А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы


қолданады: өз ойын ашық, толық жеткізуді біледі.  Қолданылатын көрнекі құралдар



Pdf көрінісі
бет27/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

қолданады: өз ойын ашық, толық жеткізуді біледі. 
Қолданылатын көрнекі құралдар: сөйлеуді дамыту дәптері, қуыршақ театрындағы 
қонжық және оның қолындағы бал болу керек. Түлкі, қасқыр, қоян суреттері. 
Сөздік жұмыс: қонжық. 
Билингвалды компонент: қонжық – медвежонок – teddy bear. 
ҰОҚ барысы:: 
1. Ұйымдастыру кезеңі
– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? 
– Күз мезгілі сендерге ұнай ма? 
– Күз мезгілі несімен ұнайды? 
– Күз мезгілінің соңғы айы қарашада табиғатта қандай өзгерістер болады? 
– Иә, балалар, қараша айында жабайы жануарлар оның ішінде аю қонжығымен қысқы 
ұйқыға дайындалады. 
– Сендер аюдың баласын қалай атайтынын білесіңдер ме? (Қонжық) 
Ғажайып сәт: Қуыршақ театрындағы қонжықтың келуі. (Әуен ойналады. Қонжық кіреді, 
қолында балы бар). 
Қонжық: Сәлем, балалар! 
Педагог: Сәлеметсіз бе, қонжық! (Сәлемдеседі). 
– Қонақ келгенде біз қандай ізгі сөздерді айтушы едік? 
– Қош келдіңіз! Төрлетіңіз! 
– Балалар, біз қонағымызға өз өнерлерімізді көрсетейік, ормандағы қонжықтың 
достарының жүрісін, дауысын салайық. Қонжық қуанып қалсын. 
Суреттерді көрсету арқылы сол аңның бейнесін сомдайды. 
Мысалы: 
Кі-кі-кі-түлкі – бұлаңдайды. 
Ыр-ыр-ыр-қасқыр – ырылдайды. 
Ян-ян-ян-қоян – секіреді. 


34 
«Аю» өлеңін оқып беру. 
Тауға шықсам – қалың қар, 
Сайға түссең – қалың қар, 
Шырша үсті қалың қар, 
Байқаңдар, қар астында 
Ұйықтап жатқан аю бар. 
(И.Токмакова) 
Балалар педагогпен бірге қайталап, қонжықпен бірге жаттап алуға тырысады. 
– Қонжық, анаң сені еркелетеді ме? 
Қонжық: Әрине,«Қорбаңдаған қонжығым», – деп еркелетеді. 
Сергіту жаттығуы. 
 
Ормандағы аюдың, 
Құлпынайы көп екен. 
Теріп-теріп алайық, 
Қалтамызға салайық. (Қорбаңдаған аюдың қимылын жасайды). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет