269
ҰЛТТЫҚ ҒАЛАМ БЕЙНЕСІНІҢ ОРНИТОНИМДЕР
ҚАТЫСУЫМЕН ЖАСАЛҒАН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ
КӨРІНІСІ
Айдарбек Қ.
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері,
филол. ғ. д.
Чубанова С.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Ғылым ордасы»
кешенінің базасындағы ғылыми-зерттеу институттарының бірлескен білім беру
бағдарламаларының 2-курс магистранты
Мәдени нысандарды тіл жүйесіне жатқызу проблемасы ұлттық тілдік сананың,
ғалам бейнесінің терең қабаттарын қалыптастыратынын көрсетеді. Зерттеушілер-
дің пікірінше, айналадағы әлем сан алуан тілдер арқылы әр түрлі модельденген.
Сондықтан кез келген тіл әлемнің бейнесін модельдеудің ұлттық құралы ретінде
қызмет етеді. Тіл, сана мен мәдениет арақатынасын бұлайша зерделеу ғалымдар-
дың ақиқат болмыстың көрінісі шығармашылық сипатта болатыны туралы тұжы-
рымын қуаттай түседі.
Әлемді фрагменттерге бөлу, олардың орналасуы, ассоциациялар тек ақиқат бол-
мысқа ғана емес, сонымен бірге тіл ұстанушыға, яғни адамның өзіне де байланыс-
ты, яғни ғалам бейнесі антропоөзекті сипатта болады.
Қоршаған әлемді концеп-
туалдауда тіл маңызды рөл атқарады. Жер бетіндегі халықтар әлемді түрліше қа-
былдайтындықтан, олардың тұрмыс-тіршілігіндегі көптеген маңызды жайттардың
олардың тілі арқылы айшықталуы да бір-бірінен ерекшеленуі заңды. Осымен бай-
ланысты қалыптасатын бір тұжырым – әлемнің әмбебап моделінің болмайтындығы.
Мәдени-ұлттық ерекшелікті көрсететін тілдік бірліктер, ұғымдар, стереотиптер,
эталондар мен символдар – тіл иесі халық меңгерген жалпыадамзаттық мәдениетті
танытатын таңбалар болып саналады [1].
Өзінің кумулятивтік, яки сақтағыштық қызметінің
арқасында тіл бұрынғы ба-
баларымыз бен олардың қазіргі ұрпақтарының арасындағы диалогты қамтамасыз
етеді. Осыған орай, тілдің фразеологиялық бірліктері мәдени стереотиптер рөлін де
атқарады. Зерттеушілер олардың қатарына пареомиологиялық қорды да жатқыза-
ды, өйткені мақал-мәтелдерді халық санасының стереотиптері ретінде қарастыруға
болады. Мақалдарды қарапайым, әдепкі мәдениеттің ғасырлар бойы қалыптасқан
тілі деуге болады, оларда тіл иесі халықтың өмірлік ұстанымдары, философиясы-
ның негізгі категориялары мен көзқарастары қысқа да нұсқа пішінде көрсетіледі.
Зерттеушілер атап өткендей, зооморфты компоненті бар фразеологиялық бірлік-
тер (аузымен құс тістеу, қанат қағу, ұядан ұшу, сарыауыз балапан, тегеуріні мықты
т. б.) әлемнің мифологиялық бейнесін – адамдар мен жануарларды, аң-құстарды
ұқсатуға, өзара салыстыру мен сәйкестендіруге негізделген тотемизм идеясын ай-
ғақтайды. Ал мақал-мәтелдер халықтың ділін,
ақыл-ойын, мәдениетін ұрпақтан-
ұрпаққа
жеткізіп, жаңғыртып отыратын «даналық қоймасы» болып табылады [2].
270
Қазақ паремиологиясының қалыптасып дамуына айрықша үлес қосқан академик
Ә. Т. Қайдар ұзақ жылдар бойғы зерттеуінің нәтижесінде «Халық даналығы» атты
құнды кітабын жарыққа шығарғаны мәлім. Ғалым еңбегінде былай дейді: «Қазақ
мақал-мәтелдерінің халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысын танып білуде дү-
ниетанымдық, логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні өте зор. Себебі, дү-
ниеде, қоғамда, табиғатта қалыптасқан құбылыстардың бәріне мақал-мәтелдердің
қатысы бар. Дүние болмысының өзінде о бастан-ақ қалыптасқан табиғи реттілік
бар. Ол реттілік барша заттар мен құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып,
ішкі жүйесі мен мағынасына қарай шоғырландырып қарағанда ғана көрінеді. Қазақ
тілінде ғасырлар бойы қалыптасып, қауым жадында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа
рухани мұра болып келе жатқан мыңдаған мақал-мәтелдерді даналыққа балап және
оларды халық бойындағы асыл қасиетке теңеп, «Халық даналығы» деп атап отыр-
мыз»
[3, 142].
Паремиологиялық қор үнемі толығып, жаңарып отырады. Мақал-мәтелдер ар-
қылы өзімізден сандаған ғасырлар бұрын өмір сүрген бабаларымыздың рухани
келбетінің маңызды ерекшеліктерін болжамдап білуге, моралдік бейнесін қалпына
келтіруге болады. Адамзаттың қайнаған тұрмыс-тіршілігінде әр түрлі жағдаяттарға
байланысты пайда болып, қалыптасқан мақал-мәтелдер қоғамда тез таралып, жал-
пыхалықтық сипатқа ие болады. Қазіргі қоғамда да
ғасырлар бойы қалыптасқан
халық даналығының бөлшектері саналатын мақал-мәтелдердің жиірек қолданыла-
тыны байқалады. Мұндағы басты маңызды тұжырым – адамның айналасындағы
әлеммен бірлігі, етене жақындығы тақырыбы.
Қазіргі лингвистикада ғаламның тілдік бейнесі,
концепті, концептуалдық тал-
дауды зерттеудің маңызы ерекше. Осымен байланысты
қазақ мақал-мәтелдерін-
дегіэтномәдени мазмұны терең, концептуалдық әлеуеті жоғары тілдік бірліктерді
жинақтап талдаудың берері мол. Сондықтан зерттеу барысында қазақ мақал-мә-
телдеріндеанағұрлым жиі қолданылатын құс атауларының жалпы
ұлттық ғалам
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: