§ 1. Алаша хан мен Уыз хан заманы
Қазақ əдет-ғұрып заңдарының жалпы мазмұнынан көне дəуірлердің елесі атой береді.
Ережелердің көпшілігі Алаша хан, Уыз хан сияқты ертедегідей алыс заманның көш
басшыларының соңынан ел боламыз, жұрт боламыз деп еріп келе жатқан батыр жауынгерлер
сияқты. Кейде бір ережелерден салтанатты көшті, мұнарланған қаланы, салиқалы ақсақалды
көргендей боласың, мүмкін Жошы хан мен Əз Жəнібек ханның, Орыс ханның замандары болар.
Кейбір ережелер Қасым ханның дəуірінде əдет-ғұрып заңдарының қатарына енген болар, ал Есім
хан қай ережелерде жүр екен?
“Жеті жарғы” – тек заң ережелері ғана емес, мемлекеттік құрылыс жəне билік нышаны. Қай
жағынан келсек те “Жеті жарғы” күрделі ұғым. Оны дұрыс жəне терең түсіну үшін тарихи
зерттеулер қажеттілігі анық. “Жеті жарғының” тамыры ғасырлардың қойнауына бастайды.
Қазақтың əдет-ғұрып заңдарының тамаша зерттеушісінің бірі А.Леонтьев осы мəселені əдемі айта
білді: “Обычное право киргиз (казахов – Ж.А.) живет в памяти народа, выраженное в
многочисленных юридических пословицах, которые поражают исследователя своим обилием.
Происхождение этих пословиц приписывается обыкновенно или хану Тявке, или какому либо
другому хану или бию, выдающемуся по своей мудрости и справедливости. Но конечно – многие
из них очень древнего происхождения и составлялись значительно ранее Тявки” (53, с. 115-116).
Евразия көшпелілерінің мемлекеттілігі көп мың жылдық тарихында талай рет өрлеу, талай рет
құлдырау дəуірін бастан кешірді. Тарихи уақытты қабылдау циклдік жүйеге құрылғандықтан
белгілі бір уақытты көшпелілер белгілі бір адаммен байланыстырады. Мəселен, көне заман –
Алаша хан, сақ-ғұн кезеңіндегі тарихи оқиғалар – Уыз ханмен, Орта ғасырлар Жошы, Əз жəнібек,
Асан қайғы, Едіге аттарымен, бертінгі уақыт Қасым хан, Есім хан, Тəуке ханмен тікелей
байланысты жүйеленеді. Түп-тамыры көне дəуірге бастайтын қазақ мемлекеттік құрылысы да,
заңдары да ХҮІІІ ғ. Тəуке хан атымен байланыстырылатыны сол себепті.
М.-Ж.Көпейұлының жазуы бойынша қазақтың ең алғашқы ұлыс құрған, заң түзеген уақыты
Алаша хан заманы: “Алаш – деген атты ұранға қойып, жауға шапқанда “Алаш-Алаш” деп
шабыңдар, “Алаш” демегенді əкең де болса ұрып жыға беріңдер” деп бата қылысыпты. “Кеше
Алаш-Алаш болғанда, Алаша хан болғанда, үйіміз ағаш болғанда, ұранымыз “Алаш” болғанда, үш
жүздің баласы қазақ емес пе едік” деп айтылған сөз содан қалған” (45, б. 6).
Шежіре мəтініндегі “бата қылысу”, айтылған “сөз” т.б. ұғымдар Алаш құрамына енген
тайпалардың өз ара келісімі, ортақ билігі, ережесі болғанына айғақ. Бұл заман қаншама көне
болғанымен қазақ жадында қанатты сөздер, ауыз екі билік үлгілері арқылы жақсы сақталған.
Алаш заманы біздің шамалауымызша неолит-энеолит дəуірелеріне сəкес келеді. Хронологиялық
межеге салсақ бұл б.э.д. V-ІІІ мыңжылдықтар, ұлы Евразиялық далалық кеңістікте жылқыны қолға
үйретіп, бақташы тайпалардың тарих сахнасына шыға бастаған уақыты. Шежіреде “Түгел сөздің
түбі бір, түп атасы Майқы бидің”, Қотан, Қоғам, Қобан сияқты аңыздарда кездесетін мифтік
тұлғалардың аталуы осы уақыт межесін көрсетеді. Шежіредегі “ақ найзаның ұшымен, ақ білектің
күшімен ел болуды, жұрт болуды ойлаңдар”, “күндердің күнінде осы бала хан болады, сендер
қараша боласыңдар. Хан əділ болса, қарашасы табанды болса, қара жерден кеме жүргізеді”,
“үйқыны бұзып жылқы алды, күймені бұзып қыз алды” т.б. нақыл сөздер биліктің жаңа қалыптаса
бастағанын, алғашқы дəуірдегі хаостың орнына мемлекет билігі, құқық туралы түсініктердің беки
бастағанын тұспалдайды.
Қазақ ұғымында елдік дəстүрлердің, əдет-ғұрыптың, адам сүйгіштік пен қайырымдылықтың үлгісі
Алашамен байланысты қалыптасқан. Соның ішінде қазақи салттың өзегі “қонақасы” дəстүрі де
бар. Қазақ түсінігі бойынша əрбір жолаушы адам “құдайы қонақ”. Оның ас-суын беріп, қондырып,
мұқтажын ашу міндет. Ертерек уақытта жолаушы қонақасы жемесе сол елдің биіне барып, арыз
айтып, кінəлілердан “ат-тон” айып алатын дəстүр болған. Осы қонақасы “Алаштан қалған
бөлінбеген енші” деген ұғымға негізделеді. Л.Ф.Баллюзек (1871 ж.) (Сейдалин деректерінің
негізінде) қазақ дəстүрінің қайнар көзін былай баяндайды:
“Первый казахский родоначальник Алаш, по старости своих лет, отложив часть имевшегося у него
скота себе, остальное разделил между тремя сыновьями, от которых происходят ныне
существующие три орды: большая, средняя и малая, назвал доставшуюся каждому из них долю
инчою (енші – Ж.А.) т.е. неотъемлемою и неприкосновенною собственностью каждого из них…
- Но прибавил он потом, - так как по условиям вашей кочевой жизни, по роду занятия вашего
скотоводством и по отчужденности вашей от оседлой жизни с ее торговлею и базаром …то вам
вечный завет: не берите при взаимном посещении вашем друг друга платы за съестные припасы,
будьте друг к другу постоянно как бы приглашенными в гости, пользуйтесь таким образом друг к
другу правом конак-асы …- на что примите от меня еще оставшуюся у меня четвертую долю
имущества и считайте ее уже не исключительно которого-либо из вас собственностью, а общим
достоянием и как бы неразделенною между вами на веки веков инчою (Алаштан қалған
бөлінбеген енші – Ж.А.)…
Другое, не менее конак-асы завещанное постомству мудрым Алашем добро – это – жылу, т.е.
вспомошествование погоревшим, или разоренным от неприятельского набега, или пострадавшим
от суровой зимы родовичам” (13, с.156-157).
Біздің пікірімізше бұл баяндалған əдет-ғұрып ережелері қазақ қоғамындағы ең түпкілікті
қасиеттер болып табылады. Қазақ қоғамының өзегі рулық қатынастар, туысқанға көмек-міндетті
парыз. Жоғарыда көрсетілген “қонақасы”, “ортақ енші”, “жылу” сияқты қайырымдылық
нормаларынан бас тартқан адам өзіне бүкіл руды, қоғамды қарсы қойып алады. Мұның бəрі келіп
не айып төлеуге, немесе одан да ауыр жаза саналатын өз руластары мен бөгде елдің алдында
жексұрын атанмға, тіпті қоғамдық жиын-тойлардан шеттетуге алып келеді.
Осы субстраттық дəстүрлер мен құндылықтар беки бастаған уақыт - Алаша хан заманы, қазақ
шежіресінде мығым орын алатыны осы себептен. “Қазақтың басын құрап, біріктіріп, орын
тептірген-Алаша хан. Сонан бері “Алаш” ұранды қазақбайдың баласы жанжал, ұрыс-төбелес
болса, “Алаш-Алаш” деп айғай салса естіген қазақта ес қалмайды” (45, б.7).
Қазақ шежіресі сақ, ғұн, ашина-түркілері өз ара жалғасқан көне заманның қараңғы бір кезеңін Уыз
ханмен байланыстырады. Рашид ад-Диннің “Жамиғ ат-тауарих” Əбілғазы бахадүр ханның “Түрік
шежіресіне”, “Оғыз наме” дастанына қарасақ бұл заман Евразияның ұлы даласында көшпелілердің
империя құрған, төрт құбылаға тұтас билігі жүрген, əлем халықтарын тізе бүкітірген өктем
шағына ұқсайды. Империялық биліктің қайнар көзі қазақ сахарасын мекендеген көшпелілер
дүниетанымы. Əбілғазының айтуы бойынша Уыз ханның əкесі Қара хан, оның атасы Моңғол хан,
арғы атасы-Түрік, арғы бабасы-Алаша хан. Шежіреге қарағанда ықылым заманнан бері бұл
патшалық əулет жазда қазақ сахарасын мекендейді: “Моңғол хан көп жылдар патшалық құрды,
төрт ұлы бар еді. Үлкені – Қара хан, екіншісі - Өз хан, үшіншісі – Көз хан, төртіншісі – Көр хан.
Моңғол хан бұл дүниеден өтерінде орнына балаларының үлкені Қара ханды қойып кетті – дейді
ұлы шежіреші. Қара хан əкесінен кейін бүкіл елге патшалық құрды. Жазды күні ол Ер тақ жəне
Кер тақ деген тауларды жайлар еді, кəзіргі күні бұл таулар Ұлы тау жəне Кіші тау аталады. Ал қыс
түскенде Қарақұмды жəне Сыр өзенінің жағасын қыстар еді” (7).
Осы Қара ханнан əлемге атағы жайылған Уыз хан өмірге келеді, оның шежіресін қазақ тарихының
терең білгірі, ғұлама М.-Ж.Көпейұлы тамылжыта баяндайды. Уыз ханның тарихы-көшпелілердің
империялық дəуірге аяқ басқан уақыты: “Əуел баста Нұқ пайғамбардан тарап бөлінгенде Жаппас
(Яфет-Ж.А.) деген баласынан Түрік, одан Түтік, одан Қой, одан Еділше, одан Алаша, одан Моңғол
мен Татар. Моңғолдан Қара хан, одан Уыз хан. Осы Уыз ханнан өрбіп, өнген нəсілден тарадық.
Киіз үй сол Уыз ханның жасатқан үйі. Киіз туырлықты қазақ, уыз үйлі атанғаны содан” – деп
жазады М.-Ж.Көпейұлы (45, б.12).
Қазақ шежіресі “Уыз өскен соң ұлығ патша болып, дүние жүзіне əмірі жүріп, көп уəлəйаттарды
алып, қанша жұртты мұсылман қылды” – деп көшпелі тайпалардың империялық билік сатысына
өткенін, адам баласын алға жетелейтін негізгі саяси фактор есебінде күрделі билік институттарын
құрғанын мəлімдейді. Шежіредегі “мұсылмандық” - шартты ұғым, тарихи мəліметтер бойынша
бұл кезең көшпелілердің адамзат баласының алды болып мəжусилік қараңғылықтан “Бір Тəңірі”
деп жаратушыны мойындай бастаған кезеңі.
Уыз ханға байланысты тарихи аңыздардың ішінде ерекше назар аударатыны қазақтың “тоғыз”
аталатын салтына қатысты деректер: “Киіз үйді осы Уыз жасатып, ызуынан шығарып, соның
хақында үлкен той жасап, тоғыз жүз жылқы, тоқсан мың қой сойғызды. Былғарыдан тоқсан тоғыз
саба тіктіріп, тоқсанына қымыз, тоғызына шарап толтырып, барлық нөкерлерін шақырып сол киіз
үйді тігіп қойған. Сол үшін атамыз Уыз екені анық аталады. Уыз арғы бабам Түріктен өзіме шейін
тоғыз атаға шейін хандық үзілмей келді деп, əр нəрсенің дара жасы тоғыз тоғыздан болсын деп
ырым қылған екен. Сол үшін қазақ жұртында түйе бастатқан тоғыз мал байлайды. Торқалы
тойға тоғыз, топырақты өлімге тоғыз бастатып сый-сияпат қылысады”.
“Тоғыз” қазақтың əдет-ғұрып ережелерінің ішінде берік орын алған түсінік. Қазақ шежіресі оның
шығу тарихын бір жағынан генеалогиялық жүйемен байланыстырса (тоғыз ата бойынша туыстық
жалғастық), екіншіден саяси орнықтылықпен тікелей байланыстырады (тоғыз ата бойы биліктің
үзілмеуі). Бұл салт бертінге дейін əдет-ғұрып заңдары аясында қарым-қатынас құралы болып
қызмет атқарды. Сонымен бірге негізгі мағынасын сақтап қалуы да кездеседі. Мəселен, ерте
уақытта, жерге жеке меншікті мойындай қоймайтын кезде, бір жерде (қыстау) адамның қанша
жыл мекен еткеніне қарайды. Егер ол бір жерде үзбей тоғыз жыл отырса, онда сол жер сол кісінің
меншігі есепті (42, ч.3, с. 213).
Уыз хан заманындағы Евразия көшпелілерінің мемлекеттік – саяси құрылысы, этникалық
құрылымының ерекшеліктері “Оғыз-намэ” жырынан көрініс береді. Олардың ішінде көзге түсетіні
билік дəстүрлері, əкімшілік құрылым, мұрагерлік мəселелері. Мəселен, Уыз хан қалың əскерімен
Шам елінде жүргенде болған екен – мыс деп шежіре мынадай бір əңгімені айтады: “Ол жорықта
Уыздың қасында бір ақылғөй қария бар еді. Оның аты Ұлық Түрік еді. Сол қария бір күні түс
көреді, түсінде бір алтын жақ, үш күміс оқ көреді. Ұйқыдан тұрып түсінде көргенін Уыз ханға
білдіреді…Ақылмен жүрді. Уыз қаған Ұлық Түріктің сөзін жақсы көрді, ақылын сұрады.
Уыз ханның алты ұлы бар еді. Ұлық Түріктің ұсынысы бойынша үш үлкен ұлын шығыс жаққа
жұмсады, үш кіші ұлын күн батысқа жұмсады. “Күн, Ай, Жұлдыз (Уыздың балаларының аттары –
Ж.А.)көп аң, көп құс аулаған соң, жолда бір алтын жақ тауып алды, атасына əкеп берді…Тағы
онан соң Көк, Тау, Теңіз көп аң, көп құс аулаған соң, жолда үш күміс оқ тауып алды, атасына əкеп
берді.
-Сіз үш үлкен ұлым, - деді уыз хан, алтын жақ тауып əкелдіндер жəне оны бұзып алдыңыздар.
Сіздер бүгіннен бастап қиямет қайым болғанша “Бұзоқ” атанасыңдар.
-Сіз үш кіші ұлым, үш оқ тауып əкелдіңіздер, сіздер “үшоқ” атанасыздар.
-Жақты жəне оқты тапқандарың адамның ісі емес, тəңірінің бұйрығы. Бізден бұрын өмір сүрген
халық жақты патшаға теңеп, өздерін оқпыз деп білген. Мен өлгеннен кейін Күн хан менің тағыма
отырсын, - деп өсиет қылды Уыз хан. Ақыр заман болғанша Бұзоқтың бір жақсысы патша болып,
өзгелері дүние таусылғанша нөкерлікке риза болсын!” (66, б.40-41).
§. 2. Ғұн жəне түрік заманы
Орталық Азия халықтарының əдет-ғұрып заңдары туралы алғашқы жазба деректер ғұн дəуірінен
басталады. Қытай жылнамаларын қарап отырып б.э.д. III-II жүз жылдар бұрын Арқа мен Алтай
арасында атой салып жүрген көшпелі тайпалардың тұрмыс-тіршілігі мемлекет пен құқық туралы
түсініктері туралы хабар аламыз.
Мөде шаньюйдің баласы Лаушан-гию Қытай патшасына жазған хатында "Ғұндардың қолдануға
жеңіл жəне ыңғайлы заңдары бар. Ғұн елін шаньюй бір атаның баласындай басқарады,
қарамағындағы қызметкерлермен қарым-қатынасы қарапайым" деп хабар береді. Бұл дерек б. э. д.
ғұн өркениеті тек мемлекет емес құқықты да туғызғанын дəлелдейді: "Көшпелілердің заңын
орындаудан бас тартқандары, өлім жазасына кесіледі, ал енді ұрлық, адам өлтіру сияқты
қылмыстарды билердің өздері не құн төлеу, не кек қайтару арқылы шаньюйге жеткізбей шешеді".
" Құн орнына жылқы мен қойдан төледі. Ал енді қашқындар мен сатқындарды ешкім де өз
көшінде сақтауға болмайды. Оларды құмға қарай қуады, ол жерден тірі қайту мүмкін емес"-дейді
Ғұн орасының биі (15, б.47-48).
Ғұн заңдарының көпшілігі қылмысқа қарсы өлім жазасын ұсынғанымен, ұрлықтың өзін кісі
өлтірумен қатар қойып, өлім жазасын талап етсе де, бұл жазаның бəрінен де құн төлеу арқылы
құтылу мүмкіндігін қарастырды. Қылмыс жазасы қашанда малға шағылады-бұл да көшпелілер
өміріндегі шаруашылық қауымының орнын күшейтеді.
Ғұн заңдарының екінші бір ерекшелігі, барымтаға рұқсат берілуі. Өз ішінде қалыптасқан тəртіпке
байланысты есесі кетіп бара жатқан ғұн өзінің билерімен келісіп, қарсы жақты (руды) шауып
есесін қайтаруға хақылы.
Ғұн заңдарынан аңғарылатын бір басты ерекшелік-мемлекеттік тəртіптің күші. Əкімшілік жүйенің
басты ерекшелігі əскери-қосын заңы, əр адам, əр ру, əр халық өзіне арналған орынды, алатын
үлесін, олжасын алдын-ала біледі. Соғыс жағдайында, бейбіт уақытта қанша əскер шығару керек
екенін, оның азығы, көлігі бəрі де алдын ала есептелген (23, с. 58).
Көне түріктің салт-дəстүр, əдет-ғұрыптары көшпелілердің əлеуметтік өмірін реттейтін басты
құрал есебінде қызмет жасады. Осы əдет-ғұрыптың құқықтық қызметін атқаратын өкілдерін
түріктер "бек", "би" атайтын. Оларда тасқа басылған, қағазға жазылған заң болмаған сияқты. Бəрі
де тұтас руханияттың құрамдас бөлігі есебінде өмір сүрді. Қарапайым өмір салты, күнделікті
тіршілік заңдылығы əдет-ғұрып заңдарының өміршендігін қамтамасыз етті:
"Түріктің əдет-ғұрыптары: шашын жібереді, сол жақ етектері (шапанның) белбеуге қыстырулы
(немесе сол жақ қапталы шапанның). Кигіз үйлерде, шатырларда өмір сүрді, шөптің шығымына,
суға қарай көшіп қонып жүрді, мал шаруашылығымен, аң аулау мен айналысады, жейтіні ет,
ішетіні қымыз, теріден, жүннен жасалған киімді киді. Көне хундар сияқты не сыпайылықты, не
əділдікті білмейді, ар-ұяттары аз. Билеушісін таққа отырғызарда ең жақын бектері киізге
отырғызып, күннің бағытымен тоғыз рет айналады. Сəлем ету аяқталған соң ерттеулі атқа мінгізіп,
тамағын жібек орамалмен буындырып, содан кейін босатып тез сұрайды "қанша жыл хан бола
аласың" деп.
Қару-жарақтары: мүйізден жасалған жақ пен ысқырғыш жебе қолданады, сауыт-сайман, найза-
сүнгі, қылыш- қанжар бар.
Туларының сабына алтын басты қасқыр орнатылған. Жауынгерлерін бөрі (фуле) деп атайды
(түріктің қасқырға қатысты генеалогиялық аңызы бар -Ж.А.). Ат үстінде садақпен дөп атады,
табиғаты қатал, аяусыз, жазу-сызуы жоқ. Керек болған жағдайда адам, жылқы санын, алым-салық
пен малға байланысты ағашқа кертік жасап санайды. Қағаздың орнындаған бұйрық райын алтын
басты садақ жебесі, балауыз белгімен қоса атқарады. Олардың қылмыс заңдары бойынша: адам
өлімі, ханға қарсылық, қарсы жауға өту, бөтеннің əйелінің қойнына бару, тұсаулы тұрған атты
ұрлау өлім жазасына кесіледі. Төбелесте болған кемтарлық үшін (жазым), ауырлығына қарамай
мал - дүниемен құн төлейді. Көзін шығарса кінəлі жақ қызын береді, қызы жоқ болса, əйелінің
жасауын береді, дененің бір жеріне зақым келтірсе, айыпқа ат төлейді, ат немесе басқа бір дүниені
ұрлаған адам, ұрланған дүниенің құнын он есе қылып айып төлейді. Өлген адамның мəйітін
шатырға сақтайды. Ұлдары, немерелері, екі жақтың туысқандары жылқы мен қой сойып, оны
шатырдың алдына жайып тастайды құрбандық деп, өздері атқа мініп шатырды жеті рет айналады,
осыдан кейін шатырға кірерде беттерін пышақпен жаралап, дауыс салады, қан мен жас сөйтіп
қатар ағады. Осылай жеті рет жасайды да аяқтайды. Кейін белгіленген күні марқұмның мінген
атын, тіршілікте қолданған заттарын мəйітпен бірге жағып жібереді, күлін жинап жылдың
келісілген мезгілінде бейітке көмеді” (15, с.221-222).
"Тхань əулетінің тарихы" деп аталатын жылнама түркілердің құқықтық көзқарастарын толықтыра
түседі. "Көтеріліс, сатқындық, адам өлімі, өзгенің əйелімен болған ойнас, шідерлеулі тұрған атты
ұрлау - өлім жазасы. Төбелесте болған жазым үшін құн төлейді - ауыр-жеңіліне қарай. Көзін
шығарса - қызын береді, қызы жоқ болса əйелінің жасауын береді, денесінің бір жеріне зақым
келсе жылқымен төлейді, жылқы немесе басқа бірдеңе ұрлаған үшін оның өз құнынан 20 есе
қылып қайтарады".
Міне, қазақ билігі немесе "Жеті жарғы" аталатын жолдың түп-тамыры.
§. 3. Шыңғыс хан жəне Алтын Орда заманы
Мемлекет жəне құқық туралы Евразия көшпелілерінің түсініктеріне іргелі өзгерістерді Шыңғыс
хан заманы енгізді. Бірақ зерттеушілер Шыңғыс ханның көшпелілерге енгізген тəртібі өзіне
дейінгі дəстүрге сүйеніп жасалғанын ескертеді: “Таким образом очевидно, что Чингис-хан собрал
все имеющиеся да него изустные законы, и этот то законодательный акт и составил “Великую
Ясу” (23, с. 60).
Шыңғыс ханның “Яса”, немесе “Жасақ” заңдарының мəтіні толықтай жиналған жоқ, дегенмен
Джувейни, Макризи, Хондемир сияқты араб-парсы тарихшыларынан бірсыпыра деректерді
кездестіреміз. Ата-Мелик Джувейни “мұңғыл-татарда өзінде жазу-сызу болмағандықтан, балалар
сауаттылыққа үйренсін деп Шыңғыс ұйғырдың ұстаздарын келтірді” дейді. Сонымен бірге
“Жасақ” бойынша: “Мемлекет басының əр түрлі жарлықтары хатқа түсірілсін жəне əр түрлі
құрылтай кезінде басшылыққа алынсын (əсіресе бір жорық жасарда, көрші елдерді бағындырады”
делінеді. “Жасақ” барлық діндерді қатар ұстауды талап етеді. Себебі Джувейнидің жазуына
қарағанда “өздері ешқандай да бір дінге сенім білдірмейді” (67, б.63-64).
Мемлекеттік құрылысты нығайту үшін Шыңғыс хан түрік дəуірінен қалған əскери-əкімшілік жүйе
“ондықты” пайдаланды. Ол үшін əр он адамның ішінен басшы сайлатып, оны жүздің ішіне, жүзді
мыңның ішіне мықтап енгізді. Он мыңдықты түркі дəстүрімен “түмен” атады. Əр адам өз
ондығына жауап беретін қылды, олардың ішінен бір адам қашса, қылмыс істесе қалған тоғызы
жауап беретін қылды. Ұлы империяның бір шеті мен екінші шетін байланыстыратын сауда жəне
керуен жолдарын, хат-хабар қызметін реттеді. Ұзын жолдардың бойына жəмші ашып, ол жерде
жолаушы дем алып, ат ауыстыратын, ас-уақыт ішіп алатын мүмкіндік жасады. Осындай
шаралардың арқасында мемлекеттік билік күшейіп, жергілікті келте билеушілердің мен-мендігі
тиылды. Кең байтақ империя ішінде бейбіт тəртіп қалыптасты. “Жасақ” өзіне дейінгі рулық-
көсемдік билік жүйесіне аса күшті соққы берді.
“Шыңғыс өзінің жарлықтарымен Жасақ деп аталатын кітап қалдырды, - деп жазады араб
саяхатшысы Ибн Баттута 1350-шы жалдары. –Кімде-кім “Жасақтың” ережесін қолдамаса,
орындамаса орнынан алынады. Жасақтың талабы бойынша, олар жылына бір рет жиналады, оны
той немесе мереке деп атайды. Жер шарының əр қиырынан Шыңғыстың тұқымдары, əмірлері,
қатындары мен əскер басылары бас қосады. Егер сұлтан Шыңғыстың ережелерін бұзса, басқалары
орнынан тұрып: “Сен осы тəртіпті бұздың, мынаны былай істедің, сол себептен сені орныңнан
аламыз, тайдырамыз биліктен” деп оны қолынан ұстап тақтан түсіреді де, Шыңғыстың тұқымынан
өзге адамды отырғызады.
Ал белгілі əмірлердің бірі ережені бұзса қылмысына қарай сол елдің өз ішінде жазасын береді.
Сұлтан Тармашырын бұл Жасақты өз елінде жойған еді. Ел бір жағынан соған, бір жағынан
Тармашырынның шығыс аймаққа (Жетісу) келмегеніне өкпелі еді. Сол себептен төртінші жыл
дегенде Алмалық қаласында Бұзан оғланды ақ кигізге салып хан көтеріп, Тармашырынды
биліктен аластады. Бұзан оғлан қалың əскермен Самарқанд пен Бұқараға келіп өз иеліктерін
түгендеп, Тармашырынды өлтірді” ( 35, с.86-90).
Шыңғыс заманында елдің тəртібін қатаң ұстайтын жаугершілік заңдар күшейіп, жау əскерінен
қорқу, қашу үлкен қылмыс саналатын, сүйекке таңба деп есептелінетін еді. Оның бір жарқын
мысалын Жошының өмірбаянынан кездестіреміз. 1216 жылы меркіт пен найман елдерін қуа
келген Жошы Ырғыз-Торғай даласында Хорезм шах əскерлерімен жолықты. “Құпия шежіре”
баяндайды: “Жошы хан Сұлтан Мұхаммедтің қуып жететінін көріп, бектерімен ақылдасты. Олар:
“Шыңғыс хан бізді Сұлтан Мұхаммедпен соғысуға жіберген жоқ, шап деген елін шаптық. Жау
көп, біз азбыз, сондықтан біз жүре берейік, егер бізді қуып, азғана əскер жетсе, онымен
соғысайық” деді. Сонда Жошы тұрып “Ертең елге барғанда əкеме, ағаларыма не айтамын?
Алыстан жауды көріп қаштық деймін бе?” деді де, бектерінің сөзін тыңдамай, жаумен соғысуға
дайындалды.
Жошы хан алдыңғы əскермен Сұлтан Мұхаммед əскеріне қарсы шабуыл жасап, тушыға дейін
жетіп, Сұлтан Мұхаммедтің қалқанын үш рет шапты. Шах əскері шегінуге жақын еді…” (62).
Хорезм шахтың жүрегіне мəңгі жазылмас үрей Салып кеткен соғыс осылай көзсіз ерліктің
арқасында болған еді. Тəуелсіздікті аңсаған елге мемлекет құру үшін де ел намысы деп басын
өлімге қиятын ерлер қажет болады. Евразия тарихына “Жошы ұлысы”, немесе Алтын Орда деген
атақпен енген ұлыс та ерлік жолын түтынған азаматтардың қажыр-қайратымен құрылды. Қазақ
сахарасында өмірге келген бұл ірі мемлекеттік құрылым осы кезеңде дейін қордаланған əдет-
ғұрып заңдарына, одан қалды соның құнарлы бөлігі жинақталған “Жасаққа” сүйенді.
Алтын Орда хандарының жанынан қара сүйек ішінен шыққан ірі жыраулар мен билерді көреміз.
Олардың ішінде Əз Жəнібек ханның ақылшысы Асан қайғы, Тоқтамыспен ренжісетін Едіге би т.б.
бар. Шығыс тұқымының билігі əлсіреген тұста қара сүйектен шыққан ел билеушілерінің
күшейгенін Қият Мамай, Теңіз Бұқа, Исатай, Жыр Құтлы т.б. мысалынан көреміз. Осылардың
ішінде қазақ əдет-ғұрып заңдарының одан əрі даму процесіне тікелей ықпал еткен Едіге би (Ел
қамын жеген Едіге) бар.
Едіге тек Ноғай Ордасының негізін салған ел басшысы емес, ол көшпелілердің құқықтық
көзқарасын əрі қарай дамытқан заңгері. Қазақ аңыздары Едіге жас күнінде-ақ билік айта бастапты
– мыс дейді. Сол биліктердің бір мысалы: “Күндердің күнінде екі кісі келе жатыр еді. Қой бағып
жүрген балаларды көрді. Едіге балаларға айтты: “Өздеріңіз сəлем бермеңіз, егер сəлем берсе
алыңыз. Сəлем бермейсіндер деп сөксе жауабын мен берейін” – дейді. Екі кісі келді. Балалар
сəлем бермеді. Балалар неге сəлем бермедіңдер” деді.
Едіге “бастан өздерің неге сəлем бермейсіңдер?” деді. Екі кісі айтты: “Біз үлкен бе, жоқ сендер
үлкен бе?”. Едіге айтты: “Біз үлкен”. Екі кісі: “Сендер қалай үлкен боласыңдар ?” -деді. “Егер мен
тоқсан баланың жасын санап салсам сонда біз үлкен болмаймыз ба ?” - деді Едіге. Екі кісі сөзден
жығылды да “бағанағы дауымызды осыған салайық” деді.
-“Ей бала, даулы болып Тоқтамыс ханға бара жатыр едік, енді дауымызды саған салғалы тұрмыз.
Бітіресің бе ?”-деді. “Егер құдай аузыма салса бітіремін” деді.
-Олай болса мынау – Алшын атасы Көкжалды мерген. Мен Кеңестің үлы Кенжанбаймын. Еділ
мен Жайық менікі еді. Онан қашқан қоян да менікі еді. Жайықтың жағасында, Ақкөлдің сағасында
жатқан ақ қоянды көрдім де, атайын деп мылтығыма кеттім. Мен мылтығымды алып келгенше
Көкжалды атып алыпты. Осының төресін беріңіз” деді. “Сен қай жерден аттың?” деп
Көкжалдыдан сұрады. Ол қанша жерден атқан мөлшерін көрсетті. “Егер бір төре берсем, екеуіңіз
де көнесіздер бе?” деді. Екеуі де “көнеміз” деді. Баланың төресі қоянды алып бір балаға
құшақтатты да Кеңестің Кенжанбайына айтты:
- Балаға тигізбестен атқан жерден ат, егер балаға тигізсең – құнын бер, оқ далаға кетсе – қояннан
бейдамақ бол, тигізсең – қоян сенікі болады” деді. “Бұл төреге көнбеймін. Тоқтамыс ханға
барамын” деп Кенжанбай ашуланды. Қайтып келді. “Ұстат балаңа, атамын” деді. Балаға
дарытпастан қоянның қалаған жерінен тигізді. Едіге: “Ендеше бұрын көрген қоян сенікі” деді.
Көкжалды: “бұл төреңе көнбеймін” – деп ашуланады. Екеуі Тоқтамыс ханға барысты. Хан
алдында Кенжанбай: “бір төре болып еді” деді. Тоқтамыс хан “қандай төре” деп сұрады.
Кенжанбай баланың берген төресін айтты. Сонда Тоқтамыс хан: “Сол баланың төресі – төре, біз
ондай төре алмаспыз да” – деді (24, б.751-753). Едіге бидің мемлекет қайраткері ретінде қызметі
осы билігінен кейін басталады. Қазақ заманында Едіге айтқан билік шешімдер үлгі (прецедент)
ретінде қолданылғаны қазақтың ауыз əдебиетінен белгілі.
|