А 82 «Жеті жарғы» мемлекет жəне құқық ескерткіші


§. 4. “Қасым ханның қасқа жолы”



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата03.03.2017
өлшемі0,96 Mb.
#6087
1   2   3   4   5   6   7   8   9
§. 4. “Қасым ханның қасқа жолы”

 

Бірнеше  мың  жыл  бойы  Евразия  көшпелілерінің  жуан  ортасында  алаш  туының  астында  болған

қазақ руларының өз бетімен мемлекет құрған уақыты ХV ғасырдың ортасы. Керей жəне Жəнібек 

хандардың кезінде мемлекеттік идеяның өміршендігі үшін күрескен қазақ рулары Жəнібек баласы

Қасым  хан  кезінде  мемлекетті  нығайту,  заң  ережелерін  бір  қалыпқа  келтіру,  ішкі  жəне  сыртқы 

саяси ахуалға зандарды ыңғайлау мəселесіне кіріскенге ұқсайды. 

Қазақ  шежіресінде  бұл  кезең  “Əз  Жəнібектің  тоғыз  ұлы  болыпты.  Оның  бірі - Қасым  хан.  Бұл 

тақты Сарайшықтан көшіріп Ұлытауға орнатыпты. Қазақты қатарға қосып кеткен осы Қасым хан. 

Қазақ ортасында “Қасым ханның касқа жолы” делінетін сөз үлгі, қасиет болып қалды” (45, б.7) –

деп суреттеледі. 

“Қасым ханның қасқа жолы” туралы қазақтың ауыз екі əңгімелерінде аздаған мəліметтер кездесіп

қалады. Академик Ə.Марғұлан “Қасым ханның қасқа жолы” заңдарын орта ғасырларда Қыпшақ, 

Шағатай ұлыстарында қолданылған “Ярғу” заңынан алынған, қазақша “Жарғы” деген ұғым береді 

деп  есептеді.  Бұл  ұғымның  түпкі  мəні  жару,  нəрсенің  салмаған  бір  жағына  аудармай,  дəл,  əділ 

айтудан  шыққан: “Дауды  əділ,  тура  шешкен  билерді  халық  бұқарасы  ардақтап  “қара  қылды  қақ 

жарған”  деп  мақтаған.  Өзінің  мазмұны  бойынша,  бұл  заңның  түбегейлі  идеясы  ежелгі  əскери-

демократия арнасына барып тіреледі. ХҮ ғ. соңында – ХҮІ ғ. басында Бұқардың ишан-қазылары 

қазақ  өлкесіне  діни  үгіт  таратып, “ежелгі  Жарғы  заңын  қалдырыңдар.  Ол  көкке  табынған 

дінсіздіктің  ісі,  оның  орнына  шариғат  қағидасына  ауысыңдар.  Ант  бергенде  “көк  соқсын”  деп 

айтпаңдар, “құран  соқсын”  деп,  құранды  бастарыңа  көтеріңдер” – деп  үгіттейді.  Бірақ,  халық 

бұқарасы оған селқос қарап, көп заман шариғат қағидасына ойыса қоймады. Уақыттың көбін мал 

бағумен өткізген халық бұқарасы шариғат қағидаларын өте қиын деп ойлады” (56, б.541-542). 

Ə.  Марғұланның  айтуы  бойынша  саяси  жағдайдың  шиеленіскен  кезінде  қалың  қазақтың,  оның 

басшылары от ауызды, орақ тілді, елге сыйлы билердің, ықпалымен Қасым хан ерте заманнан бері 

көшпелілер  мойындап  келген  “Жарғы”  заңын  күшейтті.  Осындай  себепке  байланысты  “халық 

Қасымның шириғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы – “Жарғыны” жанадан көтергенін 

қатты ұнатып оны “Қасым ханның қасқа жолы” деп атап кетті”. 

Қасым  хан  заманында  қазақ  елі  хан  ордасын  Евразия  көшпелілерінің  ежелгі  саяси-этникалық 

орталығы Ұлытауға көшіріп, Алаша хан атын қайта жаңғыртты. Қазақ елінің ұлттық идеясының 

мықты  ірге  тасы,  қазақ  қауымына  біріккен  сан  алуан  тайпалардың  басын  құрап  отырған  ортақ

тамыр Алаша ханға арнап Ұлытауда Қасым хан биік күмбез орнатты. Олай болса “Қасым ханның 

қасқа  жолы”  тек  құқықтық  көзқарастардың  жинағы  ғана  емес,  ол  ең  алдымен  қазақтың  ел  болу 

үшін, жұрт болу үшін күрес жолы. 

Қазақтың  басын  құрап,  өз  бетімен  ел  қылып,  найзамен  шекарасын  сызып  кеткен  Қасым  ханнан

қазасынан  кейін  хан  билігі  ұзақ  уақытқа  созылған  дағдарысқа  түсті.  Осындай  қысылтаяң  кезде 

мемлекет билігін түзеу міндеті Шығай ханның ұлы, Тəуекел ханның інісі Есім хан иығына түсті. 



§. 5. “Есім ханның ескі жолы”

 

XVII  ғасырдың  басында  алғашқы  ширегіндегі  мемлекет  жəне  құқық  туралы  түсініктерідің  дені

“Есім ханның ескі жолы” атты ережелермен байланысты. Қазақ шежіресі Есім ханның (1598-1630-

шы  жж.)  қызметіне  жоғары  баға  береді. XVIII ғасырда  өмір  сүрген  əйгілі  Бұқар  жырау  Абылай

ханға “Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кешегі Еңсегей бойлы Ер Есімді де білемін. Сен оның 

бір  түстігіне  жарамайсың”  деп  айтуында  да  Есім  ханға  деген  үлкен  хошемет  сезіледі.  Ер  Есім 

туралы,  оның  заманында  жаңа  жүйеге  түскен  заң  ережелері  туралы  Қазанғап  Байболұлы,  М.-

Ж.Көпейұлы,  Қ.Халид  сияқты  қазақ  шежірешілері  баяндайды (45; 78; 81). Құрбанғали  Халид  өз 

шежіресінде  “Есім  хан  ұзын  бойлы,  денелі  кісі  болған  соң  “Еңсегей  бойлы  Ер  Есім”  деп 

дəріптеледі екен. Орыс ханның қызыл туы осының қолында қалған” деп жазады (81, б. 103). Қазақ 

хандарының бабасы Орыс хан Дəшті Қыпшақ, оның ішінде Ақ Орда дəулетіне билігі тұтас жүрген

ірі хан болған. Алтын Орданың астан-кестені шығып жатқан уақытта өмір сүрген Орыс хан Ақсақ

Темірді  сахараға  жолатпай,  шекараны  мығым  ұстап  отырғаны  да,  Алтын  орданың  туын 

құлатпаймын деп Сарай шаруасына да араласқаны белгілі. 

Орыс  ханның  қызыл  туына  Есім  ағасы  Тəуекел  хан  Бұқара  қаласы  түбінде  өзбекпен  соғыста

жараланып, Ташкентте қайтыс болғаннан кейін ие болды. Самарқанд ол кезде Есім билігінде еді. 

Есім ханның ерліктері жөнінде М.-Ж.Көпейұлы былай жазады: “Тəуекелден соң Еңсегей бойлы Ер 

Есім  хан  болды.  Өзі  Түркістанда  тұрып,  Тəшкентке  Тұрсын  ханды  ие  қылып  қояды.  Сол  күнде 

Иманқұл деген өзбекке хан болып, Бұқараны билеп, Еңсегей бойлы Ер Есіммен үш рет соғысып, 

Түркістан, Тəшкентті ала алмай, жеңіліп қала берген” (45, б.9). 

Қазақ  шежіресінде  Есім  хан  мен  Тұрсын  хан  арасындағы  бақталастық,  Тұрсын  ханның  Есім  хан 

жорыққа  кеткен  кезде  Түркістанды  алуы  Есім  ханның  Тəшкентті  шауып,  Тұрсынды  өлтіруі  т.б. 

əңгімелер жақсы баяндалады. Оның негізгі себебі Қазақ хандығының этносаяси құрылымындағы

тарихи жарықшақ деп есептеуге болады. Қадырғали Жалаиридің шежіресіне қарағанда Орыс хан

заманында  “алаш  мыңы”  атанған  өзбек  қауымы  үш  ұлыс  алаш,  екі  ұлыс  қатаған  болып  екіге 

бөлінген.  Тоқсан  екі  рулы  (баулы)  өзбек  қауымы  ыдыраған  уақытта  үш  ұлыс  алаш  елі  қазақ

халқының  негізін  салды,  олармен  сыртқы  одақтас  қатаған  ұлыстары  Тəшкент  маңында  келте

хандық  (бағынышты)  құрды.  Біздің  пікірімізше  Есім  мен  Тұрсын  арасындағы  жанжалдың  басты

себептерінің бірі осы. 

Мемлекеттің  ішкі  мəселелері  асқындап  кетуі  Есім  ханды  белгілі  дəрежеде  саяси  өзгерістер

жасауға жетеледі. “Тұрсынмен соғысып, Қатағанды қырып, хан Тұрсынды өлтіріп” деген сияқты 

билікті  орнықтыру  үшін  қатаң  шараларға  баруы  да  түсінікті.  Билікті  күшейтудің  екінші  жолы 

мемлекеттің  құқықтық  негізін  бекіту  екенін  жақсы  түсінген  Есім  хан  əдет-ғұрып  (Жарғы) 

заңдарына  қатал  ережелер  енгізіп,  бейтарап  ережелерді  азайтуға  кіріскен  болса  керек.  Осылай 

“Есім  ханның  ескі  жолы”  аталатын  жаңа  заңдар  өмірге  келді.  Шəкəрім  Құдайбердіұлы 

шежіресінде айтылатын: “Жоғарғы Тəуекел ханның орнына баласы (інісі – Ж.А.) Есім хан болды. 

Қазақтың  “Еңсегей  бойлы  Ер  Есім”  дейтұғын  ханы  осы  жəне  жоғарыдағы  Қасым  ханнан  қалған

қазақтың жолын түзеп “Есім ханның ескі жолы” атандырған осы еді…” (44, б.31). 

Біздің  пікірімізше  бір  жағы  сыртқы  жаугершіліктің  күшейуі  (қалмақ  тарапынан,  өзбек  жағынан, 

Сібір  өлкесіне  қол  созған  орыстан)  оның  үстіне  ішкі  талас-тартыс,  сепаратизм  Қасым 

заманындағы билік институттарын жаугершілікке бейімдеу арқылы мемлекет униталық нышандар

ала  бастады.  Бұл  саясат  ру  басылары  тарапынан  қарсылыққа  ұшырағанын,  хан  саясатына  көңілі 

толмаған  кейбір  басы  асау  ел  басыларының  жүген-қурықты  ала  қашқанын  аңғарамыз.  Мəселен 

Жиембет Бортоғашұлының Есімге арналған наз толғауы осыны көрсетеді: 

Еңсегей бойлы Ер Есім, 

Есім, сені есірткен 

Есіл менің кеңесім.


Ес білгеннен Есім хан 

Қолына болдым сүйесін 

Қолтығыңа болдым демесін ! 

………………………………….. 

Қайратым қанша қайтса да, 

Мұныңа, ханым, шыдаман. 

Арқаға қарай көшермін, 

Алашыма ұран десермін 

Ат құйрығын кесермін, 

Ат сауырысын беремін. 

Алыста дəурен сүрермін, 

Қарамасаң, ханым, қарама, 

Сенсіз де күнімді көрермін (65, б. 93). 

Академик  Ə.Марғұлан  да  өзінің  “Еңсегей  бойлы  Ер  Есімге”  арналған  мақаласында  ол  заманда 

жаугершіліктің  көп  болғанын, “Есім  хан  өз  хандығының  шығыс  жəне  солтүстік-шығыс 

шептерінде  ойрат-қалмақ  шапқыншылығына  қарсы  тойтарыс  беру  үшін,  көбіне  жорықтарда 

жүргенін” ескертеді. 

Жошы əулетінен шыққан хандар ішінде 40 жыл тұтас хандық құрған деп дəріптелетін Есім хан өз

заманында  көптеген  жол-жоба,  кəде-қауымет  заңдарын  шығарған,  бірақ  олар  “Қасым  ханның 

қасқа  жолы”  сияқты  қалыптасқан  билік-құқық  жүйесін  өзгерту  емес,  қайта  жаңғыртуға 

бағытталған  істер  болды.  Мемлекет  негізін  нығайту,  қоғамда  төрелердің  орны  мен  белсенділігін 

күшейту,  ішкі  сепаратизмді  болғызбау,  жалпы  Шыңғыс  хаңға  баратын  “Жасақ”  пен  “Жазаны” 

күшейту Есім мақсаты болды. Сол себептен оның заманында елге танымал тəртіп  “Есім ханның 

ескі жолы” атанды. 

Қазақ  ғалымдарының  арасында XVI-XVII ғғ. “жолдардың”  мемлекеттік  тəртіпті  күшейтуге 

негізделгені  басым  айтылады.  З.Ж.Кенжалиевтің  пікірінше  “жолдар-көшпелі  қоғамдағы  орталық 

мемлекеттік  биліктің  жеке-дара  дербестенуінің  бір  көрінісі,  оның  қалыптасқан  құқықтық 

мəдениетті  жаугершілік,  əскери  заманға  сай  бейімдеп  пайдалануға  талпыныс  жасауының

нышаны” (38, б. 76). Біз  жоғарыда  осы  мəселеге  байланысты  бірсыпыра  түсінік  бердік  деп

есептейміз. 



§. 6. Əз-Тəукенің “Жеті жарғысы”

 

Есім  ханнан  кейін  Қазақ  хандығы  тағы  да  ұзақ  дағдарысқа  түскені  тарихи  деректерден  белгілі. 

1630-шы  жылдардан  бастап  қазақ  жерінің  солтүстік-шығыс  алқабы  тұтас  ойрат  тайпаларының 

қолына  көшті.  Дүрбен-ойрат  аталатын  қалмақтың  төрт  руы  (торғауыт,  хошоуыт,  дурбет,  чорос) 

1640 жылы Тарбағатайдың Улан Бұрға деген жерінде бүкіл моңғолдық жəне ойраттық ұлы кеңес

ашып “Их цааз” (Цааджин бічік) заң ережелерін қабылдады. Осыған байланысты қалмақ ішіндегі 

ішкі  мəселелер,  жаугершілік  бірсыпыра  уақытқа  байыз  тауып,  сыртқы  мəселелерге  түйген 

жұмырдықтай болып кірісті. Осы кезеңде ойрат одағына нығайтуға арқау болған тетік будда діні

еді. Зая-пандита сияқты ойраттың кеменгер ұлдары əліпби жасап, бұтханаларды қаптатып салып, 

ойрат  шонжарлары  арасындағы  қым-қиғаш  қарым-қатынастарда  билік  айтып,  мəмлеге  келтіріп, 

мемлекеттік туын биік желбіретуге өз үлестерін қосты. 

Қазақ  рулары  ойрат  соққыларының  астында XVII ғасырдың  ортасында  оңтүстікке  ығысып, 

Арқадағы  жайлы  өлкеге  жаз  жайлап  барудың  өзіне  қауіптенді.  Қазақ  ақындарының  “Ата  қоныс 

Арқадан,  басында  қазақ  ауғанда”  дейтін  “бастапқы  ақтабан  шұбырынды” XVII ғасырдың 

ортасында басталады. 1652 жылы қалың қалмақпен соғыста хошоуыт тайпасының жас тайшысы, 

он  жеті  жасар  Галдаманың  қолынан  Есім  хан  баласы  Салқам  Жəңгір  хан  қайтыс  болды.  Қазақ 

халқы ондаған жылдарға созылған жүдеушілікке ұшырады.  

1680-ші жылдары ойраттар Галдан Бошогту хан бастап Түркістан өңірін шауып Сайрам қаласын

қиратты.  Қазақ  елінің  бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығармайынша  өзге  елдің  жемі  болып

кететіні анық болған уақытта қазақ билігіне əділдігімен, ақылдылығымен “Əз” атанған Тəуке хан 

келді.  

Қазақ шежіресінде “Салқам Жəңгірден кейін Əз Тəуке хан болды. Мұның өзі ақылды, табанды кісі 

болды. “Байсалды айғырдың үйірін ат жақтайды” дегендей халықты жақсы басқарды. “Күлтөбеде 

күнде кеңес” осы Əз Тəуке тұсында айтылған сөз” – деп Əз Тəуке билігіне жақсы бағасы беріледі. 

Қалмақ  дəуірлеп  күшейген  уақытта  жаңа  саясат  жүргізу  керек  еді.  Оның  нақты  амалы  Əз  Тəуке 

ойынша əр жүздің орда биін сайлау, оларға ішкі саясаттың тізгінін беру. Евразия көшпелілерінің

үштіқ  жүйесінің  тамыры  өте  ерте  замандарға  бастайды,  үштік  қашанда  нығыз,  мығым,  орнықты 

жүйе.  Ал  үш  жүзді  ұлыс  есебінде  əкімшілік  жүйеге  келтіру  жəне  оның  ішкі  мəселелерін  орда

билеріне  тапсыру  ру  басыларының  жауаптылығын  күшейткені  хақ.  Осы  кезеңнің  тарихын

сипаттай  келе  Н.И.Гродеков  “все  три  орды  ежегодно  собирались  для  совещания  (маслагат)  на 

холме  Мартубе  (в  горах  около  Сайрама)” - деп  жазады.  Бұл  жиындарда  қазақ  елінің  басты 

мəселелері-қай жерде қыстау, қай жерді жайлау, елдің тыныштығын қалай ұстау, қалай соғысу т.б. 

бүкіл ел болып ақылдасатын мəселелер талқыға түсті. 

Əз Тəуке заманында билік құрылымы бірнеше сатыға жүйеленгенге ұқсайды. Көшпелілердің əуел 

бастан  бар  демократиялық  тəртіптері  де  қайта  жанданып,  жалпы  халықтық  мəслихат,  жиындар 

жыл  сайын  өткізіліп  отырылатын  болды.  Бұл  жиындарға  тек  қарулы  ер  азаматтар  ғана  қатысуға

құқықты еді. Оның тəртібі “Жеті жарғыда” нақты бекітілді. Оның ең биік сатысы орда билерінен, 

Түркістан  мен  Ташкент  маңындағы  отырықшы  халықтың  өкілдерінен,  қазаққа  одақтас  қырғыз, 

қарақалпақ  сияқты  халықтың  басшыларынан  құралған  “Жеті  жарғы”.  Зерттеушілердің  көпшілігі 

“Жеті  жарғы”  құрамындағы  қазақтың  үш  биін  ерекше  атайды.  Н.И.Гродековтың  жазбасы 

бойынша “В числе их было три знатных бия, по каждому из каждой орды: из Великой – Туле, из 

Средней – каз дауысты Казыбек, т.е. Казыбек с голосом гуся, (звучным), из Малой – Айтеке” (22, 

б.25). 

М.Тынышпаев  жоғарыда  келтірілген  деректерді  толықтыра  түседі.  Оның  пікірі  бойынша  Тəуке 



ханның  басты  еңбегі  қазақ  елінің  қоғамдық  өмірін  белгілі  бір  тəртіпке  келтіргендігі:  “Тауке…

более  замечателен  своею  административною  и  законодательною  деятельностью.  Слабые 

угнетенные  роды  Тауке  соединил  в  союзы,  чтобы  последние  могли  противостоять  против

сильных  родов.  Для  фактического  управления  подвластными  родами  назначили 6 биев: 1) в 

Старшей  Орде - Толе  Алибекова  (дулат,  отделение  жаныс); 2) в  Средней  Орде - Казбека  (Каз 

дауысты Казбек-арғын, каракесек); 3) в Младшей - Айтике (алим, торт-кара, внук знаменитого 

Джалантос-батыра  Самаркандского); 4) у  кыргызов-Кокым – бия  Карашорина; 5) у 

каракалпаков – Саск-бия; 6) у  катаган,  джайма  и  других  мелких  родов - имя  бия  неизвестно. 

Далее отдельные роды, отделения, полколения управлялись своими биями. Ежегодно, осенью бии 

на 1-2 месяца собирались у ставки Тауке, “Ханабад” на холму “Куль-тобе” на левом берегу реки 

Ангрен  в 40 верстах  на  юг  от  Ташкента.  В  памяти  народной  собрания  эти  сохранились  в

выражении: “Куль-тобенің  басында  күнде  кеңес”,  т.е. “на  Куль-тобе  собрания  происходят 

ежедневно”.  Эти  собрания  носили  характер  и  законодательный  и  судебный.  Законодательные 

изречения,  названные  “Джеты-Джарга”  были  основаны  на  принципах  правосознания, 

вытекающего  из  условий  общежития  кочевых  родов…Большая  часть  дел  решались  биями 

единолично, но в важнейших случаях, не желая брать на себя ответственность за правильность

решения, бии представляли свои предложения на одобрение собрания на Куль-Тобе” (80, б. 162). 

М.Тынышпаевтың  келтірген  мəліметтері  мен  пайымдаулары  əлі  де  толықтыра  түсуді,  зерттеуді 

қажет  етеді. “Жеті  жарғыға”  кірген  жарғыш  билердің  аты-жөні,  ата-тегі,  олардың  ішіндегі  жол 

тəртібі,  жалпы  “Жеті  жарғы”  жұмысын  ұйымдастыру  ісі,  жоғары  кеңеске  ханның  қатысы,  оның 

əсері т.б. мəселелер аса қызықты да, керекті деп есептейміз. 

XVII ғасырдың 80-ші жылдары  “Жеті жарғыны” қауырыт шаруа, қалың жаугершіліктің арсынан 

көреміз.Алдымен  Қазақ  хандығы  қалмақтың  үстемелеген  соққысының  астында  қалды.  Галдан 

Бошогту  əскері 1681 жылы  Сайрамды  алғашқы  рет  қоршады.  Бір  жыл  айналмай  жатып 1683, 

доңыз  жылы,  Бошогту  Сайрамды  қайта  шауып,  қазақтың  екі  сұлтанын  тұтқынға  алып,  үлкен 

олжамен  қайтты.  Сол  жылы  күзде  Орта  Азияны  (Əндіжан)  тағы  да  шауып  көп  елді  тоздырып 

жіберді. “Зая-пандита өмірбаянында” бұл оқиғалардың жалғасы былай суреттелген: “В году мыши 

(1684) он (Галдан Бошогту) разграбил (улус) Чукура, а также ходил походом на Андижиян. Когда 

он  возвращался,  то  в  (местности)  Кокурин  Шили  разразилась  буря. …Летом  (Цеван)  Рабдан 

(Галданның немере інісі – Ж.А.) выступив (в поход) разрушил Сайрам. Осенью года коровы (1685) 

(Бошогту)  хан,  отправившись  в  поход  против  Андижияна,  возвратился,  захватив  в  плен  многих

беков” (64, б. 116). 

Бұл  жаугершілік 1684 жылғы  Бертіс  хан,  Тайкелтір  би,  Қазыбек  би  елшілігімен  тиянақталған 

уақытта  Тəшкент  маңындағы  қытай-қыпшақтармен  соғыс  басталды.  Əз  Тəуке  ханды  осы  кезде 

қалың  əскердің  басында  қытай-қыпшақтармен,  жалпы  өзбекпен  жаугершілік  ішінен  көреміз. 

Осыған  байланысты 1687-1688 жылдары  Бұқар  ханы  Субханқули  ханмен  келіссөз  жүргізіліп, 

Бұқар  ханының  сенімді  адамы  Хошеке  –аталық  Түркістанға  келді.  Бұл  оқиғалардың  бəрі  де 

мемлекет  билігін  күшейту  қажеттілігін  аса  өзекті  тақырыпқа  айналдырды.  Бейбіт  уақытта  өз 

бетімен кететін көшпелі елдің басшыларының “Күл төбеде күнде кеңес жасап”, Əз Тəуке ханның 

“Жеті жарғысында” билік айтып, ханның дəрегейіне бағынып тұруын осылай түсіндіреміз.  

Осы  кезеңдегі  ірі  мəслихаттардың  бірі 1710 жылғы  Қарақұм  (Арал  Қарақұмы)  кеңесі.  Қарақұм 

Ұлытаудан  батысқа  қарай  орналасқан  қысқы  қонысқа  өте  жайлы  жер.  Ол  кезде  Қарақұмның 

солтүстік  бұйраттары  Ақсақал  Барбы  көліне  ұштасады,  Су  аяғы  құрдым  да  осы  жерде.  Ырғыз, 

Торғай,  Өлкейек  т.б.  даланың  сан  жетпейтін  ұсақ  өзендері  құятын  осы  аса  үлкен  көл  ХҮІІІ

ғасырдың басында дариядай шалқып жататын еді. 

Қазақ аңыздарында үш жүздің игі жақсылары қатысқан бұл ұлы кеңесте таңдамалы тоқсан би сөз

сөйледі  делінеді.  Олардың  сөзінің  арқауы  мемлекеттің  тағдыры,  болашаққа  тон  пішу,  зандарын 

реттеу, əскерін дайындау, сыртқы елдермен бəтуаға келу, не жаугершілікті діттеу, жазғы жайлымы 

мен  қысқы  қонысын  ақылға  салу,  елдің  ымырасын  бекіту.  Евразия  көшпелілері  тарих 

сахнасындағы үстем орынын отырықшыларға берген уақыт еді. Батыстан қаһарын төккен Ресей, 

Шығыстан  амалдап,  айлалап  жылжыған  Қытай,  олардың  артында  мұз  темірге  құрсанған,  қару-

жарағын оқтаған басқа да елдер. Бұрынғы заманда “қыл құйрық” деп ұрандап Европаның төсіне 

атпен  шауып  баратын,  Қытайды  төменшіктетіп,  тізе  бүктіріп  қоятын  қайрат  көшпелілерде 

қалмаған. Сахарада көшпелілерден қалған екі ел қазақ пен қалмақтың қасқардай алысқан заманы

туды. Не өлім, не өмір, басқа сұрақ жоқ еді.


Қарақұм  кеңесі  елшілік  жолын  ұсынды.  Батыста  Ресей,  Шығыста  Қытай,  оңтүстікте  Бұқар 

хандығы  бəріне  де  елші  жіберіп  бейбіт  бəтуаға  келу  керек.  Біз  осы  кезден  бері  қарай  қазақ 

елшіліктері туралы мəліметтерді əр елдің мұрағаттарынан кездестіретінімізде осыдан. 

Екінші мəселе қазақтың өз ішіндегі ымырасын, тəртібін бекіту, ол үшін алдымен ұсақ руларды 

үлкен  рулардың  жем  қылуына  жол  бермеу.  Қазақ  халқының  жаңа  генеалогиялық  құрлымы  осы

кеңесте шешілді деп айтуға болады. Туыстық жүйе одан əрі беки түсті. 

Үшінші  мəселе  қазақтың  орда  тіккен  қаласы  Түркістан,  өзінің  саяси,  рухани  қызметін  одан  əрі 

жалғастыратын қасиетті орын. Қазақ кеңесі бұдан əрі қазақтың өз жолымен қатар шариғат

ережелерін  қатар  қолданатын  келісімге  келді.  Түркістан  бір  жағы  Орта  Азиялық  іслəм 

орталығы,  екінші  жағынан  қазақтың  ата-бабасы  жерленген  қасиетті  қорым-пантеон, 

үшіншіден қазақтың хандары қоныс, тұрақ қылатын саяси ордасы. 

Қарақұм  кеңесінің  төртінші  нəтижесі  “Жеті  Жарғы”  қызметін  мақұлдады.  Хан  кеңесіне 

одақтас  елдер,  көрші  қырғыз,  қарақалпақ,  ішкі  сарт,  қожа,  қатағаннан  өкіл  қосу,  олардың  да 

пікірін  Жоғары  кеңесте ескеру құпталды. “Жеті жарғы”  кеңесіне сыртқы  жəне  ішкі  елдермен 

тығыз қарым-қатынасқа түсуді, тек қана билікпен шектелмей мəмлегерлікке көңіл бөліну талап

етілді. 

Бесінші нəтиже мемлекеттің дұрыс өмір сүруіне қажетті əсіресе елші салуға, елші қабылдауға 

жетерлік  алым-салық  жинау,  бұл  патша  сарайының  мұқтажын  көтеруге  де,  мəмлегерлік 

шығынды  жабуға  де  жетерлік  болуы  керек.  Ол  үшін  тек  отырықшы  ел  ғана  емес,  мал  баққан 

көшпелі ел де 1/20 табысын мемлекет қазынасына өткізіп отыруы керек. 

Алтыншы  мəселе  жаугершілік  заманға  сай  жабдығы  дайын,  қайратты  əскер  ұстау.  Қазақ 

қиындыққа  төзімді,  жаугершілікке  бейім,  ер  мінезді,  мəрт  болғанымен  нар  тəуекелге  келгенде 

басын  қосып,  бір  ұран,  бір  тудың  астына  жинала  қоймайтын  халық.  Осы  себептерге  бола  Əз

Тəуке  ұсынысымен  кеңес  Əбілқайыр  сұлтанды  “əскер  басы”,  Бөгенбай  батырды  “бас  сардар” 

деген лауазыммен тұрақты түрде əскер ісіне жауапты қылды. 

“Қарқұм  кеңесінде”  талқыға  түскен  мəселелердің  ауқымы  өте  кең  болғандығын  жоғарыдағы

шешімдер  өзі  де  көрсетеді.  Сонымен  бірге  кеңестің  елдің  билігіне,  заңына  “Жеті  жарғыны” 

жауапты қылуы да ақылға сиымды. Ел жақсылары түгел қатысқан кеңесті күнде жинай беру оңай

емес. 

Бірнеше жыл өмір сүрген бұл мемлекеттік жəне құқықтық жүйе Əз Тəуке хан өлген соң-ақ (1715 



ж.)  босаңси  бастап,  ақыры  ХҮІІІ  ғасырдың 20-шы  жылдары  жаугершілік  күшейген  кезде  өмір

сүруін тоқтатты. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” аталатын ауыр заман басталды, балапан 

басына,  тұрымтай  тұсына  кетті.  Шежіре  бойынша  Ұлы  жүз  Жиделі  Байсынға,  Орта  жүз  –

Самарқанд  пен  Бұқараға,  Кіші  жүз – Хиуаға  ауған  заман  туды.  Арқада  қазақтың  ең  жауынгер 

тайпалары ғана қалып, жан-жағынан қоршаған қызыл өрттің арасында жүрді. 

М.Тевкелев  “и  те  оне,  киргизцы  (қазақтар – Ж.А.)  получали  от  вышепоказанных  себе  (от 

зюнгорских калмык, от волских калмык, от башкирцов, от сибирской стороны, от яицких казаков) 

крайния разорения не по их хотению, но их беспокойством киргизцы сами всегда их задирали и

неволю и с принуждени себя заставляли разорять” (37, б. 385) – деп осы 30-шы жылдардың ауыр 

оқиғаларын  айтады.  Қазақ  шежіресіне  қарасақ  “жаудан,  жұттан  басын  алып  қашқан  елдің  жаяу 

шұбырған  шұбырындысы  аппақ  сүрлеу  болып,  табандары  таздың  басындай  жалтырап  қалады

екен.  Жатқанда  алқа  қотан  айнала  жатады  екен.  Семіздерін  ортасына  алып  қорғап  жатады  екен, 

басқа  бөтен  рулар  ұрлап  сойып  жеп  қоя  ма  деп.  Тобықты  Əнет  бабаңның  төбе  басында 

қалғандығы,  Он  жеті  ұлды  Тілеумбеттің  қырылып,  жойылғандығы  сол  еді.  Сол  күндерді  қалай 

ұмытарсың"” (45, б.9).  М.-Ж.Көпейұлының  жазуына  қарағанда  Арқаға  “ақтабанға  ұшыраған 

елдің” тамтығы ғана жетсе керек. 



Осындай  аласапыран  заманда  қазақтың  төре  əулетінен  Абылай  сияқты  кемеңгер  сұлтан  шығып

елдің басын қайта құрау үшін, қазақ жұртына ие болу үшін атқа мінді. Бұқар жыраудың Абылайға 

арналған толғауларының ішінде: 

Ей, Абылай, Абылай! 

Сені мен көргенде 

Тұрымтайдай ұл едің, 

Түркістанда жүр едің,  

Əбілмəмбет патшаға 

Қызметші болып тұр едің, 

Сен қай жерде жүріп жетіктің? 

Үйсін Төле билердің, 

Түйесін баққан құл едің. 

Сен жиырма жасқа жеткен соң, 

Алтын тұғыр үстінде, 

Ақ сұңқар құстай түледің 

Дəулет құсы қонды басыңа, 

Қыдыр келді қасыңа, 

Бақ үйіне түнедің, 

Қылышыңды тасқа біледің, 

Алмаған жауды қоймадың, - 

деп  бір  жағынан  алтын  таққа  Абылайды  тəрбиелеген  Əбілмəмбет  пен  Төле  билер  екенін,  жоқ 

жерде хандық биліктің тумайтынын, түйе аунаған жерде түк қалатынын сездіреді. Екінші жағынан 

жыл  есебімен  қарасақ  Абылайдың  билікке  келген,  қазақтың  есін  жинай  бастаған  уақыты 1731 

жылдар, осы меже толғаудан аңғарылады. 

Ең  басты  мəселе  қазақ  деректерінен  қазақ  елінің  аласапыран  дүниеде  құйын  айдап  кетпей  аман

қалуына басты себеп “Жеті жарғы”, “Қарқұм кеңесі” сияқты жиындарда ел тізгініне ие болған ұлы 

билерінің арқасы екенін көреміз. Елді 30-50-ші жылдардың қым-қуыт қатерлі өткелдерінен бастап 

жүрген  Төле,  Қазыбек,  Əйтеке,  Бөгенбай,  Қабанбай,  Наурызбай  сияқты  ерлерді  көреміз.  Олай 

болса “Қарақұм кеңесі” қабылдап, “Жеті жарғы” заңдастырған қазақ елінің жаңа заңдары халықты

аман алып қалудың басты кепілі болғаны анықталады. Бір қарағанда Əз Тəуке төрелердің билігін 

əлсіреткенімен  де,  алапат  ауыр  заманнан  алып  шығар  басқа  жол  болмағанын,  Əз  Тəукенің 

көрегендікпен соны алдын ала аңғара білгенін көреміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет