8-дәріс. Салт-дәстүрдің теориялық және діни негіздемелері мен оның ағартушылық арналары Дәстүр латынның «trаditiо»



бет4/32
Дата09.05.2022
өлшемі0,57 Mb.
#33136
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Дәрістер Дін және діни культтік тәжірибелер Кусаинов Д.У.

Мәңгілік нұры сөнбейтін,

Ешнәрсе тең келмейтін

Шұғыла шашып жылжыған

Ұлы күнге бұл дұғам.

Күн қызуын төккенде,

Жер ынтыға өпкенде

Жүз мың құдірет секілді

Ғажабы бар не түрлі

Ұлы күн бақыт береді

Оған ғалам сенеді – деп қол жайып Тәу ететін болған. Мұнан да құдіретті, бұдан да орасан айбынды, сол күн мен айды Жаратушы күш бар екенін түйсікпен сезіп, оны Тәңірі деп танып келген дала түркілері Алла сөзін естігенде одан өзіне бұрыннан етене таныс тылсым күш барлығын сезінбей қалған емес. Замандар өте келе діндер де ақиқатқа қарай біртіндеп жақындай бастағаны, ескі наным-сенімдердің орнына кітапты дінге бет бұру орын алды. Сол байырғы діндердің бір тармағы ретінде болып дала түркілері Тәңірлік сенімді сақтап қалды. Оның өзегінің өзі ислам дініне өзгелерден көрі үндес, тек Бірлікті ғана, Жаратқан Иенің барлығына және біреу ғана екенін мойындайды. Осыдан келіп ислам қағидаларының біздің ата-бабаларымыздыың ұстанымына жат көрінбегені қалыпты жағдай. Сонымен бірге, ислам діні жаңа жерлерде мейлінше тамыр жайып, тез сіңісіп кетуіне сол жердің өзінен-ақ табан тірерлік имандық, тұрмыс-салттық немесе біршама рухани үндестіктердің табылуына байланысты.Тарихи мұраларға жүгініп көрелік. Мысалы: тізілген 16 барыстың, екі көкбөрінің және құс қарғанның бейне-мүсіндері қолдан құйылған Тәңірлік наным-сенімнің «Ерменсайдан» табылған таңғажайып «таған-шырақ» ескерткіші жөнінде болжам мен топшылаудың сыры нені меңзейді?

Ислам діні келмей тұрғанда Алатау баурайындағы таңғажайып табиғат аясы сол кездегі ежелгі Тәңірлік наным-сенімнің ғибадат құлшылық қылатын және құрбандық шалатын қасиетті орны болған екен. Осылай деп айтуға дәлел әрі негіз бар. Яғни, ертеде адамдар Олимп тауында, Тибеттегі Шамбола шыңы етегінде және Ганга өзені жағасында Тәңірге қалай табынса, ерте дәуірде Тәңір тау атанған Алатау аясында да сол сияқты діни ғұрыптарды жалғастырып, құрбандық шалған және абыздар аспанға қарап айғайлаған. Шамандық дінінің сәуегейлері, абыз көріпкелдері Тәңірмен тілдесіп, ғарыштан дауыс естіп, кереметтер көрсеткені күмән тудырмайды. Мұны дәлелдейтін дерек пен таңғажайып оқиға Алатау бөктеріндегі «Ерменсай» елді-мекенінде 2002 жылы ақпарат құралдары арқылы әлемге тарады. Ауыл шаруашылық мәселелерімен айналысатын Балтабай деген азамат үйінің ауласында жер қазып жүріп, ойламаған жерден ғажайып олжаға кезігеді. Тәңірлік наным-сенімнің ғажайып ғұрыптық заттарын тауып алады. Он алты барыстың, екі бөрі мен құс қарғаның мүсіндері бедерленген, қоладан құйылып әшекейленген «таған-шырағдан» – тарихшыларды қайран қалдырды. Бұл заттар бір алып адамның сүйегімен бірге көмілген екен. Кім екенін айту қиын, аты-жөнін анықтау мүмкін емес адам қаңқасын ғалымдар Тәңірлік наным-сенімнің абызы, бақсы-сәуегейі деп топшылады.

Жалпы, ежелгі діндерге байланысты ғалымдардың ой-өресі жете бермейтін тылсым құпия, жұмбақ дүние әлі көп. Осы жерде олжаға байланысты болған тосын оқиғаны да еске ала кетсек артық болмас. «Тәбәрік ескерткішін» (16 барыс) академияға әкетіп, зерттеймін деп дау-дамайға, талас-тартысқа жол берген ғалым аяқ астынан марқұм болып кетті. Ал, олжа иесі де неше түрлі шытырман оқиғаларға тап болып, жол апатына түсіп, әйтеуір аман қалды. Сөйтіп, соңында белгісіз әулие абыз, бақсы-машайық сүйегі биік дөңнің үстіне қазіргі діни ғұрып салты бойынша қайта жерленді. Ас беріліп, дұға оқылды. Барлық дін о баста Тәңірлік наным-сенімнің көзі де сонда емес пе? «Ерменсайдағы» Тәңірлік наным-сенім заттарына және адам қаңқа сүйегіне байланысты неше түрлі әңгіме-аңыз, шытырман ертегіде шек болған жоқ. Аян алатындар мен түс арқылы көріпкелдік жасайтындар қиял-ғажайып әңгімелердің түр-түрін шығарып, оқиғаны аңызға айналдырып жіберді. Уақыт өте бәрі сап тыйылды. Қаңқа сүйектің қабірден қалай шыққанын Балтабай Мәскеуде жүргенде түсінде көрген оқиға бойынша түсіндіреді. Өң мен түсті сенімді үйлестіріп сөйлейді. Дегенмен, кейде ақылға сыймайтын деректерді де келтіріп, Нұх пайғамбар кезіндегі діни-мифтік аңыздарды алға тартады. Бізді мазалайтын нәрсе «қаңқа-сүйек» – адамның тегі кім? Қазақ па, қалмақ па, әлде, шүршіт пе? Бұдан 2000 жыл бұрын Жетісу өңірінде Үйсін мемлекетінің өмір сүргенің еске алсақ, адам қаңқасы сақ-үйсін абыз бақсыларының Тәңірмен тілдесетін ең атақтылары бірінің сүйегі деп батыл жаңылыс сөйлеген кездері де болды. Батыр емес, патша емес, ежелгі Тәңірлік наным-сенімнің әсірелеп айтсақ, «пайғамбарының» Алатау баурайында өмір сүріп, дүниеден озғаны қайран қалдырады. Наным-сенім тарихында бұл әлемдік тосын оқиға, құбылыс. Арнайы археологиялық зерттеулер кезінде емес лақаттан өзі шыққан абыздың күні бүгінге дейін рух жанының тірі екені таң қалдырады. Өйткені, Тәңірлік наным-сенім бойынша жан кеудеден шыққан соң ғарыш кеңістікте көзге көрінбей елес болып жүретіні және пенделердің түсіне кіретіні ежелден айтылып келе жатқан нәрсе. Әруақ сүйегі жер бетіне шығарда Балтабайдың түсіне оның кіргенін жоғарыда айттық. Сондықтан, ол аруаққа ой қалауы бойынша есім беріп, ат та қойған. Айтпақшы, алғашқы жылдары неге екені белгісіз «Ерменсайдағы» әруақ оқиғасына байланысты мұнда адамдар жан-жақтан ағылып келіп, төбе басында тәу етті. Өйткені, белгі қойылған еді. - деп жазды осы мәселені жан-жақты зерттеген «Дiн және жауапкершiлiк», монографиясының, «Дінтану», «Дiни мерекелер мен рәсiмдердiң әлеуметтiк мәнi» атты оқу құралдарының авторы ф.ғ.канд., профессор Әмірғазин С.Т.

Себебі, Еуразияның батысын мекендеген славян халықтарының басым көпшілігі христиандық ілімнің православиелік діни мистикалық бағытын ұстануы да осы діни-мәдени кеңістіктің өзіндік табиғи және рухани ерекшеліктеріне байланысты екендігіне дәлел болады. Сондықтан да қазіргі таңдағы руханиятымыздың басты қайнар көздерінің бірі осы Тәңірлік ілімінің идеялық бастауларында жатыр деп сеніммен айта аламыз.

Өзіміздің төл діни болмысымыз болып табылатын Тәңірлік ілімі-нің танымдық қағидалары мен болмыстық тұрпаты ғылыми тұрғыдан мәнді қасиеттері тұрғысынан әлі де толымды зерделенбей жатқан-дықтан ата дәстүр, салт-сана, тұрмыстық мәдениет жайлы сөз қозға-ғанда тек қана тікелей мұсылмандық тағылымдармен ғана рухани сабақтастық іздестіру мәселесі басым түсіп жатқаны жасырын емес.

Исламның синкреттілігі мен көшпенділер сенімінің синкреттілігін саралаумен жұмыс бітті деген аңсарлар ғана қалған сияқты. Егер ұлттық болмыстың таза табиғи нәрінен сусындануымыз қажет десек алғашқы қайнар көз болып табылатын Тәңірліктің құдіретін де естен шығармай әлі де зерделей түсуіміз қажет. Адамның тіршілік етуіне қажетті табиғи жағдайлардың Тәңірден, яғни, көкке тәуелді болатыны, белгілі бір этностың қоғамдастығының баянды болуы да сол аспанның «мейірімді ықыласына» тікелей байланысты екен. Тайпаларды біртұтас халыққа айналдыратын қасиетті «пассионарность» екендігіне дәлелдемелер де баршылық. Ал, «пассионарлықты» географиялық ортаның қасиеті, яки «табиғи жауапкершіліктің негізі» деп қарастырсақ Тәңірліктің Құдайы және адами жауапкершілікке қатыстылығы өз-өзінен туындайтын мәселе. Бұдан Тәңірге табынған халқымыздың түсінігі ғылыми қисынға жақын келетін әмбебапты дүниетаным екеніне сенуімізге негіз бар.

Сөйтіп, ұлттық дүниетанымнан өрбіген Тәңірліктің негізінен табиғатты ардақтау салты, адамды немесе ата-бабаны құрметтеу салты құралады. Ата-ананы сыйлап пір тұту халықтың асыл қасиеттерінің бірі. Өмір беріп, өнеге көрсеткен әке, әлпештеп өсірген ана алдындағы қарыз сенімі әр адамның адамгершілік деңгейінің өлшемі, азаматтық жауапкершілігі болып саналады. Ата-бабалар аруағына сыйыну салты арғы замандардан келе жатқан ұлы дәстүрді сақтау, жалғастыру, алға апару жауапкершілігінен туған. «Өлі риза болмай тірі байымас» деген қанатты сөз де осы сарынды тағылым. Ал, аруақ дегеніміздің өзі бұл ғұмырдан өткен адамның рухы. «Аруақ» - күш, қуат, дем деген ауыспалы мағынасы бар «рухтың» көпше түрі, негізінен араб тілінен ауысқан сөз дейді зерделеушілер. Аруаққа сыйыну – тіршілікте іске асырған істеріне байланысты айрықша қасиет иесі саналған аталардың рухымен қанаттану, мұрагерлік жауапкершілікке талаптану ұғымын білдіреді. Аруаққа сыйыну салты ұрпақты жауапкершілікке тәрбилеуде, патриоттық сезімді ұштауда орасан зор әлеуметтік мәнді болған және бола да бермек. «Қазақтар әдетте ата-баба аруағын Құдайдан да құдіретті деп түсінген» деген ұсыныстың жаны бар. Аруақтың кейінгі ұрпақтың ой-сезімі мен нанымына әсерінің құдіретін осыдан-ақ байқауға болады. Ата-бабаны қастерлеу ғұрпы–қоғам мен адам тануға көмектесетін жауапкершілікті мүмкіндік. Халқына ерекше еңбегі сіңген, ақыл ойымен, адамгершілігімен, имандылығымен белгілі болған жандардың өмірін кейінгі ұрпаққа өнеге ету – ұлттық қасиеттерді сақтау мұратындағы жауапкершілікті арттыруды көздейді. Бұл дәстүр сабақтастығын қамтамасыз етіп, халықтың ауыз бірлігін және ынтымақтастығын арттырады. Ортақ мақсатты орындаудағы рухани жауапкершілігін күшейтеді.

Ұлы Даланың әсіресе бүгінгі қазақтар мекендеген территорияда тараған негізгі мұсылмандық ілім Ахмет Яссауидің суфизмдік діни мистикалық бағыт. Осы біздің Еуразиялық тұрпатымыздың өзіндік ерекшелігін айқындайды.

Ясауи дүниетанымының негізінде сопылық жатыр. Сопылық ешқашан исламға сырттай оппозициялық сипатта болған да емес. Сопылық исламның мазмұны, мәні. Ал форма мен мазмұн біртұтас нәрсе ғой. Сопылық исламның, мұсылмандардың ең қиын-қыстау кезінде қорғаушысы бола білген. Мысалы, тарихта моңғол шабуылына қарсы, кубраийа, крестшілерге қарсы шазилия, орыстардың отарлауына қарсы Ясауиа, нақшбандиа, қалмақтарға қарсы нақшбандиа, Африкада француз империалистеріне сенусийа, тижанийа ағылшындарға қарсы сухрауардийа тариқаттары үздіксіз соғыс жүргізді. Сыртқы дұшпандарға қарсы азаттық соғысын жүргізу мұсылман әлемінде тариқаттар арқылы мүмкін болған еді. Бұл соғыстар сол дәуірлерде өз мәдениетін, еркіндігін, азаттығын, Отанын қорғау үшін жүргізілді. Тарихтағы Ясауи жолы – дін іші тұтастыққа және діндер арасы татулық пен толеранттылыққа шақырады. Бұл жолдың ұстындық негізі – шариғат, психотехникалық жүйесі – тариқат, танымдық негізі – мағрифат және ақиқаттан тұрады. «Шариғатсыз тариқатқа, мағрифатсыз ақиқатқа өтуге болмайды», – дейді Ясауи. Ясауидің төрт ұстанымы мен шарты, яғни, «заман, мекен, ихуан, рабти сұлтан» қазақ мемлекеттілігінің негізгі ұйытқысы болды. Ясауи ілімі бүгінгі қазақ мұсылмандығының негізі. Сондықтан біз Ясауи жолындағы қазақ мұсылмандарымыз. Ясауи жолы фикхтық жағынан Имам ағзам Әбу Ханифаның, ақаидтық (доктриналық) жағынан имам Матурудидің іліміне негізделген, түркі халықтары арасында кең тараған нағыз түркілік мәдениетпен сомдалған дәстүрлі мұсылмандық түсінігіміздің айнасы. Ясауи ілімі Қазақстандағы діншілік қана емес діндер аралық татулық пен толеранттылықтың темірқазығы. Иасауи ілімі, қазақтың ұлттық болмысы мен мемлекеттілігінің, мәдениетінің негізі.

Қожа Ахмет Яссауи мистикалық тәжірибесін ашқан Хикметтерін-де хақиқат денгейінде міндетті түрде сұлулық, сүйіспеншілік, әдемілік перделері ашылатынын айтады. Мысалы: «Махаббаттың базарында жыр мен дастан, Бұлбұлдары сайрап онда сазды қылар... Сол бұлбұлдың саз әуенін естігендер, тәкаббардың тауын шағып ұсатқандар». Егер біз исламда софылық негізде дамытсақ онда дін мен ғылымның, дін мен мәдениеттің шынайы интеграциясына жол ашылады. Яғни, ислам қайтадан өркениет қалпына келіп, ренессанс басталады. Батыстың тәжірибесі жоққа шығарылмайды. Яғни, Абай, ұл зиялылары жақтаған дін мен ғылымның (жаратылыстану, философия) одағын қайтадан жандандыру, одан әрі тереңдету керек.

Суфизм өкілдері өз діни насихаттарында халыққа ислам идеяларын абстрактылы емес, ұлттық дәстүрмен шебер байланыстырып, өмір тәжірибесімен ұштастыра жеткізгені де біз үшін өте бағалы. Суфизмнің ерлік, мәрттік идеалына, сонымен қатар поэзияға, көркемдік ойлауға жақындығы, оның ұсынған интегралдық дүниетанымы ата-бабаларымыздың, түркі көшпенділердің ислам дінін дәп осы негізде, әулие, ақындар арқылы қабылдауының басты себебі болып табылады. Суфизм исламның шынайы даналық философиясы, киелі практикасы, діннің өзегі, «жүрегі» болып бағалануы керек. Бұл ілім ғасырлар бойы адамның шынайы тұлға болып кемелденуіне жол ашып, шариғат пен ең биік руханиаттың (махаббат) одақтасуын берік қамтамасыз етіп отырады.

Көшпендінің жан дүниесі мифо-поэтикалық негізде құрылғандықтан, жаны сәбилікке, пәктікке тумысынан жақын болғандықтан, оның өмірінде сезім, интуиция, музыка үлкен орын алғандығы әбден түсінікті. Қазақ – батыр халық, ер түріктің ұрпағы. Сол сияқты, қазақ – ақын халық, сері халық, табиғатынан сұлулыққа іңкәр. Қазақ менталитетіне тән тағы бір белгі, ол ақылдың ерекше қадірленуі, зерттеушілер сол себепті қазақ мәдениетінің сипаттамасына «интеллектуализм» белгісін де қосады.

Қазақстанда ислам басқа елдерге қарағанда өзгешелеу қабылданды, өйткені ертедегі түркі сенімінің негізінде табиғатқа табыну, ата-бабалар аруағына сиыну, магия, шаманизм, көкке табыну (тенгрианство) жатқандығы. Ш.Уалихановтың: «Қырғыздар (қазақтар) орыс бодандығына кірмес бұрын аты-жөндері бойынша ғана мұсылмандар болған және олар Мұхаммед әлемінде өзгеше сүнниттік жік құрды», – деп жазуына негіз болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет