Иман, ұят
Пайғамбар хадисінде «әл-хаяу минәл имән», «Ұят – иман белгісі», «Изә ләм тастахи фаснаъ мә шитә», «Егер ұялмасаң (ұятың болмаса) білгеніңді істе» деп ұяттың маңыздылығын білдірген. Мұндағы мақсат ұят – адам баласының мінез-құлқын өлшейтін ең әдемі нышан. Сондықтан, қазақ халқы «иман жүзді» деп ізгі ілтипатты, тура сөзді, мейірімді адамды айтады. Ал имансыздық дегенді «ұятсыздық», «ождансыздық» деп түсінеді. Дана халқымызда: «Ұят кімде болса, иман сонда», «Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде», «ұят – иманда» деген мақалдар бар. Қазақ тіліндегі «иман» сөзі мен ұғымы ислам діні арқылы, яғни Құран, хадистер аясында келген. Араб тілінде «ناميا» «иман» сөзі – «сену», «нану», «илану» деген мағыналарды білдіреді. Жоғарыда келтірілген хадистегі және қазақ мақалындағы негізгі айтылмақшы болған ой – ұят, ар ождан. Осы тұрғыдан алғанда мазмұндық ұқсастық бар.
Аманат
Аманат сөзі – өсиет, тапсырма, міндет мағыналарын қамтиды. Аманат – кісінің сақтауға берген бағалы заттары. Ислам шариғаты бойынша, аманат - қатаң түрде ескертілген міндеттің бірі. Пайғамбар хадисінде: «نخت لا و كنمتئا نم ىلا ةناملأادأ كناخ نم», «Әддил әмәнәтә илә мән иътәмәнәкә уә лә тахун мән ханәкә», «Саған сенім білдіргеннің аманатын тапсыр. Біреу саған қиянат істеген болса, сен оған қиянат істеме», - деп аманатты орындауды бұйырады. Демек, аманат негізінде сенім жатыр. Қазақ халқы да аманатты орындауға үлкен мән беріп, оны орындап болғанша өзіне қарыз санаған. Сол себепті: «Біреу берсе аманат, оған қылма қиянат» деген мақал босқа айтылмаса керек. Аманат сөзі араб тілінде де, қазақ тілінде де бірдей ұғымды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |