60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет132/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Литература:
1. Карулов Ю. Н. Роль прецедентных текстов в структуре и функционировании 
языковой личности// Научные доклады и новые направления в преподавании русс-
кого языка и литературы. Доклады советской делегации на VI конгрессе МАПРЯЛ. 
–М., 1986. – с. 215. 
2. Карулов Ю. Н. Русский язык и языковая личность. –М., 1987. – С. 217, 265. 
3. Гудков Д. Б., Красных В. В., Захаренко И. В., Багаева Д. В. Некоторые осо-
бенности функционирования прецедентных высказываний// Вестник Московского 
университета. Сер. 9. Филология. – 1997. № 4. – С. 12-19. 
4. Гудков Д. Б., Красных В. В., Захаренко И. В., Багаева Д. В. Когнитивная база 
и прецедентные феномены в системе других единиц и в коммуникации. Вестник 
МГУ. Сер. 9. Филология. № 3. 1997. С. 34. 
5. Слышкин Г. Г. От текста к символу: лингвокультурные концепты прецедент-
ных текстов в сознании и дискурсе. М., 2000. С. – 353. 
6. Джанаева В. В. Этнокультурная специфика прецедентных феноменов. – М. 
1997. С. – 87. 
7. Гончарова Е. А., Тен Э. Г. Понятие прецедентности и его национально-лингво-
культурная специфика (статья). – Пятигорск, 2002. 
8. Садохин А. П. Теория и практика межкультурной коммуникации. М. 2004. С. 
-18- 23. 
9. Ковалев Г. Ф. Имя собственное как прецедент в рекламе. Вестник ВГУ. Сер. 
Филология. Журналистика. 2004. № 1. - С. 158-164. 


266
АСПЕКТУАЛДЫҚ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ 
ТАНЫМДЫҚ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шенгелбай М. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ филологиясы 
мамандығының 1-курс магистранты 
Тіл білімінің жаңа бағыты ретінде функционалды грамматиканы тануға болады. 
Бұл ғылымның негізін барлық ғылымдардың бастауы болған философиядан ала-
мыз. Функционалды грамматика негіздерін зерттеген А. В. Бондарко болды. Функ-
ционалды грамматика нені зерттейді? Бұл лингвистиканың жаңа, қызықты, көпқыр-
лы әрі қиын саласы екенін айтамыз. Функционалды грамматика тілдік тұлғалардың 
жұмсалу сипатын анықтап, осы бірліктердің не себепті жұмсалғанын анықтайды. 
Бұған дейін, тілді құрылымдық тұрғыдан зерттеп, тіл – тілдік тұлға тұрғысынан қа-
растырсақ, ал бүгінгі таңда тілді антропоөзектік жақтан, яғни тілді жасаушы адам 
екенін ескере отырып зерттейміз. 
Құрылымдық бағыт: «Тіл- тілдік бірлік»
Функционалды бағыт: «Тіл- адам» деп қарайды. 
Фукнционалды грамматиканың негізгі ұғымдарының бірі – категориялық жағ-
даят. Категориялық жағдаят тілдік бірліктерді жасауға себепші болады. Осы ұғым 
философияның СӘТ (ситуация) деген ұғымынан шыққан. Мысалы, бір сәтте түрлі 
оқиғалар орын алады, сол әрекеттерге орай ұғымдар да жасалады. Ұғымды ұғым 
етіп жасалуына ықпал еткен – категориялық жағдаят. Категориялық жағдаяттың 2 
түрін ажыратуға болады: жекелеген және жалпы. Көп ұғымдар жекелеген сәттерден 
туындап, жалпылыққа ауысты. Яғни, индукциядан дедукцияға (дарадан күрделіге) 
ауысады. Индукция дедукцияның формасына айналып отыр. 
Функционалды-семантикалық категория уақыт және кеңістік деп ажырайды. 
Уақыт категориясына енетіндер: темпоралдық, аспектуалдық, таксис, локалды-
лық, модальділік, каузативтілік категориялары. 
Кеңістік категориясы: субъект категориясы, сын-сапа категориясы, сан-мөлшер 
категориясы, поссессивтілік категориясы, етіс категориясы. 
Бір ұғымның жасалуы – ұзақ уақыт жүретін процесс. Бір функционалды семан-
тикалық өріске жиналатындар менталды лингвистикаға байланысты жүреді. 
Уақыт категориясын білдіретін тілдік бірліктер: «таң сызат бергенде», «таң бі-
лінер-білінбес», «таң алагеуімде», «таң құлан иектенгенде», «сәске түс», «сиыр 
түс», «тал түс», «шаңқай түс», «күн арқан бойы көтерілгенде», «ел орынға отырған 
кезде», «кешкіқұрым», «інір қараңғысында». Бұлардың барлығы қазақ танымында 
сағат болмаған уақытта мезгілді анықтайтын түрлі тілдік бірлік болды. Адам бол-
мысты танып, оған ұғым берді. 
Сын-сапа категориясы. «Мақпал шаш», «сүмбіл шаш» секілді ұғымдар халқы-
мыздың аруларының ерекшілігін көрсететін. 
Ұстағанда мамықтай екен. Субъект сол ситуацияны өз басынан кешіргеннен ке-
йін тілдік бірлікті жасайды. Тілдегі ұғымдардың жасалуындағы шешуші факторды 
«адам» екенін негіздейміз. 


267
Локалдылық категориясы: Жеті қат жер асты. 
Сан-мөлшер категориясы. 
Қозы көш жер. (8-10кмді қамтиды)
Ат шаптырым жер (25-30 км.) Сан-мөлшер категориясының жасалуы да халық-
тың айналысқан шаруашылығымен байланысты. Егер халық егін шаруашылығы-
мен айналысса онда жасалатын тілдік бірліктер де өзге болар еді. 
Бір ұрттам су, бір жұтым су деген тұлғалар шөлейт аймақты мекендеген адамдар-
дың қолданысынан шығады. 
Бір шымшым тұз бұл аз мөлшерді танытады. Тағамның жасалуына көп мөлшерде 
тұз қоспайтынымыз белгілі. Соған орай бұл бірлік те таным негізінде қалыптасқан. 
Танымның қалыптасуы ол географиялық орынға да тікелей қатысты. Сол қалып-
тасқан тілдік тұлғаларды ареалды лингвистика тұрғысынан да алып қарауға бола-
ды. 
Аспектуалдық категориясы функционалды грамматиканың басты ұғымдарының 
бірі. Бұл категория іс-әрекеттің орындалу уақытын, мерзімін көрсетеді. Қимылдың 
өзгеріске түсу процесі – бірден жасалуы, баяу өтуі, созылыңқы, үдемелі, дүркінді, 
тездік сипаттары, жетімсіздігі мен немқұрайлы немесе ынтамен істелуі, әдейі жа-
салуы, басталуы мен аяқталуы кезеңі белгілі бір уақыт ішінде орындалатындықтан 
уақытпен тығыз байланысты. Аспектуалдылық уақыт ұғымымен байланысты еке-
нін негізге аламыз. Өйткені, кез келген іс-әрекет белгілі бір уақыт мөлшерінде орын 
алады. Аспектуалдық категориясын когнитивті тұрғыдан зерттеу, оның прагматика-
сын анықтау өзектілік ретінде танылады. 
Аспектуалдық терминін алғаш ХІХ ғасырдың 30-жылдары Рейф қолданған. В. 
Бондарко аспектуалдықты тар және кең мағынасында түсіндіреді. Кең мағынасын-
да «әдіс» ұғымына байланысты категориялардың көпшілігін қамтиды. Тар мағына-
сында аспектуалдықтың қайталау, дүркінділік сипатттары анықталады[1, 29]. 
М. С Л. Дүйсебекова: Жалпы тіл білімінде аспектология жеке сала ретінде қа-
лыптасқанымен түркітануда оның функционалды-семантикалық категория ретінде 
танылуына қатысты шешілмеген бірқатар мәселелер болды. Оның негізгісі – бү-
гінгі күнге дейін аспектуалды мағына беретін тілдік бірліктердің жете зерттелмеуі, 
аспектуалдылықтың фуңкционалды-семантикалық категория ретіндегі компонент-
тері мен құрылымының, аспектологиялық деривация жолдары мен оны білдіретін 
тілдік құралдардың толық анықталмауы. Бұл айтылғандардың ең басты себебі орыс 
тіліндегі етістіктің вид морфологиялық категориясының түркі тілдерінде баламасы 
бар ма әлде жоқ па деген даулы мәселеге қатысты болды. Ғалымдар арасында үлкен 
дау тудырған осы «кішкентай» мәселе ұзақ жылдар бойы аспектологияның түркі 
тілдерінде жеке сала сала ретінде қалыптасуына кері әсер етті [2, 142]. 
Жолшаева: «Аспектуалдық категориясының өзіндік категориялдық ерекшелігі 
оны басқа етістік категорияларымен, басқа тіл деңгейлерімен ашып көрсеткенде 
ғана айқындалмақ» [3, 18]. Яғни, аспектуалдық категориясын функционалды тұр-
ғыдан қарастырудың өзектілігі көрінеді
Жайлаудағы жақсы қоныс, мол құдықтардың айналасын тоздырған ел бауырда-
ғы күзекке қарай көше бастады. Көше бастады- іс-қимылдың созылыңқылығымен 


268
қоса, әрекеттің басталу фазасын танытады. Көшу сөзінің мағынасы созылыңқы-
лықты танытса, бастау сөзінің негізі іс-әрекеттің бірінші фазасы, басталумен сәй-
кес. Аспектуалдылық категориясы да доминант сипатта. Берілген мәтіндегі сөйлем-
дердің барлығы дерлік қимылдың созылыңқы өтуін көрсетеді. (М. Әуезов. «Оқыған 
азамат» әңгімесі)
Аталас ағайыны Төкеннің үйіне Керімқұл жетіп келді. Жүрісі алқын-жұлқын. 
Терлеп кетіпті. 
-Байғұс-ау, тыныштық па? Әлде қатының ұл тапты ма? – деді төсекте сыр-
қаттанып жатқан Төкен. 
-Ұлды таба-таба қартайды ғой. Енді сол ұлдардың үлкенін үйлендірмекшімін... 
(Ш. Мұртаза . Тәуекел той)
Аспектуалдықтың берілу сипаты: 
Сырқаттанып жатқан- аспектуалдық тұрғыдан, қимылдың өту барысы созы-
лыңқы екенін көрсетуге болады. Қалып етістігінің бірі «жатыр» созылыңқылықты 
білдіретінін айтамыз. Сырқаттану сөзінің мағынасы да бірден жүзеге асып, аяқтала 
қоятын әрекет емес. Демек, бұл тіркес қимылдың біршама уақытта өтетінін таны-
тады. 
Ұлды таба-таба қартайды ғой. Бұл сөйлемде аспектуалдылық қайталама қос 
сөз және қартаю етістігінің мәнімен сәйкес келеді. Таба-таба көптік мәнмен қоса, 
дүркінділік мәнін де береді. Қартаю сөзінің мәні созылыңқы іс-әрекетті таныта-
ды. Аспектуалдық категориясының шеткері, шектік, дүркінділік, фазалық, ұзақтық 
өрістері адресатқа прагматикалық тұрғыдан әсерін тигізеді. 
Тіл табиғаты мен оның жұмсалу әлеуетін толық ашып көрсетудің бір жолы – тілді 
функционалды грамматика тұрғысынан қарастыру. Грамматикалық категориялар-
ды функционалды-семантикалық аспектіден зерттеу түрлі тіл деңгейі элементтері 
арасындағы жүйелі байланысты көрсетуге жол ашады. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет