§ 2. “Жеті жарғының” зерттелу тарихы
“Жеті жарғының” зерттелу тарихы бірнеше ғасырды қамтиды, бірақ ескерте кететін мəселе бар.
Алдымен “Жеті жарғыны” ғылыми түрде зерттеу, яғни академиялық деңгейде зерттеу, əлі күнге
дейін тəжиребе ала алған жоқ. Екіншіден, “Жеті жарғыны” қазақтың əдет-ғұрып дəстүрлерімен,
жолдарымен салыстыра отырып жəне жеке бөліп қарастырған зерттеулер жоқ. Тіпті “Жеті
жарғыны” қазақтың мындаған жылдар бойы қордаланып, қоғамдық өмірінің реттеуші тетігі
есебінде өмір сүрген заң-ережелерінен бөле жарып қарау мүмкін де емес шығар.
“Жеті жарғы” туралы алғашқы салиқалы пікір айтқан А.И.Левшин қарама-қайшылыққа толы
жазбалар қалдырды. Кіші жүз қазақтарының ішіндегі белгілі, салмақты ру басшылары мен
сұлтандарының айтқанына сүйіне отырып А.И.Левшин: “было время, говорят благоразумнейшие
из Киргизов Меньшой Орды, когда и наш народ жил в покое, было время когда и у нас
существовал порядок, были законы и правосудье. Сей золотой век, о котором воспоминают они со
вздохом, есть царствование знаменитого Хана их Тявки” (51. Ч. 3, б. 169.) – деп жазады.
Қазақ қоғамының XVIII ғ. соңы XIX ғ. басында елеулі өзгеріске түскені, хан билігінің, ежелгі
тəртіптің сындарының кете бастағаны бір жағынан тарихи заңдылық, екінші жағынан Ресейге
бодандықтың тікелей нəтижесі. А.И.Левшин отаршылдық саясаттық қазақ қоғамына тигізген кері
əсерін жаза қоймайды, оның пікірінше Əз Тауке заманында аздаған тəртібі болған қазақ
қоғамының негізгі сипаты анархия: “…совершенное безналичие не может быть продолжительно,
но непрочность властей, у Киргизов существующих, неопределенность оных, слабость, свобода
переходить из под одной к другой, отсутствие законов, ненаказанность преступлений, очень
близки к тому понятию, которое обыкновенно разумеется под словом анархия” (51. ч.3, с. 157).
А.И.Левшин еңбегі XIX ғ. басындағы қазақ қоғамы туралы энциклопедиялық деңгейдегі
түсініктер мен мəліметтерді бергенімен де, қазақ қоғамының ішкі өмір сүру тəртібі,
заңдылықтары, мемлекет пен құқықтың ерекшіктері туралы пікірлері сын көтермейтін дəрежеде.
Кейіннен А.И.Левшиннің қазақ қоғамы туралы айтқан ат үсті пікірлері В.В.Радлов тарапынан
қатал сынға ұшырады. “Да не только живущие по соседству с киргизами (казақтар - Ж.А.)
народности, но и такие научные авторитеты, как А.И.Левшин, резко отрицательно отзываются о
киргизах…(бұдан əрі А.И.Левшин кітабынан үзінділер – Ж.А.)…Читая такие тирады, легко
прийти к мысли, что киргизы – отбросы тюркского населения Западной Азии, воры и бандиты,
бежавшие в широкую степь, так как не желали привыкать к упорядоченной жизни оседлых
народов, одним словом, -раса, заслуживающая быть уничтоженной. Но на самом деле это не
совсем так…мы имеем здесь дело со ступенью цивилизации, противоположной культуре эпохи
оседлых народов, и нужно смотреть на их поступки и поведение с другой точки зрения. На
правильность моего предположения яснее указывает то, что киргизы, не смотря на всю свою
ненавистную окружающим анархию, живут состоятельно и у них отмечается весьма
значительный прирост населения.
Я сам долго жил среди киргизов и имел возможность убедиться в том, что у них господствует
не анархия, а лишь своеобразные, отличающиеся от наших, но по своему вполне урегулированные
культурные отношения” (70, б. 249).
“Жеті жарғының” қазақ қоғамындағы қызметін, мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатындағы
орнын түсіну үшін көшпелі өмір салтына, оның шаруашылық жəне əлеуметтік тіршілігінің
сырларына əбден қанығу керек. Тарихи деректерден орталық саяси биліктің пəрмəні мен құрығы
қазақ қоғамына түгел жете бермейтінін көреміз, бірақ оның есесіне қоғамды біріктіріп ұстап
тұратын реттегіш бар, ол рулар арасындағы, жеке адамдар арасындағы туыстық қарым-қатынас.
Туыстық шаруашылықты, əлеуметтік өмірді, саясатты т.б. қоғам өмірінің салаларын бір жүйеге
салады. “Жеті жарғы” осы жүйені дұрыс жұмыс істеткізетін құндылықтар жинағы. Оның ең басты
мақсаты адамның əр басқан қадамын ережеге салу емес, ол мүмкін де емес, оның ең басты қызметі
көшпеліліктің басты құндылықтарын айқындау. “Жеті жарғы” ережелерін қазақ қоғамының
көпшілік бөлігі жатқа біледі. Қазақ ортасындағы əр дауды билер осы құндылықтар деңгейінен
келіп қарастыруы басты шарт. Əр адамның мінезі əр түрлі болатыны сияқты “Жеті жарғының” да
əр билікке дайындалған жеке ережесі жоқ.
В.В.Радловтың өзіне дейінгі зерттеушілерден ең басты артықшылығы, ол қазақ қоғамының негізгі
өмір сүру салтын, ерекшелігін жақсы түсінгендігінде. “В отношении же такого народа, как
киргизы, содержащего столь много скота, не может быть и речи о неплановых переездах” - деп
жазады ғалым (70, б. 253). Бұл қалыпты тіршілікті бұзатын тек сыртқы əсер, не халықтың, малдың
санының шектен тыс өсіп кетуі, міне осы кезде мемлекеттің саяси билік институттары күшейе
бастайды. Хан өз қолына билікті жинап алады, бұл жаугершілік заман басталды деген сөз. Бұл
процесс не империя құруға, не отырықшы елдердің арасына еніп жоғалып кетуге алып баратын
жол.
“Жеті жарғы” тəртібін В.В.Радловтан да терең түсінген ғалым Шоқан Уəлиханов. Оның
жазбаларында “Жеті жарғыға” арналған жеке бөлім жоқ, дегенмен Шоқан қазақтың заң
ережелерін, жолдарын Тəуке заманынан тым əріде қалыптасқан деген пікірден ешқашан айныған
жоқ. Ол бірнеше жерде “Жеті жарғы” ережелері мыңдаған жылдар бойы өмір сүрді деп жазады.
Оның алдымен жазатыны əдет-ғұрып заңдарына негіз болған “туысқандық, ауа-райы мен табиғат”
туғызған заңдылықтар (17, б.79). Осы пікірді жалғастырып “Понятия родства распространялись у
киргиз и в отношении отдаленнейших поколений” – деп жазады. Шоқанның айтуы бойынша егер
қоңырат пен арғын руының арасында дау болса даугер бүкіл “Сібір қырғыздары облысының”
билерінен бас тартуға құқылы.
Шоқан қазақтың əдет-ғұрып заңдарының шын жанашыры жəне ғалым ретінде тамаша
салыстырмалы пікірлер айтты. Оның ойынша қазақ қоғамына арқау болған дəстүрлі заңдар Ресей
реформаторлары табынып отырған Батыстың заңдарынан анағұрлым адамшылыққа жақын, ал
Шығыстың тəртібінен оқ бойы озық: “Нет никакого сомнения, что тот закон хорош для народа,
который более ему известен, закон родной, под которым человек вырос и воспитывался, как бы
закон этот ни был несовершенен, должен казаться ему лучше, понятнее и яснее самых мудрых
законодательств, взятых извне и навязанных сверху. Между тем, обычное право киргиз, по той
же аналогии высшего развития с низшим, на которое мы так любим ссылаться, имеет более
гуманных сторон, чем законодательство, например, мусульманское, китайское и русское по
Русской Правде. В киргизских законах нет тех предупредительных и устрашающих мер, которыми
наполнены новейшие европейские кодексы. У киргиз телесные наказания никогда не
существовали. А законы родовые, по которым члены рода ответствуют за своего родича, при
родовых отношениях приносят много пользы” (17, с. 94).
Ш.Уəлихановпен қатар қазақтың əдет-ғұрып заңдары жөнінде жəне ерекше “Жеті жарғы” туралы
пікір білдірген М.Красовский. Ол “Жеті жарғы” заңдарының мемлекетті күшейту ниетімен
жасалғанын жəне бұл заңдардың түп негізінде əдет-ғұрып ережелері жатқанын жазады: “Плодом
стремления Тявки слить три казачьи орды были изданные им законы, сделавшие имя этого хана
столь популярным в степи. Надобно однако думать, что эти законы имели силу, да и то условно-
обязательную, для казачьих племен только при жизни всеми уважаемого аксакала. Предпринятый
Тявкою труд – согласить между собою обычаи розно управлявшихся народностей-было не по
силам для одного человека, и хотя, в ходячих между нынешними киргизами понятиях о праве, в
сохранившихся у них древних законах…мы должны видеть, главным образом, следы
установившегося Тявкою устройства. Но так как до сих пор есть много и противоречащих одно
другому постановлений, то есть мы должны также предполагать, что и прежде, рядом с
тявкинскими законами, действовали и законоположения других ханов или постановления,
освященные обычаями разных вошедших в союз племен” (42, ч. 1. С.53).
М.Красовскийдің басты қателіктерінің бірі қазақтың хан билігін, жалпы саяси – құқықтық
құрылысын терең түсіне білмегендігінде. Ол хандардың билігінің шектеулі болуын себеп қылып
мемлекеттікті жоққа шығара салады. Шын мəнінде хан билігі халықтың билік құқықтық
көзқарастарының сыртқы ғана көрінісі жəне ол көрініс бірде күшейіп, бірде азайғанымен ел өзінің
тəуелсіздігінен, мемлекеттігінен күдер үзді деп айту жөн емес. Көшпелілер қоғамы азаматтық
қоғамның үлгісі, ол қоғамның əр мүшесі мемлекеттің кірпіші. Мемлекет ұғымы алдымен адам
санасында, оның қоғамдық шаруаға қатысында танылады. Билік институттары, атрибуттары
қоғамдық құрылымның бір ғана қыры, көзге түсетін тұсы. Көшпелілердің саяси құндылықтары
мұхитта жүрген айсберг сияқты, негізгі бөлігі көзге түспей су астында жүзіп келеді. Өкінішке
орай қазақ заң ережелерімен айналысқан зерттеушілердің көпшілігі ол жағына мəн бере қоймаған.
Сол себептен М.Красовский: “Изданные, например, ханом Тявкою узаконения, имевшие целью
установление в степи однообразного устройства, не могли войдти в силу, а между тем Тявкою
начиналась, ими же можно сказать и оканчивалась та популярность, до которой когда-нибудь
достигла власть ханов” – деп жазады (42, ч.3, с.7).
Жоғарыда аталған зерттеушілердің бəрі де “Жеті жарғы” тек заң ережелерінің жинағы ғана емес,
мемлекеттік билік құрылымы, хан билігінің қабілетін күшейтетін Кеңес екенін жақсы аңғарған.
Бұл көзқарас өкінішке орай “Жеті жарғыны” кейінгі уақытта зерттеушілердің арасында қолдау
таппай, тек ереже күйінде қабылдау басым болды. XIX ғ. екінші жартысында қазақтың əдет-ғұрып
заңдарымен айналысқан зерттеушілердің көпшілігі қазақ мемлекеттілігі мəселесін тіпті де ауызға
алмай, заң ережелерін жеке бөліп алып қарастырады. Бұл бір жағынан түсінікті еді. Ресей
бодандығына біржолата қараған қазақ елінің хандық дəуірі, мемлекеттілігі жөнінде сөз қозғау
саясат тұрғысынан зерттеушілерге тиімсіз болды. Бірақ осы қалыпты сүрлеу Совет кезеңінде де өз
қалыпынан шыққан жоқ, зерттеушілердің көпшілігі қазақтың əдет-ғұрып заңдары туралы
жазғанымен, оның мемлекетпен қатынасы туралы мəселені айналып етуге дағдыланып алды.
Бұл қалыпты жолдан бөлек еңбектер көп емес. Азды-көпті зерттеу еңбектердің ішінде
Н.Г.Аполлованың 1948 жылы жарияланған “Присоединение Казахстана к России” монографиясы
ерекше көңіл аударуға тұрады. Бұл зерттеу 40-жылдардағы қоғамтанушылары (тарихшы, заңгер
т.б.) жеткен биікті көрсетеді жəне белгілі дəрежеде тарихқа көзқарастардың квинтэссенциясы
тəрізді. Өкінішке орай 50-ші жылдардың қоғамтанушылар арасында жүргізілген қудалау ғылыми
көзқарастарды артқа шегеріп, жұтатып тастады.
Н.Г.Аполлова “Жеті жарғыны” қазақ қоғамының өмірінде ірі орын алатын саяси институт деп
атайды: “Совет биев (диван), состоявший из нескольких знатных биев, представлял собой
совещательный орган при хане и, …совет состоял из семи биев. Предание приписывает им
участие в составлении так называемых “законов Тауке”. Но законодательные функции совета биев
были вообще ограничены, поскольку хозяйственная и политическая жизнь казахского общества
регулировалась нормами написанного обычного права (адата). Значительно шире его функции как
органа, которому принадлежит феодальное право совета, которое выражалось, прежде всего, в
том, что хан без совета старшин не мог вынести ни одного решения” (5, с. 103).
Н.Г.Аполлова “Жеті жарғының” негізгі қызметін өте дұрыс түсінген. “Жеті жарғының”
құрамының өзі (ең беделді орда билерінің қатысуы) оның ең алдымен Мемлекеттік Кеңес
қызметін атқаратынын айғақтайды. Сонымен қатар “Жеті жарғының” заң шығару, не болмаса
билер шешімдеріне кесім жасауы (прецедент), бүкіл ел көлеміндегі билік істеріне үлгі пішіп
отыруы, “Жеті жарғының” жоғарғы сот, құқық қызметін атқарушы билік орыны екенін көрсетеді.
Бұл жағынан “Жеті жарғы” белгілі дəрежеде конституциялық сот қызметін атқарып билік
нұсқаларын, жүргізілуі ережелерін реттеп отырды дей аламыз. “Тəуке ханның заңдары” аталатың
заң ережелерінің бəрі де түбі ертеден келе жатқан дəстүрлерге сайғанымен XVII ғасырдың
соңында жаңа електен өтіп, ел қызметіне жаңғырған қалпында кірісті. Автор монографияның
екінші бетінде жоғарыда айтылған өз сөзіне қарсы да шығады: “Так называемые “законы
Тауке” (“жеты – жарга” – законы семи судей), представляющие собой кодификацию обычного
права, дошли до нас лишь в переводах и отрывочных записях, сделанных в начале XIX века со
слов казахских биев” (5, с.115). “Тəуке заңдары” қазақтың əдет-ғұрып ережелерінің жаңғырған,
жүйеленген түрі деген автордың соңғы анықтамасына келісуге болады.
Н.Г.Аполлова, Т.М.Күлтелеев, С.Л.Фукс сияқты тамаша ғалымдардың 40-50-ші жылдардағы
еңбектерімен “Жеті жарғыны” зерттеудің тұтас бір кезеңі байланысты. Одан кейінгі ұзақ
жылдарға созылған тоқырау татымды еңбек берген жоқ. Бұл тақырыпқа қызығушылық 80-ші
жылдары қайта басталады. Алдымен С.Зиманов пен Н.Өсеров бірлесіп жазған екі мақала шықты
да, кейіннен бұл тақырып шығыстанушылар тарапынан да белгілі қызығушылық туғызды (30; 31).
Ең алдымен Т.И.Султановтың 1982 жылы “Кочевые племена Приаралья в XV-XVII вв.” кітабында
“Жеті жарғыға” арнайы бөлім берілгенін айту керек. Бірақ автор тарихнамада өзіне дейін
қалыптасқан дəстүрлерге толық бағынбай “Жеті жарғыны” тек құқықтық ескерткіш
(законодательный
памятник)
тұрғысынан
қарастырады.
Шығыстанушы
Т.И.Султанов
құқықтанушы ғалымдардың мақалаларының тікелей əсерінде болды десек артық айтқандық
болмас. Автор “Жеті жарғының” қайнар көздері есебінде əдет-ғұрып заңдарын ұсынады: “в
качестве источников “Жети Жаргы” следует признавать скорее всего не древние письменные
тексты, но старый, всем знакомый и всеми признаваемый обычай устного права, служивший
основой и для Ясы, а также неписанные узаконения других казахских ханов, предшественников
Тауке” (76, с. 67).
Сонымен бірге автор “Жеті жарғыға” XVII ғасырдағы қазақ қоғамына қажет əскери-саяси жəне
əлеуметтік өмірдің дамуы туғызған ережелер енді деп есептейді. Т.И.Султановтың құнды
пікірлерінің бірі “Жеті жарғының” қазақ өмірінің əр бағыттарын яғни əкімшілік, қылмыстық,
азаматтық мəселелерін, сонымен қатар алым-салық, дін, т.б. салаларын қамтамасыз ете алатын
қабілеті зор” деген пікірі (76, с. 69).
Расында да “Жеті жарғы” ережелері қазақ қоғамының əр саласын қамтиды, бұл А.И.Левшин
жазбаларынан да анық көрінеді. Дегенмен А.И.Левшиннің “Жеті жарғыға” – қатысты ережелерді
ғана билерден жазып алғанын дəлелдеу өте қиын мəселе, екіншіден “Жеті жарғының” қазақтың
əдет-ғұрып заңдарынан айырмашылығы бар екенін, олардан іріктелінген заң ережелері екенін
дəлелдеу де оңай емес. “Жеті жарғы” негізінен XVII-XVIII ғасырларда қолданыста болған əдет-
ғұрып ережелерінен, билердің оңтайлы шешімдерінен құрастырылса керек. “Жеті жарғы”, егер
қазақ əдет-ғұрып заңдарының аясындағы жинақ десек көшпелілер қоғамындағы сергектік,
билердің тың шешімдерін канонға айналдыру, əлеуметтік-шаруашылық өмірдегі өзгерістерге
икемделу т.б. эволюциялық салтынан шығып кетуі мүмкін емес. Көшпелілердің əдет-ғұрып
заңдары мəңгі көне қазына жəне мəңгі жас даналық.
Т.И.Султановтың “При создании - “Жети Жаргы”, несомненно, важным и даже определившим сам
его характер оказалось стремление приспособить существовавшие нормы обычного права к новым
потребностям феодализирующегося казахского общества, узаконив при этом лишь те из них,
которые соответствовали интересам феодальной знати, создать вместо устаревших и неугодных ей
норм новые и выгодные ей нормы. Во всяком случае, такое заключение можно вывести из многих
положений статей памятника” (76, с. 68) - деген пікіріне келісу қиын. Қазақ қоғамындағы саяси
биліктің белгілі бір заңдылықтар бойынша (сыртқы жəне ішкі жағдайлардың тоғысуы) күшеюінің
феодализация процесіне тіпті ешқандай да қатысы жоқ. Бұл жерде əңгіме саяси билік
институттарының (жоғарғы кеңес-билер кеңесі, құрылтай-маслихат, алым-салық т.б.) жандануы
турасында жүруі керек. “Жеті жарғыны” талдау барысында мемлекет туралы мəселелер
Т.И.Султанов еңбегінде көтерілмейді.
Біздің зерттеу еңбегіміз үшін Т.И.Султановтың қорытынды бөліміндегі пікірі аса құнды. Ол “Жеті
жарғыны” бұдан əрі зерттеу жаңа тарихи-этнографиялық деректерді ғылыми айналымға қосу
барысында ғана жемісті болады деп есептейді: “определение периода действия-“Жети Жаргы”-…
едва ли можно осуществить, опираясь лишь на имеющиеся фрагментарные записи “Уложения”
хана Тауке и не привлекая дополнительных данных историко-этнографического характера” (76, с.
77).
Құқықтанушы ғалымдардың еңбектерінде “Жеті жарғыға” тек құқықтық ескерткіш тұрғысынан
қарау басым болатыны заңды.
Қазақ заңгер ғалымдарының арасында “Жеті жарғы” тақырыбына соңғы уақытта қалам
тартқандардың ішінен академик С.З.Зиманов мектебінің өкілдерін айту керек. Олар
З.Ж.Кенжалиев, Н.С.Ахметова, К.А.Абишев, Н.У.Өсеров т.б. зерттеушілер. Бул аталған ғалымдар
“Жеті жарғыға” ең алдымен құқықтық ескерткіш есебінде қарайды. Олардың “Жеті жарғыға”
қатысты пікірлерін “Қазақ əдет ғұрып заңдарының мəселелері” аталған жинаққа кірген
мақалалары арқылы талдауға болады. Н.Өсеров мақаласы “Жеті жарғы” тарихи маңызы зор ірі
ескерткіш болып табылады” (32, б. 122) – деп басталады.
Авторлардың пікірінше Əз Тəуке хан заманында қабылданған “ірі реформалардың бірі-тарихта
“Жеті Жарғы” деп аталатын қазақ əдет-ғұрып заңдарының (нормаларының) жинағы…Оның
көптеген жол-жобалары мен нормалары XX ғасырдың басына дейін ауыл, ру ішіндегі қарым-
қатынастарға қатысты болып келді” (32, б.122). Мақала мазмұнынан заңгерлердің “Жеті жарғыны”
жаңа ғана зерттей бастағанын, оның құрамдас бөлігінде көптеген түсініксіз жағдайлар бар екенін,
жекелеген дəстүрлердің мағынасын əлі де анықтауды керек ететінін аңғаруға болады. Мəселен
мына бір жолдарды қалай түсінуге болады: “Осы жəйітте айта кететін бір дəстүр бар. Егер ханның
өлімі өз қоластындағы тумаластарының бірінен болатын болса, онда ханның өлімі “құнсыз”
болған. Себебі, ханды өлтіруші де халықты басқару өкілеттігіне ие дегендіктен. Мұндайда, əдет-
ғұрып заңы бойынша, өлген ханның меншігіндегі мал-мүліктерін қарауындағы халықтардың қолы
жеткендері талап алушылық – жолды заң деп есептелген. Оны халық “хан талапай” деп атады. Бұл
да ханға қастандық жасатпаудың айла-шарғысы” (32, б.132).
Біріншіден бұл айтылған пікірлерде жүйесіздік анық сезіледі, “хан талапайдың” ханға қастандық
жасатпайтын кепіл шарт екеніне сену өте қиын. Екіншіден, хан талапай тек өлген ханның дүние-
мүлкіне байланысты ғана қолданылатын əдет пе еді? Үшіншіден, ханның өлімі кімнің қолынан
келсе де (мейлі жақын тумасы болсын) құнсыз, кексіз, аяқсыз қалуы мүмкін бе?! Бұл айтылған
мəселелер бойынша заңгер ғалымдар бұдан да əрі зерттеулер жүргізіп, жоғарыда айтылған
мəселелер туралы тың деректерді айналымға кіргізіп, өз пікірлерін дəлелдейді деп сенеміз.
“Жеті жарғыны” бұдан əрі зерттеудегі қиыншылық, мəселелер академик С.Зимановтың
“Состояние и задачи разработки проблем обычного права казахов” мақаласында да көтеріледі. Бұл
бағыттаға көптеген мəселелерді атай келіп С.Зиманов “Жеті жарғыны” бұдан əрі зерттеу кеңейту,
тереңдету үшін тарихи зерттеулердің, ізденістердің қажет екенін ескертеді: “Если не удастся
найти более полный рукописный вариант, то воссоздание ведущих норм и основного содержания
“Жеты-Жаргы” по известным на сегодня отравкам является важнейшей задачей исторической и
историко-правоведческой науки” (33, с. 28).
“Жеті жарғы” мəселелері З.Кенжалиевтің “Көшпелі қазақ қоғамындағы дəстүрлі құқықтық
мəдениет” монографиясында да көтеріледі. Автордың пікірінше “Жеті жарғы” қазақ қоғамының
ішкі мəселелеріне көбірек назар аударады жəне соған байланысты бірсыпыра жаңа нормаларды
кіргізеді. З.Кенжалиев “Жарғы” мемлекеттік биліктің құқық түзу қызметінің өсіп-өніп, жаңа
сатыға көтерілген тұсының туындысы жəне көрінісі” - деп есептейді (38, б. 83).
“Жеті жарғыға” қатысты тарихнамалық шолу, бұл тақырыпта əлі де салмақты зерттеу
жұмыстарың жүргізілу қажеттігін көрсетеді. Оның бір бағыты тарихи-этнографиялық əдебиеттен
“Жеті жарғыға” қатысты деректерді сүзіп алу, жүйелеу, тың пікірлер айту. Біздің кітапша осы
мақсат биігінен көрінуге күш салады.
§ 3. “Жеті жарғы” туралы дерктер
Əз Тəуке ханның заманы, сол заманда түзілген “Жеті жарғы” туралы деректер қазақ ауыз
əдебиетінің əр саласынан кездесіп қалады. Зерттеушілердің көпшілігі “Жеті жарғы” ел есінде
айшықты афоризмдер, қанатты сөздер түрінде сақталды деген пікірде, олай болса кəзіргі ел
аузында ескілікті, қария сөз аталып жүрген рухани дүниенің көпшілігі ғасырлар елегінен өткен
“Жеті жарғының” сарқыншақтары, жұрнақтары деп есептеуге болады.
Қазақ шежіресінде “Жеті жарғы” көбнесе “Күлтөбенің басында күнде кеңес” деген атаумен
белгілі. М.-Ж.Көпеев бұл туралы: “Күлтөбеде күнде кеңес” осы Əз Тəуке тұсында айтылған сөз.
“Кері кеткен елдің кеңесі көп болады, Кедей елдің көш басшысы көп болады” деген сөз де сол
заманда айтылған сөз болса керек” – деген қисынды жорамал айтады (45, б.8). Əз Тəукеден кейінгі
“ақтабан шұбырынды”, жаппай кедейшілік пен жүдеушілік XVII ғ. соңы – XVIII ғ. басындағы
мəліметтерге сынай қарауға мəжбүр еткен болуы керек.
Қ.Байболұлының “Төле бидің тарихы” шежіресінде “Жеті жарғыға” қатысты біраз əңгімелер бар:
“Қазаққа қасқайтып жол көрсетіп, заң шығарып, өрнек салған себепті “Қасым ханның қасқа жолы”
дейді. Сол Қасым ханның сызығымен елге жарлық жүргізген жағдайдан “Есім ханның ескі жолы”
дейді. Оны жеңілдетіп Тəуке хан мен Төле бастаған үш бидің жобасы мынандай – ды…” (78, б.44).
Қазақ деректерінде “Жеті жарғы” қазақтың көне əдет-ғұрып заңдарынан бастау алатыны, “Қасым
ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы” атты заң ережелерімен тікелей сабақтас екені ылғи
да ескертіліп отырылады. Қазақ шежіресінің кейбір құсқаларында мемлекеттің тірегі “сегіз санат”
туралы айтылады. Осы “сегіз санаттың” да “Жеті жарғыға” қатысы тікелей болуы мүмкін. Қазақ
деректерін бүгінгі күні ғылыми түрде жүйелеп, əсіресе ел аузында айтылып жүрген аңыз, билік
шешімдері мен дауларды зерделі ғылыми талқыға салып, олардың маңындағы тарихи шындықты,
түп нұсқаны, дəуір ерекшеліктерін анықтайтын уақыт келді. Қазақ шежіресінде, жалпы ауыз
əдебиетінде мемлекет пен құқық туралы бірнеше мың жылдар қордаланған деректер мол. Олар
əуел бастан біздің адами болмысымызды қалыптастырған өзге де рухани қазынаның арасында
жүрген дүр моншақтай.
“Жеті жарғы” ережелерінің жазба түрде елге, ғылыми қауымға танылуы Ресей зерттеушілерінің
ұлан-ғайыр еңбегіне байланысты. XVIII ғасырдың 30-шы жылдары басталған Қазақстанның
Ресейге бағыну, бодандық процесімен қатар қазақ жерін, оның кен-қазына байлығын, оған қоса
қазақ елінің мемлекеттік жəне қоғамдық құрылымын, оның ерекшеліктерін, мемлекеттік жəне
құқықтық түсініктерін зерттеу де басталды. Кейде үстірт, кейде тиянақты пікірлер кездескенімен
орыс зерттеушілері қазақ халқының əдет-ғұрып ережелерін біршама жақсы жинақтады. Бүгінгі
күні “Жеті жарғыға” байланысты ғылыми зерттеулердің көпшілігі XVIII-XIX ғғ. орыс
зерттеушілері жинақтаған əдет-ғұрып заңдарының ережелеріне сүйенеді.
Біздің пікірімізше “Жеті жарғыға” тікелей қатысты ережелерді алғаш хатқа түсіргендердің бірі
1731-1732 жылдары қазақтың Кіші жүзіне бодандық мəселесімен келген Ресей елшісі Мамет
(Құтлымамед) Тевкелев. Оның күнделік жазбаларының ішінде қолданыста жүрген “Жеті жарғы”
ережелері, хандықтың жағдайы, қоғамдық қарым-қатынас, жеке бастың, рудың т.б. əлеуметтік
өмірдегі белсенді күштердің жағдайына қатысты мол деректер бар. Соның ішінен тек біреуіне ғана
тоқталайық.
Алдымен қазақ еліндегі хан билігінің ерекшеліктері туралы. Əбілқайыр ханның Ресейге бодандық
туралы өтінішпен елшілікті елмен ақылдаспай аттандырғаны белгілі, кейіннен Ресей елшілігін
қарсы алған уақытта бұл мəселе ушығып ханның да, елшінің да өміріне тікелей қауіп туғызады:
“…10 июня (1731 - Ж.А.) в собрание их, Абулхаир-хана и старшин кайсацких, Тевкелев был
призван и от старшин спрашиван с великою яростью и гневом, зачем он, Тевкелев, к ним в
Киргиз-Кайсацкую орду приехал. На что Тевкелев им ответствовал, что он прислан в Киргис-
Кайсацкую орду по указу е.и.в. своей всемилостивейшей государыни империтрицы всероссийской
з грамотою к Абулхаир-хану и ко всему киргиз-кайсацкому войску, против прошения Абулхаир-
хана и словесного предложения посланцев их…Что услыша, оная старшина начала говорить
Абулхаир-хану, для какой притчины просил он, хан, подданства российского один без согласия
их, киргизских старшин, и приводит их в неволю. Из древних-де лет имеетца обычай, что ханы без
совету старшин ничего неповинны чинить, а он то учинил без совету, и прещаше ему
смертью” (37, с. 53).
Екінші мысал құн төлеуге байланысты. Қазақтармен қақтығыста Тевкелевтің жанындағы күзет
Баба бидің інісі Байқараны атып өлтіреді. Осыған байланысты ірі дау туындайды: “Март 9 дня
(1732 - Ж.А.) противной стороны старшина Бабабей и Джантума в кочевье его, Абулхаир-хана,
переехали многолюдно и стали от обозу Тевкелева неподалеку. Тогда к переводчику Тевкелеву,
прислали двух человек кайсаков, которыя просили, чтоб он, Тевкелев, отдал им башкирца, при
нем обретающегося, который застрелил брата Баба-бея, называемого Байкару. А ежели не отдаст,
то они, особливо из лутчих, обретающихся при нем, ково поймав, изрубит в куски. Или б Тевкелев
за того убитого Байкара заплатил по обыкновенному их из древних лет праву обыкновенному
цену, а имянно: 100 лошадей, 1 панцырь, 1 ясыр, 1 кречет, 1 ружье доброе, 1 верблюд, понеже
права их так гласят. А ежели истец того платежа (құн – Ж.А.) взять не пожелает, то отдается на
смерть убийца. И оной старшина, показуя свою склонность, дает ему, Тевкелеву, из двух сих, что
способнее учинить…” (37, с. 69).
“Жеті жарғы” ережелері туралы деректерді 1768-1774 жж. Ресей Академиясы ұйымдастырған
экспедицияның жазбаларынан да мол кездестіреміз. Өкінішке орай П.С.Паллас, Г.Георги,
И.Фальк, Н.П.Рычков мəліметтері толықтай сарапталып ғылыми айналысқа енген жоқ. Қазақ əдет-
ғұрып заңдарының алғашқы жинақтаушылары деп М.Тевкелевтен кейін жоғарыда аталған
саяхатшылар мен ғалымдардың аттарын атаймыз. Мəселен Н.П.Рычков П.С.Палласпен бірге де,
қызмет бабымен өзі жеке де қазақтар туралы аса құнды мəліметтерді көп жинады. Олардың ішінде
ерекше атап өтуге лайығы 1772 жылы жарияланған: “Дневные записки путешествия в киргис-
кайсацкой степи, 1771 году”. Енді осы жазбалардан “Жеті жарғыға” қатысты бір-екі дерек
келтірейік: “Убица не жертвует у них головою своею за убиенного, но вместо того за то платит он
100 лошадей, одного пленника, двух верблюдов, наилучший суконный кафтан, черную лисицу,
ястреба или беркута, панцырь и другие военные снаряжения, ближайшему родственнику
убиенного. Есть ли ж собственного достатка убийцы не достает на сию заплату, то взыскивают
недостаток с его родни…Сей устав Киргизцы называют Кун” (71, с. 24).
“Изувечить человека почитается у них за половину убийства; а по тому половину должен платить
изувеченному противу совершенного убийства” (71, с. 24).
“Есть ли невеста по день сочетания своего сохранила себя безпорочну, то брачное пиршество
отправляется с веселием, есть ли случится тому противное, то бывшие при оной церемонии сваты
заколют убранную женихову лошадь, и в мелкие куски изрежут его одежду, означая тем самым
неблагополучие сочетавшихся” (71, с.30).
1768-1774 жж. жүргізілген академиялық зерттеулердің қазақ əдет-ғұрып заңдарын, оның ішінде
“Жеті жарғыны” қалыпына келтіруге, терең түсінуге қосатын үлесі мол екені жоғарыдағы
мысалдар көрсетеді.
Қазақ халқының мемлекет жəне құқық туралы түсініктерін толықтыра түсетін XVIII ғасыр
дерегінің бірі И.Г.Андреевтің “Описание Средней орды киргиз-кайсаков” еңбегі. Көп жылдар
шекаралық қызметте болып, қазақпен жақын араласқан капитан И.Г.Андреев əдет-ғұрып заңдары
туралы тамаша мысалдар келтірілген. Олардың бəрін жинақтаса Г.И.Спасский, А.И.Левшин
жазбаларынан бір де кем емес. Мəселен кітаптың “О нравах и поведения” бөлімінде: “…
признанной же вор во всяком воровстве платит, у кого он украл в девятеро (тоғыз-Ж.А.), под
строгим же весьма наблюдением. Ежели добрый человек знает вора, который украл, и на него
докажет, то он должен жизнь свою оному отмшать, и ничем иным, как барантою, яко с виновного.
Будь муж убьет жену до смерти, то не точею вступается отец, мать или родственники, но и вся та
волость, поставя себя за бесчестье, и взыскивают потомуж великий кун, из которого главные-
вещи; баба или девка, панцири, колчуги-отдаются отцу или матери, а лошадей и прочий скот
разделяют по себе по частям…” (4, с. 59).
И.Г.Андреев жазбаларының ішінде қазақ руларының өз ара барымтасы, кісі өлімі, құн даулау,
шабу, өлім жазасы т.б. азаматтық жəне қылмыстық құқық ережелері қызықты. Өскемен мен Орта
Ертіс бойы қазақтарын суреттей келе И.Г.Андреев бура-найман жəне сибан-керей рулары
арасындағы кісі өліміне байланысты туындаған үлкен қақтығыс туралы жазып, аса құнды
деректердің жиынтығын береді (4, с. 83-86).
Əдет-ғұрып заңдарына қатысты зерттеулерде көп аталатын дерек көзі Я.Гавердовскийдің
жазбалары. Ол XIX ғ. басында Хиуға бара жатқан жерінде қазақтардың қолына тұтқын болып
түсіп, қазақ дəстүрлерің өз көзімен көріп баяндайды. Оның жинақтаған этнографиялық деректері
қызықты болғанымен, бір жүйеге түспеген (19). Екінші бір дерек Г.И.Спасскийдің жаппас руының
биі Көбек Шүкірəліұлынан 1804 жылы жазып алған ережелері. Г.И.Спасский бұл ережелерді
(жалпы саны-11) 1820 жылы “Сибирский вестник” журналында жариялады (75).
Г.И.Спасский “Жеті жарғыны” өмірге XVII ғасырдың 70-жылдарында келді деп есептейді. Оның
басты себебі Қазақ хандығына сыртқы қауіптің күшеюі. Екінші себеп Жоңғария басшысы Галдан
Бошогтудың да 1640 жылғы “Цааджин бічіг (Их цааз)” сияқты ойрат-моңғол заңдарына өзгеріс
енгізу талпынысы. Қалмақтармен тікелей қарым-қатынас жасап отырған қазақ билеушілері де,
оның ішінде Тəуке хан, Төле би, Қазыбек би, Əйтеке би т.б. мемлекет билігін нығайту шараларын
қарастыруы заңды.
Г.И.Спасский жазып алған ережелер қазақ қоғамының əкімшілік, қылмыстық, азаматтық тəртібін
аз да болса суреттеп бере алады. Соның ішінде ұрлыққа қолданылатын айып түрлері-“үйірімен үш
тоғыз” т.б. бар. Тек Көбек бидің адам құны 200 жылқы дегені бізге белгілі деректермен дəлелдене
қоймайды. Мүмкін бұл жерде құнға қосымша берілетін “алты жақсы” есептеліп отырған болар
(75, с. 185-188).
Қазақ тарихын, əдет-ғұрпын, дəстүрлі мəдениетін зерттеуші ғалымдарға, жалпы халыққа танымал
еңбек А.И.Левшиннің “Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей” кітабы.
Осы еңбектің 2-3 бөлімдерінен қазақтың əдет-ғұрып заңдарына қатысты, оның ішінде “Жеті
жарғыға” тікелей байланысты ережелерді кездестіреміз. Олардың бəрін XIX ғасырдың соңында
жинақтап алғаш рет 34 ережеге бөлген Ф.И.Леонтович болатын (52, с.244-245). Кейін бұл
жүйелеуді Я.И.Гурлянд қолдады да ғылыми əдебиетке Г.И.Спасскийдің ережелері 11, ал
А.И.Левшиндікі 34 фрагмент деп еніп кетті. Шын мəнінде бұл зерттеушілер “Жеті жарғыны”
жүйеленбеген қалпында жариялаған болатын.
А.И.Левшиннің жинақтаған “Жеті жарғы” ережелері бүгінгі күні ең толық нұсқасы деп есептеледі.
Қазақ хандығының құрылымдық жүйесі, əр түрлі этно-əлеуметтік қатынас ережелері, қылмыс
түрлері туралы түсініктері, жаза түрлері т.б. осы кітаптан табылып жатады. А.И.Левшин “Жеті
жарғы” ережелерінің Əз Тəуке хан тұсында қабылданғанын айта келіп, Орта жəне Ұлы жүз
қазақтарының дəстүрлі заңдары өте ертеден бастау алатынын ескертеді: “Киргизы Большой и
Средней Орд утверждают, что народные законы их гораздо древнее хана Тявки” (51, ч. 3, с.170).
Бұл өте қисынды пікір, себебі қазақ əдет-ғұрып заңдарының түп негізі өте көне замандарға
бастайды, олар көшпелілікпен біте қайнасқан бірнеше мың жылдық тарихы бар қазына. Біз
А.И.Левшин жинақтаған “Жеті жарғы” оқушы қауымға белгілі болғандықтан оның мазмұны
жөнінде, құндылығы туралы айтуды артық көріп отырмыз.
Көлемі жағынан А.И.Левшин жинағынан бірнеше есе үлкен, жинақталған уақыты одан да əрі тағы
бір деректік қабілеті күшті заң ережелері зерттеушілер назарынан тыс қалып келе жатыр. Ол 1830
жылы “Отечественные записки” журналында жарияланған С.Б.Броневскийдің жазбалары.
Зерттеуші кіріспесінде “самосохранение начертало некоторые нужнейшие законы, по преданиям у
них известные и в делах суда употребительные” деп атап көрсеткендей қазақ қоғамының
тіршілігінің басты ерекшеліктерін көрсеткен 70 ережені тізген (16, с. 258-283). Өкінішке орай
А.И.Левшин кітабынан екі жыл бұрын жарияланған бұл ережелер əлі өз бағасын алған жоқ.
Деректерге қарағанда С.Б.Броневскийдің қазақ өмірін жақсы білгенін, əдет-ғұрып заңдарын
жинақтауға тікелей қатысқанын аңғарамыз: “Собрание законов сих учинено из показаний
искуссных Биев и Муллов, они вообще у Киргизцев употребительны и редкой их незнает, но ни
имени изобретателя, ни времени их принятия никто не помнит” (16, с. 284). С.Б.Броневскийдің
бұл ескертпесі өте мағыналы, одан шығатын ең басты қорытынды қазақ қоғамындағы заң
ережелері халықтың бəріне таныс, өмірге бейімделген, тілі жатық дүниелер. Том-том боп шығып
жататын заңдар шынайы өмірге бөтен, халыққа түсініксіз болса қоғамды заңсыздық билейтіні
анық. Сондықтан да аз болса сапалы болғанына не жетсін !
С.Б.Броневский жазбаларына үңіле келе, оның дені 1824-1825 жж. Батыс Сібір генерал-
губернаторының тапсырмасымен жинақталған Орта жүз қазақтары заңдарының қысқаша
көшірмесі екенін анықтаймыз. Талай уақыт архив қоймаларында жатып қалған бұл құнды
құжаттың ішінде Орта жүздің Сібір атырабындағы белгілі билерінен жазылып алынған 208 ереже
бар. Бұл құжаттың бір ңұсқасы (Санкт-Петербург) 1948 жылы жарияланған “Материалы по
казахскому обычному праву” жинағында жарияланды, бір нұсқасын біз Омбы мемлекеттік
мұрағат қоймасынан тауып пайдаландық, дегенмен əлі де зерттейтін тың дүние болып отыр.
Соңғысында аздаған айырмашылық бар екенін ескерте кеткенді дұрыс санаймыз.
Осы ережелердің бір көшірмесі Сенатор Губе арқылы Варшава университетінің кітапханасына
түсіп, кейіннен (1876 ж.) профессор Д.Я.Самоквасовтың “Сборник обычного права сибирских
инородцев” кітабында жарияланды (72). Оған сын пікірді Н.И.Гродеков, Н.Максимов
еңбектерінен оқуға болады.
“Жеті жарғы” заңдарының бір қатары қазақ жерінің батыс аймағынан, бұрынғы Орынбор генерал-
губернаторлығынан жиналды. Жоғарыда айтылған М.Тевкелев, А.И.Левшин деректері де көбінесе
Кіші жүз қазақтарының дəстүрлеріне негізделген. Кіші жүз қазақтарының əдет-ғұрып заңдарын
жаппай жинау жұмысы 1845 жылдан басталады. Оның көш басында Орынбор шекара комиссиясы
тұрғанын айтқан жөн. Жергілікті жерлердегі хатшылар мен өзге де чиновниктер тапсырма
бойынша 1846 жылы ондаған жазбалар тапсырды. Олардың ішінде тиянақты, терең еңбекпен
жасалғандары да, асығыс, жүрді-барды жасалғандары да бар. Шекара комиссиясына түскен
рапорттың ішінде ерекше атай кететін құжат поручик Аитовтың рапорты. Бұл көлемі шағын
болғынымен деректік қабілеті жоғары құжат “Кіріспе” бөлімінің өзімен-ақ қызықтырады.
Орынбор комиссиясының төрағасы атына жазылған бұл рапорттың алғашқы бетінде Аитов өзінің
қазақ əдет-ғұрып заңдарын терең білетіндігін танытады. Қазақ арасында кең тараған “барымта”
туралы айта келіп, оған қарсы Ресей үкіметінің қатал жаза беруін Аитов дұрыс санамайды. Ол
төрағадан барымтаға қарсы жазаны жеңілдету керектігін өтінеді: “Обстоятельство это я долгим
поставил объяснить Вашему Превосходительству для соображения, не признаете ли вы полезным
исходатайствовать о смягчений меры наказания за баранту, которая строгостью наказания,
обвиненным в оной, не прекращается, но усиливается взысканием Куна за осужденных и
сосланных” (57, с. 98).
Жергілікті жерден келген рапорттарды жинақтап алған соң Орынбор шекара комиссиясы арнайы
тапсырмамен д,Андре мен Григорьевті ел арасына шығарып Кіші жүздің негізгі аудандарынан
əдет-ғұрып заңдарын жаппай жинауды бастады. Алты ай бойы жинақталған материалдардың
негізінде д,Андре өзінің белгілі “Описание киргизских обычаев, имеющих в орде силу
закона"”атты еңбегін жазды. Бұл көлемді еңбек зерттеушілер арасында танымал болғандықтан
бұдан əрі тоқталудың қажеті аз. Бірақ басқа белгілі деректер сияқты д,Андре жазбаларын терең
ғылыми негізде игеру жұмысы, бұл шаруаға құқықтанудан басқа да мамандық иелері қатысуы
кезек күттірмейтін іс.
XIX ғасырдың 70-80-ші жылдары “Жеті жарғыға” қатысты бірсыпыра еңбек жасалды. Олардың
ішінде ерекше атап өтілуге тиістері Торғай облысының əскери губернаторы Л.Ф.Баллюзектің
“Народные обычаи имевшие, а отчасти и ныне имеющие, в Малой киргизской орде силу
закона” (1871 ж.), И.А.Козловтың “Обычное право киргизов” (1882 ж.), П.Е.Маковецкийдің
“Материалы для изучения юридических обычаев киргизов” (1886 ж.), Г.Загряжскийдің
“Юридические обычаи киргизов и о народном суде у кочевого населения Туркестанского
края” (1876 ж.) т.б..
Бұл аталған еңбектердің бəрі де бір жағынан авторлардың терең білімімен, екінші жағынан ел
ішінен жинақталған нақты ереже деректерімен тəнті қылады. Зерттеушілер қазақ тұрмысын,
қоғамдық өмірінің ерекшеліктерін, қазақ менталитетін терең түсінген, күнделікті тіршіліктің
қалтарысында қалып қоятын мемлекеттік жəне құқықтық түсініктерін анықтап көре білген
адамдар. “Жеті жарғы” зерттеушілері үшін осы аталған еңбектердегі ережелер ғана емес,
авторлардың терең пікірлері құнды, талғамы, ғылыми бағасы қымбат.
Қазақ əдет-ғұрып заңдарына арнап арнайы еңбек жазбағанымен өз кітаптарында жəне
мақалаларында əдет-ғұрып заңдары мен түсініктеріне қатысты жарқын пікір білдірген адамдар,
тың деректерді айналысқа қосқан зерттеушілер қатарына М.Красовский, А.К.Гейнс, Я.И.Гурлянд,
И.Ибрагимов, И.И.Крафт, А.И.Крахалев, А.А.Леонтьев, Н.Максимов, Л.Мейер, В.И.Мякутин,
М.Шорманов, Б.Ю.Юзефович т.б. Осы аты аталған зерттеушілердің əр қайсысы туралы жеке
зерттеу еңбек жазуға болар еді, ол үшін олардың əдет-ғұрып заңдарын жинақтауға, талдауға
қатысты жасаған жұмысына алдымен баға беру керек болады.
“Жеті жарғыға” қатысты көптеген деректер XX ғасырдың 30-шы жылдарына дейін өмір сүріп
келді. Олардың кейбірі қоғамдық қолданыста белгілі функционалдық қызмет атқарса, кейбіреулері
өткеннің сарқыншағы есепті елдің ауыз екі əңгімесінде, иə болмаса моральдық құндылықтарға
қатысты мақал-мəтел есебінде қолданылды. Қайткен күнде де қазақтың əдет-ғұрып ережелері
өзінің өміршеңдігін дəлелді. Ендігі осыған байланысты ғалымдардың алдындағы зор міндет -
“Жеті жарғының”, қазақтың əдет-ғұрып заңдарының қайнар көздерін анықтау, терең зерттеу. Бұл
жұмыс тек заңгерлердің ғана емес, тарихшылар мен этнологтардың, фольклор танушы т.б. ғылым
салаларының басы қосылатын қиын да қызықты шаруа. Қазақтың əдет-ғұрып заңдарының білгір
зерттеушісі, заңгер С.Зиманов “одно из условий плодотворного и активного изучения всего
комплекса проблем-достоверное и глубокое знание источников обычного права” – деп деректердің
зерттеушілер үшін құндылығын ерекше айтады (с. 27). Əлі де игерілмеген дерек көздерінің бар
екендігі С.Зимановтың өз тəжірибесінен де белгілі. Ғалым 1961-1963 жылдары Орта жүздің атақты
биі Саққұлақтың қолжазбасынан “Жеті жарғыға” тікелей қатысты деректерді тапты (33, с. 28).
Белгілі зерттеуші З.Кенжалиев біздің ойымызды бекіте түседі, оның пікірі бойынша “əдет-
ғұрыптық қағидалар, нормалар биресми күйде өмір сүру арқылы халық тұрмысына, оның
қажеттілігін өтеуге барынша жақын жəне бейім келеді” (38, с. 88).
Əдет-ғұрып заңдарының нысандарын, деректерін ел ауыз əдебиетінен іздеу фольклор танушы,
немесе этнолог мамандардардың қатысуымен іске асқаны жөн. Оған бір себеп соңғы кезде
“бəленше ақынның, жыраудың сөзі – мыс” деп ойдан шығарып айтылып жүрген нақыл, өтірік
жырлар көп. Олардың арасында өз сөзін Бұқар жырауға, Қожаберген батырға, Төлебиге теліп
жүрген əдебиет пен тарихтың дилетанттары бар (11, 84). Əрине мұндай жалған деректер ғылымға
пайда келтірмейді.
II тарау. Қазақ жеріндегі мемлекет пен құқық тарихына шолу
Достарыңызбен бөлісу: |