74
гінің қолданылатын қызметін әрі орнын өзінің білімімен ассосация жасау арқылы
меңгеру жеңіл болмақ. Өкінішке орай бүгінгі таңда бұл белгі атаулары қазақ тілінің
қолданысында жоқ. Біз орыс тілден аударылған нұсқаларын қолданамыз. Дегенмен
де, бұл ғалымның жазуда қолданатын тыныс белгілеріне де қазақ ғалымдарының
арасынан алғаш мән беріп, шешімін көрсеткендігі, тіл ғылымының бұл саласында
да ерен еңбек еткендігінің дәлелі.
Қорыта келгенде айтарымыз, қазақ тіл ғылымында тілге қатысты мәселелердің
ауқымды қатарын зерттеп, оның ішінде жазуға түрлі аспектіден қарап, мәнін аша
білген біртуар ғалым, қазақ грамматологиясының негізін қалаушы лингвист – Ақы-
мет Байтұрсынұлы. Бұл жерде мән беретін жағдай грамматалогия термині ең ал-
ғаш тек 1952 жылы ғана ұсынылды. Ал, Ақымет Байтұрсынұлы жазуға қатысты
тұжырымдарын 1912-1928 жылдар аралығында жазып қалдырды. Жазуға жан-жақ-
ты сипаттама беріп, жазу мен сөйлеудің, жазу мен дыбыстың, жазу мен оқудың
баланыстарын нақты айқындап жазып, жазудағы емле жүйелерін бөліп, жазудың
өзін топқа жіктеп, ізбасар шәкірттеріне грамматологияның теорялық негіздерін
қалдырып кеткендігі үшін Ақымет атамыз қазақтан шыққан грамматологияның не-
гізін қалаған алғашқы грамматолог ғалым деп атауға әбден лайық. Бұл мақалада ға-
лымның сөздерін, тұжырымдарын жіктеп көрсету арқылы оқырман қауым Ақымет
Байтұрсынұлының жазу ғылымы саласында жасаған еңбектерінің ерен екендігіне
ендігі жерде еш күмән келтірмейді деп сенеміз.
Қазақтың бірегей тұлғасы, көрнекті ғалым Ақымет Байтұрсынұлының еңбектері
әлі тереңдей зерттеуді қажет етеді. Ғалымның жұмыстарын оқи отырып, осыдан
тура бір ғасыр бұрын өмір сүрген атамыздың білімінің тереңдігі, ойының ұшқыр-
лығы, тілге деген сүйіспеншілігі, тілдің табиғи заңдылықтарына деген беріктігі,
ғылымға деген адалдығы, жан-жақты ізденіпмаздығы, қазақ халқына деген шына-
йы жанашырлығы, еліне деген шексіз махаббаты, мінезінің өткірлігі, өзіне деген
сенімділігі, «Тіл – құрал» арқылы (өзінің айтуы бойынша) қазақ тілін қандай құрал
екендігін тұтас түрінде таныту үшін түрлі бөлшектерін, тетіктерін ұсағын ұсағын-
ша, ірісін ірісінше жүйелі тұрған орнында алып көрсетіп танытқандығы ғалымның
барлық құрмет пен атаққа лайықты екендігіне көзімізді жеткізеді. Ғалымның адал-
дық пен ізденімпаздықты, еңбекқорлықты талап ететін ғылым алаңындағы салған
сара жолы, өмір жолы, аса құнды еңбектері біз секілді келесі замандық із жалғаушы
шәкірттеріне тілге қызмет ету жолында ерекше күш-қуат береді.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: