде көгерер, ер елінде көгерер. Жекен – сулы жерде өсетін қоға өсім-
дігі. Қарақалпақ тілінде жекен – «қоға», «батпақты өсімдік» дегенді білдіреді [7]. 
Бұл мақалдардың да бірінші сыңарында халықтық білім көрініс тапса, екінші сы-
ңарында адамды сол халықтық білімнің негізінде адамгершілікке, елін сүюге тәр-
биелеу мазмұны жатыр. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет