Отандық әдіскерлердің тиімді әдіс-тәсілдері, әдістерді жіктеудегі
көзқарастары. Халқымыздың ағартушы-ғалымдарының бірі Ахмет
Байтұрсынов ӛзінің «Қай әдіс жақсы?» мақаласында мынадай пікір айтады:
«Жалғыз әліп-би үйретудің ӛзінде толып жатқан әдіс бар. Сол әдістерді әр
әдісқой ӛзінше ӛзгертіп қолданған түрлерін сӛз қылса, әдіс түрлерін түгелдей
алмас едік. Бүкіл Жауропа әдісқойларының тұтынған әдістерін түгендемек,
72
жалғыз орыстың ғана әдісқойларын алып сӛз қылар болсақ, оның ӛзі
әлденеше журнал бетін аларлық сӛз болар еді».
1
Білім алу — әдістемелік деңгейдегі ең маңызды әрі басты мәселенің
бірі болып саналатындықтан, оқыту әдістері ғылыми мәселе ретінде еш
уақытта да кез-келген ғылымнан кенже болып кӛрмеген.
Олай болатын себебі, оқыту әдістері болмаса білім беру мәселелерінің
жоғарғы сапаға ие болуы, онсыз ғылымды дамыту мүмкін болмаған болар
еді. Демек оқыту әдістерінсіз ешбір оқу тәрбие процесі, танымдық, тәрбиелік
әрекеттер жүзеге аспайтын да еді. Сондықтан Батыс Европа дидактиктері
шығыс ғалымдары, орыс педагогтары мен қазақ әдіскерлерінің жазған
еңбектері, әдістемелік тәсілдері қазіргі таңда ұсынылып, қолданылып келе
жатқан жаңа әдіс-амалдары оқу-тәрбие ғылымы саласында ӛз орнын табуда.
Айталық, дидактиканың жалпы мәселелеріне байланысты М.А.Данилов,
М.Н.Скаткин, М.И.Махмудов, И.А.Ларнер, Б.П.Есипов секілді орыс
дидактиктерінің еңбектерінде бұл мәселелер жӛнінде жақсы пікірлер
айтылса, әдебиет сабақтарының дидактикалық астарлары Н.И.Кудряшев,
Л.С.Айзерман, О.Ю.Багданова т.б. еңбектерінде кеңінен талданған.
Оқыту әдістері арқылы мұғалім таным қызметіне басшылық етеді.
Бірақ осы уақытқа дейін оқыту әдістерін саралауда бірізділік жоқ екені
білгілі. Бұл тұрғысында белгілі педагог-ғалым Т.А.Ильина «Педагогика»
оқулығында былай деп тұжырым айтады: «Оқыту әдістерінде жақсы бағдар
алу үшін мұғалім оларды белгілі жүйеде түсінуі тиіс. Алайда кеңес
әдіскерлерінің арасында осы күнге дейін әдістерді классификациялау
тұрғысынан алғанда пікір бірлігі жоқ екенін мойындау қажет болады»
2
).
Оқу — білім қоғамдық даму сатының маңызды құралы болғандықтан
әр ғасырдағы қоғам және мәдениет қайраткерлері, зерттеуші ғаламдары
оқыту әдістеріне және оның даму жолдарының қалыптасуына сан қилы
анықтама беріп отырған. А.Байтұрсыновтың әдіске берген анықтамасында:
«Әдіс — керекшілдіктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы
жұмсалатын орынның керек қылуына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ
бір жұрттық сауаттау әдісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттау
ісіне қолайлы болуға тиіс деп атауға болмайды. Екеуінің тілінің заңы,
емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс екіншісіне де
қолайлы болуы мүмкін емес. Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің
жүйесі басқа болса, онда біріне жақсы болған сауаттау әдісі екіншісіне де
жақсы болады деп ешкім айта алмайды».
3
Абай Құнанбаев болса ӛзінің
қарасӛзінде замана бейіліне қарай оқыту, білім беру қағидаларының да
ӛзгеріске түсіп және оның ғылымдар тарапынан жетілдіріліп отырылуы
қажеттігін нақты әрі ұлағатты мысалмен білдіреді: «Пайғамбарымыз
саллаллаһу ғалайһи уассәлам «ақырзаман бір жылдық бір күн болар» дегенде
сахаба и кәримлар (ғылым үйренушілер) «бұл бір жылдық күнде намаз нешеу
1
Тіл тағлымы,– А. «Ана тілі», 1992.
2
Ильина Т.А. Педагогика.– А., Мектеп, 1997.
3
Байтұрсынұлы А.Тіл тағлымы.–А., Ана тілі, 1992.
73
болар» деп сұраған екен. Сонда: Оның пәтуасын сол заманның ғалымдары
білер деген сӛзінен ғибратланып қарасаң, заман ӛзгерумен қағидалар
ӛзгергенін білдіргені мағлұм болады» – дейді
1
.
Ал ХІХ ғасырдағы оқу–ағарту саласында да оқытудың тиімді әдістері
жайында халқымыздың ағартушы-ұстазы Ыбырай Алтынсарин ӛзінің досы,
түркітанушы ғалым Н.И.Ильминскийге 1864 жылы жазған хатында: «Мен
балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай ӛте қызу кірістім. Бұл
балалар да менің айызымды қандырып, небәрі үш айдың ішінде оқи білетін
және орысша, татарша жаза білетін болды. Мен әуелі оларға зат есімге ғана
жататын заттарын үйретемін. Осылардан кейін зат есімді олардың сыны мен
қосып: «ақ адам» деген сияқты сӛйлемдерді құрып үйретемін. Осыдан кейін
келіп самоучительден сӛйлем аудартып үйретемін... Шәкірттерім аздап
орысша сӛйлей бастаған кезде мен оларды осындағы орыс балаларымен
араластырып жіберемін. Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға
адамгершілік жағынан әсер етуге де бар күшімді салып отырмын. Күлсеңіз,
күле беріңіз, мен кейбір оқытудан бос уақыттарымда оларға ресми түрде
молда да болып қоямын. Сӛйтіп оларға дін тарихынан білгенімді айтып, оған
басқа да пайдалы және түсінікті әңгімелерді де қосып айтамын» — деп
ұстаздық әдіс-тәжірибесін баяндайды.
2
Ы.Алтынсариннің педагогикалық жүйесі алдыңғы қатарлы елдердің
мәдениетінен үйрену, ғылымды халық мүддесіне пайдалану мақсатын
кӛздеген.
Ы.Алтынсарин әдеби оқу жүйесін, әдістемесін қазақ тәжірибесіне
тұңғыш рет енгізе отырып, тӛрт түрлі факторды бірге алып қарастырған.
Олар:
1.Материал.
2.Материалдың берілу тәртібі мен әдістемесі.
3.Оқушы.
4.Мұғалім.
Материал — балалардың жас ерекшелігіне, педагогиканың халықтың
прогресшіл талаптарына лайық сұрыпталып алынған әдеби шығарма үлгілері
болуын кӛздейді. Әдістемені қалыптастыру үшін әуелі бағдарлама құрып,
оқытудың мақсат-мазмұнын айқындау қажет болатыны белгілі. Дегенмен
Ы.Алтынсарин мектебінің тұсында мұндай жағдай болмағандықтан, ол
оқулық-хрестоматия жасауға кіріседі.
Хрестоматия жасай отырып, Ы.Алтынсарин тұңғыш рет әдебиетті пән
ретінде таныта білді, яғни қазақ әдістеме ғылымына жол салды. Хресто-
матияға халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің мазмұнды, мағыналы, ең
жақсы үлгілері енді. Мәтіндердің білімдік, тәрбиелік және эстетикалық
жағы тұтас кӛзделді. Бұл оқулық мектепке ұлт тілі мен ұлт әдебиетін
енгізудің жақсы бастамасы болды.
1
Құнанбаев А. Шығармаларының толық жинағы 2 том.– А., Жазушы, 1985.
2
Алтынсарин Ы. Таңдамалы «Қаз ССР Ғылым академиясы». – А:,
–
273б.
74
Мектепте орыс тілін үйренумен байланысты «аударма әдісі» дейтін
жүйені енгізді. Бұл пәнді терең меңгеруге негізделген, оқушылардың ынта-
сын арттыратын әдіс. Ыбырайдың «аударма әдісінің ӛзі мәтінді оқуға
бағытталғандықтан, онда оқудың толып жатқан элементтері кездеседі (сӛз,
сӛйлем мағынасын екі тілде бірдей ұғыну, орысша да қазақша да ойлай,
сӛйлей, жаза білу, сӛздік жасау, кӛркем мәтінді оқыту).
Ы.Алтынсариннің бұл әдісі қазіргі бастауыш сыныптарда қолданылып
жүрген «түсінгіш оқу» жүйесіне жақындайды. Алтынсарин хрестоматиясы
оқушыларға эстетикалық тәрбие, үлкен жүйелі білім, қоғамдық ұғым берді.
Жастарды адамгершілікке, ағартушылық идеясына, қоғамдық міндетке
баулыды.
«Кел, балалар, оқылық», «Ӛнер, білім бар жұрттар» деген ӛлеңдері
ӛнер-білімге шақырса, «Түлкі мен ешкі», «Тәкаппарлық», «Сауысқан мен
қарға» сияқты ғибратшыл әңгімелері оқушыны адамгершілікке, ізгілікке
тәрбиелейді. «Қыпшақ Сейтқұл», «Талаптың пайдасы», «Асыл шӛп»,
«Зеректік» әңгімелері талаптылыққа, еңбекке, тәрбиелейді. «Мұңсыз адам»,
«Ей, жігіттер» сияқты әңгіме, ӛлеңдері қоғам ӛміріндегі қайшылықтарды
кӛрсете отырып, жастарды әділдікке шақырады.
Ы.Алтынсарин әңгімелерінде тарихи материалдар мен салыстыру әдісі
ӛте кӛп. «Қазбек батыр», «Қобыланды», «Алтын айдар» сияқты ауыз әдебиеті
үлгілері арқылы оқушыларды туған ел тарихына үңілдіреді
1
.
Абай Құнанбев:
«Ақылмен ойлап-білген сӛз
Бойға жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сӛз
Бар тамырды қуалар»,– деген ой білдіреді
2
. Бала тәрбиесінің қамқор-
шысы ретінде Абайдың оқу-тәрбие мәселесінде ойтылған ойлары бағалы.
Мәселен, Абай отыз бірінші қара сӛзінде адам ойында білімнің берік
сақталуының тӛрт түрлі себебін кӛрсетеді. Соның ішінде алынатын білімнің
тыңдаушысына терең әсер етуі, кӛңіліне, жүрегіне әсер етуі білімнің де
беріктігінің кепілі деген ой айтады: «естігенде я кӛргенде ғибратлану керек,
кӛңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек» дей келе, сол білімді ұзақ уақыт
есте сақтаудың ішкі, сыртқы факторларын да есепке алу керектігін ескертеді.
В.Г.Белинский де кезінде осы ойды айтқан. Бала тәрбиесі, әуелі
сезімнен бастап, сол негізде түйіндеуге келу қажет деп түсінген. Орыстың
ресми-сословиялық мектептерінде әдеби мәтін оқылмай кӛбіне оның
формасы мен мәні жайында жалпы түсінік-ереже ғана берілетін болған.
В.Г.Белинский жас буынға эстетикалық тәрбиенің мәні жайында айтылған
жалпы сӛзден, әдемі айтылған ережеден кӛркем шығарманың ӛзін оқып,
содан тӛтелей әсер алудың ӛзі кӛп пайдалы екенін, адамгершілік жайында
ғибрат балаға жалпы түсінік қағида түрінде емес, олармен сезім түрінде
барып жетуі тиіс екенін кӛрсеткен.
1
Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы.
2
Құнанбаев А. Шығармаларының толық жинағы 1 том.– А., Жазушы, 1985.
75
Ы.Алтынсарин материалдары оқушының жас ерекшелігіне лайықталып
алынған. Осы материалды оқытуда Ы.Алтынсарин әдісін екіге бӛлуге
болады.
1.Қазақ балаларын орыс тілдінде оқыту әдісі;
2.Бастауыш мектептің екінші сатысында ересек балаларға әдеби мәтінді
оқыту әдісі.
Бірінші сала әліппеден соңғы кезеңдегі бастауыш оқуға жатады.
Екінші сала 4,5 сыныптардың дәрежесіне сай келеді.
Ы.Алтынсариннің әдеби оқу әдістемесіне тән бір жаңалығы — ӛлең
жаттау тәсілі. Ы.Алтынсарин әдістемесінде шығарманың мазмұны мен
идеясын танытудың элементі бар. Мысалы: «Ӛнер, білім бар жұрттар»,
«Қыпшақ Сейтқұл» шығармаларында прогрессивті алға ӛрістеу идеясы бар.
«Ағаш үй мен киіз үй» т.б. шығармаларында осы тақырыпты тереңдете
түседі. Ы.Алтынсариннің әдістемелік жүйесі бүгінгі бастауыш мектептерде
қолданылып жүрген әдістердің бірі саналады. Бастауыш мектепте мәтінмен
жүргізілетін жұмыстарда Ы.Алтынсарин қолданған әдіс тиімділігімен
танылып келеді.
Ы.Алтынсарин ӛзінен бұрынғы педагогикалық озат ой жүйелерді
біріктірген, тек қазақ даласы ғана емес, бүкіл Ресей кӛлемінде кӛрінген үлкен
әдіскер болды. Ресей ғалымдары Ы.Алтынсаринді ХІХ ғасырдағы бүкіл Ресей
педагогикасының да алдыңғы шебінде тұрған педагог-әдіскер деп кӛрсетеді.
Ы.Алтынсарин әдістемесінде бастауыш оқу мен әдебиетті оқытудың
басты элементтері мыналар:
Достарыңызбен бөлісу: |