А 82 «Жеті жарғы» мемлекет жəне құқық ескерткіші



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата03.03.2017
өлшемі0,96 Mb.
#6087
1   2   3   4   5   6   7   8   9
§. 7. Абылай хан дəуірі

 

Қазақтың əдет-ғұрып заңдарының иесі қасиетті, əулие билері болса, ұлыс елінің билігі, мемлекет 

тəртібіне  жауаптылық  ел  иесі  хандарында  болған.  Осы  мəселені  терең  түсінген  Абылай  хан 

аласапыран  заман  артта  қалғанда  хан  билігін  нығайтуға,  заң  жолын  қадағалауға  күш  салды.  Ол 

күш-жігерді  біз  сол  заманның  жырауларының  толғауларынан,  аңыздарынан  көреміз.  Абылай 

ханның  өз  басы  да  сөздің  пірі  қонған  адам  болғаны  белгілі,  ХҮІІІ  ғасырдың  əйгілі  жырауы 

Үмбетей Абылайға – 

Тоқсан жақсы үш жүзден, 

Сені сұрай барғанда, 

Өлтірем деп Қалдан хан 

Орайына Шарыштың, 

Сөзіне қарсы сөз айтып, 

Жауаптастың, қарыстың, 

Үш ауыз сөзбен құтылдың, 

Ұмыттыңба соны, Абылай! – 

деуінде осындай себеп бар (65, б.108). 

Қазақ шежіресінде Абылай хан заманы ерекше шабытты суреттелетінін Шоқан Уəлиханов айтып

кеткен  болатын.  Сонымен  бірге  шежіре  деректері  де  Абылайдың  мемлекет  пен  құқық  туралы

көзқарастарынан бірқатар дерек береді: 

“Қазақта батырда Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін Төле биден асқан би жоқ. Бұл 

екеуі де Абылай заманында қарттық басып, тұғырдан түскен кісілер. Абылай ханның хан болып 

дəуірі жүріп тұрғанда құнға кесім қылдырған, тамам талас сөздің үстінен қаратып, бітім айтқызып 

билік  қылдыратұғын  биі  Күлік  Шобалай  баласы  Жəңке  батыр  би  екен.  Бұл  кісінің  құнға  қылған

кесімі қара құн - жүз жылқы, он екі жақсы; сүйек құны – елу жылқы, алты жақсы; өнер құны тоқал 

құн  болады - тоғыз  жақсы.  Бұл  үш  құн  еркекте  Көтеш  ақынға  алынған,  ұрғашыда  Ұлбикеге 

алынған. Əлгі айтылған батырлардың бірде-бірі жауда өлсе, “жеті ердің құны алынсын” деп кесім 

қылған.  Жауғаш,  Биғаштың  Жауғашы  қалмақта  өліп,  жеті  ердің  құнын  алған.  Жақсы  дегеннің 

басы жетім, қалы кілем, қара нар, мылтық, сондаймен тоғыз болады. Ұрғашының құны еркектің 

бір көзінің құны – елу жылқы, алты жақсы. Аттың құйрығын кескен ұрыға бір жылға шейін билік

айтпайды  екен,  босаға  күзеттіреді  екен.  Босаға  күзеттіргеннің  мəнісі – сол  атының  құйрығы 

кесілген үйден бір жылға дейін кісі өлсе, ат құйрығын кескен ұрыға кісі құнын тарттырады екен. 

Шідер ұрлағанға шідері қайыс болса, үш атқа үш балағын салып, үш атты үш жаққа айдайды екен. 

Үш  ат  үзіп  кете  алмаса,  ұрыға  үш  ат  айып  салады  екен.  Аттың  құйрығының  құны – кісі  кұны 

болды. Шідер құны –үш ат болды. 

Біреудің малын ұры ұрлап сойып жеп қойған болса, ол ұрының мойнына арқан салып, мал иесінің 

қолына береді екен. Мал иелері атқа мініп алып, тақымына салып сүйрей жөнеледі екен. Өлшеулі 

мерзімді жері болады екен, соған дейін тартады екен. Өлсе өліп кетті, өлмей қалғанда “Салауат” 

деп  қоя  береді  екен.  Солай  тартқанда  адамның  мойны  жарты  кез  ұзарып  кетеді  екен” (1, б.315-

316). 

Қазақтың əдет-ғұрып заңдарының Абылай заманында тым өзгере қоймағаны жоғарыда келтірілген



шежіре деректерінен анық көрінеді. Сонымен қатар мемлекет билігі де, оның ішінде ұлыс билігі

мен  ру  билігі  арасындағы  күрес  те  өз  табиғатынан  алшақ  емес.  Тіпті  Ресейдің  хан  билігін 

əлсіретуді көздеген арандату саясатының арқасында қара сүйек ішінен шыққан беделді билердің

тарапынан хан билігін мойындамау мысалдары көп. Хан мен билер арасындағы тірес, күресті біз 

ерте  көшпелілерден  де  көреміз.  Бұл  күрес  орта  ғасырларда  да  өз  жалғасын  тапты.  Алтын  Орда 

заманында Шыңғыс əулетінің əлсіреуі, Бату тұқымының саяси сахнадан кетуі Тоқтамыс пен Едіге

арсындағы бақталастықты күшейтіп жібергенін де білеміз. Абылайға да алдымен қарсы тұрған өз 

қарамағындағы  Орта  жүздің  бірсыпыра  билері,  оның  ішінде  Орта  жүздің  орда  биі  болған  Қаз

дауысты Қазыбектің бел баласы Бекболат би еді. 

Жаугершілік уақытта хан билігінің үстемдігін амал жоқ мойындайтын көшпелілер бейбітшілікте

саяси  биліктің  күшейгенін  қолдай  бермейді.  Абылайдың  ұлыс  билігін  күшейтпек  мақсаты

Бекболат, Едіге сияқты билер тарапынан қарсылық туғызғаны да осы тұрғыдан заңды. Бұл қарама-

қарсылық  тарихқа  “Абылай  аспас  Арқаның  Сарыбелі”  деген  атпен  енді.  Орта  жүздің  Мейрам 

баласы  (қуандық,  сүйіндік,  қаракесек)  елдерінен  жиналған  үлкен  қол  Абылайды  шаппақ  болып

айбат шеккені де осы оқиға аясында түсінікті болады. 

Екі жақ Көкшетау маңында Жолдыөзек деген жерде кездескен екен дейді. “Ертең таң ата қараса 

желкілдеген ту да жоқ, жер қайысқан қол да жоқ, бір-екі атты келеді екен дейді. Бұл неғылған жан 

деп таңырқап тұрса Абылай хан мен Балта-керей Тұрсынбай батыр екен. Бұл жақтан Бекболат пен

Едіге атқа мініп екеуі алдынан шығысыпты” деп баяндайды шежіре. Сол жерде сөз қорыды, бітім-

тыным жарасты. 

Абылай  сұрапты  екен  дейді  “Мылтық  құрған  кім  еді?”  деп. “Қозған  Бекше  мерген  еді”  депті. 

“Талай жерде жорықта бірге жүріп, бір торсықтан малта жеп, бір табақтан ет жеген жолдас едік, 

кісіні  кісі  жоқ  жерде  өлімге  қия  береді  екен-ау”  деп  мылтығының  аузын  қырсық  бассын  деп, 

мылтығының  аузына  бір  түйе  байлады  дейді.  Жүгіріп  келіп  ұстай  алған  кім  еді  дегенде  Күлік

Жəңке дегеннің батыр баласы Жанақ десті. “Олар құдай жаратқан шын би ғой, баласын арашашы 

бол  деп  қосқан  ғой.  Қазақ  арасында  ат  шаптырған  ұлы  жиын  ас  болса,  Жəңке  батыр  бидің 

босағасына  түйе  бастатқан  тоғыз  байлансын.  Жəңке  батыр  осы  ас  ас-ақ  десе,  ат  шауап,  ас 

тарқасын,  əйтпесе  ат  шабылмайтұғын  болсын  да,  ас  тарқамасын”  депті  Абылай.  Ол  заманда  кісі 

өлген  қаралы  үйдің  босағасында бір найза  шаншулы  тұрады  екен.  Кісісі  өлген қаралы  үй екенін 

жұрт айтпай танып, сұрамай біліп бата қылсын деп, жылы біткенде сол найзаны Жанақ сындырып, 

ат-шапан  оның  жолы  болсын  деп,  Абылай  хан  осы  бітімді  билерге  кестіріп,  жол-жора 

қылыпты” (1, б. 322) 

Хан  мен  ру  басылар  осылай  бітімге  келіпті.  Бірақ  бұдан  əрі  Абылай  билігі  шектеліп,  ірі-ірі  ру 

басыларына, ру көсемдері билер мен батырларға тəуелденді. Қазақ хандығының тəуелсіздік дəуірі 

Абылай  ханмен  бірге  тарих  сахнасынан  шығып  əфсана  қараңғылығына  еніп  бара  жатқан  заман

болатын.  Мемлекетте  саяси  биліктің  дəуірлеп  тұрып  сусып  бара  жатқанын  бақылау  Абылайға

ауыр болды. Ханның соңға өсиет сездерінен осы қапа болған көңілдің ауанын сезінеміз: 

“Абылай хан ажал жастығына бас қойғанда Бұхар екең (Бұқар жырау) айтқан екен: 

Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, 

Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай, 

Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, 

Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, 

Сонда да қалар ма екен қайран жаның-ай –дегенде, Абылай хан: 

-Тоқта, тоқта бұлай десең, мен діннен шығамын, сен жалғаншы боласың! Жиырма жасымда таққа

міндім. Қырық сегіз жыл қазаққа хан болып тұрдым. Қанша жыл өмір сүріп, жас жасағанымнан 



не пайда, қазақтың арқасын тамға, аузын нанға сүйегенім жоқ, бұл бір. Ақ боз аттың құнын ер

құнына  теңегенім  жоқ,  екі.  Мылтығының  оғын  құралайдың  кезінен  өтікізетін  мергеннің  құнын

екі ердің құны дегізгенім жоқ, мұнымен үш. Осы үш арман бойымда кетті деген екен” (1, б. 327) 

Қазақ  əдет-ғұрып  заңдарын  соңғы  рет  жаңғырту  мүмкіндігі  осы  Абылайдың  жол – жорасымен 

аяқталады.  Бұдан  əрі  заманның  бағыты  қазақтың,  жалпы  көшпелілердің  даму  ерекшеліктерінен 

тыс  жүрді.  Евразияның  кіндік  өлкесі  болып  бірнеше  мың  жыл  өмір  сүрген  ұлы  дала  енді

Евразияның  перифериясына  айналды.  ХІХ  ғасырда  қазақ  халқының  мемлекет  пен  құқық  туралы

түсініктері екі бағытта дамыды. 

Біріншіден,  қайткен  күнде  де  тəуелсіздіктен  айрылмау  идеясын  ту  қылып  көтерген  азаматтар

хандықты,  хандық  институттарды,  оның  ішінде  “Жеті  жарғы”  сияқты  хан  кеңесін,  əдет-ғұрып 

заңдарын сақтауды мақсат тұтты. Бұл жарқын мақсаттарды біз Арынғазы хан мен Кенесары хан

құрған  мемлекеттерден,  тіпті 1916 жылғы  дүрбелең  кезінде  пайда  болған  рулық  хандықтар  мен

1930-шы  жылдардағы  совет  үкіметінің  саясатына  қарсы  шыққан  қазақ  қауымдарының  құрған

кішкене  ұлыстарынан  да  көреміз.  Бұл  мемлекеттерде  дəстүрлі  құрылым  принциптері  жұмыс

істегенімен  құқықтық  негіз  есебіне  кейде  əдет-ғұрып  заңдары,  кейде  шариғат  қабылданып 

отырды. Қалай дегенмен бұл қазақи дəстүрлерге негізделген қадамдар болатын. 

Екіншіден,  тəуелсіздікке  бұғау  түскенін  мойындап,  қазақтың  əдет-ғұрып  ережелерін  бодандыққа 

бейімдеу. Ресейдің қазақ елін отарлау саясаты үш кезеңнен тұрады. Алдымен 1730-шы жылдары 

басталған протекторат кезеңі, яғни Ресей үстемдігін мойындау, сыртқы саясатты Ресей мүддесіне 

қарай  жүргізу,  бірақ  ішкі  билік  қазақтың  өз  қолында.  Екінші 1820-шы  жылдары  басталған, 

вассалитет  кезеңі  хандық  билікті  жою,  қазақ  жерінде  бекіністерді  салу,  қазақ  өлкесін  дуандарға

бөлу,  оларды  генерал-губернаторлықтар  арқылы  басқару.  Бұл  кезенде  дуан  билігі  қазақтың  өз 

қолында, бірақ аға сұлтандар “майырлардың” (орыс хатшы) бақылауында. Үшінші сатысы 1867-

1868 жж. “Уақытша ережелерден” басталатын нағыз отаршылдық кезең. Қазақтың елі де, жері де 

орыстың қол астында, қазақ ішкі отар есебінде Ресейдің əкімшілік жүйесіне толық бағынуы. Қазақ 

жері  Ресей  империясының  толық  меншігіне  айналды.  ХІХ  ғасырда  қазақ  қоғамы  əлі  де  дəстүрлі 

əлеуметтік-шаруашылық  ерекшеліктерін  сақтап  қалғандықтан  əдет-ғұрып  заңдарының  өмірде 

алатын орыны өте күшті болды, оны Ш.Уəлихановта əдемі сипаттаған еді: “Суд биев, несмотря на 

40-летнее русское влияние, остался таким, каким был он за сотни, может быть, за тысячу лет до 

нас”. (17, б.89) 

Ұлттық тəуелсіздік жоқ кезде тəуелсіз құқық ережелерін сақтап қалу оңай емес. Ол өзінің мықты 

негізі  арқылы  біраз  жыл  бодандық  жағдайында  қызмет  жасады,  бірақ  тағдыры  шешіліп  қойған 

болатын. Мемлекет пен заң бір-біріне тікелей байланысты құбылыс. 1867-1868 жылғы “Уақытша 

ережелердің”  енуі  қазақ  қоғамының  дəстүрлі  құрылымын  түбегейлі  өзгерстерге  ұшыратып, 

қоғамдық  қарым-қатынастарды  реттеуші  заң  жүйесінің  де  өзгерісін  талап  етті.  Осы  уақыт 

талабына сай 70-ші жылдардан бастап “Ережелер” келді. Олардың жасалуына қазақтың өз ішіндегі 

билері де, Ресей əкімшілік қызметкерлері де мүдделі еді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ 

жерінде  саңырауқұлақтай  қаптап  кеткен  “Ережелердің”  өмірге келуі  осы  себептерге  байланысты 

болды. 

Қазақ  əдет-ғұрып  заңдарының  бірнеше  мың  жылдық  тіршілігі,  дамуы  осы  “Ережелермен” 



аяқталады.  Евразия  көшпелілерінің  мемлекеттік  жəне  құқық  түсініктерінің  негізі  болған  əдет-

ғұрып заңдарының тағдыр жазған шектеулі уақыты аяқталды. Біз жоғарыда қарастырған “Жарғы”, 

“Жол”, “Жеті  жарғы”  т.б.  мемлекеттік  жəне  құқықтық  институттары  көшпелілердің  талай  мың

жылдар  бұрын  түзілген,  адамның  адам  есебінде  өмір  сүруіне  кепілдік  беретін  ережелерге

негізделген  еді.  Бұл  ережелер  мыңдаған  жылдар  көшпелілердің  мемлекет  пен  құқықтық

кодекстеріне, билеріне үлгі болып келді, көшпелілермен қарым-қатынасы бар көптеген отырықшы 

елдердің заң ережелерінің қалыптасуына ықпал етті. Егер шынтуайтына келетін болсақ қазақ əдет-

ғұрып заңдары кəзіргі евразиялық цивилизация өкілдері туғызған заңдардан ана ғұрлым адами, ол 

азаматтық қоғам қарым-қатынастарын реттеуге көбірек ыңғайланған жол. Болашақта зерттеушілер

кəзір “Жеті жарғы” атымен танылған қазақ əдет-ғұрып ережелерінің тарихын, мəні мен мағынасын 



осы тұрғыдан қарастырады деп сенеміз.

Жеті жарғы (толық мəтіні)

 

ЖАРҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ӨЗЕГІ

 

1."Жарғы" қазақ арасында кең тараған, ғасырлар елегінен өткен "Жол", ("Жаза", 

"Жарғы", ”Қасым  ханның  қасқа  жолы”, ”Есім  ханның  ескі  жолы”)  негізін 

қуаттайды жəне жетекшілікке алады. 

2.”Жарғы” арғы түбін Алаштан алатын қазақ елінің, бірлігін, туыстығын сақтап 

қалуды  көздейді.Қандай  да  болмасын  билік,  бітім  сөз  қазақтың  арасын  ашпай 

”жарасуға”, ”қарындасқа” бастауы тиіс. 

3.”Жарғы”  ел  басшылығына  ұсынылатын  хан,  ұлыс  сұлтаны,  билердің  жеке 

бастарының  қасиеттері  жоғары  болуын  талап  етеді.Қазақ  ішінде  таза

мұрагерлік, таза сайланбалы тəртіп жоқ. 

4.”Жарғы”  қазақ  арасындағы  билік,  бітім  сөзінің  халықтың  қатысуымен,  жария 

етілуін  талап  етеді.Бидің  айтқан  шешімін  кейінге  қалдырмай,  ел  болып,  бірден 

іске асыруы тиіс. 

5.”Жарғы”  бойынша  екі  жақ  алдына  келіп  бірдей  жүгінгеннен  кейін  айтылған

бітім сөзі заң болып табылады. Би (кеңес, жүгініс) шешімін орындамаған адам ел 

ортасынан аласталады, не барымтаға түседі.  

6.”Жарғы”  қазақ  арасындағы  қылмысқа  қатысты  шешімдердің  алдымен  ”қанға 

қан”, ”көзге  көз”  ережесімен  шешілуін  талап  етеді.Кешірім  болған  уақытта 

ғана”құн” мен ”айыпты”қолданады.  

7.”Жарғы” қазақ атанған елдің азаматтары, қару-жарағы мен жорық аты, сайлы 

болса,  дəрежесі  тең  екенін  жəне  қарым-қатынас  тек  туыстық  жолмен 

реттелетінін жариялайды. 

8.”Жарғы”-  қазақ  ішінде  неке  мен  отбасы  құндылықтарын  мүлтіксіз  сақтауды 

талап  етеді.  Зорлық,  ойнас,  біреудің  некелі  əйелін  алып  қашу  т.б.  қылмыстарға 

өлім жазасын лайықты деп санайды. 

9.”Жарғы”  меншікке,  əркімнің  еңбекпен  тапқан  мал-мүлкіне  қарсы  жасалған 

қылмыстың қай түрі болсын-ұрлық, тонаушылық, өте қатал жазалануын талап 

етеді. 

10.”Жарғы” діннен безген, құдайға тіл тигізген адамдарды, өзге дінге кірушіні 

қатын-баласынан, мал-мүлкінен айыруды, өлім жазасын беруді қуаттайды.Өзіне 

өзі қол көтерген адамның жаназасын шығармауды, ру қорымынан бөлек жерлеуді 

талап етеді. 

БІРІНШІ ТАҒАН

 

Мемлекет жəне билік

 

§ 1. Билік деңгейлері. 

1.  Ақсақал  билігі  -ата  баласының  ішінде  жүреді.Неке  мен  отбасы,  жақын  туыс  ағайын  арасы, 

мұрагерлік  пен  енші  т.б.  мəселелерді  шешуге  хақылы.Ақсақалдар  бір  ата  баласы  ішіндегі  дауда 

кінəлі жақты жазалауға да хақылы. 

2.  Рулы  елдің  билігі-сол  елдің  ішінен  шыққан  көсемге  тапсырылады . Ол  не  өз  қасиетімен,  не 

аталарынан жеткен мұрагерлікпен билік жүргізеді. Ру биі рулы елге иелік жасайды, дау шарына 

төрелік  айтады,  ағайынды  бір-бірімен  табыстырады.  Сол  рулы  елді  өзге  жерде  қорғайды, 

намысын жыртады.Жақсы би өз руын өрге суйрейді, өз бас бұзарын өзі жазалайды. 

3.  Ұлыс  биі-бірнеше  руға  иелік  етеді,  ұлыстың/жаугершілік  жағдайында  кемі 10 мың  жігіт 

шығара алатын одақ, бас билігі, сыртқы саясаты ұлыс сұлтанының қолында/шаруашылық жəне 

əлеуметтік  өміріне  басшылық  жасайды.Сол  ұлысқа  ие  болып  отырған  ханның,  не  сұлтанның 

ақылшысы,  сүйеушісі  болады.  Ірі  -ірі  кеңестерде, ”Жарғының”  жиналыстарында  ұлыс  елдің 

намысын қорғап, немесе елдің ішкі жəне сыртқы жағдайына қатысты қабырғалы кеңес айтады.

4. Орда биі-тұтас жүздің басшысы, кемеңгер ел басының қызметі, би атағының ең биік деңгейі. 

Орда  биі  жалпы  халықтық  мəселелерді  шешуге,  өзге  елдермен  қарым-қатынас  ісіне  тікелей 

қатысады. Орда биі мемлекеттік ”Жарғының”құрамына енеді, яғни сыртқы жəне ішкі саясатқа 

ықпалы  мол,  ханды  тежеуге  немесе  қамшылауға,  не  жауапқа  тартуға  хақылы.  Орда  билері 

хандық биліктің осал кезінде ел татулығын, бірлігін ұстап тұруға жауапты. 

5.  Хандық  билік-хан  немесе  ұлыс  сұлтаны  тарапынан  жүргізіледі.  Биліктің  бұл  деңгейі 

жаугершілік тұсында аса көтеріледі жəне ”Жарғының”шешімімен хан немесе ұлыс сұлтаны өз 

бетімен  сыртқы  саясатты  жүргізуге  мүмкіндік  алады.  Ішкі  саясат  мəселесінде  ел  ішіндегі 

билердің  алдынан  бітпеген  даулар  немесе  ұлыс  сұлтандары  арасындағы  даулар  хан  алдына

барады.  Əр  даудан,  хан  қатыссын  мейлі,  қатыспасын,  жауапкердің  есебінен  кесілген  мал  мен 

мүліктің 10 пайызы  ханға  олжа /”хандық”/.  Сыртқы  елдермен  арадағы  елшілік,  сүйек 

жақындық  /қыз  беру,  қыз  алу/,  жаугершілік  пен  бітім  тікелей  ханның,  не  ұлыс  сұлтанның 

басшылығымен  жасалады.Төре тұқымының  ішкі  əулеттік даулары  хан  алдында  тарайды,  қара 

қазақ баласы ”хан баласы көпір болса басып өтпе”деп қабыл алса, кез-келген дауды төре алдына 

алып барып шешуге мүмкіндігі бар. 

6. Қаз (мəслихат, жиын) - бүкіл қазақ елінің бас қосқан кеңесі.Ел басына түскен өте ауыр, даулы, 

жауапты  мəселелерді талқылауға  үш жүздің  бас  көтерер  азаматы  (бес қаруымен ат-сайманы 

бойында)  түгел  қатысады.Көрші  елдермен  соғысу,  не  одақтасу,  не  мойынұсыну  т.б.  бойынша 

шешімде бекітуге тек ”Қаздың” (мəслихат, жиын) ғана деңгейі келеді. ”Қаз” (мəслихат, жиын) 

бекітпесе хан мен сұлтан болса да, елдің беделді билері болса да биліктері заңсыз деп табылады. 

§ 2. Би 

1. Би-сайланбалы қызмет емес;ел ақсақалдарының ұйғарымы, өзара келісімі мен шешімі бойынша 

елдің  салт-дəстүрін  білетін,  шежіреден  хабары  бар,  ауызы  дуалы,  шаруасы  түзу,  ата-тегі 

белгілі жəне елге беделді, сыйлы адам би болады. 

2.  Би-жас  ерекшелігіне  бағынбайтын  қызмет.  Айтқанын  ел  қабылдаса  жас  бала  да  елге  билік

айтып, даудың шешімін шығарады. 

3.  Би-атадан  балаға  қалатын  мұра  емес , əркім  өз  жігерімен , білімімен,  зердесімен  жететін 

абыройлы атақ.(Алты атасын арқалап жүрген бар ма екен, жеті атасын жетектеп жүрген бар 

ма екен?).  

4. Қазақ билігі ауызша айтылатын, ауызша шешілетін билік, жұрт алдында, қалың тобыр елдің 

үстінде айтылады, кім қатысам, кім сөйлеймін десе де, ел келіссе, рұқсат. 

5. Би-табиғи қабілет пен терең білімді ұштастырған адам болуы шарт. 

6.  Би-шешен,  тілді,  тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  мəнін  табатын,  айтқан  сөзінің  салмағы

қорғасындай болуы шарт. 

7. Би-ердің құны, нардың пұлы болса да екі ауыз сөзбен шешетін адам. 

8. Би-қазақ шежіресін, ру құрылымын, олардың арасындағы жолды,  

туысқандықты терең айыратын жан. 

9.  Би-терең  білімділігімен  қатар,  өзіне  тартпайтын  адам.  Ол-турашыл  ”қара  қылды  қақ 

жарған”, ”тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ".  

10. Би-өз өмірінде өз басына дау келтірмеуі шарт, елге күмəн, күмəнді сөзге себеп бермеуі шарт: 

Би басына дау келсе,  

Билігі кетер басынан. 

  

§ 3. Хандық билік: 

1. Қазақ билік жүйесінде мұрагерлік жəне сайланбалы қызмет қатар қолданылады.  

2. Хан сайлаудың шарты елдің ең белгілі көсемдерінің ақ кигізге хан тағына үміткерді 

көтеріп, елді аралатып бір биікке шығаруы.  

3. Екінші шарты ханға үміткерді боз биенің сүтіне шомылдыру.  

4. Хан сайлауға қатысушылар ақ кигізді қылдай қылып бөліп алады.  

5. Ханға жақын адамдар оның киімін алады.  

6. Хан сайлаудан қайтқан ел ханның мал дүниесін бөліп, айдап алып кетеді оның орнын 

толтырып еселеп мал береді /хан талау/.  

7. Ханның ақылшы адамдарын ”нақ” дейді, баласының /мұрагер/ тəрбиешісін ”аталық” деп 

атайды.  

8. Ханға қарсылық жасаған рулар ”тоғыз” айып төлейді /ханға қарсылық құдайға қарсылық/. 

9. Ханның жеке өз басына қарсылық көрсеткен, тыңдамаған адам тоғыздан айыбын төлейді. 

Кінəліні мойнына құрым іліп ауыл айналдырады.  

10. Ханның өзі бастап, ұлыс сұлтандары, ел басы билер мен ақсақалдар жыл сайын күз 

уақытында қазақ даласының орталығына қарай белгілі бір жерде ел мəселелерін талқыға 

салуы шарт /қазға салу/.  

11. Елдің бас қосқан жиынына /қаз (мəслихат, жиын)/ əрбір қазақ бес қаруымен келуі щарт 

Қарусыз адам дауысқа түспейді , жасы кішілер оған орын бермейді.  

12. Əрбір қару-жарағы сайлы адам /сұлтандардан басқа/ ел қазынасына деп сұлтандар мен 

хан /елбасы/, жауаптылығына өз меншігіндегі дүниенің, малдың өсімінен 1/20 бөлігін жыл 

сайын беруі шарт .  

Хан сайлау: 

Қазақ халқы ерте заманнан ханға бағынған ел. Хан қоғамдағы ең жоғарғы биліктің өкілі . Қазақ 

халқының үлкен хандарын ”ақ кигізге” көтеру дəстүрі ел болып хан билігін мойындаудың белгісі. 

Барлық  қазаққа  ортақ  билік  иесін ” үлкен  орданың  ханы ” деп  атайды,  сонымен  бірге  əр  жүз 

немесе ұлыс билеушісі сұлтандарды ” хан ”деп марапаттау бар, бірақ ақ кигізге ел болып түгел 

көтермегеннен кейін олардың деңгейі төмен. Сол себептен ұсақ ұлыс билігін “келте хандық” деп 

атайды.  Хан  атағы  əкеден  балаға  қалатын  мұра  емес,  негізгі  шарт  ағадан  ініге  қалады.  Бірақ, 

халықтың көңілі кетіп , өзіне жағымды деп тапса, сол адамына береді. Шарты, үлкен хандардың 

тұқымынан  болуы  керек,  негізгі  өзектен.  Хан  болатын  үміткер  Жарғының  алдында  сыннан

өтеді. Халықтың негізгі бөлігі қатынасқан-жиын, /қаз, мəслихат/ ханды сайлауға рұқсат береді. 

Хан  болатын  үміткер  өзін  жан-жақты  көрсетуі  шарт:  ел  арасындағы  келіспеушілік  болса 

төрелік жасап, жаугершілік болса қолбасшылық жасап, келіссөздер болса елдің намысын сақтап. 

Хан  атағына  үміткерді  ел  басшылары  толық  жиналған  соң  боз  биенің  сүтіне  шомылдырып  ақ

киізге  салып  көтереді.  Ханды  қолдайтын  билер  ақ  киіздің  шетін  ұстап  ел  жиынын  аралайды. 

Ханды  үш  рет  көтереді.  Елдің  бəрі  ханды  көтерген  сайын  “Хан“, “Хан“  деп  айғайлап 

дауыстайды.  Бұдан  кейін  сол  жерде  адамның  бəрі  жапа-тармағай  жабылып  ханды  “тəбəрік“ 

деп  бөліп  алады.  Ақ  киізге  көтерген  соң  боз  биенің  сүтіне  шомылдырады,  хан  киімін 

кигізеді/алтынмен оқаланған хан шапаны мен айыр қалпақ/. Ең жақын- жанашыр деген адамдар

ханның  ескі  киімін  өзара  бөліп  алады.  Боз  биенің  сүтіне  шомылдырылғаннан  кейін  ханды  ел

алдына алып шығып таныстырады. Осы жиында ханның жанына кеңесші болатын “нақтарды” 

сайлайды, ханның балаларын тəрбиелейтін, ханның елшілік тапсырмасын атқаратын “аталық“ 

сайлайды.  Қазға  (жиын,  мəслихат)  қатысқан  ірі  рулардың  билері  ханға  арналған  тарту-

таралғыларын  тапсырады.  Ханның  туын  көтереді,  ту  көтеріп  жүретін,  соған  жауапты 

батырды  белгілейді.  Қаздан  (жиын,  мəслихат)  шыққан  ел  рəсім  аяқталған  соң  ханның 

меншігіндегі  малдың  бəрін  “хан  талапай“  деп  қолына  түскенін  айдап  кетеді.Бірақ,  оның 

ертеңінде əрқайсысы ханға еселеп сыбаға жібереді. Қаз жиынына қазақ елінің атқамінер, қаруы 

сайлы  азаматы  түгел  қатысады.  Түркістан  мен  Ташкенттің,  сол  жердегі  қалалардың 

тұрғындары  түгел  қатыстырылады,  ғұлама  моллалар,  қожалар  “бəтуа“  береді.  Қаз  жиынның 

соңы  қашанда  қызық-думан  той  болып  аяқталады.  Ел  басшылары  өзара  келісімге  келгенінің 

белгісі ретінде “аққасқа-көкқасқа“ сойып/құрбандық шалу/ соның бауыздау қанына бармақтарын 

батырып, көкке көтереді /уағданы бұзсақ көк соқсын делінеді/.  

Осылай өзара серттескеннен кейін хан билігі ел ішінде мойындалған болады.  

Хан сайлауға қатысқан ел бұдан былай (ханға қарсылық-құдайға қарсылық ( деп өзара хан атағын 

сыйлауға  бəтуаласады.  Ханға  қарсылық  жасаған  руларды  Жарғы  жазаға  тартады.  Ханның  ірі 

рулардан  сайланған  нақтары  өз  руларының  күшімен  кез-келген  қарсылықты  басып  отырады, 

кінəлі  рулардың  билері  тоғыздан  айыптарын  тартады.  Хан  алдында  кінəлі  болған  жеке 

адамдарды жасауылдар мойнына құрым іліп, қара сиырға мінгізіп хан ордасын айналдырады. 

Хан  қазақ  елінің  бас  төрешісі  қызметін  атқарады.  Жүз,  ру  арасындағы  ірі  даулы  мəселелер 

ханның  қатысуымен  шешіледі,  қатыспаған  күннің  өзінде  “хандығын”  алады.  Хан  өз  қалауымен 

Жарғының келісімін алса, кез-келген адамды /кінəсіна қарай/ өлім жазасына кесе алады. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет