§ 6. Құн төлеу
Айыптың ең жоғарғы сатысынан кейінгі салынатын төлем, яғни үш тоғыздан асатын төлемді
''Құн'' деп атайды. Қылмыстың түріне қарай; толық құн, яғни 500 қойдан 2000-ға дейін, 50
жылқыдан 2000-ға дейін, 25 түйеден 100-ге дейін. Қазақ арасында ең жиі қолданылған құн кесімі
“100 жылқы, алты жақсы”. Одан кейін жарты жəне ширек құндар болған. Құн-қазақ əдет-
ғұрып заңдарының ертеден келе жатқан ежелгі тəртіптерінің бірі.
Қазақтар тура жəне ауыспалы мағынада осы ұғымды күнделікті тұрмыста қолданады. Егер бір
нəрсеге қатты қадалып, өшігіп сұраса-''əкеңнің құны бар ма'' деп айтылатын сөздер де бар.
Қазақ рулары ерте уақытта қанды кек пен құн заңдарын қатар қолданып келген, бейбітшілік
уақытта көбінесе құн төлеу іске асып отырған. Себебі өзара кек қуысып қан төгу қазақтың
руларын əлсіретті, қаңсыратып, мықты деген батырларынан айрылып қалу оңай соқпаған.Оның
үстіне əрдайым сыртқы елдермен шабуылдасып, жауласып жүретін қазақ елі үшін ішкі бірлік,
тыныштық екінші кезектегі шаруа болмаса керек.Сондықтан кісі өлтірушіге, зорлаушыға ру
жауап беріп, қылмысына ортақ болады. Ұлт алдына не қылмыскер үшін құн төлеуге, не
қылмыскерді ел қолына беруге міндет алады.Кісі өлімі үшін құн төлеуге мойын ұсынған ру, қарсы
жақтың бірнеше сыйлы кісісін шақырып, солардан өлген адамның туыстарына ''Сүйек құн''
алты жақсы жібереді.
Сүйек құнның құрамына кіретін нəрселер:
а) кісі өлтірушінің астында болған, оны жай бермей, құйрығын кесіп жіберетін - қанды қара
шолақ ат.
ə) суық қару - не мылтық, не бір қадірлі қылыш, қанжар-өлтіруге қаруы болды деп, мұны қанды
қару дейді.
б) өлген адамның денесін салып жерлейтін жерге апаруға деп, мəйітті орау үшін қара нар, қалы
кілем береді.
в) өлген адамның ет-жақыны, яғни не əйелі, не шешесі, не қарындасы бір жыл бойы жоқтауға
киетін қайғы белгісі саналатын қара тон, сары жаулық .
Осы сүйек құн келісімімен даугер жақ қанды кектен бас тартып, қарулы əскерді жинауды
доғарып, негізгі құнды күтеді. Өлген адамға құн төлегенде арнап үй тігіледі жəне союға қара қой
дайындалады. Қылмыскердің туысқандары күтуші болады. Адамы өлген жақ келіскен күні айғай-
сүрен салып немесе қаруларын, туларын көтеріп, ”Ой, бауырымдап ” тігілген үйге қарай
шабады, осы кезде қара қой сойылады. Шабуылдап келген бойда қылмыскердің ауылын, оның
өзінің үйін шабады. Қару-жарақтарымен бір-бір салып өтеді, тіпті уықтарын сындырып
тастайды. Осыдан кейін барып құн төленеді. Қылмыскерді үйге тек қана екі жақ
татуласқаннан кейін кіргізеді, ол төмен отырып, өзінің кінəсі үшін кешірім сұрайды, содан кейін
”ала арқан /жіп/ кесу” рəсімі жасалады, қылмыскер мен өлген кісінің ағасы жаңағы ала жіптің
екі жағынан ұстайды, көлденең елдің қадірлі азаматы, көбінесе жасы үлкен əйелдердің бірі ала
жіпті кеседі, осыдан кейін екі жақ дау-жанжалды тоқтатып, өзара татуласады. Ал, жіп
кескен адамға кінəлі жақ шапан жабады.
Егер қылмыскердің өз туыстары бас тартып, керекті құнды төлемесе, қылмыскер өлген
адамның руластарының қолына беріледі, олар оны өлтіреміз десе де, есікте ұстаймыз десе де
ерікті.
Көбінесе руластары соңғы малын берсе де құн төлеуге тырысады, себебі өз туысынан басын ала
қашқан руды ел төмендетіп, мазаққа айналдырады, əсіресе сол рудың байлары көз-түрткі
болады. ”Жарғы” бойынша құн төлеудің шарты жəне шығыны, негізінен құнға қылған кесімді үш
түрге бөледі:
а/ қара құн 100 жылқы, он екі жақсы.
ə/ сүйек құны-50 жылқы, алты жақсы
б/ өнер құны- тоғыз жақсы / тоқал құн/
Егер өлген кісі ел ортасында танымал адам болса, билер кеңесі қылмыскерлерден осы үш құнды
толық талап етуге хақылы. Өнер құны деп тілді, шешен адамға, ақын-жырауға қатысты
айтады.Құнның кең тараған түрі 100 жылқы, алты жақсы. Алты жақсының құрамы: 1/ Жетім/
құл, не күң/, 2/ Қара нар; 3/ Ақ сауыт; 4/Түзу мылтық; 5/ Қара шолақ ат; 6/ Қалы кілем. Əйел
құны 50 жылқы, үш жақсы: Қара нар, қара шолақ ат, қалы кілем; 50 жылқының ішінен үшеуі-
”ілу” деп қымбат затпен /кездеме, аң терісі, киім/ беріледі, сонда мал саны 47. Қазақтар тақ сан
дұрыс деп есептейді. Сонымен қатар даугер жақ өз туысқаны үшін қарсы жақтан құн төлеп ала
алмаса, қолдан берген болып есептеледі.
Өлім үшін құн төленбейтін жағдайлар кездеседі. Барымта кезінде қайтқан адамдар үшін құн
төленеді, өз малын қайтару үшін, барымтаға амалсыз барған азаматтардың құнын билер
даулауға хұқылы, ол үшін 3 куə керек. Ал енді ұрлық үстінде өлген баукеспе, тонаушы үшін құн
ешқандай жағдайда төленбейді.
Зорлықшы құн үстіне қалың мал қосып төлейді, кейде өз руынан қыз береді. Кей жағдайда ер
адамның құны -1000 қой немесе 100 жылқы немесе 50 түйе делініп, осы көлемнің жартысы алты
жақсы аталады, таңдаулы малдан алады, қалғанын ”қара құн” атанып ұсақ, нашар малмен
толтырылады. Билік жасаған бидің, ханның еңбегі деп осы құнның үстінен, кінəлі жақ 40 байтал
төлейді, көбінесе құнан, дөненнен асқан жастан. Осының ішінен бөлініп осы билікке қатысқан
жасауылдарға да ақы төленеді.
Өлген адамның денесі табылмаған жағдайда 1,5 есе құн төлейді. Əйел адамның құны - ер
адамның құнының жартысына тең, яғни 500 қой немесе 50 жылқы, немесе 25 түйе, 40
байталдың да жартысы болуға тиіс.
Қазақ батырлары жауда өлсе, я тұтқынға түсіп өлсе, ел болып кек қуып, бітісетін болса жеті
ердің құнын талап етуге хақылы. Əйел құнының бір ерекшелігі, олар еркек ісіне араласып,
мысалы, төбелеске кірісіп кететін болса , құны сұраусыз қалады.
Ал, егер əйел төбелес кезінде киіз үй ішінде өлсе, онда оған толық құн төленеді.
Сұлтан тұқымының құны қазақтың құнынан жеті есе көп, бірақ көбінесе жеті - хан құны, ал
қызметсіз сұлтан үшін екі есемен шектеледі, сұлтанның қалай болғанда да жай қазақтан жолы
жоғары. Егер хан болса, кем дегенде жеті тайпаға өктемдігі жетеді деген ұғымнан туған.
Қожа тұқымының құны да сұлтандармен қатар.
Жоғарыда айтылған жарты немесе ширек құндар адамның дене мүшесіне зақым келген уақытта
алынады, оның тəртібі:
а/Жарты құн-көз, тіл, еркектік мүшеге зақым келіп, өзінің қызметінен айрылғанда.
ə/Ширек құн-оң қолы, не оң аяғы зақымданып, мүгедек болып қалса.
б/1/8-сол қол мен сол аяқ істен шыққан уақытта.
в/ Біреудің бір көзін шығарса, құнның төрттен бірі, 2 көзін шығарса “жарты құн “ төленеді.
г/ Бір құлағы кесілсе, оның айыбына 1 қыз береді, болмаса қыздың толық қалың малын төлейді.
ғ/Бір қол сындырылса-бес қара, бір аяғы сындырылса-алты қара “айып” тартады.
д/Əйелдің бір бұрымы кесілсе, не күрек тісі сындырылса, құнның төрттен бірін төлейді.
е/Ал, егер 2 бұрымы кесілсе, онда толық құнның жартысын төлейді.
ж/Біреу ауылдан адасып , аштан өлсе, яки мінген көлігінен жығылып өлсе, болмаса суыққа
тоңып, ыстыққа шөлдеп өлсе, оның бұлай өлуіне ешкімнің қастандығы, зорлығы сезілмесе, сонда
да болса, ол өлген кісіні сол бағытқа салған адамнан жарты құны алынады.
з/ Ат, түйе сияқты асау көлікті мініп келген біреу кірген үйінің белдеуіне байласа, сол үйге кіріп-
шыққан адамға ол көліктің тепкісі тиіп өлсе , белдеуге байлаушыдан алатын құн:
1/ босағаға байланса- бүтін құн.
2/ белдеуге “жапсарға” байланса- жарты құн.
3/үйдің артына байланса ат -тон айып.
Құн төлеуге байланысты қазақ қоғамында жиі кездесетін жағдай кінəлі жақтың құн орнына
қыз беруі /қалыңсыз қыз береді/.
Кейде сирек те болса құнға тоғыз тоғыз-тоғыздан мал беріп/ алты ат бастатқан тоғыз, төрт
туйе бастатқан тоғыз/ оған қосымша қыз береді /жасаусыз-“жалаңаш”/. Бұл құнның түрін
“жарқын” деп атайды.
Құн алушы жақтың билері құнға берілген мал мен дүниені екіге бөледі. Бір бөлігі/жартысы/
марқұмның туыстарына, отбасына беріледі, ал қалған ру ақсақалдарының, билердің босағасына
байланады.
§ 7. Айып
Қазақ билігінде ( Кеңес, Жүгініс) ең көп қолданылатын жаза-айып . Өйткені қандай болсын
қылмысты , қоғам тəртібін , адамдар арасындағы қатынас нормасын реттейтін , алдын
алатын шара .
Айыптың ең жеңілі болып ”ат-тон айып”, яғни ат-шапан айып саналады. Айыпқа беретін
аттың жасы құнаннан кем болмауы керек, сондай-ақ айыпқа аса кəрі ат беруге болмайды.
Көбінесе айыпқа берілетін аттың жасына қарамай, дені-саулығына, мықтылығына қарайды.
Ат-тон айып кез-келген жағдайда қолданылуы мүмкін. Мысалы, қонақты не жолаушыны
жөндеп күтпеген үй иесі отағасына да салынады. Ат-тон айып отбасы, ағайын арасының
қарым-қатынасында, үлкен мен жас арасындағы сыйластықты сақтау үшін қолданылады, тіпті
амандасу ғұрпы сəл бұзылса-ақ осы айып қолданыла бастайды. Кейде билер артық айтылған сөз,
оғаш қимыл деген сияқты істерде ”азусыз ат, жиексіз тон” деген айып қолданады. Бұл айып
айыптардың ең жеңіл түрі, жеңіл істерге кесіледі. Азусыз ат деп айыпталғанымен, оның орнына
бір қой, жиексіз тон дегенге бір киімдік кездеме жарап кетеді.
Түйелі елдерде жеңіл қылмыстар үшін ”бір түйе, бір шапан” айып кесіледі. Ауырлау қылмыс,
тəртіпсіздік үшін ”бір түйе, бір ат” болып ауырлай береді.
Айыптың ауыры қазақтың арасында ”тоғыз” деп аталады. Жалпы ”тоғыз” қазақ заңында
əдет-ғұрыпқа, салтқа байланысты көп қолданылатын айып түрі.
Тоғыздың үлкені ”құл бастатқан тоғыз”. Жаугершілік заманда құлдар көп болған, оларды
шаруаға да пайдаланған, құл базарына да шығарған. Құл бастатқан тоғыз-ауыр қылмыстарға,
мысалы, адам денесіне түскен зақым үшін төленіп отырған айыптың түрі.Одан кейін ”түйе
бастатқан тоғыз”-құрамында үш түйе, үш ат, үш сиыр/немесе үш тай/кесіле береді. Айыптың
бұл түрі ру арасындағы қатынастарда, жесір дауында жиі қолданылады. Орта тоғыз
немесе”ат бастатқан тоғыз” үш жылқы, үш сиыр немесе үш тай, үш қой көлемінде. Осымен
қатар үлкен-кішілі қылмыстар үшін”аяқ тоғыз” немесе ”тоқал тоғыз” деген айыптар
қолданылған, бұған 7-8 қой беріп те құтылуға болады.
”Қал тоғыз, қасқа тоғыз” аталатын айыптар қол жұмсап, қан аққанда, жарадар болғанда
қолданылған.
”Қал тоғыз” дегені қатты таяқ жеп, қорлық көргенде ұсақ малдан тоғыз беріледі, ал енді
”қасқа тоғыз” дегенді ауыр жарақат алып, көп қиналған кезде айыптыға салады, үлкен малдан
таңдап алады, емшінің ақысын да кінəлі қайтарады.
Қазақ ішінде жазаның бір түрі сабау екені белгілі, ал енді сабау кейде ретсіз, күші жеткен
адамның əлсізге жасайтын əлім жеттілігіне айналып кетеді.
Айыптың ең ауыры ”Үйірімен үш тоғыз” деп аталады, яғни бас-аяғы 27 малға жететін көлемде.
Мұндай айып көлемі жағынан құнға татитын айып жəне жай қылмыс емес, ерекше қылмыс
болып саналады. Мысалы, қалың малы төленіп қойған, енді-енді ұзатылғалы отырған
қалыңдықтың туыстары келісімді бұзса, одан қалың малын қайтарып, үстіне ”үйірімен үш
тоғызды” қосады. Ал егер жігіт жағы бас тартатын болса, қалыңмал қайтарылмайды. Кейде
шектен шыққан, бірнеше рет көзге түсіп, алған малын сіңіріп кеткен ұры осы үлкен айып
”үйірімен үш тоғызға” кесіледі. Қазақ ұрлықты жек көрген, ел есігін бекітіп, дүниесін
тықпағандықтан да болар малдан да гөрі үй затының ұрлануын қатты айыптайды.
”Сойыл айып” дегенде болады, көбінесе жаугершілікте, ұрлықта қолға түскенге қолданылады,
мөлшері бір шапан, ат əбзелі мен бірге ұрының, жортуылшының астындағы аты.Ұрлыққа
түскен малдың үстіне қосып қайтарылатын айыпты ”мойнына қосақ, артына тіркеу” деп
айтады. Егер жылқы ұрланса, қосаққа көбінесе құнан, артына тай, егер қой ұрланса, қойға қосып
бір тоқты, түйе ұрланса- құнан атан мен тайлақ т.б. қосылып қайтарылады.
Ертеде билер шідер ұрлаған біреуге айыбына үш бесті ат кескен екен, билік айтардың алдында
жігіттерге үш ат ұстаттырып, бір шідермен бекіттіріпті дейді.Егер үшеуі үш жаққа
тартқанда шідер үзілетін болса, дау аяқсыз қалатын болып кесіліпті.Əрине, қайыстан жасалған
шідер үш атқа бола үзілмепті, би -''бұл шідер емес, бұл үш ер'' деп айыпқа үш ат кескен екен.
Төле би айтты дейтін тағы бір сөз бар, ''ол шідер - қос, арқан-дос, тұсау-бос''. Яғни шідерленген
жылқы қоста тұрған малдай, арқан да сенімді, ал тұсамыс болса, бос жібергенмен тең деп
айыпқа бұйырмапты, бұл да болса жау күтіп, жанталасып жүрген заманның тудырғаны.
Ертоқым ұрлаған адам ертоқымның əрбір əбзеліне бір бесті ат айып төлеген, мысалы; үзеңгіге,
тартпасына, көрпесіне, терлігіне.
Айып түрінің көп қолданылып келгені денеге түскен зақым, жарақатқа кесім ” ат-тон, ”не ” бір
тоғыз”. Кесілген құлақ, мұрын, ерін екі тоғыз. Оң қолдың бас бармағы-бір тоғыз, сұқ саусағы-бір
түйе, бір ат. Ортаңғы саусаққа түк те жоқ, ал аты жоқ пен шынашаққа - бір түйеден. Сол
қолдың бас бармағы үшін-бір түйе, бір ат, сұқ саусақ бір түйе: ортаңғы аты жоқ пен
шынашаққа - бір аттан. Аяқтың бас бармағы үшін бір түйе, қалғандарына бір аттан. Ал енді
сынған тіс, мысалы, күрек тіс - бір тоғыз, қалған азу тістен басқасы-ат-шапан, азу тіске айып
жоқ.
Айыптың əлеуметтік қатынастарға байланысты кейбір ерекшеліктері де бар : мысалы
сұлтанға тіл тигізгені үшін ат-тон, бір тоғыз, қол көтергені үшін тиесінше ”үйірімен үш
тоғыз” айыбын тартады. Ал, сұлтан тіл тигізсе ел алдында кешірім сұраумен шектеледі, қол
көтерсе қамшысын береді.
Керісінше қарапайым қадірлі биге қол көтерсе қос ат, шапанмен айыбын өтейді.
Жасы қатар адамдар артық ауыз сөзі үшін бірінен-бірі кешірім сұрап бітіседі, ал енді өзінен
төмен дəрежелі адамға жəбір көрсетіп, ренжіткен адам ”азусыз ат, жиексіз тон”- бір қой, бір
шаршы мата төлеп құтылады. Айыпты төлеуге ру көмектеседі. Руы көмектесе алмаса жазалы
адам /айыпкер/ айыпты еңбегімен ақтайды, яғни босағаға байланады. Көрген жəбірді көтере
алмай жатып қалатын болса, оны емдеу, күту жəбіршінің мойнында.
Сырттан айтылған сөз, тілдеу аяқсыз қалады, оны қазақ ”хан сыртынан жұмырдық” деп
айтады.Ата-анасын ренжіткен бала аяғына жығылады, жазаға ұшырайды т.б.
”Хандық” айып ханның немесе атақты сұлтанның пайдасына бесті ат болмаса, бір түйе: аса ірі
ұрлық үшін ханға беріледі.
”Билік”айып бидің пайдасына беріледі, хандық төлемнің жартысына тең.
”Даушыға жіп кесер” іс аяқталғанда кесіледі немесе қылмыскер босатылғанда істеледі.
Қылмыскердің ала жіп кесілгенге дейін əлі басының бос емес екенін білдіреді. Жіпті ара ағайын
елдің биі, не сыйлы əйел адам кеседі, оған берілетін жолы-бір қой немесе бір шапан. Жалпы бір
сөзбен айтқанда, қазақтың көшпелі тұрмысында қолданылатын айып түрлері өте көп, əр айып
əрдайым өзінің тиесілі орнында қолданылған.
Көшпелі тіршіліктің жемісін сақтау, мəдени этникалық жағдай, қоғамдық қатынас, жас пен
кəрі, ақ сүйек пен қара сүйек, əйел мен еркек арасындағы тəртіптің баршасы айып түрлерінің
қолданылуымен реттеліп отырған.
Төртінші таған
Бітім жəне кесім
Биліктің қандай деңгейінде болсын басты мұрат – бітім. Қазақта Сырым батыр айтты дейтін
бір сөз бар. Ертеде Сырым батыр Үргеніш ханына сəлем бере барған екен. Сырымның
батырлығын, шашендігін жақсы білетін хан өзінің қарамағындағы елдің ең бір айтуы биін
шақырып Сырым мен айтыстырады. Сонда Үргеніштің шешені Сырым батырға мынадай сұрақ
қояды:
Дау мұраты не,
Саудагер мұраты не,
Қыз мұраты не,
Жол мұраты не?
Сырым батыр сəл ойланып:
Дау мұраты – біту,
Саудагер мұраты –ұту,
Қыз мұраты – кету,
Жол мұраты – жету,-
деген екен. Сырым батырдың сөзінің мəніне, тапқырлығына ырза болған Үргеніш (Хиуа) ханы
жақсылап силап, қонақ етіп қайтарған екен дейді.
Қазақ халқында бітімге қатысты бірнеше құқықтық ұғымдар қолданылады. Олардың ішінде жиі
кездесетіні: төрелік айту (төресін беру), кесім айту (кесім), бітім айту, немесе істі бітіру, үкім
шығару. Бұлардың көпшілігі айшықты, əдемі мақал түрінде айтылады, немесе билік айтушы
шешен өзіне дейін осындай іске байланысты қалыптасқан шешімді (мақал түрінде) қайталайды.
Құрбанғали Халид қазақтың бұл дəстүрі туралы “əр тіршілік істеріне шежіре қағидаларын
пайдаланып, мақал-мəтелдерін қолданғанда да бабаларына ұқсауға тырысар еді. Бұл ел
мақалдарды өздерінше тірек, медет етеді. Шынында сол сүйенген тірегі негізсіз, мағынасыз
емес. Қайта түп төркіні бір кітапқа байланысты, шығу тегі бір заңдылыққа бағынған ел
сияқты, көне кезде бұлар бір əділ патшаның иелігінде ме, жоқ бір кəміл данышпанның тəлімін
алды ма деген ойға келесің” - деп жазады.
Төрелік айту (төресін беру) - бұл хан, не сұлтан алдында біткен дауларда айтылатын ұғым.
Кейде халық даудың қандай түріне болсын қолдана береді, бірақ түпкі негізі Шыңғыс тұқымынан
тарайтын төрелердің алдына барып шешімін тапқан мəселеге қатысты. “Төре” сөзі ерте
уақыттан бері билікке тікелей қатысты қолданылады жəне билікке қатысты əлеуметтік топқа
айтылады, бұлар ел басында, билік басында қызмет естейтін жаңдар. “Төре” кəзіргі түсінік
тұрғысынан жоғарғы мансаптағы шенеунік /чиновник/. ХІХ ғасырдың ортасына дейін бұл ұғым
тек Шыңғыс тұқымдарына қатысты қолданылып келіп, ХІХ ғасырдың ортасынан бастап
орыстың да, қазақтың да оқыған қызметкер адамдарына қатысты қолданылды (ояз, олардың
тілмаштері, салық жинаушы, санақ алушы т.б.) “Төремен” қатар “ұлық” деген де сөз бар, ол
жоғары мəртебелі деген деңгейде қолданылады, мəселен ХІХ ғасырда губернатор “ұлық”
аталады.
Бітім айту (бітімін беру) - кез келген даулы мəселеден кейін айтылатын шешім. Бұл сөздің
түбірі “біту” істі аяқтау мағынасында айтылады. Кейде “даудың бітімі”, кейде “істің бітімі”
деп айтыла береді. Егер даугер жақтың айғағы жоқ болып, бопса дəлелмен дауға түсіп шешім
алатын болса онда “бітім алды” деп те айтылады. Мысалы төртуыл Едіге би мен кəрсон-керней
Жарылғап батыр арасында Күлік Шобалай баласы Жаңабатырдың жоғалған бес көк ала атаны
турасында дау болыпты. Нақты дəлел жоқ, ұзыннан ұзақ таусылмайтын сөз көп, берерлік бөз
жоқ, екі жақ та сасық қамал болып жатып қалыпты. Осы қалыптарында отырғанда көлдеңнен
төрт жолаушы осы жиынға кездесіп, ат үстінде қақиып тұрып, əңгімеге қанық болған, соң
біреуі айтты дейді:
Едіге, сенде бір мін бар,
Көпке тізгін бермейсің.
Жарылғап, сенде бір мін бар,
Көлденең неге бермейсің, -
- деп əрі жүріп кетті дейді. Осыдан кейін Едіге көпке тізгін беріп, Жарылғап көлденең беріпті.
Содан сөзден сөз шығып кəрсонда бір арам сідік кəрі түйе шығып (арам сідік, арам сирақ –
сырттан келген, ұрлықтан, өз малы емес) осы сөзді иелік қылып Едіге жағы бітім алған екен
дейді. Бірақ бұл “бітім алу”, яғни анық айғақсыз бітім даулау Едігеге жақпаған екен – мыс деп ел
əңгіме қылады.
Кесім айту (кестіру) - бұл сөздің түбі “кесу” дауды бітіру мағынасында. Бұл енді дау
жалғаспайтындай қылып, біржолата шешіп-пішіп дауды бітіру үлгісі. Қазақ билігінің соңында
ала жіп кесіледі, ол дау осымен бітті, енді қайта бұл мəселеге айналып соқпаймыз деген емеурін.
Кесім сөзді билер айтады, бірақ кесім белгілі бір ұсынысты, төрелікті, жаңалықты бекіту үшін
де айтылуы мүмкін. Бұрынғы уақытта хандар мен сұлтандар өз тарапынан төрелік бере
отырып, өз сөзінің салмағын бекіту үшін билерге кесім кестіреді. Билік дəстүрінде құқықтық
тəртіптің қайнар көздері қатарына белгілі бір шешім үлгілері жатады. Бұл үлгілердің қатарына
билердің қолданысындағы əдет-ғұрып ережелерінің көпшілігін, билікке қатысты мақал-
мəселдерді т.б. жатқызуға болады, сонымен қатар төрелердің, атақты билердің айтқан сөзін,
шешімін сол қалпында, сол жерде құқықтық ереже есебінде бекітетін дəстүрлі де (прецедент)
кесті деп айта береді.
Қазақ тарихында ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда өте беделді, ықпалды, əруақты болған хандар Əз Тəуке
мен Абылай өмірбаянынан олардың өздері айтқан шешімді, ұсыныстарын билердің кеңесіне
кестіретінін көреміз. Бұдан əрі бүкіл ел билігін, төрелігін жасаушы би қызметіндегілер осы
шешімді заң ережесі есебінде пайдаланды.
Үкім шығару (үкім айту) - билік істерінде көбінесе ауыр қылмысқа байланысты айтарыды.
Үкімді хан да, сұлтан да, билер кеңесі де айта береді, тіпті жеке билердің өзі де (ердің құнын екі
ауыз сөзбен шешетін билер) ел ішінде өте ықпалды болса үкім айта алады. Ол тек бітім
мəселесін ғана шешпейді, үкім тікелей жаза тағайындауға байланысты айтылады.
Үкімге жататын істердің ішінде ең ауыр қылмыс саналатын – адам өлтіру, ел тонау, əйел
зорлау т.б. жазаның ең ауыр түрін талап етеді. Сұраушы мен жауапкер жақ өз ара келісіп
құнды малға, дүниеге т.б. салған күннің өзінде де жаза қолданылады. Мысалы, адам өлтірген
жақ құн төлеуге келіскеннің күннің өзінде де өлген адамның туыстары қылмыс жасаушының
ауылына ат қойып, қолдарындағы қаруларымен үйлерді бір-бір салып етеді.
Үкім айтылатын істердің ішінде өте күрделісі де, өте жеңілі де болады. Соңғысы айғағы бар,
кінəлінің мойнына нақты қойылып отырған қылмыс (ауыр). Ал енді күрделісі бұрын соңды
билердің алдына келмеген ала бөтен, үлгісіз, тəжірибеге түспеген істер. Мысалы, ертеде бір
елдің ішінде өз ара төбелес болып қалып, бір қатын бала тастады дейді. Содан өз ортасындағы
үйсін Тоғас биге барып айтса, ол “ағайын, бірің оң көзім, бірің сол көзім, мен қанша түзу
айтқанмен, жығылған жағын екінші болады. Көз таңбалы арғында Манас деген би бар, соған
жүгініңдер” - депті. Манасқа барса ол “Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат биге
барыңдар” деп, Бекболат “жалғыз ауыз сөзіне ел риза болған Едігеге барындар” деп даугерлер
қатты қиналыпты.
Соңда Едіге даугерлерден сұрады дейді. –Ол қатыннан түскен түсік қайда? – деп. Құрым киізге
орап қанжығаларына байлап жүр екен, көрсетті. Көрсе екі бөлек сүйек екен, мүше жоқ, сүрет
бола алмаған екен. Едіге би сөйлепті:
-Мұнда бас дейтін бас жоқ, көретұғын көз жоқ, ұстайтын қол, жүретін аяқ жоқ, адам санына
қосылған жоқ екен. Бұған құн бұйырмайды. Бұрынғыдан ата-бабадан қалған сөз бар еді: “Даушы
құр қалмайды, жаншы қор қалмайды” деген. Бұл төбелеске екі тоғыз айып салу керек. Қатынды
ұрған жағың “түйе бастатқан тоғыз айып” төлеуің керек, қатынға болысып көмектескен
жағың “ат бастатқан тоғыз айып” төлеуің керек. Түйе бастатқан тоғызды Тоғас бидің
босағасына байлаңдар, ат бастатқан тоғызды Манас бидің босағасына байлаңдар, Бекболат пен
екеуімізге бітіріп қайтарған абыройдың өзі олжа болуға толық” - депті.
Бұл жерде Едігенің айтқаны үкімнің нағыз өзі. Ғалымдар арасында қазақ заңдары қылмыстың
салдарымен ғана күреседі деген пікір бар, жоғарғы мысал, екі жақты бірдей жазалау арқылы
болашақта қылмысты болғызбаудың бірден – бір кепілі.
Қазақ дауларының көпшілігі “ала жіпті” кесумен аяқталады. Егер сұраушы мен жауапкер
билердің шешіміне риза болса екі жақ “ала жіпті шорт кесіп бітіседі. Бұл мəселе толық
шешілді, енді қайтып дау көтерілмейді дегеннің белгісі. Дау барасында билердің шешімімен ала
жіпті қарт əйелдердің бірі дайындайды, ол сонысына бола өз жолын алады. Бітім айтылып екі
жақта өз ризашылығын білдірген уақытта жаңағы қарт əйел ала киініп (міндетті түрде) ала
жіпті кеседі. Егер жаңағы əйел кеспей басқа адам кессе, онда дау əлі де жалғасып кетуі мүмкін
деп есептелді.
Ағайын арасындағы, ел ішіндегі даулардың көпшілігі осы “ала жіпті” кесумен аяқталғандықтан
қазақтың ішінде “біреудің ала жібін аттамады” деп те айтылады. Ол адам ақ, таза, ұрлыққа,
т.б. қылмысқа қатысы жоқ деген сөз. Қазақ халқы ала жіпті аса құрметтейді, оның басты бір
себебі түпкі ұлттық бірлік идеясы алаға /Алаша/ байланысты болуымен тікелей қатысты.
“Ала” ұлттық, рулық, ағайындық бірліктің нышаны.
Ірі ру – тайпалар арасындағы дау-жанжал бітімін тапса құрбандыққа мал шалады.
Құрбандыққа шалынатын малдың қасқа болуы басты шарттардың бірі. Сол себепті не ақ қасқа,
не көк қасқа деп айтылады. Құрбандық малдың “ақ (ақшыл)” түсті болуы да басты шартардың
бірі болып табылады (ақсарыбас). Сойылған малдың бауыздау қанына екі жақ қолдарын малып,
дұға оқыса бітім аяқталды деп есептеледі. Қолдарын құрбандық малдың қанына батыру, одан
кейін қан болған қолдарын көкке көтеру ертеде – егер бұдан кейін уағда, ант бұзылса “көк
соқсын” деген Тəңірге арналған дұғамен біткен. Кейінгі уақытта мұсылмандық тəртіп бойынша
Құран оқылып, ел тарқасады.
Қазақ ішіндегі бітім-кесіммен бірге жүретін бір түсінік “салауат” деп аталады. Оның
мағынасы ел арасындағы ағайындық шарттармен тікелей байланысты, егер дау “қарындасқа”
бітсе, аяғы салауатқа жалғасады. Екі жақ та бұл жағдайда “өткенге салауат” айтып енді
бұдан бұлай бұл істі қумайтын болады. “Қарындас” болып біту көбінесе дауласушы жақтардың
бір-бірінен қыз алып, құда болып жарасуымен тікелей байланысты. Қазақ құн даулаған уақытта,
ірі барымтаның кезінде, жер дауы, жесір дауының кезінде даудың соңын осылай “қарындас”
болып аяқтағанды дұрыс көреді. Жеме - жемге келгенде ел басшылары “жан беру”, “ант
беруден” қашып “қарындасты” оңай жол, елдің басын қосып, ынтымағын күшейтетін бітім деп
біледі.
Бітімге оңайшылыққа келмейтін дауларды қазақ “қасаң дау” деп атайды. Бұған байланысты Қаз
дауысты Қазыбек би жас кезінде Əнет бабаңнан сұраған екен деп қазақ мынадай əңгіме айтады:
“Əнет баба заманында көп оқыған, Бұқарада он екі фəн ғылымын бітіріп келген адам екен.
Қазыбектің жас кезі Əнет бабаңнан қазақтың ескі жолын, əрі шариғаттың тəртібін үйренейін
деп əдейілеп келіп бір жаз қоныстас болыпты. Күзде еліне кетерде Бабаңмен қоштасып тұрып
мына сөзді сұрапты:
- Баба! Дүниені не бұзады? Күнə неден шығады?
Сонда бабаң ойланып отырып айтыпты:
-Шырағым, “əкім” деген сөзде арапша үш əріп бар, соны екі рет айтсаң алты əріп (акм, акм).
Сол алты əріп: əйел (айал) мен алтын, кек пен кежір, мақтан мен мансап. Адам осы алтауына
қызығып дүниені де бұзады, ардан да, адамшылықтан да айрылады, күнəға да ұшырайды – депті.
-Айғақсыз, қасаң дауға неге бұрынғылар бір түйін шешім айтпаған?- деп Қазыбек Бабаңнан
сұрағанда, Əнет бабаң: “Қазақ жолы – қанағат, ол да жолдан адаспас, қасаң дау емі – шариғат,
бұған ешкім таласпас” деген екен”.
Бұл өте маңызды анықтама. Ең алдымен қазақ жолының (құқық) тəртібінің негізгі мақсаты
айқын көрініп тұр, ол жоғарыда айтылған “қарындас”, “салауат” ұғымдарымен тікелей
байланысты “қанағат”. Қазақтың дауындағы басты мəселе тіпті біреуден бірдеме өндіріп алу
да емес, əділдік, ел ішінде өзінің адамшылығын, абыройын, азаматтығын сақтап қалу. Бұл
жердегі басты мəселе намыс жолы. Ал қазақ дəстүріне болмаған уақытта шариғатқа жүгіну
“Жеті жарғының” енгізген басты жаңалықтарының бірі. Қашанда туыстыққа, өз ара келісімге
бастайтын қазақ жолына көнбеген уақытта əр ережесі нақты, белгілі бір материалдық, не
жаза көлеміне сүйенген шариғат бітім құралы.
Көшпелілердің өз арасындағы дауларда бітім хандарының, сұлтандарының, атақты би –
батырларының қатысуымен жасалады. Егер екі жақта бітімге келсе (жаугершілікті
тоқтатуға, жесір (тұтқын) айырбастауға), онда құрбандыққа мал сояды. Мұндай жағдайда ірі
мал, көбінесе жылқы сойылады, олардың ішінде ерекше айтылатыны “көк қасқа айғыр, қара бас
қошқар” т.б. Екі жақ та қолдарын бауыздау қанға малып, көкке көтеріп бітімге келеді. Осындай
бітімдер қазақ, қалмақ, қырғыз, башқұрт арасында ХҮІІІ ғасырда бірнеше рет болды. Мұндай
бітімнен кейін екі жақтың да есебі, зияны болмауы керек. Бітім өткен іске кешірім жасап, жер
дауы, құн дауы т.б. тоқтатады.
Көшпелілердің ішінде егер бітім тең дəрежеде болмай, екі жақтың біреуі үстем болса, онда
оның шарттары басқаша болады. Мəселен, егер бір жағы үстем, бір жағы бағынышты болатын
болса жоғарыдағы сипатталған жағдайлардан басқа “аманат” ауысады. Ел аралық аманатты
ел тыныштығының кепілі деп есептейді. Бағынышты жақ өзінің ішінен таңдамалы
адамдарының (ханы, сұлтаны, би - манаптары) жас отау тіккен балаларын ақ отауымен бірге
үстем жаққа тапсырады. Келісімнің шартына қарай ақ отаулардың саны бірнеше болуы да
мүмкін, біреу де болуы мүмкін. Мұндай салтты қазақ “ақ үйлі” деп атайды, өзге көрші түркі –
мұңғыл халықтары да “ақ үйлі” мағынасын қолданады. “Ақ үйліге”, яғни кепілдікке баратын
отбасы өзінің құлдары мен күңдерін, еншілеп алған малын, дүниесін бірге алады. Қарсы жақ сол
мал-жанға, дүниеге кепілдік береді, аманшылығына. “Ақ үйлі” екі ортада соғысты,
жаугершілікті тоқтататын үлкен саяси амал, одақтас табудың бір жолы. Осыған байланысты
қазақта “аманат сақтау” деген бар, бұл сөз қазақтың аманатқа өте жауапты қарағандығын
көрсетеді.
Жаугершілік уақытта көрші елдердің арасында жиі кездесетін салт-бітімнің бірі – серттесіп
біту. Бұл ұрыс – жанжалды уақытша тоқтатуға қажетті амалдың бірі. Серттескенде екі жақ
жалаң қылышты орталарына алып, кеудесін тигізіп құшақтасады (ел басшылары), немесе садақ
оғын төбелеріне қояды, немесе қанжардың жүзін жалайды, немесе мылтықтың аузын жалайды
т.б. Бұл таза жаугершілік дəстүрлер туғызған əскери бітімдердің шарттары ғана. Екі жақ та
мұндайда мал сойып, оның қанына қолдарын малады, бірақ қаруды сертке пайдалану көбірек.
Дұға есебінде “осы жылы туған жас бала сақалы шығып жат болмай, ат жалын тартып
мінбей жаугершілікке шықпаймыз” деп айтады. Бұл дұға ант есебінде жүреді.
Мұндай сертке, антқа қатысы бар адамдар сол елге қарсы жаугершілікке қайта шықпауға күш
салады. Егер уағдада тұрмаса “ант соғады” деп ырымдайды.
Отырықшы халықтармен болатын бітім-кесімдер көбінесе қағаз арқылы, не мұсылман
молдаларын араға салу арқылы жүрген (Ресей, Қытай, Парсы), олардың қағазға қойған қол-
таңбасы, мөрі қазақ ұғымында қолдарын қанға малып, қаруды құшақтап, ала жіпті кесіп
жасаған бітімнен күшті емес.
Қолданылған əдебиет тізімі:
1. Абылай хан. Тарихи жырлар /Құраст. С.Дəуіт. - Алма-Ата, 1993.
2. Абишев Х.А. Передовая русская интеллигенция Западной Сибири об обычно-правовой
системе казахов //Проблемы казахского обычного права. - Алма-Ата, 1998. С. 56-65.
3. Адамбаев Б. Қазақтың шешендік өнері. - Алматы, 1984.
4. Андреев И.Г. Описание Средней Орды киргиз-кайсаков. – Алматы, 1998.
5. Аполлова Н.Г. Присоединение Казахстана к России. – Алма-Ата, 1948.
6. Артыкбаев Ж.О. Казахское общество: истоки и история. - Астана, 2002.
7. Артыкбаев Ж.О. Материалы к истории правящего дома казахов. - Алматы, 2001. с.6-21;
Алаша хан /Алаша хан, Аласа хан, Алача хан, Алынша хан, Аланча хан, Абулджа хан/ Азия
Транзит, №4 /25/ 2002; Алаш həм Алаша хан //Вестник КазГНУ, серия историческая, 1991,
№ 11, с.191-2002; Алаша хан (казахское шежире об эпохе Алаша хана) //Қазақстандағы
тарихи-мəдени үрдістердің өткені, бүгіні мен болашағы. Сб. Маргулановских чтений. -
Жезказган, 2000. с.12-18; Кочевое общество Евразии между Востоком и Западом: опыт
этносоциального изучения. Великий меридиональный путь и культ Алаша
хана //Валихановские чтения – 7. - Кокшетау, 2002. с.51-54; Пеголошадные пионеры
Евразийской цивилизации (Алаша хан и его время) //Международный Евразийский форум-
Гумилевские чтения (к 90-летию Л.Н.Гумилева). - Астана, 2002. с.15-23; Казахское общество
в калейдоскопе веков и тысячелетий //Казахское общество: истоки и история в 4-х томах. -
Астана, 2002. - Т.1.
8. Артықбаев Ж.О. Этнос жəне қоғам. XVIII ғасыр. - Қарағанды, 1995.
9. Ахметова Н.С. Обычное право казахов в XVIII – первой половине XIX века. - Караганды,
1990.
10. Ахметова Н.С. Институт “кун” в обычном праве казахов и его отмена советской властью. -
Алматы, 1993.
11. Əбуталиев Н. Ордабасы Қожаберген. - Алматы, 1995.
12. Бакунин В.М. Описание калмыцких народов, а особливо из них торгоутского, и поступков
их ханов и владельцев (сочинение 1761 года). - Элиста, 1995.
13. Баллюзек Л.Ф. Народные обычаи, имевшие, а отчасти и ныне имеющие в Малой Киргизской
орде силу закона //Записки Оренбургского отдела Императорского географического
общества. - Казань, 1871. Вып. 2.
14. Билер сөзі. /Құраст. Т.Кəкішев. - Алматы, 1992.
15. Бичурин Н.Я. (Иакинф). Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в древние
времена. - М.-Л., 1950. Т.1.
16. Броневский С.Б. Записки генерал-майора Броневского о Киргиз-Кайсаках Средней
Орды. //Отечественные записки. СПб., 1830. Ч. 43. № 124. С. 255-285.
17. Валиханов Ч.Ч. Записка о судебной реформе //Собр. Соч. в 5-т. - Алма-Ата, 1985. Т. 4. С. 77-
104.
18. Венгеров А.Б., Куббель Л.Е., Першиц А.И. Этнография и науки о государстве и
праве //Вестник АН СССР. 1984. № 10.
19. Гавердовский Я. Обозрение киргиз-кайсацкой степи //Ленинградское отделение Института
истории, отдел рукописей. Ч. 2. № 495 (кол. 115). 1803.
20. Гейнс А.К. Собрание литературных трудов. - СПб., 1897. Т. 1 - 2.
21. Герн – фон В.К. Характер и нравы казахов (этнографические заметки) //Коммент, предисл. и
ред. Ж.О.Артыкбаева. - Караганда, 1995.
22. Гродеков Н.И. Киргизы и кара-киргизы Сыр-Дарьинской области. Юридический быт. –
Ташкент, 1889. Т. 1.
23. Гурлянд Я.И. Степное законодательство с древнейших времен по XVII столетие //Известия
общества археологии, истории и этнографии при Казанском университете. Вып. 4 – 5. –
Казань, 1904. Т. XX.
24. Дала уəлайатының газеті. Адам, қоғам, табиғат. 1888-1902. /Құраст. Ү.Субханбердина. –
Алматы, 1994.
25. Добросмыслов А.И. Суд у киргизов Тургайской области в XVIII – X и XIX веках. – Казань,
1904.
26. Древнетюркский словарь. – Л., 1969.
27. Жиренчин К.А. Политическое развитие Казахстана в XIX – начале XX веков. – Алматы,
1996.
28. Загоскин Н.П. История права Московского государства. – Казань, 1877. - Т. 1.
29. Загряжский А. Юридические обычаи киргизов и о народном суде у кочевого населения
Туркестанского края. //Материалы для статистики Туркестанского края. – СПб., 1876.
30. Зиманов С., Өсеров Н. “Жеті жарғы” туралы бірер сөз //Известия АН Каз ССР, серия
общественных наук. 1975. № 4.
31. Зиманов С., Усеров Н. Об одном новом варианте “Жети-Жаргы” //Вестник АН Каз ССР.
1976. № 1.
32. Зиманов С., Өсеров Н. “Жеті жарғы” жайлы //Проблемы казахского обычного права. – Алма-
Ата, 1989. С. 122 - 141.
33. Зиманов С. Состояние и задачи разработки обычного права казахов //Проблемы казахского
обычного права. – Алма-Ата, 1989. С. 8 - 29.
34. Ибрагимов И. Заметки о киргизском суде //Записки Русского императорского
географического общества. 1878. Вып. VIII. № 2. С. 233 - 257.
35. Ибрагимов Н. Ибн Баттута и его путешествия по Средней Азии. – М., 1988.
36. Из журнала составленного поручиком Гавердовским, Ивановым и Богдановичем во время их
поездки в Бухару через Казахстан в 1803 г. //Казахско-русские отношения в XVIII-XIX
веках. – Алма-Ата, 1964. С. 152 – 163. № 86 док.
37. Казахско-русские отношения в XVI-XVIII вв. – Алма-Ата, 1961.
38. Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дəстүрлі құқықтық мəдениет (теориялық
мəселелері, тарихи тағлымы). – Алматы, 1997.
39. Ковалевский М.М. Современный обычай и древний закон. – М., 1886.
40. Козлов И.А. Обычное право киргизов //Памятная книжка Западной Сибири. – Омск, 1882.
41. Косвен М.О. Преступление и наказание в догосударственном обществе. - М., 1925.
42. Красовский М. Область сибирских киргизов //Материалы для географии и статистики
России. – СПб., 1868. Ч. 1 – 3.
43. Крафт И.И. Сборник узаконений о киргизских Степных областей. -Оренбург, 1898.
44. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ həм хандар шежіресі. – Орынбор, 1911.
45. Көпейұлы М.-Ж. Қолжазбалар жинағы (жарияланбаған).
46. Куббель Л.Е. Очерки потестарно-политической этнографии. – М., 1988.
47. Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов (с момента присоединения Казахстана к
России до установления Советской власти). – Алма-Ата, 1955.
48. Қазақ əдет-ғұрып құқығының материалдары. //Құраст. З.Ж.Кенжалиев, С.О.Дəулетова,
Ш.А.Андабеков, М.К.Əділбаев, Е.Л.Тогжанов. – Алматы, 1996.
49. Қазақстан республикасы мемлекет жəне құқық тарихынан хрестоматия //Құраст.
Н.О.Дулатбеков. - Қарағанды, 1994.
50. Қашқари М. Түрік тілінің сөздігі: (Дуани лүғат-ат-түрік) 3 томдық шығармалар
жинағы. /Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған А.Қ.Егеубай. -
Алматы, 1998. – т. 3.
51. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. – СПб., 1832. Ч.
1 – 3.
52. Леонтович Ф.И. К истории права русских инородцев. Древний монголо-калмыцкий или
ойратский устав взысканий (Цааджин-Бичик). – Одесса, 1879.
53. Леонтьев А.А. Обычное право киргиз Судоустройство и судопроизводство. //Юридический
вестник. 1890. Т. 5. № 5 – 6.
54. Маковецкий П.Е. Материалы для изучения юридических обычаев киргизов. Материальное
право. – Омск, 1886. - Вып. 1 – 2.
55. Максимов Н. Народный суд у киргизов //Юридический журнал. 1897. Кн. VIII.
56. Марғұлан Ə.Х. Қасым ханның қасқа жолы //ҚСЭ. – Алма-Аты, 1975. - Т. 6. 541 – 542 б.
57. Материалы по казахскому обычному праву. //Сост. Т.М.Культелеев, М.Г.Масевич,
Г.Б.Шакаев. - Алма-Ата, 1948. - Сб. 1.
58. Материалы по казахскому обычному праву составленные временным комитетом в 1824
г. //Из фондов государственного архива Омской обл.
59. Мейер Д.И. Русское гражданское право. – Спб., 1861.
60. Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомства. – СПб., 1865.
61. Мемлекет жəне құқық тарихынан хрестоматия. (2 кітап). //Құраст. Н.Дулатбеков,
Ж.Артықбаев, З.Тайшыбаев. – Алматы, 1998.
62. Моңғолдық құпия шежіресі. - Өлгий, 1979.
63. Моңғол-казах толь /моңғолша-қазақша сөздік. –Уланбатыр-Өлгий, 1984.
64. Норбо Ш. Зая-пандита (материалы к биографии). – Элиста, 1999.
65. XV-XVII вв. Қазақ поэзиясы. – Алматы, 1982.
66. Огуз наме, Мұхаббат наме. - Алматы, 1986. 40 - 41 б.
67. Омари Ж. Қаз дауысты Қазыбек би. Жеті жарғы. – Астана, 2000.
68. Першиц А.И. Проблемы нормативной этнографии //Исследования по общей этнографии. –
М., 1979.
69. Проблемы казахского обычного права. – Алма-Ата, 1989.
70. Радлов В.В. Из Сибири. – М., 1989.
71. Рычков Н.П. Дневные записки путешествия в киргиз-кайсацкой степи в 1771 году. – СПб.,
1772.
72. Самоквасов Д.Я. Сборник обычного права Сибирских инородцев. Обычаи киргизов. –
Варшава, 1876.
73. Словохотов Л.А. Народный суд обычного права киргизов Малой орды //Труды
Оренбургской ученой архивной комиссии, 1905. – Вып. XV.
74. Социально-экономические отношения и социо-нормативная культура //Свод
этнографических понятий и терминов. – М., 1986.
75. Спасский Г. Киргиз-кайсаки Большой, Средней и Малой орды //Сибирский вестник. № 9 –
10. – СПб., 1820.
76. Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в XV-XVII вв. - М., 1982.
77. Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в XVII – начале XX веков. Алма – Ата, 1971.
78. Төле би тарихы. // Құраст. С.Дəуітов. – Алматы, 1991.
79. Тронов В.Д. Обычаи и обычное право киргиз //Материалы по антропологии и этнологии
Киргизов. //Записки по отделению этнографии. – СПб., 1891. Т. XVII. - Вып. 2.
80. Тынышпаев М. История казахского народа. – Алма-Ата, 1995.
81. Халид К. Тауарих Хамса (бес тарих). – Алматы, 1992.
82. Черных Е.Н., Венгеров А.Б. Структура нормативной системы в древних обществах
(методологический аспект) //От доклассовых обществ к раннеклассовым. – М., 1987. С. 23 –
38.
83. Чулошников А.П. Очерки по истории казак-киргизского народа.– Оренбург, 1924. - Ч.1.
84. Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқияннан өзіме дейін. – Алматы, 1993.
85. Шешендік сөздер /Құраст. Б.Адамбаев. – Алматы, 1992.
86. Фукс С.Л. Обычное право казахов в XVIII - первой половине XIX века. – Алма-Ата, 1981.
87. Эванс-Причард Э.Э. Нуэры: Описание способов жизнеобеспечения и политических
институтов одного из нилотских народов. – М., 1985.
88. Этимологический словарь тюркских языков. –М., 1989.
89. Якушкин Е.И. Обычное право русских инородцев. – М., 1899.
Ж. О. Артықбаев
«Жеті жарғы»
мемлекет жəне құқық ескерткіші (зерттелуі,
деректер, тарихы, мəтіні)
Оқу құралы
ЖШС «Заң əдебиеті» бас директоры
Жансеитов Н. Н.
Оператор: Умурова Г.О.
Пiшiмi 60х901/16. Қағазы офсеттiк. Қарiп түрi «Таймс».
«Заң əдебиеті» баспасы
050057 Алматы қ., М. Өзтүрiк к-сi, 12 үй.
Тел/факс: (3272) 747-833, 742-650.
Е-mail: law_literature@nursat.kz
Document Outline - титул.pdf
- Zheti zhargy.pdf
- титул.pdf
- Жети жаргы.pdf
- BOOK1P1.pdf
- BOOK1P2.pdf
- BOOK1P3.pdf
- BOOK1P4.pdf
- BOOK1P5.pdf
- BOOK1P6.pdf
- BOOK1P7.pdf
- BOOK1P8.pdf
- BOOK1P9.pdf
- BOOK1P10.pdf
- BOOK1P11.pdf
- BOOK1P12.pdf
- BOOK1P13.pdf
- BOOK1P14.pdf
- BOOK1P15.pdf
- BOOK1P16.pdf
- BOOK1P17.pdf
- BOOK1P18.pdf
- BOOK1P19.pdf
- конец стр каз.pdf
Достарыңызбен бөлісу: |