gül– роза гүлі. Абу Хайин бұл сөзді жек бермей гүлаф сөзінің бір көрінісі ретінде
ғана берген (
ҚТТС: Түрлі-түсті, үлбіреген хош иісті өсімдіктің жалпы аты. 180 б).
gülaf– роза гүлінің сөлі. Абу Хайиан бұл сөздің дұрыс варианты гүлаб түрінде
екендігін гүл+аб қосындысы екендігін ескерткен.
käşür – cәбіз; Абу Хайиан, « فْтаңбасы арқылы берілуі сөздің парсы негізді
екендігін дәлелдейді», деген. Ал Хасан Ерен болса «бұл сөзді Махмұт Қашқари
парсы тіліндегі ғазар сөзіне тән» деп ескерткен. Хасан Ереннің пікірінше бұл сөз
Оғыз түркілеріндегі гешүр сөзінің түбірі бола алмайды (
ҚТТС: қызғылт сарғыш
түсті, тәтті дәмді біржылдық бақша өсімдігі. 718б.).
qaγıt – қағаз. Абу Хайиан бұл сөздің «түрікшеленіп» кеткенін айтады (ҚТТС:
1. Жазуға, бір нәрсе орауға арналған жұқа зат. 2) ауысп. қолжазба, газет-журнал,
кітап; 3) ауысп. белгілі бір мекеменің мөрі басылып, қол қойылған құжат, куәлік.; 4
ауысп. қағаздан жасалған, қағаздан істелген. 446 б.).
qarpuz –қарбыз. Абу Хайиан бұл сөзді парсыша кірме сөз деген (ҚТТС: Домалақ
келген, қабығы қатты, тәтті шырынды бақша дақылы; дарбыз. 484 б.).
mıqla- / mıχla лексемасы. Мағынасы: шегелеу, шеге қағу. Абу Хайиан бұл сөзді
парсыша мыхла формасындағы лексема деп бағалап көбінесе мыхла(мақ) – мыхла(у) формасында кездесетіндігін ескерткен.
nävruz–наурыз: көктемде ең алғашқы болып бүршік ататын гүлдің бір түрі. Абу
Хайианның айтуынша парсы сөзі(
ҚТТС: Жыл басы, жаңа жыл. 614 б.).
127
päуnir –сүзбе, қатық. Түркімен тілінде бәйнір түрінде айтылады. Абу Хайиан
парсы тілінен кірме екендігін айтады (
ҚТТС: Айраннан сүзіп алатын қою тағам,
қатық. 748 б.).