60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет53/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   179
Пайдаланылған әдебиет:
1. Малбақов М.М. Бір тілді түсіндірме сөздіктің құрылымдық негіздері. – Алма-
ты: Ғылым, 2002. – 367 б.
2. Козырев В.А., Черняк В.Д. Русская лексикография. – Москва: Дрофа, 2004. – 
285 с. 
3. Гак В.Г. О некоторых закономерностях развития лексикографии (учебная и об-
щая лексикография в историческом аспекте) // Актуальные проблемы учебной лек-
сикографии. – Москва, 1977. – С.13-18.


96
АЛАШ ЖӘНЕ ӘДЕБИ СЫН
Төлегенов Т. 
филол. ғ. к., доцент, «Тұран» университеті
Жоғары оқу орындарында қазақ тілін тереңдетілген дейгейде оқитын оқу топта-
рына алаштың абзал азаматтары туралы мәліметтер берілуі тиіс. Алаштың тарихы-
на аттары алтын әріппен жазылған ұлтымыздың біртуар ұлдары жайында өскелең 
ұрпақ тереңірек білулері үшін олардың есімдері, шығармашылығы бағдарламадан 
өз орнын тапқаны дұрыс. 
Жиырмасыншы жылдары қазақ әдебиеті сынының өркендеп қанат жаюына қо-
ғам қайраткерлері де өздерінің айтарлықтай үлестерін қоса отырып, дарындары 
жағынан кәсіби қаламгерлерден кем түспейтін деңгейде көрінді. Олар – Смағұл 
Сәдуақасов, Ыдырыс Мұстамбайұлы, Нәзір Төреқұлов, Ілияс Қабылов, Сұлтанбек 
Қожанов, Шәймерден Тоқжігітов сынды азаматтар. Бұлар негізінен мемлекеттік 
қызметте болғандықтан сынға жиі араласуға мүмкіндіктері аз болды. Солардың 
ішінен өзінің мақалаларының мәнділігімен, өміршеңдігімен, терең ойлылығымен 
жарқырай көрініп, аса белсенділік танытқан, ірі қоғам қайраткері, әдебиет сыншы-
сы Ыдырыс Мұстамбайұлының еңбектеріне ерекше тоқталуды жөн көрдік. 
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалып-
тастыруда олардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту маңызды рөл атқа-
рады. Ыдырыс Мұстамбайұлының еңбектерінде оқушының сөйлеу мәдениеті мен 
қарым-қатынас жасай алуы – тіл дамыту жұмыстары ауыз әдебиетінің үлгілері ма-
қал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды кешенді түрде қолдану арқылы жүзеге асы-
ру жолдарын ұсынған [1]. Ыдырыс сол жылдардағы газет басқармалары не болса, 
соны ойдан шығарып, не біреуді мұқату үшін, көрінген хабарды қойып қалып отыр-
мауын, тілшілердің жазғанын, қолға түскен мәліметтердің сөлін алып отырып жа-
зуын, басуын ескертеді. Уездік, губерниялық, өлкелік газеттердегі жолсыздықтарды 
атай келіп «бұл шен сыйлағандық салдары» екендігін баса айтады. 
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының коммуникативтік құзіреттілігін қа-
лыптастыруда тіл дамыту жұмыстарының бірі – қазақ қаламгерлерінің шығарма-
ларынан алынған үзініділерді ұтымды пайдалана білудің маңызы зор. Қазақ тілі 
сабақтарында көркем шығармалардан алынған үзінділерге тілдік талдау жасату
олардың танымдық мәнін ашқызу оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін, 
сөйлеу мәдениетін дамытып, коммуникативтік құзіреттіліктерін жетілдіреді. Сту-
денттердің дүниетанымын кеңейтіп, коммуникативтік қабілеттерін дамытып, шы-
ғармашылық іскерліктерін жетілдіруде, күнделікті тұрмыста кездесетін кез келген 
мәселелерді тиімді шешу үшін талдау жасай білу қабілетін арттып, өзгелермен ын-
тымақтастық жағдай мен достық қарым-қатынасты орната білу іскерліктерін қа-
лыптастыруда Ыдырыс Мұстамбайұлының шығармаларын пайдаланудың маңызы 
зор. Ыдырыс Мұстамбайұлының – ХХ ғасырдың бас кезіндегі демократтық-ағар-
тушылық әдебиеттің көрнекті өкілдерінің бірі. Ол – Абай салған реалистік дәстүрді 
берік ұстап, әдебиеттің халықтық принциптерін ілгері дамытқан, өз дәуірінің проб-
лемаларына өзіндік үн қосқан қаламгер. 


97
Ыдырыс Мұстамбайұлының өзі де түрлі заң, кеңес қызметінде лауазымды міндет-
тер атқарғанымен, әдебиет, мәдениет, саясат төңірегінде болып жатқан оқиғаларға 
сын тұрғысынан белсене араласып, соның ішінде әсіресе, Абай мұрасын үнемі наза-
рында ұстап, сол кездің қасаң саясатынан қызғыштай қорғады. Ұлы ақынды халық 
санасынан өшіріп, шығармаларын жоққа шығаруға тырысқан шенеуніктер мен кей-
бір қаламгерлер әрекеттеріне аяусыз тойтарыс беріп, дәлелді түрде қарсылық біл-
дірді, ескі атаулы мен көне мұраға тыйым салған Сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйе 
қаһарынан еш қорықпай ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше орны мен 
мән-маңызын жете ашып берді. Қайтпас қайсар өр мінезі үшін де «таймас қара» ата-
нып, 1920-жылдардағы Абай төңірегіндегі әдеби айтыс тартыста ұлы ақын өмірімен 
шығармашылығы жайлы терең білімділігін танытып, биіктен көрінді. 
1926 жылдың маусымында Қазақстандағы ҚазАПП-тың құрылуына Мәскеуде 
пролетариат жазушыларының бүкілодақтық ассоциациясының (ВАПП) құрылуы 
себеп болды. Алайда, бұл ұйым қазақ жазушыларының арасында іріткі туғызды-
рып, олардың жік-жікке бөлініп, топ-топ болып бір-бірімен айтысуына түрткі бол-
ды. Қазақ әдебиетінде де пролетариат әдебиеті атанған жаңа ағымның пайда болуы 
сол кездегі айтыс-тартысты одан әрі қыздыра түсуге себін тигізді. 
Ыдырыс Мұстамбайұлы «Сын мен баспасөз туралы» [2] мақаласында сол кездегі 
«өзара сынды күшейтудің бір жолы баспасөз арқылы істеген істің жөнін айтып ең-
бекшілер жұртшылығының алдына салып таныстырып отыру» екендігін айта келіп, 
қазақ газеттерінің кемшіліктеріне тоқталады: «Біздің ішімізде қазақ газетінің атта-
рын білмейтін «сабаздар» да жоқ емес. «Менің білгенімнен артық нені жазады» деп 
қазақ газеттерін оқымайтынын «мақтаныш» қылып, «білгендігін» көрсететіндер де 
табылып қалады. «Мені біреу не мақтап, не боқтап жазған, болмаса, менің мақалам 
басылған санды жіберіңдер» деп жүретіндер де табылады... Қазақша білмеймін ғой, 
орысша жазайын деп өтінетіндер де бар. Тіпті кейде сол орысша жазғандарын орыс 
газетіне бере салып, ертең онда басылып шаққан соң, «ана мақаламды аударып ба-
сыңдар» деп қолқа салып түстен кейін мөңірейтіндер де бар... «Өз тілін өзі ұмытып 
кетіп, қазақша сауатын ашуды міндетім» деп білмейтін сауатсыздар да бар. Керек 
десе, жарнама байланыстарын орыс газетіне ғана бастырып «үнем» қылатындар да 
бар. Баспасөзге қатынасу – жұртшылыққа қатынасу... Бұл жұмысымызға кіресерде 
мұндай қылықтарды жіпке тізе айта отыру керек» дей келе, «не көп газетке басы-
лып жатқан жолсыздықтар көп» [2] екенін айтады. 
Ыдырыс сол жылдардағы газет басқармалары не болса, соны ойдан шығарып, 
не біреуді мұқату үшін, көрінген хабарды қойып қалып отырмауын, тілшілердің 
жазғанын, қолға түскен мәліметтердің сөлін алып отырып жазуын, басуын ескерте-
ді. Уездік, губерниялық, өлкелік газеттердегі жолсыздықтарды атай келіп «бұл шен 
сыйлағандық салдары» екендігін баса айтады. Ол кездегі алаш ұлдарының қазақ 
ұлтының мүдесіне қатысы бар қандай ірі мәселелер болмасын, бел шеше араласып, 
белсенділік танытқанын қазір көптеген зиялыларымыз жазып, зерттеп жатыр. Со-
лардың бірі, ұлтының біртуар азаматы Ыдырыс Мұстамбайұлы да өзінің «Түркіс-
тан – Сібір жолы» [1, 2] атты еңбегінде сол кезде жүргізілген ірі құрылыстың бірі 
«Түркісибке» жан-жақты экономикалық талдаулар жасайды. 


98
Ыдырыс, басқа да кемшіліктерді атай келіп, баспана мәселесіне де арнайы тоқта-
лып өтіп, құрылыс материалдарын үнемдеуге, тиімді жақтарын қарастыруға да көп 
көңіл бөлген. Сондай-ақ, тағы бір кемшілік мынау деп Ыдырыс: «Жұмыста ешқан-
дай жүйелілік жоқ екендігін, қолда бар құрал жабдықтарды, техникалардың дұрыс 
пайдаланылмайтындығын, жұмыстың өнімсіздігін, оның себебі қолдағы барлық 
нәрсенің есебін білмегендік» екендігін, оның барлығының атасы «бассыздық, тәр-
тіпсіздік» [1] деп тұжырымдайды. 
«Қандай шаруашылық болмасын, әсіресе Түркісиб секілді үлкен өндіріс жұмы-
сында есеп жұмысының тәртібі нығаймай іс өнбейді. Ақша ұстау мәнісі де осындай» 
деп Ыдырыс істің бетін аша отырып, заңсыздықтарға тоқталады. «Балық басынан 
шіриді» демекші, енді Ыдырыс «Түркістан-Сібір» темір жолының басқару әкімші-
лігі ретіндегі, кеңсе тәртібіндегі кемшіліктерге баса назар аударады. Қазақ елінің 
келешегі үшін, барлық істерге бел шеше кірісіп, халқының болашағы жолында жан 
аямай еңбек еткен елінің нағыз ұлтжанды ұлдарының бірі Ы. Мұстамбайұлының 
қай еңбегі болмасын терең зерттелініп келешек ұрпаққа ұсынылуы тиіс. Өйткені 
оның қазіргі таңдағы экономикамыз үшін маңыздылығы, құндылығы жағынан да 
қымбат екендігі даусыз. 20-жылдардағы қазақ әдебиетіндегі сыни пікірталастарға 
кеңестік идеология қаншама араласып, өзіндік ықпалын жүргізіп бақса да, Ыдырыс 
нағыз зиялы ретінде ұлт мүддесін барынша қорғап бақты. 
Әдебиет сыншысы ретінде Ыдырыс Мұстамбайұлы ақын-жазушылардың ой-
шылдығы туралы пікірталасқа да белсене араласып, өзіндік ой-талғамымен терең 
білімділігін таныта білген тарихи тұлғалардың бірі. Сыншының 1920 жылдардағы 
әдеби айтысқа белсене қатысып, батыл пікір білдіруінен оның үлкен дайындықпен 
келгеніне қоғамдық ой мен әдебиет ғылымынан мол хабардар екендігіне оның «Н. 
Г. Чернышевский» [3] деген мақаласы айғақ бола алады. Бірақ Чернышевскийлер-
дің қателері болса да, заманына қарай сөзсіз ірі кісі екендігін, Чернышевскийдің 
пікірін тексеру үшін Маркс әдейілеп орыс тілін үйренгенін, Маркс Чернышевский-
дің ірілігін айтып бұрынғы пәлсапашылардың көбінен артық көріп мақтап кеткенін 
айта келіп, Чернышевскийдің Маркстен бұрын өткендігін, Фейербахты, Гегельді 
әбден жақсы білгендігін, бұлардан тәлім алғандығын, әсіресе өле-өлгенше Чер-
нышевский Фейербахтың шәкірті затшылдық негізін қолдағандығын ескереді. Өз 
ортасынан озық шығып, өз заманындағы ұлы тұлғалардың біріне айналған Черны-
шевскийдің философиялық еңбектерімен қатар, әдебиет мәселелеріндегі туынды-
лары да құндылығымен бағалы. 
Қорыта келе, ХХ ғасырдың 20-жылдарында кеңестік идеологияға сай келмейтін 
туындылар қатты сынға ұшырағандықтан, Абай дәстүрінің дамуы, жалпы адамзат-
тық ортақ мәселелер әдебиет тарихында өз шешімін таба алмады. Әдеби туынды-
лар, жеке қаламгерлердің көзқарасы әдебиеттің партиялығы туралы В. И. Лениннің 
теориясы шеңберіндегі өлшеммен өлшенгендіктен, қазақ әдебиеті өзінің табиғаты-
нан, даму заңдылықтарынан айырылып, жаппай науқаншылдық өріс алды. Десек 
те, кеңестік дәуірде қазақ әдебиетінің тарихы күрделі де, қайшылықты жағдайларға 
толы болғанымен, сонымен бірге бұл дәуір қазақтың ұлттық мәдениеті мен әдебие-
тінің өсу, өркендеу жолында айтарлықтай жаңалықтар әкелген кезең болғаны да 


99
даусыз. Соның ішінде, жиырмасыншы жылдары екі дүркін айтыс болған абайтану 
ғылымында да әдебиеттанушылардың, қоғам қайраткерлерінің айтарлықтай қос-
қан табыстары болды. Абай мұрасын қорғап қалуда үлкен қажыр-қайрат танытқан 
көрнекті қоғам қайраткері, әдебиеттанушы, сыншы Ыдырыс Мұстамбайұлының да 
абайтанушылардың қатарында өз орнын алары сөзсіз. Оның әсіресе, Абай мұрасы-
на қарсы шыққан І. Қабылұлының мақаласына екі тілде бірдей жауап жазған мақа-
ласының әдебиеттану ғылымындағы орны ерекше. 
Жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиетіне саясат мәселесінің кірігу себебі ел 
басындағы қоғам қайраткерлерінің көпшілігі әдебиетпен айналысқандығынан бол-
са, бір жағы ұлт-азаттық қозғалысының басшыларының өзі әдебиетшілер еді. Сол 
себепті, саяси майданда да негізгі тақырыптардың бірі әдебиет мәселесі болды. Сол 
кездегі кейбір солақай саяси жағдайларға бейтарап қарай алмаған алаш азаматта-
рының бірі ретінде қоғам қайраткері Ыдырыс Мұстамбайұлы да белсене аралас-
ты. Семей қаласында өткен атаман Анненковтың сотында қоғамдық айыптаушы 
ретінде қатысқан Ыдырыс шешендігімен көзге түскендігі өз алдына, тіпті зұлматты 
жылдарда бірінші хатшы болған Голощекинге де қаймықпастан өз пікірін айта біл-
ген, қашанда болсын ұлт мүддесін бәрінен де жоғары қойған. Әсіресе, 1920-жыл-
дары көркем әдебиет жайлы болған пікірталаста өзінің құнды пікірлерімен көзге 
түсіп, әділ көзқарасымен танылды. Айтар болсақ, қаламгер «Біздің таластарымыз» 
атты мақаласында көркем айтыс жайындағы өзіне баға беруден бастап, пікірталас-
қа қатысушылардың ойлау жүйесі мен ойын жеткізу қабілетінің қай деңгейде бол-
ғандығын, олардың айтыс кезіндегі мінез-құлықтарына да баға береді. Бұл жердегі 
басты себеп кейбір әдебиетшілеріміздің сол кездегі қызыл идеологияның жетегінде 
кетуінде еді. Олар өздерінің қарсыластарына тойтарыс беру үшін, сол жылдардағы 
ресми идеологияның барлық қаруларын түгелдей жұмсап бақты. Олар өздеріне сын 
айтқан адамдарға «ұлтшыл-байшыл» деген саяси айып таға салуға дайын тұрды. 
Ал, ол кездері халық баспасөз бетіне жарияланған мақалаларға қатты сенетін. Де-
генмен, жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихындағы әдеби пікір-
таластар тек әдебиеттің ғана емес, қазақ қоғамының барлық саласына да өз әсерін 
тигізді. Сондай-ақ, Ыдырыс Мұстамбайұлы өзінің «Көркем әдебиет туралы» атты 
мақаласында «қазақ елінің көркем әдебиеті қашаннан басталатындығы» туралы пі-
кірталасқа қатыса отырып, нағыз ұлт әдебиетінің тууын Абайдан бастайды да, орыс 
әдебиеті Пушкиннен басталса, қазақ әдебиеті Абайдан басталуға тиіс деген дұрыс 
шешімге келеді. Сол кездегі әдеби ағымдар жайлы пікірлерінен де өзгелерден өзге-
ше өзіндік көзқарасты анық байқаймыз. 
Ы. Мұстамбайұлының көркем әдебиет, өнер туралы, жалпы мәдениет жайында 
жазған мақаларынан оның жан-жақты терең білімді, аса парасатты, кең ақылды, 
алғыр ойлы, әділдік, шындық жолынан таймайтын қажырлы, қайсар қайраткер еке-
нін көреміз. Әсіресе абайтану мәселесіне сіңірген, мол еңбегін ешқашан маңызын 
жоймайтын баға жетпес құнды мұра деп білеміз. Ы. Мұстамбайұлы өзі де түрлі 
лауазымды қызметтер атқарғанымен, Абай мұрасын үнемі назарда ұстап, сол кездің 
солақай саясатынан жанын сала қорғады, ұлы ақынның асыл қазынасын халық са-
насынан өшіріп, шығармаларын жоққа шығаруға тырысқан, шолақ белсенділер мен 


100
қасаң саясат жетегінде кеткен кейбір қаламгерлер әрекеттеріне батыл тойтарыс бе-
ріп, дәлелді түрде қарсылық білдірді, ескілік атаулы мен көне мұраға тыйым салған 
Сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйе қаһарынан еш сескенбестен, ұлы ақынның қазақ 
әдебиеті тарихындағы ерекше орны мен мән-маңызын жете ашып берді. Ыдырыс 
Мұстамбайұлы ақын шығармаларын жан-жақты талдай келіп, Абайдың ұлылығын 
танып қана қоймай, батыл түрде тұңғыш рет қазақ поэзиясының биік шыңы деп 
бағалады. 
1920-жылдары халық санасынан Абай мұрасын өшіріп тастауға бағытталған сая-
си теріс жолға түсіп кеткен кейбір қаламгерлеріміз ақынның шығармашылығына 
айтарлықтай қауіп төндіріп, ақынның әрбір өлеңдерінен қызыл идеологияға жат 
пиғыл іздеп қана қоймай, өз басына тиісе келе, бүкіл шығармашылығын мансұқ 
етуге тырысқан кезде, озық ойлы алаш азаматы ретінде Ыдырыс Мұстамбайұлы да 
бұған немқұрайлы қарап қалмай Абай мұрасын қорғауда ерекше атсалысып, бел-
сенділік танытты. Өзінің дәлелді туралы пікірлерімен терең білімпаздықтың, ас-
қан парасаттылықтың, кемеңгерліктің биігінен көрінді. Ешқашан мән-мағынасын, 
маңызын жоймайтын құнды еңбектерін қалдырды. Сондай-ақ, Ы. Мұстамбайұлы 
поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, аса көрнекті ақын Мағжан Жұмабаевтың 
басына қауіп төнген жылдарда да басын бәйгеге тігіп, ақынды пәле-жаладан араша-
лап қалуға араласып, мақала жазуы да ерлікпен пара-пар еді. 
Қорыта айтқанда, Ыдырыс Мұстамбайұлы біріншіден сыншы ретінде 1920- жыр-
дардағы көркем әдебиет туралы пікірталасқа белсене арасып қана қоймай, сол жыл-
дардағы солақай саясаттың ықпалына түспестен, ұлттық мүддені жоғары қоятын 
берік ұстанымынан таймай, өзіндік батыл пікірлерімен көзге ерекше түссе, екінші-
ден ұлтымыздың рухани байлығы, әдебиетіміздің темірқазығы Абай шығармашы-
лығын жоққа шығаруға тырысқан кейбір қаламгерлердің теріс пиғылды мақалала-
рына батыл түрде тойтарыс беріп қана қоймай, абайтануға қосқан өзіндік салиқалы 
да, салмақты ойлары мен зерттеу мақалаларының үлесі зор. Үшіншіден, Ыдырыс 
Мұстамбайұлының зұлматты жылдарда алаштың саңлақ ақыны М. Жұмабаевты ке-
ңестік идеологияның айыптауынан арашалап алып қалуға тырысып жазған мақала-
сының да мағжантануда алар орны бар деп есептейміз. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет