6-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Кокцидия мен безгек плазмодиясының даму циклі.
Патшалық тармағы Protozoa – Қрапайымдылар
Тип Sporozoa – Споралылар
Класс Coccidiomorpha – Кокцидия тәрізділер
Отряд Coccidiida – Кокцидиялар
Өкілі Eimeria sp. – Эймерия
Отряд Haemosporidia – Қанды споралылар
Өкілі Plasmodium sp. – Безгек плазмодиясы
Мақсаты:Споралылардың даму циклімен танысу.
Тапсырма:Омыртқалы жануарлардың ішкі клетка паразиттерімен танысып, даму циклдеріне талдау жасау.Ұрпақ алмасуына көңіл бөлу ( жынысты және жыныссыз көбеюдің кезектесіп отыруы).
Құралдар:Тұрақты гистологиялық препараттар (безгек плазмодиясы бар қан тамшысының жағындысы, қоянның кокцидиялар мен зақымданған ішегінің кесіндісі).
Тапсырмаға түсініктеме:Тұрақты препаратты пайдаланып, қоянның зақымданған ішегінен кокцидияларды тауып, кокцидияның даму кезеңімен танысып, суретін салу (шизогония, гаметогония,спорогония). Даму циклінің жалпы схемасын салу.
Иммерциялық объектив көмегімен (90х) қанның жағындысынан безгек плазмодиясымен жараланған эритроциттерді табу.Безгек плазмодиінің даму циклімен танысып, суретін салу.
Сұрақтар:
1.Споралылардың даму циклі қандай сатылардан тұрады?
2. Споралылардың қай өкілдерінде ие алмасу болады?
3. Споралылардың даму циклінде қай кезең басым (гаплоидты ма әлде диплоидты ма?)
4.Клетка ішкілік және ішкі паразитизм туралы түсінік беріңдер.
5.Грегариналар, кокцидиялар және қанды споралылардың даму циклдерінің ұқсастығы мен айырмашылығы?
7-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Инфузория туфелькасының құрылысы және кірпікшелілердің алуан түрлілігі.
Патшалық тармағы Protozoa - Қарапайымдылар
Тип Ciliophora –Инфузориялар
Класс Ciliata –Кірпікшелі инфузориялар
Отряд үсті Oligohymenophora –Олигохименофора
Отряд Hymenostomata-Хименостомата
Өкілі Paramaeciumcaudatum-Инфузория туфелькасы
Отряд Paritricha- Шеңбер кірпікшелілер
Отряд тармағы Sessilia –Бекініп тіршілік ететін кірпікшелілер
Өкілі Vorticella sp.-Сувойка
Отряд үсті Polyhymenophora -Полихименофора
Отряд Heterotricha – Әртүрлі кірпікшелілер
Өкілі Stentor sp.-Стентор
Отряд Hepotricha – Бауыр кірпікшелілер
Өкілі Stylonichia sp.-Стилонихия