60х84 1-8 Сарыбаев indd


ТҰРАҒҰЛ АБАЙҰЛЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІН ЗЕРЛЕГЕН ТҰЛҒА


бет68/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

ТҰРАҒҰЛ АБАЙҰЛЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІН ЗЕРЛЕГЕН ТҰЛҒА
Ахмет Ә. 
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Грамматика бөлімінің кіші 
ғылыми қызметкері, магистрант
Биыл ғұлама Абайдың өмірге келгеніне 175 жыл толды. Ел іші-сыртында әлем 
таныған Абайды еске алудың ірілі-ұсақты игі шаралары өтіп жатыр. Қалай деген 
күнде де осы ауқымды шаралар аясында, ұлы Абайдың нақты болмысын, ұлы ұс-
танымын ғылыми тұрғыда сараптап алатын «алтын дәуірдің» жеткені анық. Ұлы 
Абайдың мұраларын түгендеуде, ғұламаның отбасын, ұрпақтарын, әулетін, төңіре-
гіндегі ықпалды болған тарихи тұлғаларды жан-жақты зерттеудің маңызы зор. Бұл 
туралы біршама зерттелгені белгілі. Дегенмен, Абай мұраларын алғышқы болып 
түгендеушілердің бірі, алашорданың да белді мүшесі болған, қазақ руханиятынан 
ойып тұрып орын алуға тиісті бірегей тұлға, Абайдың үміт артқан ұлы – Тұрағұл-
дың еңбектері екшеле қойған жоқ. Тұрағұл туралы азды-көпті мақлаларды басы-
лымдардан кезіктіруге болады. Дегенмен, ардақты қоғам қайраткерінің аты бүгінгі 
қазақ қоғамына бейтаныстау екенін амалсыз мойындаймыз. Тұрағұл Абайұлының 
өмірбаянын Абай Энциколпедиясындағы жазылған дерекке сүйеніп жаза кетейік: 
Турағұл Ибрагимов
1
(1876-1934) – Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған бала-
сы, ақын, аудармашы. Жасында ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан. Кейіннен өз-
дігінен ізденіп орысша, арабша оқып, білімін жетілдірген. Турағұл 1904 жылы Кү-
шік-тобықты еліне болыс болып сайланып, 1905 жылы өз арызы бойынша болыс-
тықтан босатылған. 1916 жылы болыс сайлауында Шыңғыс елінің болысы Біләл 
Құнанбаевқа кандидат болып сайланған. 1917-20 жылы ол Семей өңіріндегі алаш 
қозғалысына белсене араласып, әр түрлі жауапты қызметтер атқарған. Турағұл бала 
жасынан әкесінің қолында тәрбиеленген. Сондықтан да Абайдың әрбір өлеңі қай 
кезде қалай жазылғанын және кімге арналғанын жақсы білген. Кәкітай Ысқақұлы-
мен бірге 1909 жылы Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Петербургте бастырып 
шығарған. 1927 жылы Қазақ АССР білім комиссариатына тапсырған толық қолжаз-
ба жинақтың ғылыми құндылығы аса жоғары дерек көздері болып табылады. Ту-
рағұлдың соңғы аталған еңбегі бүгінде Қазақстан Республикасының мемлекетінің 
Орталық музейінде сақтаулы. 
Турағұлдың Абай мұрасын жинастырып бастыруда аса құнды мағлұматтар жа-
зып, ақын шығармаларының текстология әуелгі түпнұсқаны қалпына келтіруде 
абайтану ғылымына үлесі зор. Ол А. М. Горькийдің «Челкаш» әңгімесін тұңғыш 
рет қазақ тіліне аударып («Таң» журналы, 1924, №3, 4)бастырған. А. Неверовтың 
«Мен өмірге жерікпін» (Москва, 1927), Джек Лондонның «Балалық туралы ертегі» 
(1927) және «Балалы әйел не білу керек» (Москва, 1927) деген ғылыми- медицина-
лық кітапшаны аударып, бастырып шығарған [1]. 
Зиялы қауым бүгінгі таңда Тұрағұлды «Әкем Абай туралы» атты естелігімен та-
ниды. «Шелкәш» (Челкаш) атты аудармасы Б. Байғалиевтің құрастыруымен жеке 
1
Турағұл Ибрагимов - Абай энциколпедиясында осылай берілген. 


129
кітапа болып (1993) шықты [2, 3]. Сондай-ақ, абайтанушы Қайым Мұқамедханов-
тың бірнеше томнан тұратын «Абайдың ақын шәкірттері» атты жинағына да Тұра-
ғұл өлеңдері мен аудармалары енген [1]. Республикалық үлкенді-кішілі басылым-
дар мен сайттардан Тұрағұлдың өмірі мен атқарған қызметтері туралы жазылған 
деректерді, мақалаларды табуға болады. Осы орайда ағайынға Тұрағұл еңбектері 
туралы бір жағымды жаңалықты да қоса кеткеніміз жөн секілді. 
2018 жылдың желтоқсан айында А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инсти-
туты «Алашорда» қоғамдық қорының атқарушы директоры Сұлтан Хан Жүсіптің 
бас болуымен ХХ ғасыр басындағы бірнеше ғалым, қайраткердің кітабын баспадан 
шығарды. Ф. ғ. д. Орынай Жұбаева жетекші болып істеген бұл ауқымды еңбек ар-
қылы Елдес Омарұлының үш томдығы, Қажым Басымұлының, Ахмет Мамытұлы-
ның, Тұрағұл Абайұлының аудармалараы, зерттеулері, ғылыми мақалалары бір-бір 
кітап болып басылып, 5000 данамен шыққан болатын. Бұл шүйіншілі хабар сол 
кезде БАҚ беттерінде жарияланған болса да, аталған ғалымдар жөнінде тың зерт-
теулер бастала қоймаған тәрізді. Тұрағұл Абайұлының осында аталған кітабы ға-
лымның әдеби және ғылыми аудармалары біршама толық енген жинақ саналады. 
Атап айтар болсақ, аталған кітапқа автордың А. М. Горькиден аударған «Челкаш» 
атты әңгімесі, Джек Лондоннан аударған «Баланың ерлігі», А. Неверовтен аударған 
«Мен өмірге жерікпін», «Ортақшыл Мәрия» әңгімелері, Г. Н. Спернаскийден аудар-
ған «Балалы әйел не білу керек», А. Б. Белицерден «Қолдағы малдың, құстың құрт 
ауру болмағының жайы», Пиридолин С. П. «Мал шаруасының насихаттары» т. с. с. 
аудармалары, «Әкем Абай туралы естелігі» енген [2, 5]. 
ХХ ғасыр басындағы көркем әдебиеттерден тыс, аудармалар мен құрастырылып 
жазылған кітаптардың тілі тұтасымен құнарлы әрі шұрайлы болып келеді. Ұлт ұс-
тазы Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлының еңбектері, 
Ілияс Жансүгіровтың, Бейімбет Майлинның аудармалары тұнып тұрған қазақы тіл 
қамбасын көзге алып келеді. Жоғарыда аты аталған Елдес Омарұлы, Ахмет Мамы-
тұылы, Қажым Басымұлы және Тұрағұл Абайұлының еңбектерін баспадан шығару 
ісінің басы-қасында болып, төтеше жазумен шыққан кітаптарын түпнұсқадан оқып, 
қазіргі қазақ жазуына қотару барысында біздің де көзіміз осыған жетті. Мақаламыз-
ға арқау болып отырған Тұрағұл аудармаларында шешендік сөз саптаудың түр-түрі 
кездеседі. Абай баласы Тұрағұлдың орыстың жазба әдебиетімен қатар, ауызекі тілі-
не де жүйрік болғанын растайтын естеліктер бар. Атап айтар болсақ, Абайдың үзең-
гілес шәкірті болған Көкбай ақынның (Жанатайұлы) естеліктерінде, бірде Абайдың 
орыс досымен бірге, Тұрағұл, Көкбай үшеуі сапарлас болғанда, Тұраштың
2
орысша 
шешен сөйлегеніне таң-тамаша болғанын айтады [3, 96]. АлТұрағұлдың архивтен 
табылған орысша қолжазбасын қолымызға алғанымызда, бірегей тұлғаның жазуы-
ның маржандай екенін көріп, тәнті болған да едік. Әрине, әлемге Абайдай ұлды 
әкелген әулетте туған, төңірегінде кілең ғылым мен өнердің бел ортасында жүрген 
қайраткерлермен дос болған, оның үстіне қазақ тілінің қаймағы бұзыла қоймаған 
дәуірде дәурен сүрген Тұрағұлдың тілі неге көркем болмасқа? Бұл заңды да. Деген-
мен, өзіне тартып ұл туғызған Абайдың айбоз ұлының шығармашылқтағы өзіне тән 
2
Тұраш – замандастары Тұрағұлды солай атаған. 


130
стиліне үңіліп, жан-жақты зерттеулер жүргізу тұрағұлтану ісін ілгерілетуде кем болса 
болмайтын игі жұмыс болмақ. Біз бұл мақаламызда ақын, аудармашы Т. Абайұлының 
аударма еңбектерінде кездесетін бүгінгі қазақ тілі қолданысы жөнінен алғанда көнерің-
кіреп бара жатқан сөздерді мүмкіндігімізше екшеп көрмекпіз. 
Ең әуелі, қалам иесінің төтеше жазумен жарық көрген шағын бес кітабының қай-
қайсысында да автордың аты Тұрағұл емес, «Абайдың Тұурауылы» деп жазылған. Қа-
ламгердің азан шаырып қойған аты Тұрағұл болса, қалайша «Тұурауыл» деп жазғанын-
да да аз-кем сыр бар болуы мүмкін. Шындықты, ақиқатты, туралықты ту еткен ғұлама 
Абай, тура ұл болсын деп, баласына «Тураұл» деп ат қоймасына кім кепіл? Біртіндеп 
дыбыстық өзгкріске ұшырап, Тұрағұл болып кетсе де, әке аманатына тумысынан адал 
болған Тұраш ресми басылымдарға әдейі «Абайдың Тұурауылы» деп жаздырған болуы 
да мүмкін. Өткен ғасырда қазақ зиялыларының көбі түрлі-түрлі қаламаттар (бүркеншік 
есімдер) қолданғаны белгілі. Ал, осыған дейін біз қол жеткен материалдардан Тұрағұл-
дың қаламаты болуы мүмкін бүркеншік есім кезіктіре алмадық. Бұл тұрғыдан алғанда, 
«Абайдың Тұурауылы» деп жазу арқылы автор өзін шығармашылықта осындай болар-
болмаса өзгешелеу атауды қалаған болуы да ықтимал. Мұның анық-қанығын ғалымдар 
анықтай жатар. 
Тұрағұл еңбектерін ақтарып отырып, көзімі шалып қалған өзгеше сөздер мен тіркес-
терді естелікке алып отырдық. Кейбір сөздер қазіргі қолданыста мүлде кездеспейді. Ал, 
кейбір сөздер қазіргі қолданыста болғанымен, өткен ғасырдағы мағынасы басқашалау 
болғанына көзіміз жетеді. Сондай-ақ, кей сөздерде аймақтық, жерлік ерекшеліктер кез-
деседі. 
Оқырманға түсініктірек болуы үшін, біз Тұрағұл Абайұлының аудармаларында кез-
дескен өзгеше сөздерді кесетелер арқылы көрсеттік: 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет