А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Кірме сөздердің қолданылу ерекшеліктері



бет34/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   95
Байланысты:
Лингвистикалық поэтика. Монография

Кірме сөздердің қолданылу ерекшеліктері. Араб-парсы элементтерінің қазақ әдеби тілінде алатын орны орасан зор. Ұлы суреткер М. Әуезовтің драмалық шығармаларының да біразында араб-парсы сөздері кеңінен қолданылып отырған.
Ақан (домбырасын безілдетіп отырып, суырып салған өлеңмен осы арада шығарған «Сырымбетті» шырқай жөнеледі.) «Түлеп ұштым Сырымбет саласынан, Ғашық болдым ақ сұңқар баласына» мағұшқам дидарыңнан жаратқанның жамалын көруші ем, жапанға жалғыз біткен сен бәйтерек ең, қонбаққа бұтағыңа үмітім бар еді. Күнімді түн еткен қайғы назым таңғы сағымнан сезілер деп ем, шерімнен сауыры қалың қара жер тебіреніп аһ ұрғызған жалғыздық зарым, мұңлы шерім тілекке жетер деп едім. Бұл бір фердеден юз фердені би жай демеп пе ед. Енді дертімді шерткізе берме, мені ая, аямасаң да өзіңді ая, жамағат алдында ішті ақтармайық. Басымды бұдан әрі саудалама. (17 б.) («Ақан – Зайра»)
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақ топырағында шығыс классикалық әдебиетінің үлгілерін жасаған ақын-жыраулар көп болған. Солар сияқты, М. Әуезов те шығыстық үлгіге бой ұрып, мысалда келтірілген Ақанның сөзінде бәйіт, ғазалдағыдай сөз саптап, кірме сөздерді ұтымды игерген.
Дыбысталу түрін сақтап қолданылған русизмдер.
Сыбанбай. Е, бәсе, соны айтам-ау енді. Қарындасы мына Құсбектің қалыңдығы. Енді осы бала бой сағаттамай ізденсе, міне Қамбарлармен сөйлессе (қалтасынан қағаз шығарып), сонымен мынау пргаурға жалшы- жақыбайдың пргауарын қоса тіркесек.
Құсбек. Бұның не? Қайдағы пргауар? (Әшім, бәрі қарайды.) (382 б.)
Мұнда орыстың приговор сөзі екі кейіпкердің тілінде де үндестік заңына бейімделіп, екі түрлі (пргаур, пргауар) қолданылып тұр.
Драмалық шығармалар тіліндегі орыс тілінен енген сөздер фонетикалық, грамматикалық, семантикалық жақтан да игерілген. Орыс сөздерінің қазақ тілінің дыбыс заңдылықтарына сәйкес игерілуі барысында орыс тіліндегі бір дыбыстың қазақ тілінде әртүрлі дыбыстарға айналғанын байқадық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет