А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а


ӚСІМДІКТЕР ШЫРЫНЫ – СЕРГЕКТІК КӚЗІ



Pdf көрінісі
бет75/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   90
ӚСІМДІКТЕР ШЫРЫНЫ – СЕРГЕКТІК КӚЗІ 
 
Ж.Ж.Қожантаева - б.ғ.д., профессор, К.Д.Маселбаева - ізденуші
(Алматы қ., КазмемқызПУ) 
Аннотация
: Мақалада жемістердің құрамындағы минералдық заттар, дәрумендер, 
ферменттерге сипаттама берілген. Олардың адам организміне жағымды әсері, зиянды 
жақтары да баяндалған. Әр түрлі елдердегі және Қазақстанда шығарылатын сусындар
олардың құрамы туралы нақтылы мәліметтер кӛрсетілген. Шырындарды жемістер мен 
кӛкӛністерден қосып дайындалған жағдайдағы маңызы нақтыланған.
Түйін сӛздер:
Мақалада жемістердің және кӛкӛністердің шырынының құрамы, 
маңызы, шырынды бӛліп алу әдістері кӛрсетілген. 
Аңыздарға сүйенсек шикі шырындарды алып батырлар ішкен. Орыс әлқисаларында 
үлкен очиток (қоянсүйек орамжапырақ) шырыны Илья Муромец батырға күш беріп, оны 
кӛпжылдық сал ауруынан емдеген. Шырындар ӛндірісі туралы заманауи мамандардың 
пікірі мынадай: «Шырындарды жай ғана деликатестік ӛнім ретінде, ӛз кезегінде қолдануға 
немесе қолданбаса да болатын, десерттік тағам ретінде қолданылатын уақыттар ӛтті. 
Әлемнің ғылыми мекемелерінде кӛп жылдар бойы жүргізілген, кең және терең зерттеулер 
ғалымдарға жемістер және кӛкӛністермен тамақтанудың мағызды және жоғары бағалы 
саналатынын, ал олардан алынатын шырындар құрамында балғын жемістер мен 
кӛкӛністердің дерлік барлық компоненттері сақталатынын сенімді түрде жариялауға 
мүмкіндік берді». Әсіресе бұл жұмсақ жемісті шырындарға қатысты, кейде оларды 
«сұйық жемістер» деп те атайды [1]. 
Кӛптеген зерттеушілер ӛсімдік шырынының жұмысқа қабілеттілікке жағымды әсер 
ететінін атап кӛрсетеді. Осы уақытқа дейін бұл әсердің механизмі аяғына дейін 
анықталмаған. Жалпыланған әртүрлі мәліметтер сызба түрінде кӛрсетілген. Шырындарға 
арнайы емес және арнайы әсерлер тән деп жорамалдауға болады. Біріншілері «тірі судың» 
барлық түріне қатысты және шырын кӛзі болатын ӛсімдіктің ерекшеліктеріне тәуелділігі 
аз. Арнайы әсері шырынға ететін ӛсімдіктердегі белгілі бір физиологиялық активті затқа 
(ФАЗ) тәуелді. Әсерлер энергетикалық және биостимулдеуші болуы мүмкін [1, 3] . 
Арнайы емес энергетикалық әсерлер әмбебап стимуляциялық энергия алмасумен 
байланысты. Арнайы емес биостимулдеуші әсер түрі бойынша ол да әмбебап. Сондықтан 
олар шырынның сергектік эффектілігі бойынша түсіндіріледі. Органикалық қышқылдар 
мен басқа да заттардың болуы, ауыз қуысында оның құрғақтығын кетіруші, сӛлбӛлуші 
рефлексті тудырады. Шырындардың бұл қасиетін тұрғындар жылдың ыстық мерзімінде, 
сонымен қатар ыстық цехтардағы жұмысшылар қолданады. Сонымен қатар барлық 
ӛсімдік шырындары ауыр физиологиялық жұмыстардан бұзылатын қанның қышқылды-


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
163
сілтілік тепе-теңдігін, сілтілік тұнбаларды тудыра отырып реттейді. «Тірі су» ферменттер 
мен зат алмасу белсенділігін, шаршау токсиндерін залалсыздандырып, олардың ағзадан 
шығуын арттырады. («қантазартқыш» әсер).
Ӛзіне тән және жалпы күшейткіш әсерлері бар шырындар, асты қорыту мен сіңіруге 
деген әрекетімен байланысты. Осылайша Әзербайжанда «Наршараб» деген атпен 
шығатын анар шырыны әсер етеді. Сонымен қатар Академик В.П.Филатовтын әдісі 
бойынша ӛсімдіктерден алынған биогенді стимуляторлар арнайы емес әсер етеді. 
Мысалы, алоэ шырыны, үлкен очиток шырыны және т.б. шырындар құрамындағы бұл 
заттар толығымен анықталмаған және оның әртүрлі ӛсімдіктердегі құрамы әр түрлі. 
Сондықтан ғалымдар олардың әсерін арнайы емес және арнайы әсерлер шекарасының 
арасына орналастырды. 
Шикі ӛсімдік шырындарының әсері 
Арнайы емес Арнайы
Энергетикалық биостимулдеуші энергетикалық биостимулдеуші
Балғындық биогенді стимуляторлардың әсері психостимулдеуші және
адаптациялық антиоксиданттық 
сілтілену метаболикалық 
метаболикалық гормонатипті 
дезинтоксикалық дезинтоксикалық 
қантазалағыштық антимикробты 
жалған биостимулдеуші 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет