§ 4. Билікке жататын істер
Билердің алдына немесе ”кеңес”, ”жүгініс” сияқты билердің басы қосылған ортаға түсетін
мəселелердің қатарына:
а) Адамның жеке басына қарсы; ə) рулы елге қарсы; б) қалыптасқан қоғамдық тəртіпке қарсы;
в) қабылданған дінге қарсы, құдайға қарсы жасалған қылмыстың түрлерін енгізеді.
Қылмыс ұғымының орнына-қаскүнемдік, жаманат, жаман іс, күнə т.б. түсініктер жүреді.
Қылмыстың түрлерін осыған байланысты ” Жарғы”: неке мен отбасы тəртібіне қарсы қылмыс
(жесір дауы, қалың мал мен жасау т.б.), меншікке қарсы жасалған қылмыс (мал-мүлікті, дүниені
ұрлау , тонау т.б.), қалыптасқан қоғамдық тəртіпке қарсы жасалған қылмыс /ру құндылықтары,
тəртібі, қонақасы т.б./ жəне құдай тағала алдында күнəһар болу деп екшеп береді. ” Жарғы” қазақ
тіршілігіне қатысты даулардың бəріне қалыпты қоғамдық жағдайды, өмір салтты бұлжытпай
ұстап отыру тұрғысынан қарастырады. ”Жарғы” билік дəстүрін іске асыратын адамдарға, осы
қоғамның ең жауапты, адал қызметкерлері ретінде, шексіз билік береді.
Осы көрсетілген қылмыс түрлерінен туындайтын ең ауыр оқиға-кісі өлімі, ел тонау, ұрлық,
зорлау, ойнас деп есептеп, осындай салдарға алып келген даулардың бəрінде де қатал өлім
жазасының қолданылуына рұқсат етеді.Қоғамдағы қылмысты тоқтатудың, туыстықты
сақтаудың негізгі жолы туысқандық деп білетін “Жарғы” сонымен қатар қандай да оқиғаны
ушықтырмаудың көзі кінəліні қатаң жазалау екенін ескертеді.”Жарғы” адам өлімінің үш түрін
қарастырады: а/ жол тəртібін ұстап, кек қуып өлтіру; ə/ əдейі қастандықпен өлтіру; б/
абайсызда кездейсоқ өлтіру.
І.Жол тəртібіне жататыны-қожайыны құлын өлтіру, мал иесінің ұрыны, қарақшыны өлтіру,
үстінен түсіп, күйеуі əйелі мен ойнасын өлтіру т.б. қылмыс үстіндегі өлімдер.
2.Əдейі қастандықпен өлтіруге ұзыннан өші, қысқадан кегі жоқ адам төбелес үстінде өлтіру,
жолаушылап келе жатқан адамды өлтіру, ел тонап жүріп адам өлтіру т.б. өлім түрлері.
3.Абайсызда қателікпен өлтіру- аңшылық кезінде жазым болып өліп кетсе, ойын-той, бəйге
кезінде өлсе немесе күресіп жүріп өліп кетсе, абайсызда ат теуіп өлтіру т.б.
Осылардың ішінде “қасақана кісі өлтіру” ауыр жазаланады, егер өлген адам денесі табылмаса,
кісі өлтіруші жақ екі есе құн төлейді жəне елден аласталады.Зəбір крген жақ өлім жазасын
талап етуге хақылы.Денесіне зақым келген адам кінəлінің дəл сол мушесін зақымдауға ерікті.
Абайсызда болған күннің өзінде, мысалы, атты адам аяғы ауыр əйелді қағып кетсе, ол өлсе, оның
ішіндігі баласына да құн төлеуге міндетті. 5 айға дейінгі шарананың əр айына І жылқы, одан əрі
айына І түйе.
Адам
өлген
жағдайда
оның
туыстары
құннан
бөлек
“қанжуар”
деп
қарсы
жақтан /қылмыскерлердің өзінен, не руынан/ мал алуы айыпталмайды. Егер “қанжуар” алынбай
қалса, билер құнның үстіне “қанжуар” қосуға ерікті.
Меншікке қол сұғудың қандай түрі болса да, /ұрлық, тонау, шабу/ ел “жау шапты” деп ұран
көтеруге, қарсылық көрсетуге хақылы; урлық жасағандар “үйірімен үш тоғыз” қайтарады, оған
қосымша “мойнына қосақ, көтіне тіркеу” байлайды, оны көтере алмаса босағаға байланады,
бұғалық салып жазалайды. Екі қылмысқа екі жаза, бір қылмысқа бір ғана жаза/ бір қойдан екі
тері алмайды/ болады.
Ер қаруы болып табылатын, ердің басын сақтайтын заттар /қылыш, найза, шідер, үзеңгі, жүген
т.б./ ұрлығы өте ауыр жазаланады.
“Жеті Жарғы” қазақ қоғамының қалыптасқан саяси, этникалық, шаруашылық, əлеуметтік
дəстүрлерін сақтау мақсатында қылмыстың ұсақ-түйегі болмайды деп есептеп бəріне жаза
қолданады.Осы себептен қылмыс туралы даугердің өтініші келіп түспей-ақ кез-келген елге
абыройлы бидің өз бетімен істі бастауына рұқсат беріледі.
§ 5. Кеңес жəне жүгініс
І.Даулы істің ауыр-жеңіліне қарай билік айту бінеше жағдайда іске асады:
а/ Егер іс өлімге, ел тонау, зорлық т.б. ру аралық ауыр қылмысқа байланысты болса, оны Кеңес
шешеді, 8-ден 24-ке дейін би қатысады. Төбе биді даугер мен жауапкер жақ өзара келісіп
таңдайды.
Төбе би өз таңдауы бойынша алдын-ала Кеңеске билерді, ақсақалдарды шақырады.Даугер мен
жауапкердің Кеңес мүшелеріне қатысты пікірі ескеріледі
ə/ Егер іс үлкен ұрлық, тонау, жесір дауы, денеге зақым келтіру сияқты ру ішіндегі немесе көрші
рулармен арадағы қылмыспен байланысты болса, оны Жүгініс шешеді. Оған 6-8 би, ақсақал
қатысады. Төбе биді екі жақ келісіп таңдайды. Жүгініс мүшелерін төбе би шақырады.
б/ Егер ата баласының, ру ішінің арасындағы дау болса (төбелес, боқтау, ұсақ ұрлық т.б.) бір
бидің немесе ақсақалдың өзі де шешеді. Бидің ынтасына қарай көрші-қолаң ақсақалдар бұл
шешімге қатыса береді.
2.Есесін қуып журген жақты-даугер /даушы/, ал оның қарсы жағын жауапер дейді.
3. Биліктің тəртібі бойынша билер мен ақсақалдар төбе басында қатарласа отырады /жарты
шеңбер болып/.
4.Ең алдымен төбе би жиналған елге істің барысын баяндайды, билікке қатысып отырғандарды
таныстырады.
5. Кеңес пен жүгіністің шарты бойынша екі жақта би алдында шарт жүгініп отырады, екі
қолын салалап, тізесінің үстіне қояды.
6.Алғашқы сөзді даугер бастайды, ол сөзін аяқтағаннан кейін оны жауапкер жалғастырады.
7. Жүгініске отырмай тұрып би екі жақтың жақсыларына, не даугер мен жауапкердің өзіне
өзара келісімге келу (қарындас, салауат) жөнінде ұсыныс айтуға хақылы /төреге барып, төбеге
шықпайық/.
8. Егер екі жақ та биге салса, ол даудың шешімін не өз ақылымен, не жанындағы билермен
ақылдаса отырып айтуға тиісті.
9. Билік айтылатын жерге даугер мен жауапкердің туыстары, ағайындары, жақтастары келуге
хақылы. Олардың əр қайсысы талқылау барысында сөйлеймін десе ерікті.
10. Билікті бидің жалғыз айтуына мүдделі болса, даугер мен жауапкер оны алдын-ала ескертуі
тиіс.
11. Егер дау бірнеше бидің талқысына түссе, онда орталарынан төбе би сайланады. (Даугер мен
жауапкерден ұсыныс түспесе билердің өздері келіседі)
12. Би шешіміне разы болмаған жақ, екінші жақтың келісімін алып, өзге биге баруға ұсыныс
жасауға хақылы (”Үлкен қазанда, немесе басқа қазанда қайналық”).
13. Егер жолы кіші рудың биінен дау бітім таппаса, не даушылардың шешімге көңілі толмаса,
жолы үлкен рудың биіне баруға хақылы /мəселен-Бай ұлының биіне көңілі толмаса, оның үстінен
Əлім ұлы биіне барып шешімді бұза алады/.
14. Екі жақ бірдей биді мойындаса, соның белгісі деп бидің алдына қамшыларын тастайды.
15. Жауапкер, не даугер келісімді уақытта би алдына келмесе, онда би сол елдің жақсыларына
сын айтуға мүмкіндігі бар. Егер би мен оның өтініш берушілері бір рудан болса, би өз бетімен
жасауыл жіберіп, күшпен алғызуға хақылы.
16. Жасауыл ақы немесе ”ат майы” жауапкердің есебінен өтеледі.
17. Егер дауласушы жақтың бірі /кінəлі/ билікке келмесе, билер барымта алуға рұқсат береді.
18. Даугер мен жауапкердің сөздерінде /мəселен мал, не жесір туралы/ бірдей қиынсыздық болса,
би екі жағына тең жарады. Мұны ”Жарасу” немесе ”Қарындас болу” дейді.
19. ”Қарындас болып” бітуге ешқандай шек болмайды.
20. Би алдына келген қандай болмасын істі ”жан бергізбей”, яғни екі жақты антқа түсірмей
бітістіруге мүдделі болуы керек /”жаман би жанға салады”/.
21. Жауапкер де, дəугер де іс барысында куəлерді қатыстыруға хақылы. Би алдында өзінің
айғағын ұсынатын адамды ” бет айғақ” деп атайды, ал егер жасырын қалғысы келсе, оны
”сырт айғақ” дейді. Ел алдында екеуінің де сөзі сенімді болуы шарт.
22.”Бет айғақ” өзінің куəлігі үшін ”сүйінші” /табылған дүние- малдың І/5 бөлігіне дейін/ талап
етуіне бөгет жоқ, егер айтқаны жалған болса, оны қайтаруы тиіс.
23. Егер ”бет айғақ” би алдына келмесе, би оны жасауыл жіберіп алғызуға хақылы /ақысы
кінəлінің үстінен/.
24. Айғақ берушілердің дауласушыларға туысқандық немесе жолдастық қатысы болмауын би өзі
қадағалайды /”жан айғақтың тайғағы”/.
25. Егер айғақ екі жақтың біріне бүйрегі бұратын болса, ол куəлік етуге жіберілмейді /”Жан-
айғақтың тазасынан”/.
26. Егер айғақ елге өте танымал жəне беделді /Сұлтандардан, не атақты би-батыр тұқымынан/
болса, одан ”жан беру” талап етілмейді.
27.”Жан берушіні” таңдау міндеті даугерге жүктеледі, не бидің өзі жауапкер жақтың бір
беделді адамын жанға салады.
28. Егер қылмыскердің бала-шағасы қылмысты біліп тұрып жасырса, олар кінəлі болып
табылмайды жəне айыпталмайды.
29. Жауапкер өз кезегінде кінə тағып отырған жақты ішінен даугердің сөзін бекітетін ”жан
беретін” адамды таңдауға мүмкіндігі бар.
Жан беру:
”Жан беру”-қазақтың ежелгі дəстүрі немесе оны ”Ант беру” деп атаған. Ант беру, жан беру
көбінесе үш жағдайға байланысты қолданылады:
1. Алдымен болған оқиғаға, яғни қылмысқа байланысты күмəнді сейілту үшін, күмəнді адамның ең
беделді туыстарынан, не руларынан бір кісі ”жан беру” керек. Өздерінің билерге жасаған
шағымдарына байланысты жан беретін адамды қарсы рудың ішінен таңдап , нұсқау міндетін
даугер жақ алады.
2. Екіншіден, жауапкер жақ кінəсін мойнына алмаған жағдайда жəне ешқандай қосымша дəлел
табылмаған кезде даугер өзінің шағымының шын екенін дəлелдеу үшін жан береді.
3. Үшіншіден, билердің алдында болатын жүгіністе куə есебінде /айғақ/ сөйлейтін адамдар жан
береді.“ Жан беру„ арқылы бет айғақ болған қылмысты куəландырып, қылмыскердің мойнына
салып береді. Сондықтан, ондай куə адамның орны да, сүйіншісі де қомақты, ал дəлелі негізсіз
болса, сүйіншіні де, шыққан шығынды да қайтаруға тиісті.
Даугер жақтың келісімі бойынша, жұрт алдына туысқаны үшін жан беруші сол елдің беделді,
абыройлы адамдары болған іске қанығу үшін бір жұмадан бір айға дейін билерден мұрсат алады,
сөйтіп, ол əбден анықтап алғаннан кейін ғана туысының кінəсіздығына көзі жетсе оны тазалап
жан береді. Ал енді туысының өтірігін, ұрлығын т.б. сезген“ жан беруші„ немесе “ жанға
ұстанған„ адам билерге хабар жөнелтіп, кінəлі туысына араша түсуден бас тартады.
Күмəнді туысын тексеру үшін жан беретін адам оны шақыртып алады, қара қойды сойғызып,
соны айналдырып жүргізеді, мұны “құрмалдық „ деп атайды.
Егер “жан беруші „ азамат билердің белгілеген жеріне, ел алдына келмесе өзінен - өзі жауапкер
жақ кінəлі болып саналады.
Ал, ауыр жағдай кезігіп, жан беруші адам не ауырып, не қайтыс болып кетсе “жан беру„кейінге
шегіндіріледі, бір жылға дейін күшін жоғалтпайды. Мұндайда қазақ: ”Жан бергенге- жай бер“
деп тосып жатады. Жан берушіні таңдау: егер бір бас қой немесе бір жылқы ұрланса, күмəнді
адамның үш атадан қосылатын ет-жақын туысы жан беру керек. Онға дейінгі мал ұрланса
жеті атаға дейін туысатын бір ағайын ара түсе алады.Ал, егер ұрланған мал 50 басқа дейін
жетіп қалса, сол елдің ортан қолдай бір басшы азаматы жан беруі керек, ал 100 бастан асса,
мұндай жағдайда күмəнді сейілту үшін рудың ең тəуір, əділ деген екі азаматы жан береді.
Бір адам екі қылмыс бойынша күмəнді болса, онда екі туысы оны ақтап жан беруі керек.
„Жан беру“ ғұрпы бір биік, еңселі жерде, қырда, болмаса бейіт басында, не су жанында өтеді.
Жиналған қалың елдің алдында жан беруші өз туысының ақтығын жақтай сөйлеп, ант етумен
аяқтайды. Көбінесе ант сөздері былайша келеді:
“Егер өтірік айтсам, құдай атсын, о дүниеде иман бұйырмасын, бұл дүниеде мал - басымның
игілігін көрмейін”. Ауыр қылмыс үшін күмəнді жауапкердің жан беруші ақтығын дəлелдеу үшін
ауыр сыннан өтуге мəжбүр болады.Мысалы, оқтаулы мылтық ұңғысын сүю немесе ата-
бабаның бірінің көрін үш қайта айналу. Міне, бұл айтылғандардың бəрі тек туысының ақтығына
сенімді қазақтың ғана жүрегі дауалайтын сынақтар. Ең сирек кездесетін жан берудің түрі
мынадай: жан беруші адам үйдің оң жағына, өлік шығатын тəртіппен жатады, сүйекке
түсетін тəртіппен жуылып, кебінге оранады.Сонда ғана даугер жақ күмəн туғызған елдің,
адамның тазалығына көзі жетеді.Əрине, мұндай ауыр дəстүр сирек кездеседі. Көбінесе
жауапкер жақтың бір асыл адамы билер отырған биікке көтерілгеннің өзін қазақтар ұсақ-
түйек күмəнді сейілтуге жеткілікті деп саналады. Жан беру дəстүрін халқымыз өте ауыр деп
қасиеттеген. Тəңірінің жазасынан құтылу үшін, осындай дауға түсетін адаидар бүкіл
руластарын шақырып, ақсарыбас сойып, дəм береді.Кейде жас баланың ит көйлегін жүрек
тұсына байлап та барады, ақтығын дəлелдеу үшін.
Сонда да жан беретін адамды жазасыз қалмайды деп есептеп, ел қауіптенеді. Оған мысал:
“Ант ішкеннің үйіне барма, айрандай жұғады”;
“Ант ішкеннің мыңы өледі, у ішкеннің бірі өледі”.
30. Əйелдің куəлік беруіне рұқсат, бірақ олардың сөзінің шындығына күйеуі “жан беруі” қажет.
31. Ірі қылмысты істерге немесе көп мөлшердегі мал дауына əйел адам айғақ бере алмайды.
32. Құл, күң , жас бала, есі шала адамдар айғақ бере алмайды.
33. Егер даугердің істі қарау кезінде айғаққа ұсынатын адамдары болмаса да би істі қарап
теңдігін алып беруі керек.
34. Жауапкер сырттан келген келімсек болса, немесе азаттығын жаңа алған құл болса, оның
тазалығына кепілдік ететін ешкім табылмаған жағдайда, оның кінəсін мойындатып, даугер
жақтан бір адам “жан беруі„ керек.
35. Егер жауапты адамның белгілі руға бір қатысы, араластығы болса, сол рудың беделді
адамынан жауап талап етіледі.
36. Егер адамдар арасындағы дау мал мен мүлікке байланысты болса, кепіл талап етіледі.
37. Егер алушының /мəселен-жүйрік атты/ иесіне қайтаратынына бəсін тіккен болса, ол кепілді-
“зер кепіл” деп атайды. Зер кепіл, бидің талап етуі бойынша, алушы қайтара алмаса өз қолынан,
өз малынан қайтарады.
38. Өз малын кепілдікке тікпейтін, бірақ жауапкердің уақытылы қайтаратынына уағда қылған
болса, оны „жəй кепіл“ дейді.
39. Би даудың шешімін ел алдында айтқанынан кейін екі жақ ала арқанды тартып ара
ағайынның бірі оны қақ ортасынан кеседі /”ала жіпті кесу”/.
40.”Ала жіпті кесу” даудың тиянақ тапқанын білдіреді. Би алдына қылмыскер, мəселен ұры,
қылмыс үстінде қолға түсіп əкелінетін болса, ол жағдайда аяғы алажіппен шандылады.Сол
қалпында би шешім айтқанға дейін жатады.
41. Билердің алатын „билігі“, ел билеуші ханға, не ұлыс сұлтанына берілетін “хандық“;
жасаулардың ақысы Кеңес, не Жүгініс аяқтала салысымен беріледі.
42. Даугердің тарапынан билерге, ел ағаларына арналған “тарту„ болуы мүмкін /билік соңында
беріледі/ үлкен дау болса „тоғыз“, кіші дауларда „ат шапан“.
43. “Биліктің” көлемін мөлшерін хан, не ұлыс сұлтагы белгілейді (егер билікке қатысып отырса).
44. “Хандықтың” көлемін, мөлшерін билікке қатысып отырған билер белгілейді.
Екінші таған
Жарғының алтын қазығы
§ 1. Отбасы жəне неке
1. Туыстық есеп өзегі атадан бастау алып, қарым - қатынастың барлық саласын
баурайды. Қоғамдық жəне қауымдық тіршіліктің əр саласында түрлі туыстық
ұғымдар қолданылады: ұру (ру), сүйек, үрым-бұтақ (ұрқы), жұрағат, ағайын ел-
жамағайын, жеті ата, ата баласы, аталас, топ, тармақ, арыс, төбе, тайпа т.б.
Осылардың ішінде қандас туыстық жеті атаға дей3н ерекше сақталады: “жеті атасын
білген ер-жеті жұртытың қамын жер”, “жеті атасын білмеген – жетесіз” т.б.
Қандас туыстықтың денгейлерін көрсету үшін төмендегі ұғымдар қолданылады:
1. ата
2. əже
3. бала жеті ата
4. немере
5. шөбере
6. шөпшек
7. немене
8. туажат
9. жекжат
10. жүрежат
11. жұрағат
12. ұрпақ
Қазақ ішінде „үш жұрт“ ұғымы қолданылады. Біріншісі- ер адамның əкесі жағынан
туысатын өз жұрты, əйелдің - төркін жұрты деп аталады. Екінші- шешесі жағынан
туысатын нағашы жұрты. Үшіншісі - əйелі немесе күйеуі жағынан туысатын қайын
жұрты. Қазақ ата намысына қанша тартса да “ердің жақсы болмағы нағашыдан” деп
нағашы жұртына аса үлкен маңыз береді.
Нағашы- жиен арасы:
1. Нағашы жиеніне „40 серкеш “ беруі керек. Жиені нағашысына „қырық серкешімді
алуға келдім“, - деп арнайы нағашылап барғанда, оны құр қайтармай, өзінің
қалағанын алып қайтады.
2. Жиені көңілі түскен нəрсесін, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық болсын
қалаған бұйымтайын нағашысы қолынан бермесе, жиені жолынан алуына хақы бар.
3. Жиен нағашысынан үш ретке дейін қалағанын ала алады жəне мұндай жиендік ету
үш ретке дейін айыпталмайды.
4. Төркіндеген шешесіне еріп келген кішкентай жиендеріне нағашылары бəсіре мал
атап, жас төлдерге ен салдыртып, кейін жиені ер жеткенде енші қылып береді.
5. Нағашыларының алдында бөлелердің хақы бірдей.Екі қыздан туған жиендердің
нағашыларына бірдей барып, жиендік етулеріне тиым жоқ.
6. Бөлелер арасында неке қарым- қатынастарына рұқсат етіледі.
Ата-ана мен бала:
1. Əке отбасына тиесілі мал мен мүліктің, жер мен судың, құл мен күңнің негізгі иесі болып
табылады.
2. Əйел өз жасауына өзі иелік етеді.
3. Ері қайтыс болған күнде, бүкіл дүниеге əйелі ұлы кəмелетке жеткенше ғана иелік етеді.
4. Əкелері қайтыс болған от басының тіршілігіне кəмелетке толған үлкен ұлы жауап
береді. Іні-қарындастарынына қамқордық жасау үлкеннің міндеті.
5. Егер ері əйелін кінəсіз өлтірсе, əйелінің туыстарына құн төлеп жəне жасауын
қайтарады.
6. Егер ері əйелін ашынасымен ойнас үстінде ұстап алса, əйелін өлтіруге хақы бар. Мəселе
билердің алдына түссе төрт кісі не ақтап, не қарамал жан беруі керек.
7. Егер əйелі күйеуін өлтірсе, онда ол өлім жазасына кесіледі; Егер күйеуінің туысқандары
кешірсе, əйел бұл жазадан құтыла алады.
8. Егер ерлер арасындағы жанжал, төбелес болып жатқан жерге əйел кірісіп кетіп қайтыс
болса, онда оған ешқандай құн төленбейді.
9. Балаларының əкесіне қарсы шығуға хақылары жоқ. Əке енші алмаған балаларына, дүние -
мүлкіне ие болып, шектеусіз билік жүргізеді.
10 . Əкесі баласын өлтірсе, жазаға тартылмайды.
11. Егер өзінің əкесін немесе шешесін балалары балағаттаса, онда сиырға теріс қаратып
отырғызып, мойнына ескі құрым іліп, ауыл аралатады, немесе қамшымен дүрелейді. Ал
қызды байлап, шешесінің жазалауына береді.
12. Əкесі балаларынан сұрамай олардың еншісіндегі малын пайдалануға (атын мініп кету)
хақылы.
13. Баласы əкесəнəң, не жақын туысының мал-дүниесін үш ретке дейін сұрамай пайданала
береді.
Енші беру
1. Отбасындағы балалар ер жетіп, ұйленгенде онын еншісін беріп, бөлек шығарады.
2.Кей кездері үйленген ұл ата қонысынан бір-екі жыл шықпай отырып, өзіне тиісті еншісін
кеш алса ерікті.
3. Ұлын бөлек шығарарда əкесі бүкіл ағайын-туыстарын жинап, мал сойып, той жасайды.
4. Туысқандары өз əлінше бөлек шығаруға көмектесіп, мал мүлік қосуға, беруге ерікті.
Нағашылары тарапынан да немеурін көрсетіледі.
5. Бөлек шығып жатқан келін өзінің жасауынан бір жақсы затын, киімін атасына беріп,
оның орнына атасы қойды қосақтап байлайтын арқанды береді (қосақ басы), бата
жасатады.Бөлек шыққан отаудың белгісі ұсақ малға ен салу.
6. Енші алып бөлек шыққан ұл өз шаруашылығын өзі жүргізуге хақы бар.
7. Алғашқы кездерде, мысалы қыстау алып, əбден орныққанға дейін əкесінің ұлына
көмектесуі шарт. Ал кейіннен ұлы əкесіне көмектесуге тиісті.
8. Егер от басында бірнеше ұл болса, онда бөлек шыққысы келген балаларына еншісін бөліп
беріп, бөлек отауларға шығарады. Əкесімен тек кенже ұлы қалып, өлі-тірісіне, ата
орынына ие болатын шаңырақ иесі болып есептеледі.
9. Енші алған ұл, əкесі өлген соң қалған малынан ештеңе талап етпейді жəне оның мал-
жанын сақтауға қайрат қылып “үлкен үйден қор кетпесе бəрімізге жетер” деген қағиданы
ұстайды.
10. Қазақ халқының əдет-ғұрпы бойынша ұлға енші берумен қатар ата мүлкінен үлес сыбаға
алуға ұзатылған қыздың да хақы бар.
“Төркіндеу” өзінің жол-жоралғысымен жүреді. Мəселен бір адамның екі ұлы, екі қызы болса,
үлкен қызы ұзатылған, одан кейінгі ұлы үйленген де, қалған бір ұлы, бір қызы қолында. Бар малын
есептеп, бөлек шығаратын үлкен ұлына енші бермес бұрын ұзатылған қызы əлі төркіндеп
келмесе, оған берілетін сыбағасы бөлінеді, ал бұдан бұрын төркіндеп келіп, өз сыбағасын алып
кетсе, оған ешбір үлес тимейді. Кіші қызының жасауына, кіші баласының қалың малына деп
белгілі мөлшерде мал қалдырады да, қалған малды төртке бөледі. Бір бөлегін үлкен ұлына еншіге
береді, ал қалған үш бөлек ата-анаға жəне кенже баланың үлесі болып қара шаңырақта қалады.
Мұрагерлік
1.Əр адам меншігіндегі мал-мүлікті өз туысынан басқа адамға қалдыруға хақы жоқ.
2.Кейбір жағдайда қимас досына мұра есебінде бергісі келген малын, затын өз мұрагерлеріне
тапсырып кетуге ерікті.
3.Өлген адамның артында мұра есебінде мал, жер-су, үй-жəй, мүлік, ақша қалады, оған
жесірімен бірге құлдары мен күңдері кіреді.
4.Өлген адамның соңында жас балалары қалса, əрі олардың туған шешесі болса онда өлген
əкесінен қалған мал - мүлікті мирасқа бөлшектеуге ешкімнің хақы жоқ.
5.Егер өлген кісінің енші алып кеткен ұлдары мен ұзатылып кеткен қыздарынан басқа қолында
бала болмаса , немесе бірге тұрған кіші əйелінен бала тумаған болса , онда өлген кісінің жылы
толғаннан кейін асын береді де, ағайын-туғандары жиналып , қалған мал-мүлікті енші алып
кеткен ұлдары мен қыздарына, оң жақта қалған олардың өгей шешесіне бөледі. Ол мынандай
мөлшерде: туған ұлдарына -екі еседен, есігіндегі еншілес болып жүрген құлы мен күңі болса
оларға ширек еседен сый тиісті.
6.Егер тіршілігінде көп əйел алып, олардың еншісін əуелден бөлек ұстаған болса, əр əйелдің
бөлінбеген кенже баласы иемденеді.
7.Əке жастай өліп, артында жас балалары мен жас əйелі қалса, əменгерлік бойынша өлген
адамның бірге туған ағасы не інісі, ондай туысы болмаса немере , шөбере туысқандары, қала
берді аталас жақындарының бірі жесірге үйленіп, балаларын өз қамқорлығына алып, мал-мүлікке
заңды түрде иелік етеді.
Асырап алу
Асырап алу қазақ ғұрпында өте жиі кездеседі.Оған негізгі себеп елдің басындағы жаугершілік,
қоғамды толық игеріп отырған туысқандық байланыстар жүйесі, ру ішіндегі ер адамдар көп
болсын деген мүдде.
Қазақ шежіресінің ұзын ырғасы осындай асырап алу оқиғаларын жиі баяндайды.Соған қарап
қазіргі қазақ руларының көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде бір-бірімен саяси жəне шаруашылық
мүденің ортақтығы жақындастырған қауым деп есептеуге болады. Бала асырап алған кезде
қазақ ешкімді де бөтенсінбейді-ағайын туыстың баласы, алыс жамағайын, қолға түскен
түтқын, ат арқасына мінгесіп келген олжа-бəрі де қазақ ішінде егер пысық, еті тірі болса өз
орнын, яғни əкесі мен шешесін тауып кетеді.
Бала асырап алатын адам алдымен ел ақсақалдарына, ру басы көсем-биге осы шешімін
хабарлайды. Елді жиып, қазан көтереді, ақсақалдардың батасын алады. Баланың қолына қойдың,
не жылқының ортан жілігін ұстатып үйге кереге астынан кіргізеді. Ол үшін бірнеше қарулы
жігіт кигіз үйді аздап көтереді, сол саңылаудан бала үйге еңбектеп кіреді. “Ортан жілік ұстады
ма екен ?” деген сөз осыған байланысты қалған, ол жілікті ұстаған бала əкеден қалған жан мен
малға мұрагер есепті.
Кигіз үидің ішіне енген соң екінші бір ғұрып бар. Сол ауылдың кəрі əйелдерінің отыз-қырығы
тізіліп тұра қалып, асырап алынатын бала аяқтарының арасынан жорғалап өтеді. Ол да болса
осы елдің баласы, ешкім бөтенсімейді деген ишара.
Үшінші бір ғұрып бала асырап алушының əйелі, осы шаңырақтың бəйбішесі, бір үлкен көйлегін
кигіз үйдің оң жағына төсейді. Бала сол көйлектің жағасынан кіріп етегінен шығады. Бұл ишара
бала сол бəйбішенің ішінен шықты дегенмен бірдей (киімді бала).
1. Егер жесір əйел əменгерлікке мойынұсынбай, басқа біреуге өз еркімен тұрмысқа шықысы келсе,
немесе төркініне кетпек болса, оған өзінің киім -кешек, төсек-орыны мен мінер атынан басқа
ештеңе берілмейді.
2. Жесірдің тиетін күйеуінен айып ретінде үш тоғыз немесе бір қызға берілетін қалың мал
алынады.Шешесі басқа күйеуге шыққанда жас балалар əкесінің туыстарында қалып, əкеден
қалған мал -мүлікке мұрагер болады.
3. Бір некеден туған балалардың мал-мүлкіне екінші, не үшінші некеден туған балалардың қол
сұғуына хақылары жоқ.
4. Егер бір некеден ешбір мұрагер қалмаған болса ғана əке мұрасын басқа некеден туған балалар
бөліседі.
5. Асырап алынған бала өгей əкесі өлген соң, оның заңды мұрагері болуға хақы бар. Мұра болған
мал-мүлікке марқұмның туыстары қол сұғуға еріктері жоқ.
6. Егер əке асырап алған баланы өзінің мұрагері еткісі келсе, көзінің тірісінде оның мұрагерлік
хақын жариялап кетеді.
7. Егер əке көзі тірісінде арнайы мұрагер етпесе немесе кенеттен өліп кетсе, өсиет айтылмаса
əкенің жақын туыстары əке мұрасын асырап алған ұлға билетпеуге ерікті .Оған ұлға берілетін
енші мөлшерін толығымен беріп , үйленбеген болса қалың мал беріп, қалған мал-мүлікті
туыстары өзара бөліседі.
8. Егер қайтыс болған ұлының баласы болмаса, оның дүние - мүлкіне иелік əкесіне қалдырылады.
Қыз алып қашу
1.Өзінің айттырылған қалыңдығын алып қашқаны үшін, жігіттің туыстары ат-шапан айып
төлейді жəне бұл ауыр қылмыс болып есептелмейді.
2.Айттырылып қойған қыз, өз сүйгенімен қашып кетсе, бұрынғы айттырған күйеуіне қыздың
туыстары қалыңмалын қайтарумен бірге, бір қызды айып ретінде береді немесе қыз орнына
қалың мөлшерін төлейді.
Қыз əкесі айыпты болмаған жағдайда, қызды алып қашушы төлейді
3.Егер қыз əкесі алып қашушымен үндес, жымдас болса, бұрынғы құдасына қалыңын қайтарып,
өз тарапынан айыбын төлейді немесе басқа қызын береді.
4.Қызды айттырып қойған жақ, қызды алып қашушының тарапынан кешірім сұрау, немесе
қалыңмалын айыбымен қоса қайтару кешіктірілсе өлім жазасын талап етуге, не барымтаға
шығуына рұхсат.
5.Егер айттырылмаған басы бос қызды алып қашса, онда алып қашқан адам қыздың ата-
анасына қалыңмал, түйе бастатқан тоғыз немесе қалың ретінде бір қыз беріп, алып қашқан
қызға үйленеді.
6.Біреудің əйелі келісімінсіз алып қашу өлім жазасына кесіледі, не құн төлейді. Егер келісімімен
алып қашса қалың малын қайтарып, үстіне қыз қосады.
7.Қызды, не əйелді зорлау өлім жазасына кесіледі, не құн төлейді, егер туыстары соған келіссе.
Егер зорлықшы қызға үйленетін болса құн орнына қалың мал төлейді.
Құда тарту
Ұлына жар таңдаған əке жақсы ниетті білдіру үшін қалыс адамды “жаушы” етіп жібереді.
Жаушы сөзін: “Сізде лашын бар, бізде сұңқар бар”, - деп бастап, құда болғылары келетінін
айтады. Егер қыздың ата-анасы бұл ұсынысты қабыл алса, жіберілген адамдар сол арада
қалыңмал туралы сөйлесіп, оның мөлшерін келіседі. Жаушы “қарғыбау” кəдесін тартады,
құдалықты бекітер кəдесін-ат пен шапан береді. Қыз əкесі жаушы арқылы күйеу əкесінің
туыстарының “құда түсер” мезгілін айтады. Қалыңдық аулына келе жатқан құдалар, өздерінің
келе жатқандығы туралы хабар берді. Қалыңдық əкесі өз туыстары мен достарына
құдаларының келетінін айтып, киіз үй тігіп, ақсарбас қой сойылып, бата оқылады. Алғашқы
“құда тарту” жігіт жағы қыз ауылына жақындағанда басталады. Құдалардың санына қарай
қыз жағынан жігіттер қарсы шығып, ат үстінде “құда тарту” болады. Ең бағалы сый күйеудің
əкесіне немесе оның орнындағы адамға тартылады. Уəденің белгісі ретінде қонақтардың алдына
жіңішке етіліп кесілген құйрық пен бауыр қойылады. “Құйрық-бауыр” ең алдымен жігіт
туыстарына, сонан соң қыз туыстарына беріледі. Құда түсу тойында құтты болсын айтып
келген əйелдер құдаларға арнап шашу шашады. Құдалық үстінде басы жарылып, көзі шықса да
ешкім режімеуі керек. Əйелдер одан соң қонақтарға жеке-жеке талап қойып, əн салдырып, күй
тарытқызып, жұмбақ шештіріп, жаңылтпаш айтқызады. Талапты орындай алмағандар тиісті
жазаларын алады: басына құрым қалпақ кигізіп, бетіне күйе, ұн, балшық жағады. Немесе үстіне
суық су құйып, өгізге теріс қаратып мінгізеді, немесе шығырға байлайды, шаңырақтан арқан
салып, аяғынан байлап жоғары көтереді. Бұл кеште əр түрлі қиын, қисынсыз талаптар қою
арқылы қарсы жақты сынау, олармен өте жақындасуды мақсат еткен. Осының бəрін бір сөзбен
”құда тарту” - дейді.
6. Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен кейін ғана құдалық уағда бекиді.
7. Егер “қарғыбауы” беріліп, сөз салып қойған жігіт жағы келісімді бұзып, басқа біреудің қызына
құда түспек болса, онда келісімді бұзған кінəлі жақ ат-тон айып төлейді жəне бүкіл киітті
қайтарады.
8. Егер алдында құдаласып, кейін басқа біреуге үйленбекші болып, келісімді бұзса, онда келісімді
бұзған жақ бір түйе бастатқан тоғыз айыпты төлейді. Бірінші, құда түскен қалыңдықты алып,
бəйбіше атандырып барып қана екіншісіне үйленуге хақы бар.
9. Қалыңмалдың негізгі бөлігі немесе барлығы өтелген соң ғана күйеу жігіт қалындық ойнауға
барады (“ұрын бару”). Күйеу жігіттің бұл келуі бірінші келу болғандықтан, қалыңдық жағы той
жасайды.
10. Егер күйеу қалыңмалын өтемей, ұрын бармай, қалындық аулына келе қалса, онда оның атын
тартып алып, ісін əдепсіздікке жатқызып, өзін жаяу жібереді.
11. Егер ұрын барғанда қалындық аулында болғысы келсе, күйеу бір апта, тіпті бір ай жатуға
еркі бар. Ұрын тойдан кейін күйеудің қалындық ойнап барып тұруына хақы бар.
12. Күйеу жігіт қалындықтың ұзатылу тойына дейін жақындыққа баруға хақы жоқ.
13. Егер күйеу ұрын тойда қалыңдығын пəктігінен айырған болса, неке жаулық төсеген
жеңгелерге кəдесін береді.
14. Ұрын тойға келіп кеткен күйеу қайтыс болса, онда туыстары қалыңдықты марқұмның
аулына қайғылы күйде аза кəдесімен бірге əкеледі. Осындай қалындық /жесір/ күйеуін жыл бойы
жоқтап, сонан соң оның інісіне немесе ағасына, тіпті болмаса жақын туысына тұрмысқа
шығады.
15. Неке қиюды қалыңдық ауылында молда өткізеді.Ол жігіт пен қыз жағынан кəде алып /алтын
жүзік, сақина, садақ жебесі/ оны су құйылған сырлы тостағанға салады. Жігіт пен қалындық,
олардың туыстары неке қияр суды ішуі жұбайлық өмірдің басы болып саналады.
Неке қиярдың орнына жігіттің үлкен шаңырағында отқа май құю салтанаты жүреді.
16.Қайын енесі тірі тұрғанда келін төрге шықпайды. Қайын енесі қайтыс болғанда келін отқа
тағы да май құяды, одан əрі төрге шығуға рұқсат етіледі.
Əмеңгерлік:
1. Жесір əйелге əмеңгер таңдау қайтыс болған күйеуінің жылы толғанда шешіледі.
2. Күйеуі өлген əйел билер /ақсақалдар/ шешімімен күйеуінің жақын бір туысына шығуы керек. (”
Ерден кетсе де елден кетпейді”).
3. Егер жесір қалған əйелдің өлген күйеуінің ағасы да, інісі де болса, онда жесір əйел күйеуінің
ағасына шығу керек.
4. Егер жесір əйел қайнысын таңдаса, оған рұқсат, бірақ жеңге алған інісі ағасына жолы
ретінде “тоғыз” тартады.
5. Егер жесір басқа біреуге тұрмысқа шыққысы келсе, оған рұқсат, бірақ мал-мүліктен ештеңе
берілмейді. Ал тиетін күйеуінен толық қалыңмал алынады. Жесірдің есейіп қалған балалары
əкесінің туыстарында қалады.
6. Егер күйеуі жас өлсе, екі жақ құдалықты үзбей, қалыңдықты марқұмның інісіне атастырып,
бұрынғы келісілген қалыңмалдың үстіне бір ат үстеме төлеп, əменгерлікке алуға рұқсат.
7. Егер өлген күйеудің басы бос інісі болмай, басқа жерде айттырылған қалындығы бар інісіне
немесе үйленген ағаларының біріне қосқысы келсе, бұрынғы келісілген қалыңмал үстіне түйе
бастатқан тоғыз төлеп, некеге отырғызуға рұқсат.
8. Егер қалындық ер жетіп қалған жағдайда басы бос, тым жас əменгері бола тұра, күйеу
əкесінің еркі бойынша үйленген балаларының біріне қосатын болса, онда күйеу əкесі түйе
бастатқан тоғызды екі немесе үш еселеп береді.
9. Егер өлген күйеудің өзімен бірге туған ешбір еркек кіндік болмаса, немере туыстарының бірі
қалындықты əменгері ретінде алуға хақы бар.
10. Егер қыз əкесі бұндай жағдайда бас тартса қалыңмалды қайтарады.
11. Егер күйеу ұрын келіп үлгермесе жəне қалыңдықтың əкесі қызын əлі үйленбеген, қыз
айттырмаған əменгеріне бермей қойса, қыз əкесі қалыңмал үстіне бір тоғыз айып төлейді.
Балдыз алу
1. Егер қыз əкесіне құдасы немесе күйеу баласы ұнамаса, əсіресе өлген қызы түскен жерінде
тиісті сый-құрмет көрмей, ылғи жəбірленіп жүріп дүние салса, басы бос бойжеткен қызы бола
тұрып бермеуге хақылы.
2. Егер марқұмның туған сіңілісі айыттырылып қойған болса, немере туыстарының қызын
сұрауға хақылы.
3. Өлген қалыңдықтың туған сіңілісі тым жас болса, оны күйеу жігіттің жас інісіне
атастыруға болады.
4. Ал басы бос қызы бола тұра қызын бермесе, қыз əкесі алған қалыңмалын түгел қайтарумен
бірге, түйе бастатқан бір тоғыз айып төлейді.
5. Егер балдызы жездесіне ұнамай, жездесі балдызын алудан бас тартса, онда күйеу жағы əр
түрілі мөлшерде айып төлейді.
6. Егер балдызының жастығын ескеріп, жездесі одан бас тартса, онда қалыңмалдың үштен екісі
күйеуге қайтарылып, өзгесі қыз əкесінде қалады.
7. Егер оң жақта отырған қалыңдық қайтыс болып, қыз əкесі қалың малды алып қойса қыздың
сіңлісін күйеуге беруге міндеті.
8. Қалыңдық өлісімен күйеу бірнеше жолдастарымен қайын атасына келу керек, ол егер
уақытында келмесе, ескертпесе, балдыз алуға хақы жоқ.
9. Қалыңдығына ұрын барып қойған күйеу балдызын аларда “балдыз қалың” төлейді. “ Балдыз
қалың” 1-2 түйеден, бір тоғызға дейін.
Көп əйел алу
1. Егер жан-жақты бай, тұрмысы ауқатты адам болса, бірнеше əйел алуға хақы бар, тек əр
əйеліне енші бөліп, жеке ауыл етіп шығаруы керек.
2. Əйелдердің ішінде шаруашылық жағын байдың бірінші əйелі “бəйбіше” басқарады.
3. Əр əйелдің балаларының еншісі шешесіне бөлінген мал-дүниенің есебінен тиеді.
Ажырасу
1. Ері қаншалықты жаман, ынжық, кемтар немесе өте кəрі болған күнде де одан
əйелдің айырылысуға хақы жоқ. 2. Егер жас əйелдің күйеуі өзінің күйеулік міндетін
орындауға жарамсыз болса, мұндай дəрменсіздігі куəлар алдында дəлелденуі керек.
Дəлелденген жағдайда айырылысуға рұқсат.
3. Егер ері əйелін жазықсыз ұрып-соға берсе, сондай-ақ ел ағаларының ескертуіне құлақ
аспайтын меңіреу болса, əйел төркіні, немесе ел ағалары арқылы билер алдында жүгініп,
айырылысуға хақылы.
4. Егер күйеуінің ақыл-есі дұрыс болмаса, шаңырағы түгілі өз басын алып жүре алмайтын сорлы
болып, бала-шағасын асырауға шамасы келмесе, ақсақалдың ескертуінен ештеңе шықпаса, əйел
билер алдында жүгінуге хақылы.
5. Егер күйеуі əйеліне күн-көріс /нафаха/ қалдырмай, 6 ай 30 күн хабарсыз қалдырса немесе 7 жыл
бойы із-түзсіз жоғалып кетсе, күн-көріс болған күннің өзінде əйелі күйеуінен ажырасуға хақы
бар.
6. Күйеуінің əйелін жазалаудағы себеп əйел тарапынан болса, жəне əйел басқа біреуге қашып
кетсе, билер үкімі бойынша əйелді күйеуіне қайтарып, қамшымен жазалайды жəне оны
айнытқан адам айып төлейді.
7. Шариғат рəсімімен еркектер тарапынан əйелін тастау “талақ етуі”. Үш рет “талақ” деп
айтқаннан кейін, үш ай мерзім ішінде айырылады.
8. Əйел жеңілдікке салынып, күйеуінің көзіне шөп салса жəне ол 4 куəмен дəлелденген болса
ажырасады. Əйелге мал-мүліктен ештеңе берілмейді, қара сиырға теріс міңгізіп, бетіне күйе
жағып, мойнына құрым киіз іліп, төркініне қайтарады.
9. Егер ері əйелінің ойнасы үстінен шықса, əйелін де, оның көңілдесінде өлтіре алады.
10. Еркегін сыйламағаны үшін, немесе көңілі толмаған, сыйластық болмаған жағдайда күйеуі
əйелін (бəйбішені) жасау-жабдығымен төркініне аттандырады.
Қалыңмал
1.Қалыңмал мынадай бөлімдерден тұрады:
а) Бас жақсы - түзу мылтық, берік сауыт, қашса құтылатын, қуса жететін бір сəйгүлік,
малдағы артық бір түйе немесе олардың орнына 20 жылқы береді.
ə) Қарамал - қалыңмалдың ең өзекті бөлімі.”47” осы қара мал есебіне енеді.”47”-нің ішіне-
жанама жақсы, жеке ту бие, төс ат кіреді, сол
есеппен аяқтымалдың саны əр жастағы малдан 33.
Орташа қалың мал ”37” осы тəртіппен санағанда қара мал есебімен 26.
Қалың малдың құрамы орташа есеппен;
1. Бас жақсы-10 жылқы:
2. құлынды бие; /16 бас/ ;
3. құнан-құнажын;7 бас ;
4. тай-7 бас;
5. жеке ту бие;
6. жанама жақсы- 1 таңдамалы жылқы не туйе;
7. аяқ жақсы-4 бас жылқы. Барлығы 47 бас. Ірі қара саны бір 20-дан бес 20-ға дейін барады.
б/ Ілу- қызын тəрбиелегені үшін ұрын барғанда берілетін кəде /қара малмен орайлас-
қымбат зат/.
в/ Той малы- қыз ұзату тойына сойысқа апаратын мал, жыртыс жəне қалыңдық
жасауының шығыны.Бұл 20-дан 70 бас жылқыға дейін. Жігіт жағынан отаудың кигізі
түгел.
г/ Сүт ақы- қалыңдықтың анасына беріледі-1-7 түйе.
д/ Босағаға байлау- қыз əкесінің босағасына төленетін ақы- 1-2 түйе, жылқы.
2. Қалыңмалдың көлемі 57-47-37-27-17-7 болып кішірейе береді. Ең кіші қалың “дөңгелек” -
7-10 бас ірі мал. Ең ірі қалың қара мал шектелмейді, мөлшері 57, 67, 77 жылқыға дейін.
Қалың мал мөлшері 100-ге дейін көтеріледі.
3. Қалың мал мөлшеріне сəйкес оның құрамы малдың түрлі қасиеттеріне, жынысына,
жасына, қоңына, қысырлығына т.б байланысты анықталады. Қалың мал қалындық əкесінің
талаптарына қарай малдың түлігі мен санының əртүрлі ара қатынастарында беріледі.
4. Қалыңмалға қыздың əкесінің ғана иелік етуге хақы бар.
5. Егер қыздың əкесі қайтыс болса, берілген қалың малға иелік ету тек қыздың аға-інісі,
немесе əкесінің туыстарының ішіндегі ең жақын ер адамға рұқсат етіледі.
6. Егер қалыңдық жігіттен бұрын төсек көрген болып шықса, жігіт жағы қалың малына
қоса бір тоғыз айып талап етуге хақылы/қайын атасының отау алдына күйеуге деген атын
пышақтап, шапанын дар айырып кетеді/.
7.Қалыңдық төсек көрген болып шықса іс билердің үкіміне түсер болса, сол іске кінəліден
қыз əкесінің пайдасына тоғыз даулауға хақы бар.
Жасау
1. Жасау-жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне шамалас, кейде онан да асып түсетін,
ұзатылған қызға міндетті түрде берілетін мал-мүлік; жасауға киім-кешек , ыдыс-аяқ
сияқты мүлік түгел кіреді. Əр қайсысы 9-дан.
2.Жасау мөлшері əртүрлі болады: үлкені 2-5 түйе, қанауыс пен жібектен тігілген 125
шапан, сəукеле, 50 кілем, шұға мен жібектен тысталған 25 ішік, отау ағашы, 5 жылқы,
күміс ер тоқым, жүген, төсек-орын, киім-кешек т.б. / ”ат мініп, отауы артылған түйе
жетелеп келу”/.
3.Жастардың отауын қыз жағы дайындайды (отау ағашы). Киізін жігіт жағы
қалыңдықты алуға келгенде бірге ала келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |