60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет135/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Қойнына кірген құсты мерген де атпайды; 
Құссыз орман – құсалы; 
Бұтаға паналаған торғай да аман қалар [7]. 
Қазақ мақал-мәтелдері арқалаған ең салмақты жүк – адам баласының көкірек 
көзін ашып, ақ пен қараны ажырата білуге үйрету, оның санасына жақсылық пен 
жамандықтың бейнесін орнықтыру екені даусыз. Осыған орай, паремиологиялық 
қорымызда құстарды адамдарға балама ретінде алып суреттеу, яки пендешілікке са-
лынып, сандаған қателіктер жасайтын адам баласының жағымды немесе жағымсыз 
әрекеттерін, теріс қылықтарын құстармен салыстыра сипаттау арқылы тәрбиелеу 
әдісі берік орныққан. Бұл ойымызды мынадай мақал-мәтелдер қуаттай түседі: 


272
Құс терісіне қарай сұлу, 
Адам ісіне қарай сұлу. 
Ақылды адам айтқызбай біледі, 
Ақ сұңқар қаққызбай іледі. 
Құс – қанатымен, 
Ер – жолдасымен /мықты/. 
Құсты қанат ұшырады, 
Ерді талап ұшырады. 
Құс қанатымен танылар, 
Жігіт қайратымен танылар. 
Қыранның қанаты болса, 
Ұланның қайраты бар. 
Аққу құсқа оқ тисе – қанатын суға тидірмес, 
Ер жігітке оқ тисе – қиналғанын білдірмес. 
Ер қартайса қазаншы болар, 
Бүркіт қартайса тышқаншы болар. 
Келтірілген мысалдарда «Құс//Адам» жұбы анық, эксплицитті түрде көрініс тап-
са, төмендегі мәтелдерде аталмыш параллель жасырын, имплицитті түрде берілген, 
салыстырыңыз: 
Құлқын сәріде тұрған құс құртқа тояр // 
Ерте тұрған еркектің ырысы артық, 
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық. 
Бұл паремиялардағы негізгі ой – адамды ерте тұрып, еңбектенуге үндеу, еңбек-
қорлыққа тәрбиелеу. 
Қазақ қашан да кісінің көңіліне қараған, артық сөйлеп, адамның намысына тию-
ден, ағат айтып жанын жаралаудан аулақ болуды құптаған халық. Сол үшін «аңда-
май сөйлеген ауырмай өлер» деп адамды абайлап сөйлеуге үндеген. «Итің жаман 
десе, өкпелеп қалатын» қазақтың нәзік көңіліне қарау қажеттігі мына мақал-мәтел-
дерден айқын аңғарылады: 
Әркім өз қазын аққуым дейді; 
Қарға сүйер баласын аппағым деп, 
Кірпі сүйер баласын жұмсағым деп. 
Сондай-ақ «Басқа бәле тілден; Басқа келетін он пәленің тоғызы тілден...» сияқ-
ты мәтелдердің баламасы іспеттес «Тоты тілінен торға түсер» паремиясы да 
адамды орнымен сөйлеуге, артық сөзден аулақ болуға үндеп, тіл арқылы келетін 
жамандықтардан сақтандыру мақсатымен жасалған. 
Сонымен қатар халқымыздың танымындағы үлкенді сыйлау, әсіресе, ата-ананы 
ардақтау идеясы құстарға қатысты қалыптасқан мынадай мәтелде көрініс тапқан: 
Көргенді көгершін әке-шешесінен үш бұтақ төмен қонақтайды [7]
Бұл жерде «Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без, Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен 
без» деген халық нақылы еске түседі. Бұл да – тәрбиелік мәні зор паремия. 
Адамдар арасындағы сыйластық, келген қонақты ағын-төгін дастархан жасап 
күтіп алу, кетерінде оның бұйымтайын сұрап біліп, ат мінгізіп, шапан жауып, үл-
кен құрметпен шығарып салуды дәстүрге айналдырған қазақтың ұғымында «алыс-


273
беріс» пен «барыс-келіс» ең негізгі заңдылықтардың бірі. Қазақтың ежелден келе 
жатқан «алаған қолым – береген...» /болуы тиіс/ деген идеясы мына паремияларда 
өрнектелген: 
Досыңның тауығын алсаң, Қанжығасына қаз байла; 
Біреудің үйрегін жесең, Өзіңнің қазыңды дайында. 
Мұндағы негізгі тағылым «сыйға – сый, сыраға – бал» деген қағидатқа негіздел-
ген жомарттықты, сыйласа білуді, алғанын еселеп қайтаруды дәріптеу. 
Ал келесі мәтелдерде адам баласының өмірлік миссиясы – жалғыздықтан қашу, 
өмірлік жұбын тауып, отбасын құрып, жарасымды тұрмыс кешу идеясы меңзеледі, 
яки насихатталады деуге болады, салыстырыңыз: 
Құс қосағымен ұя салады; 
Құс – қанаттасымен қатар ұшады // Бас екеу болмай – мал екеу болмас. 
Қазақ халқының тарихындағы ең өзекті мәселелердің бірі – ел бірлігі, ауызбірші-
лік, ынтымақтастық проблемасы орнитонимдердің қатысуымен жасалған мынадай 
мақал-мәтелдерде айшықталады: 
Тозған қазды топтанған қарға жем етер; 
Екі құзғын таласса, Бір қарғаға жем болар /ауызбіршілігі жоқ елдің кім көрін-
геннен жапа шегетінін меңзеп тұр/. 
Бірлескен сауысқан бұғыны шоқып мерт етер /күш – бірлікте екендігін білдіріп тұр/. 
Ел өміріндегі ең өзекті мәселелердің бірі болған еркіндік, бостандық идеясы 
мына мәтелге арқау болған: 
Құсқа алтын тордан қу бұтақ қымбат. 
Сонымен, құс атауларының қазақ паремиологиялық жүйесін құрайтын концеп-
туалдық құрылымда актив қолданылатыны анықталды. Яғни мақалада орнито-
нимдердің қатысуымен жасалған мақал-мәтелдердің «Адамгершілік», «Адалдық», 
«Әдептілік», «Еңбекқорлық», «Еркіндік», «Ынтымақ, бірлік», «Сыйластық» сияқ-
тырухани құндылықтарды айшықтауда алуан түрлі мәндерде жұмсалатыны, сөйтіп 
ұлттық ғалам бейнесінің халықтың когнитивтік санасындағы үзігін, аялық білім 
қорын көрсетуге жол ашатыны нақты тілдік материалдармен дәйектелді. 
Қорыта келгенде, мақал-мәтелдер құрамында қолданылған құс атауларына линг-
вомәдени аспектіде талдау жасаудың бүгінгі оқырманның тіліміздің байлығы ар-
қылы халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына да қатысты көптеген мағ-
лұматтар алуына себі тиері сөзсіз. Оны талдау барысында ғаламның тілдік бейнесі 
деп аталатын лингвистикалық категория іргелі ұғым болып саналады. Ол этнос дү-
ниетанымының өзегін құрайды және халықтың менталитеті, яғни дүниені қабыл-
дау және түсіну тәсілі – ғаламның тілдік бейнесінде (дүниені вербалдап түсіну, оны 
тіл арқылы бөлшектеу, реттеу және құрылымдау немесе модельдеу) көрініс табады. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет